ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

- Мемлекет деген не? Мемлекеттің түрлері, Тарихи тұрпаттары. Қоғамдық өмір аялары.

Мемлекет ұғымы. Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісінде саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.

Ежелгі грек философы Демокрит: "Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек", — деп есептеген екен. Оның пайымдауынша: "Жақсы басқарылатын мемлекет — үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады — бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі".

Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет — қоғамныц саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.

Мемлекеттің белгілері мыналар:

—мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

—мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл...) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

— мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

—мемлекеттің ең маңызды белгісі — оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;

—мемлекет ескерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

— мемлекет заңдар жене басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тертіп орнатады.

Мемлекеттің түрлері. Мемлекеттер иелік етіп отырған жер көлеміне және тұрғындарының санына қарай көптеген түрлерге бөлінеді.

Аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекет — Ресей Федерациясы (17 млн км2-ден астам), одан кейінгі орындарды тиісінше Канада (10 млн км2 шамасында), Қытай (9,6 млн км2), АҚШ (9,4 млн км2), Бразилия (8,5 млн км2), Аустралия (7,7 млн км2), Үндістан (3,3 млн км2), Аргентина (2,8 млн км2), Қазақстан (2,7 млн км2) иеленеді.

Дүние жүзіндегі жоғары дамыған, экономикасы қуатты елдердің көбінің иемденіп отырған жерлерінің көлемі, салыстырмалы түрде алғанда, жоғарыда аталған елдердікінен едәуір аз.

Тұрғындарының саны жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекетке Қытай (1,3 млрд адам) жатады. Үндістан (1 млрд), АҚШ (272 млн), Бразилия (161 млн), Ресей Федерациясы (147 млн), Пекстан (140 млн), Жапония (122 млн), Бангладеш (120 млн), Нигерия (111 млн) орналасады. Батые Еуропаның ірі елдерінде тұрғындар саны 20 млн-нан 81 млн-ға дейін ауытқып отырады (1999 жылдың меліметтері).

Мемлекеттің типтері. Мемлекеттер типі жағынан: аграрлық жөне индустриалдық болып бөлінеді. Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.

Құлиеленуншгік құрылыс орнағаннан бастап, мемлекет адамдар қауымдастықтарын бір орталыққа бағындырып, басқарып отыратын жоғарғы билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет тұсындағы негізгі билік жүргізуші тап — құл иелері, ал өндіргіш күш ретінде көрінген тап —құлдар болды. Құлиеленуші мемлекеттерге Ежелгі Египет, Грекия, Рим, Урарту, Үнді, Қытай мемлекеттері жатады.

Қоғамдық өмір аялары. Қоғамдык өмір аяларын тұтас жүйені құрайтын жүйешелер ретінде қарастыруға болады. Әдетте, қоғамдык өмір аяларын: экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени деп төртке бөліп қарастыру қабылданған. Өйткені адамның кез келген әрекетінің, санасының, өзге дүниемен қатынасының мәнін жоғарыда аталған төрт аяның шеңберіне сыйғызуға болады.

Қоғам өмірінің экономикалық аясы шеңберінде белгілі бір экономикалық уклад негізінде өндірісті ұйымдастыру, өндірістік қатынастар, адамның еңбегі, соған тиісті алатын материалдық игіліктері — тұрғын үймен, киіммен, тамақпен, көлікпен, тағы басқа заттармен қамтамасыз етілу мәселелері қарастырылады.

Қоғам өмірінің әлеуметтік аясы қоғам мүшелерінің толып жатқан макро және микротоптарға бөлінуін, сондай-ақ топ пен топ, топ пен тұтас қоғам, топ пен жеке адам, жеке адам мен тұтас қоғам арасындағы қатынастарды қамтиды

Қоғам өмірінің саяси аясына мемлекет және мемлекетті басқару, билік, саяси құрылым, идеология, қоғамдық-саяси бірлестіктер және олардың қызметі, мемлекетті басқару органдары (парламент, үкімет, сот билігі), сайлау жөне референдум өткізу мәселелері қамтылады.

Қоғам өмірінің мәдени-рухани аясы қоғамдық сана формаларының — ғылымның, білімнің, өнердің дамуын және олардың өзара байланыстарын қамтиды.

Бекіту кезеңі:

1. Мемлекет деп нені айтамыз?

2. Мемлекеттің түрлеріне, тарихи тұрпаттарына сипаттама беріңіздер.

3. Қоғамдық өмір аяларын атаңыздар.

Сабақты қорытындылау: Сондықтан әр зерттеуші қоғамды белгілі бір деңгейде ғана алып қарастырады. Біреулер қоғамды мемлекет, діни жүйе, мекеме ретінде қарастырса, енді біреулер оны түрлі әлеуметтік қауымдастықтар мен таптардың өзара әрекеттесуі түрғысынан зерттейді.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §8, 30-32 б.б.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық
Сынып: 9 Сабақ: 10-11 Күні:

Тақырыбы:Өркениет туралы түсінік.

Шығыс және Батыс өркениеттері

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Өркениет туралы түсінік, Шығыс және Батыс өркениеттері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық:Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:оқул

ық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

Наши рекомендации