Республикасының үлесі

Өнімді бөлу туралы келісім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызметке салық салу ерекшеліктері:

1) Өнімді бөлу туралы келісім-шарт соған сәйкес Қазақстан Республикасы белгілі бір мерзімге жер қойнауын пайдаланушыға ақылы негізде, келісім-шарт аумағындағы мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды және оның есебінен осыған байланысты жұмыстарды жүргізу құқығын беретін шарт болып табылады.

2) Өнімді бөлу туралы келісім-шарт мынадай негізгі талаптарды:

а) өлшеу орнынан өткен өндірілген өнімнің жалпы көлемін және оның құнын айқындауды;

ә) роялти төлегеннен кейін келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындауға арналған шығындарды өтеу үшін жер қойнауын пайдаланушының меншігіне берілетін өндірілген өнім бөлігін (өтемдік өнім) айқындауда;

б) роялти мен өтемдік өнім шегеріп тасталғаннан кейін бөлуге жататын өндірілген өнім бөлігін (пайда түсіретін өнім) айқындауды;

в) Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушының арасындағы бөліс үлесін (пайыз);

г) осы кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының пайда түсіретін өнімдегі үлесін, айқындау тәртібін қамтуға тиіс.

Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесін айқындау:

1) Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесі – жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі шегеріліп, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөліске түсетін, пайда түсіретін өнімнің жиынтық құны ретінде айқындалады.

2) Пайда түсіретін өнімнің құны, сатылған шикі мұнайдың нарықтық бағасы, халықаралық мұнай саудасында сатылатын шикі мұнайдың ұқсас сорттарының тізбесіне қатысты есепті кезеңде (құн сайын) нарықта сату кезінде басым болған бағалардың орта есеппен алынған бағасы ретінде қалыптасады.

3) Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі төменгі үш триггерге:

а) R – фактор (табыс көрсеткіші) – жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасына;

ә) мердігер рентабельдігінің (пайдалылығының) ішкі нормасы (ПІН) – нақты таза дисконтталған табыс, өзінің нөлдік белгісіне жететін дисконттың ставкасына;

б) Р –фактор (баға коэффициенті) – жер қойнауын пайдаланушы табысының есепті кезеңдегі өндіру көлеміне қатынасына сәйкес келетін пайыздық мәндерінің ең төменгі ретінде айқындалады.

Жер қойнауын пайдаланушыға беруге жататын пайда түсіретін өнімдегі үлестің пайыздық мәнін айқындау үшін, әрбір триггерден алынған нәтиже салыстырылады.

4) R – фактордың есепті кезеңдегі мәні (Rп) жер қойнауын пайдаланушының жинақталмалған табыстың, жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасы ретінде айқындалады.

Жоба бойынша жинақталған табыс – өтемдік өнімнің нақты жиынтық құны мен жер қойнауын пайдаланушының бюджетке төленген нақты жиынтық табыс салығы шегерілген, пайда түсіретін өнім үлесінің нақты жиынтық құнының сомасы ретінде есептеледі.

Жоба бойынша жинақталған шығыстар – нақты жиынтық өтелетін пайдалану шығыстарының, барлауға және бағалауға жұмсалатын нақты жиынтық өтелетін шығыстар мен жер қойнауын пайдаланушының басқа да нақты жиынтық өтелетін шығыстарының сомасы ретінде есептеледі.

Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесін айқындау үшін қажетті төменгі мәндер:

R-фактордың (табыс к өрсеткішінің) мәні Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің % мәні
1,2-ден аз немесе соған тең
1,5-тен аз немесе соған тең

R – фактордың алынған мәні 1,2-ден көп және 1,5-тен аз болса, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі (ПӨYR) мынадай формула бойынша есептеледі:

ПӨYR = {70-[2,068 (x-1,2) 100]},

мұндағы х – жобаның іске асырылу кезіндегі R-фактордың іс жүзінде алынған мәні.

R – фактордың мәні үтірден кейінгі екінші белгіге дейін

дәлдікпен айқындалады.

5) Пайдалылықтың ішкі нормасы (ПІН) жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу туралы келісім-шарт күшіне енген кезден бастап, әр есепті кезеңдегі және осындай есепті кезеңді қоса алғанда, нақты қолма-қол таза ақша ағынының мәні бойынша есептелген таза ағымдағы құны нөлге тең болатын дисконттың жылдық ставкасы ретінде (пайызбен) айқындалады.

