Республикалық бюджет жобасын қарау және бекіту тәртібі
Бюджеттік кезендерінің барлығы - олар құру, карау, бекіту, атқару, есебі мен есеп беру - бюджеттік жүйенің барлық деңгейлерінде орын алатын кезеңдер. Сол себептен Бюджеттік кодексте бюджеттердің әрбір түрлері үшін бұл кезендер белгіленген. Бюджеттер жобаларын жасау бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ел немесе аймақтың әлеуметті-экономикалық дамуының орташамерзімді жоспары мен орташа мерзімді фискалдық саясат негіздерінде іске асырынатын түсімдер болжамдаудан басталады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орташа мерзімді әлеуметті экономикалық даму көрсеткіштері негізінде және де облыстар, Астана мен Алматы қалалары бюджеттерінің келісілген көрсеткіштері мен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің бюджеттік мәлімдемелерін (тапсырыстарын) есептей отырып, республикалық бюджет жобасының келесі негізгі болжамдық көрсеткіштерін аныңтайды және талқылауға Бюджеттік комиссияға ұсынады:
• республикалық бюджет түсімдерінің көлемі;
• республикалың бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша республикалық бюджет шығыстары мен несиелендіруінің көлемі;
• республикалық бюджет тапшылығынын (профициттінің) мөлшері;
• мемлекеттік кепілдемелер бойынша міндеттемелерді орындайтын сомасы;
• Үкіметтік қарыздың лимиті;
• тиісті каржы жылдың соңына облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша жергілікті атқарушы органдар қарыздарының лимиті;
• тиісті қаржы жылға мемлекеттік кепілдемелер беру лимиті;
• облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша жергілікті бюджеттерден және республикалык бюджеттен Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер сомасы;
• республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша функционалдық топтар арқылы шекті шығыстар тізімі;
• тиісті қаржы жылдағы республикалық және жергілікті бюджеттер атқару процесінде секвестрге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізімі;
• өткен қаржы жылдар нәтижесінде әлеуметті және басқа төлемдер мен республикалық бюджеттен қаржылан-дырылатын мемлекеттік мекемелердің келісімшарттықміндеттемелері арқылы пайда болған республикалык бюджеттің кредиторлық берешектерін өтеу сомасы
Республикалық бюджет қалынтастырудың бірінші кезеңінде экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен кезекті қаржы жылға ел экономикасы дамуының сценарлық шарттарын жасау іске асырылады. Мүндай сценарий негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, елдін әлеуметті-экономикалық дамуының орташа мерзімдік болжау көрсеткіштері мен Үкіметтің орташа мерзімдік фискалдык саясаты арқылы жасалады. Егерде ел Үкіметі осы сценарлық шарттарды макүлдаса, онда кезекті қаржы жылға республикалық бюджеттін негізгі параметрлері мен шығыстар функционалдык жіктелуіне сәйкес оның шығыстары жөнінде мәліметтер жасауы, сондай-ақ орташа мерзімдік болашаққа республикалық бюджеттін кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштерін жобалауы іске асырылады.
Республикалық бюджетті калыптастырудың екінші кезеңінде оның ел Үкіметі қолдаған жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мажілісінің тиісті комитетінде қаралады. Бүл комитеттің тұжырымы негізінде шешім шығарылады немесе бюджет жобасы Мәжілісте қарауға және талқылауға қабылданады, немесе бюджет жобасы қосымша істеуге Үкіметке кейін қайтарылады. Жоба қосымша істеуге қайтарылуы мүмкін, егерде үсынылған материалдар бюджет жөніндегі заңнамалық актілер талаптарына сәйкес болмаған жағдайда. Ал егерде тиісті комитет оң тұжырым берсе, онда бюджет жобасы үсыныстар мен ескертулер шгізу үшін Президент пен Парламент Сенатына және де түжырым беруге Есеп комитетіне бағытталады.
Үшінші кезеңде Парламент палаталарының - Мәжіліс пен Сенаттың пленарлық отырысында тиісті қаржы жылға арналған республикалық бюджет жөніндегі заң жобасын талқылау іске асырылады. Жобаны талқылау барысындағы депутаттармен енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырмалар дәйектілік пен бюджет тендіктілігін сақгау принциптердің талаптарына сәйкестік болуы қажет.
