Кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметіне бақылау жасау.
Халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындардың экономикалық қызметі саласында өндірістік қатынастардың өзіндік ерекшеліктері, қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен астасуы, олардың өндірістік қорлар айналыммен тығыз байланысы, кейбір ғалымдардың пікірінше, халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындары қаржысының жалпы мемлекеттік қаржыдан ерекшеленуіне әкеп соғады.
Қаржы саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың сан қилы қатынастары ірілендірілген топтарда жинақталады; бұл қатынастар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінде мыналардың арасында пайда болады:
Кәсіпорындар қаржысының негізгі белгілері:
· Қаржы қатынастарының көп қырлылығы, олардың формалары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
· Өндірістік қорлардың міндетті болуы, олардың құралуы, тұрақты толықтырылуы, көбеюі, бөлінуіне байланысты қатынастар туындауы. Өндірістік қорлар — өндірістің серпінді элементі. Олар, өндірістің өзі сияқты, ұдайы қозғалыста болады; оның үстіне құн формалары үнемі өзгереді. Кәсіпорынның өндірістік қорлары оның қызметі кезінде материалдық – заттық және ақша формасы қалады;
Жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық қырларында ықпал жасау мүмкіндігі.
Сөйтіп, кәсіпорындар қаржысы – халық шаруашылығындағы ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды жасауға, бөлуге және пайдалануға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар.
Нарықтық экономика жағдайында болатын экономикалық қатынастар жүйесінде қаржы маңызды орын алады.
Кәсіпорын қаржысы деп оның қарамағындағы барлық ақша қаражаттар жиынтығын, сондай-ақ оны қалыптастыру, бөлістіру мен пайдалану жүйесін айтамыз. Кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекеті барысында қаржылық қарым-қатынастар қалыптасады.
Қаржылық қарым-қатынастар төрт топтан құралады:
· өзге кәсіпорындармен
· ұйымдармен;
· өзінен жоғары тұратын және бірлесіп жұмыс атқаратын серіктестермен түзілетін кәсіпорын ішіндегі қарым-қатынас;
· қаржы-несиелік жүйемен қарым-қатынас.
Өзге кәсіпорын және ұйымдармен түзілетін қарым-қатынастарға жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, құрылыс-құру және көлік мекемелерімен, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындар және шетел кәсіпорындары арасындағы қарым-қатынастар кіреді. Көлемі жағынан өте көп ақша айналымдарына кәсіпорындардың бір-бірімен өзара іске асыратын операциялары кезінде шаруашылық іс-әрекетті ұйымдастыруға қажетті материалдық құндылықтар сатып алумен және дайын өнімді сатумен байланысты қажетті ақша айналымдары жатады. Мұндай операцияларды ұйымдастыру тікелей түрде кәсіпоран іс-әрекетінің қаржылық нәтижесіне әсер етеді.
Кәсіпорын ішілік қаржылық қарым-қатынастарға кәсіпорынның ішкі бөлімшелері арасындағы қаржылық операциялар кіреді. Бөлімше аралық қатынастар бекітілген басқару жүйесі мен ішкі коммерциялық есеп жүйесіне негізделеді. Олардың қабылдаған міндеттемелердің орындалуы үшін материалдық жауапкершілік пен ынталандырудың тиімді тетігін құруға арналған.
Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекеті дербес құрылымдық бөлімшесі—қаржы бөлімімен жүзеге асырылады. Қаржы бөлімінің бастығы тікелей кәсіпорын басшысына бағынады. Қаржы бөлімінің жұмысында пайданы бөлу, өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері маңызды орын алады.
Осыған байланысты, қаржы бөлімінің міндетіне мыналар кіреді:
· Өндірістік және әлеуметтік дамуға қажетті қаржы ресурстарын құру, пайданы ұлғайту, табыстылықты арттыру;
· Қаржылық жоспарында көрсетілген бюджет, материалмен жабдықтаушылар, акционерлер алдындағы, сондай-ақ, басқа да қаржылық міндеттемелерді орындау және есеп айрысуды ұйымдастыру;
· Өндірістік қорлар мен инвестицияларды неғұрлым тиімді жолмен пайдалануға көмек көрсету;
· Қаржылық, несиелік және кассалық ( қазынагерлік) жоспар әзірлеу;
· Қорларды тиімді пайдалану, меншікті айналмалы капитал мөлшерін экономикалық тұрғыдан негізделген нормативтерге жеткізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жобалау, айналмалы капиталдың айналымдылығын жеделдетуді қамтамасыз ету, қаржы ресурстарының дұрыс пайдаланылуын қадағалау;
· Дайын өнім үшін есеп айрысуды тиімді түрде ұйымдастыру және өнім сату жоспарының орындалуын, түсетін пайданы үздіксіз қадағалап отыру және басқа да міндеттер.
Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайы қиын күйде қалып отыр (өндіріске қажетті капиталдың тапшылығы, несиелік мөлшерлемелердің тым жоғары болуы, төлемдердің дер кезінде өтелмеуі және т.б.), сол себепті дәл қазір кәсіпорынның қаржылық күйін нығайту басты міндет болып отыр.