Таза ағымдағы құнды (ТАҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

ТАҚ= ДТАА0 + ДТАА1 / (1 + ДС) + ДТАА2 / (1 + ДС)2 + … + ДТААп / (1 + ДС)п,

мұндағы ДТААп – есепті кезеңдегі қолма-қол ақшаның нақты таза

ағыны;

ДС – есепті кезеңдегі бірлік үлесінде көрсетілген дисконттың

пайыздық ставкасы.

Есепті кезеңдегі нақты қолма-қол ақша ағыны мынадай формула бойынша айқындалады:

ДТААп = (ДӨӨҚп + ДПӨҮҚп) – (ДӨПШп + ДӨББШп + ДИӨШп +

+ ДСҚ + ДКТБ + ДҚҚБ),

мұндағы ДӨӨҚп – жер қойнауын пайдаланушының есепті кезеңде

алған өтемді өнімнің нақты құны;

ДПӨҮҚп – жер қойнауын пайдаланушының есепті кезең ішінде алған пайда түсетін өнім үлесінің нақты құны;

ДӨПШп – есепті кезең ішінде төленген өтелетін пайдалану шығындарының нақты құны;

ДӨББШп – есепті кезең ішінде төленген, барлауға және бағалауға жұмсалған өтелетін шығындардың нақты құны;

ДИӨШп – есепті кезең ішінде төленген игеруге жұмсалған өтелетін шығындардың нақты құны;

ДСҚ –пайда түсіретін өнімдегі Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, есепті кезең ішінде төленген салықтардың нақты құны;

ДКТБ – осындай есепті кезең ішінде әрбір жағдайда төленген коммерциялық табу бонусының нақты құны;

ДҚҚБ – осы игеру учаскесіне жатқызылған және есепті кезеңде төленген қол қойылатын бонус бөлігінің нақты құны.

Жер қойнауын пайдаланушының нақты түсіретін өнімдегі үлесін айқындау үшін қажетті төменгі мәндер:

Пайдалылықтың ішкі нормасының (ПІН) мәні Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің % мәні
12 % кем немесе соған тең
20 % кем немесе соған тең

Егер пайдалылықтың ішкі нормасының (ПІН) алынған мәні 12 %-дан астам және 20 %-ға кем болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі (ПӨҮпін) мынадай формула бойынша есептеледі:

ПӨҮпін = [70 – 7,51(x - 12)];

мұндағы х – жобаның іске асырылуы кезеңінде пайдалылықтың ішкі нормасының іс жүзінде алынған нақты мәні.

6) Р-фактор (баға коэффициенті) есепті кезеңдегі өтемдік өнімнің нақты құны мен жер қойнауын пайдаланушының есепті кезеңдегі пайда түсіретін өнім үлесінің нақты құны сомасының, есепті кезеңдегі мұнай өндіру көлеміне қатынасы ретінде айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушының өтемдік өнім құнының және оның пайда түсіретін өнімдегі үлесінің есебі, өткізу жөніндегі шығыстардың есебінсіз жүргізіледі.

Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесін айқындау үшін қажетті төменгі мәндер:

Р-фактордың мәні Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің пайыздық мәні
1 баррель үшін 12 АҚШ доллардан кем немесе соған тең
1 баррель үшін 27 АҚШ долларынан астам немесе соған тең

Егер Р-факторының алынған мәні 1 баррель үшін 12 АҚШ долларынан астам не 27 АҚШ долларынан кем болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі (ПӨҮр) мынадай формула бойынша есептеледі:

ПӨҮр =[70 – 0,04 (x - 12) · 100];

мұндағы х – жобаны іске асыру кезеңінде Р-фактордың (баға коэффициентінің) нақты алынған мәні.

“Нақты” термині жобаны іске асырудың есепті кезеңдегі жағдай бойынша инфляцияның орташа жылдық индексі ескеріле отырып есептелген сомасын білдіреді.

Өнімді бөлу туралы келісім-шартты іске асыру жағдайлары нашарлаған кезде өнімді бөлу бойынша ҚР-ның үлесі, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімді айқындағанда, мұнай ең жоғары мәнге Р-фактор триггері есебінен қол жеткізілген жағдайды қоспағанда, жағдай нашарлаған кезге дейін тіркелген өзінің ең жоғары мәнінен төмендемеуге тиіс.

Өнім бөлу бойынша ҚР-ның үлесі болып табылатын сома, жер қойнауын пайдаланушының салықтары және бюджетке төлейтін басқа да міндетті төлемдер, қандай да бір салық кезеңінде өндірудің басталған кезінен, салынған инфляцияларды қайтару кезіне дейін өндірілген өнімнің жалпы көлемінің 20-дан кем болмауы және келесі кезеңде өндірілген өнімнің жалпы мөлшерінің 60-нан кем болмауы тиіс.

Наши рекомендации