Бірінші принциптің талабы - ол бюджет жобасына енгізілетін әрбір ұсыныс жазбаша түрде дәйекті және елдің әлеуметті-экономикалық даму басымдылықтарына сәйкестік болуы тиіс. Ал екінші принцип бюджет жобасына енгізілетін әрбір өзгерістің қосымша түсімдер түрінде немесе шығыстарды қысқарту түрінде бюджеттің белгіленген тапшылығын сақтау үшін тиісті қаражат көзі бар болуы керек.
Республикалық бюджет жөніндегі заң жобасын Үкімет Иарламентте талқылау үшін ағымдағы жылдың қыркүйек айының 1 жүлдызына дейін ұсынуы тиіс. Бұл жоба Парламент палаталарының бірге отырысында талқыланып, ағымдағы жылдың желтоқсан айының 1 жұлдызына дейін тиісті заң қабылдау арқылы бекітіледі. Егерде белгіленген мерзімге дейін республикалық бюджет жөніндегі Заң қабылданбаса, онда Республика Президенті алдымыздағы қаржы жылдың бірінші тоқсанына арналған бюджет бекітілгенге дейін әрекетте болатын республикалық қаржы жоспары жөнінде Жарлық жариялауға құқы бар. Бұл жоспар республикалық бюджет жобасының төрттен бірі көлемінде ағымдағы жылдың 30 желтоксанға дейін бекітілуі тиіс. Осы жоспар қабылданған жағдайда республикалык бюджет жаңа жылдың наурыз айының 1 жұлдызына дейін бекітілуі тиіс.
Парламентте талқылау барысында елдің әлеуметті-эконо-микалык дамуының орташа мерзімдік жоспары, орташа мерзімді фискалдық саясаты, бюджет жобасы мен ақша-несиелік саясат жөніндегі Үкіметтің баяндамалары тыңдалады. Сондай-ақ Парламент палаталарынын тиісті комитеттерінің бюджет жобасы бойынша тұжырымдары тыңдалады.
Жобаны талкылау Парламент палаталарымш бірге от-рыстарында екі оқудан кем өткізілмейді. Бірінші оқығанда республикалық бюджеттін кірістері, шығыстары, олерациялдық сальдо, таза несиелендіру, каржы активтер операциялары бойынша сальдо, тапшылық немесе профицит және оны қаржыландыру немесе пайдалану бойынша жалпы көлемдері бекітіледі. Екінші және одан кейінгі оқығанда алдымыздағы қаржы жылға арналған республикалык бюджет жөніндегі Заң жобасы баптары бойынша бекітіледі. Бюджет кантар айының 1 жұлдызынан басталып, желтоқсан айының 31 жұлдызында аяқталатын бір қаржы (бюджет) жылына бекітіледі.
Республикалық бюджет жөніндегі Заң жобасында бюджеттік жіктелуге сәйкес түсімдердің барлық түрлерінің сомасы, жалпы мемлекеттік реттеуші салык бөлу нормативтері, функционалдық топтар, ішкі топтар, әкімшіліктер, бағдарламалар мен ішкі бағдарламалар бойынша шығыстардың шекті мөлшерлері, бюджеттің тапшылык мөлшері, оны өтейтін көздер және ресми трансферттердің жобалык мөлшерлері көрсетіледі.
Тиісті жылдын «Республикалық бюджет жөніңдегі» Заңында республикалық бюджеттен төменгі тұрған бюджеттерге функционалдык топтар бойынша нақты бағдарламаларды іске асыру үшін ерекше субвенциялар түрінде берілетін ресми трансферттер көлемі аныкталады. Республикалык және жергілікті бюджеттер құрамында бюджет төлемдерінің түсуі мен бюджеттік ақша беру мерзімдері сәйкес келмегеннен пайда болатын ақша күралдарынын уақытша жетпегенін өтеу үшін жыл бойы пайдаланатъш қолда бар резервінің айналым мелшері жасалады және бекітіледі.