Ық негіздері пәні және оның заң ғылымдары саласындағы алатын орны, рөлі

Мемлекет оның құрылымдық нысандары және басқару түрлері

мемлекетдегеніміз—басқару функциясын орындайтын және оның көмегімен, қоғамның тіршілік- тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.

Мемлекетөзіне тәнбелгілері мен қажетіне және өзіндік мол мүмкіндіктеріне қарай экономиканы дамытудың әлеуметтік саяси- рухани, ұлтаралық және басқа да қатынастарды жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатынасып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әрекет етеді. Сонымен қатар қазіргіше айтқанда мемлекетті адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне сай мынадай саяси ұйым ретінде түсінуге болады:

1. Мемлекет қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, таптардың, топтардың және басқа да әлеуметтік субьектілердің қарым- қатынасын реттеп,бағыттау, олардың бірлескен іс- қимылына жағдай жасау жүктелген.

2. Оның саясатын жүзеге асыру кең тармақты мемлекеттік органдар жұйесі мен биліктің ұйымдастырушылық құралдары. арқылы жүзеге асады .

3. Тапсырманың бар орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субьектілердің қамтамасыз ететін әкімшілік- мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекеттіңбасқа саяси ұйымдардан ерекшеленетін өзіндік белгілері:

1. Мемлекеттің аумағының (тереториясының) болуы.

2. Жария билігінің болуы.

3. Мемлекеттің халқының, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинау органдарының болуы.

4. Мемлекеттің басқа қоғамдық саяси ұйымдардан тағы ерекшеленетін бір белгісі ол егемендек және тәуелсіздік сияқты белгілері (атрибуттарының) мен мемлекеттік тілінің болуы.

Мемлекеттің қызметі (функциясы) дегеніміз— неғұрлым тұрақты тіршілік ететін, мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді шешудегі атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттары.

Мемлекет қызметі екі түрге бөлінеді. Олар ішкі және сыртқы қызметі. Мемлекет қызметін жүзеге асыратын мемлекет механизмі. Мемлекет механизмінің маңызды буындарын құрайтын ол мемлекет органдары (барлық мемлекеттік органдар билік жүйесі жағынан заң шығару, атқарушы және сот органдары) болып бөлінеді.

Мемлекет механизмі дегеніміз— мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін, оның қызметін (функцияларын) іс жүзіне асыру үшін құрылған мемлекеттің барлық органдарының, сондай- ақ биліктің ұйымдастырушылық және ұйымдастыру- мәжбүрлеу құралдарының жүйесі болып табылады.

Мемлекеттің басқару нысаны:

1. Монархиялық (Абсолюттік монархия және конституциялық монархия).

2. Республикалық (Парламенттік және президенттік республика).

Мемлекеттің әкімшілік құрылымыжағынан 3- ке бөлінеді. Олар:

1. Унитарлық (біртұтас) мемлекет.

2. Федеративтік мемлекеттер.

3. Конфедерациялық мемлекет.

ық негіздері пәні және оның заң ғылымдары саласындағы алатын орны, рөлі

Құқықдегеніміз— жалпығы бірдей, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Құқықтың қоғамдағы негізгі қызметі қоғамдық қатнастарды реттеу (тәртіпті сақтау, қорғау және мемлекет органдарының зиянды іс-әрекетіне тыйым салу) құқық қүрделі құблыс, ол ғылымда зертелген құблыс, оған байланысты бірнеше теориялар бар .Құқық туралы негізгі теориялар:табиғи, тарихи, реалисттік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалисттік теориялар. Құқықтың белгілері:жүйелілігі, нормативтік сипаты, формальды анықтылығы, жалпыға міндеттілігі, адамдардың еркін білдіруі,мемлекеттің күшіне сүйенуі. Құқық өз міндеттерін заң арқылы жүзеге асырады. Заң дегеніміз— жалпыға бірдей, міндетті, мемлекеттік органдарда бекітілген, нормаланған актілердің жиынтығы. Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша парламент заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы органы. Заң қоғамдағы күрделі қатынастарды реттеуге бағытталады. Заң баптардан тұрады. Заңның әрбір бабы қатынастарды реттеуде бірін- бірі толықтырып отырады. Заңның ең жоғарғы құқықтық күші бар. Заңдар өз ішінде, түріне байланысты үш топқа бөлінеді. Олар конституция (негізгі заң), конституциялық заң және жай заң. Бұл заң түрлерінің ішіндегі ең жоғарғы құқықтық күші бар – Конституция. Сондай- ақ мемлекеттің барлық нормативтік актілері конституция негізінде, конституцияға сәйкес жасалып қабылдануы керек. Ал конституциялық заң, конституцияда құқықтық күші жағынан төмен тұрады. Конституциялық заң конституцияға сәйкес жасалнып, қабылданады. Заңның келесі бір түрі бұл- жай заң. Құқықтық күші жағынан конституциялық заңнан кейін жай заң. Құқықтық күші жағынан әр түрлі дәрежеде болса да осы аталған заңдардың бәрі нормативтік құқықтық актілердің қатарына жатады.

Наши рекомендации