Салымдық операцияларды ұйымдастыру және есебі
Салымдық операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаражаттары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін салымдар ақша қаражатының басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыға табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалары, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкімет мекемелері өз қаржыларын коммерциялық банкте сақтайды.
Банк клиенттерінің салымдық операцияларының есебі үшін келесідей шоттар қолданылады:
2211 – клиенттердің талап етуге дейінгі салымдары
2213 – салымдарды міндетті ұжымдық кепілгер обьектісіне қатысты клиенттерінің міндеттемелерін қамтамасыз етуші салымдары
2215 – клиенттердің қысқа мерзімді салымдары
2217 - клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары
2219 – клиенттердің шартты салымдары
2221 – клиенттердің карт шоттары
2222 – еншілес ұйымдардың арнайы мақсаттағы салымдары
2223 - клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз етуші салымдары
2224 - клиенттердің талап еткенге дейінгі салымдар бойынша мерзімі өткен қарыздар
Азақстан Халық Банкі» АҚ депозит түрлері
Халықтық - стандартты
Бос ақшаны іске жаратудың ең қарапайым және сенімді жолы.
Бос ақшаны салымға салудың ең қарапайым әрі сенімді тәсілі
1. Салым мерзімі 1,3,6,9,12,18,24,30,36 айды құрайды.
2. Капиталдандыру: ай сайын.
3. Сыйақы төлемі салым мерзімі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
4. Салымды толықтыру мүмкіндігі қарастырылмаған.
5. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі қарастырылмаған.
6. Салымның ең төменгі мөлшері 15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары немесе 100 евро.
7. Сыйақы мөлшерлемесі Банктік салым шартымен немесе Шартқа қосымша келісіммен басқаша жағдай белгіленбесе, салым мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады.
«Халықтық-стандартты» депозиті бойынша пайыздық мөлшерлемелер
валюта | % ставка | |||||||||
KZT | годовая | 4,40 | 7,00 | 7,70 | 7,90 | 8,00 | 8,00 | 8,00 | 8,00 | 8,00 |
эфф. | 4,60 | 7,30 | 8,10 | 8,30 | 8,40 | 8,40 | 8,40 | 8,40 | 8,40 | |
USD | годовая | 1,50 | 2,00 | 4,55 | 4,70 | 4,80 | 4,80 | 4,80 | 4,80 | 4,80 |
эфф. | 1,50 | 2,00 | 4,70 | 4,90 | 5,00 | 5,00 | 5,00 | 5,00 | 5,00 | |
EUR | годовая | 1,00 | 1,75 | 3,50 | 3,70 | 3,80 | 3,80 | 3,80 | 3,80 | 3,80 |
эфф. | 1,00 | 1,80 | 3,60 | 3,80 | 3,90 | 3,90 | 3,90 | 3,90 | 3,90 |
Халықтық - зейнетақылық
Зейнеткерлер мен зейнеталды жасындағы адамдарға арналған салымдар.
Зейнеткерлер және жасы зейнеткерлікке жақындаған тұлғалар үшін салым.
1. Ерекше шарттары: 50 жастан асқан немесе зейнеткерлік куәлігін көрсеткен 50 жасқа дейінгі жеке тұлғалар салымшы бола алады.
2. Салым мерзімі 6 және 12 ай.
3. Сыйақы мөлшерлемесі Салым мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады.
4. Сыйақы төлемі: ай сайын, банктік салым шартын бекіткен күннен бастап әрбір 30 күн сайын.
5. Салымды толықтыру мүмкіндігі: Қосымша салынатын ақшаның ең төменгі мөлшері – 500 теңге немесе 5 АҚШ доллары немесе 5 евро болған жағдайда рұқсат беріледі.
6. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі қарастырылмаған.
7. Салымның ең төменгі мөлшері: 2 000 теңге немесе 20 АҚШ доллары немесе 20 евро.
«Халықтық-зейнетақылық» депозиті бойынша пайыздық мөлшерлеме:
валюта | % ставка | 6 мес. | 12 мес. |
тенге | годовая | 5,50 | 8,00 |
эффективная | 5,70 | 8,40 | |
доллары США | годовая | 4,20 | 4,70 |
эффективная | 4,30 | 4,90 | |
евро | годовая | 3,20 | 3,70 |
эффективная | 3,30 | 3,80 |
Halyk - әмбебап
Жинақ ақшаны басқарудың тиімді әдісі.
Жинақ ақшаны басқарудың қолайлы тәсілі
1. Салым мерзімі 9, 12 айды құрайды.
2. Капиталдандыру: ай сайын.
3. Сыйақы төлемі: Салым мерзімі аяқталғаннан кейін.
4. Салымды толықтыру мүмкіндігі: Қосымша салынатын ақшаның ең төменгі мөлшері - 7 000 теңге немесе 50 АҚШ доллары немесе 50 евро болған жағдайда рұқсат беріледі.
5. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: Жинақ шотында 75 000 теңге немесе 500 АҚШ доллары немесе 500 евро мөлшерінде кемімейтін қалдық ақша сақталған жағдайда рұқсат беріледі.
6. Салымның ең төменгі мөлшері: 75 000 теңге немесе 500 АҚШ доллары немесе 500 евро.
7. Банктік салым шартымен немесе Шартқа қосымша келісіммен басқаша жағдай белгіленбесе, салым мерзімі ішінде сыйақы мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады.
қосымша келісімде өзге жағы қарастырылмаған болса, сыйақы мөлшерлемесі салым мерзімі ішінде өзгермейді.
«Halyk - әмбебап» депозиті бойынша пайыздық мөлшерлеме:
валюта | % ставка | 9 мес. | 12 мес. |
тенге | годовая | 7,00 | 7,00 |
эффективная | 7,30 | 7,30 | |
доллары США | годовая | 4,00 | 4,00 |
эффективная | 4,10 | 4,10 | |
евро | годовая | 3,50 | 3,50 |
эффективная | 3,60 | 3,60 |