Текстік информацияны ӨҢдеу

ЭЕМ мен адамның өзара іс-әрекеттерінде информация әр түрлі формада кертірлуі мүкін; экранда немесе қағазда бейне немесе текст түрінде, мелодия немесе сөз түрінде және т.б.Біз осы параграфта текстік информацияны өңдеу жүйелерімен танысамыз.

ТЕКСТТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Текстік информацияны енгізу,үйрену және өзгерту үшін тексттерді өңдеудің арнайы жүйесі қолданылады(оларды әдетте тексттік редакторлар деп атайды).

Тексттерді ЭЕМ-де өңдеудің негізгі артықшылығы-информацияны өзгерту, көбейту және көшіріп жазудың жеңілдігі. Үлкен текстке өзгерістер енгізгенде оның негізгі бөлімі өзгеріссіз қалады да, өзгерістер тексттің өзгертіоетін шағын бөлігіне ғана енгізіледі. Егер тексттің үзіндісі ЭЕМ-нің зердесіне енгізілген болса, онда оын қайтадан енгізбейақ басқа тексттерге көшіріп жазуға болады. Текст енгізілгеннен кейін бір жыл уақыт өтседе, кез-келген уақытта оның жаңа көшірмесінің қажетінше бірнеше данасын басып шығаоуға болады.

ЭЕМ тексттерге қолданылатын амалдарды автоматтандыруға мүмкіндік береді, мысалы, бүкіл тексттегі бір сөзді басқа сөзбен ауыстыруға (ол сөз қанша реткездескен болсада), тексттің бізге қажет үзіндісін немесе белгілі бір суретке сілтемелердің барлығын оңай табуға мүмкіндік береді.

Мысалы, осы оқып отырған текстке қарасаңдар, ол оң және сол жақтарынан бірдей тегістелген. Енді осындай әдемі орналасқан текстке қосымша 1-2 сөз қосып жазу керек болсын, онда бүкіл текст «қалқып» кетеді: бұрын бір жолдан екінші жолға тасымалданып жазылған сөздер енді жолдың ортасында болуы мүмкін, ал жол ортасындағы сөз-жолдың шетіне ауысуы мүмкін. Жаңа сөздер қосылғаннан кейін «тегіс» текст алу үшін сөздердің жаңадан орналасу жағдайын есептеп, оларды жолдары бойынша орналастыру қажет. Осындай творчестволық емес, техникалық жұмысты қазіргі заманғы тексттік өңдеу жүйелері ешқагдай қиындықсыз орындай алады (мұндай жұмыс-текстті қалырқа келтіру (форматтау) деп аталады).

ЭЕМ-де текстпен жұмыс іыстегендегі тағы бір жақсы мүмкіндік-ол өзгерісті кері қайтару, яғни тексттің алдыңғы күйлерін қалпына келтіру. Өзгерістерді кері қайтарудың көиегімен қателесіп өшірілген жолдарды, абзацтарды және тарауларды қалпына келтіруге, тексттің өткен вариантына кері оралуына болады.

ДЕРБЕС ЭЕМ – дер

Дербес ЭЕМ адаммен диалог жасап жұмыс істеуге арналған. Мұндай ЭЕМ-нің енгізу және шығару құрылғылары адам мен ЭЕМ-нің арасындағы информация алмасудың ыңғайлы түрін қамтамасыз етеді. Ондай құрылғылар – клавиатура; «тышқан»; монитор (немесе экран): басу құрылғысы (немесе принтер); сыртқы зерде.

Клавиатура информацияны адамнан ЭЕМ-ге беруге арналған және ол кәдімгі басу машинкасының клавиатурасына ұқсайды.

«тышқан» да информацияны адамнан ЭЕМ-ге беруге арналған. «Тышқан»-кішкене қорапша, оны адам үстел үстінде қозғалта алады және ол осындай қозғалыс кезінде ЭЕМ-ге сигналдар жібереді. Осындай құрылғыны пайдаланып, мысалы, ЭЕМ-ге суреттерді енгізуге болады-ол үшін суретті үстелге қойып оны «тышқанмен» айналып шығу жеткілікті.

Монитор информацияны (тексттер мен бейнелерді) ЭЕМ-нен адамға беруге арналған. Басқаша айтқанда, монитор-кәдімгі телевизор, тек ондағы бейнені ЭЕМ салады.

Басу құрылғысы ЭЕМ-нен информацияны адамғақағазға басылған тексттер мен бейнелер түрінде беруге арналған.

Магниттік дискілердегі сыртқы зерде информацияның үлкен көлемін сақтауға және қайта шығаруға арналған. Сыртқы зерде, сонымен қатар информацияны ЭЕМ өшіп тұрған кездері сақтауға мүмкіндік береді. Магниттік дискілердегі сыртқы зерде кәдімгі магнитофондағы сияқты принциптерге негізделген, тек айырмашылығы таспалы кассетаның орнына информация тасымалдаушы ретінде магниттік дискілер-магниттік затпен қапталған дөңгелек пластинкалар қолданылады. Магниттік дискілдердегі сыртқы зерде информацияны ЭЕМ-нен бөлек сақтауға және информацияяны бір ЭЕМ-нен екіншісіне тасымалдауға мүмкіндік береді.

Егер дербес ЭЕМ-ді модем арқылы кәдімгі телефон желісіне қосса, онда ол басқа ЭЕМ-дермен информация алмаса алады. Информацияны телефон рақылы бергенде модем электр импульстарының тізбегін әртүрлі тондағы дыбыс сигналдарының тізбегіне айналдырады. Қабылдау кезінде модем кері түрлендіру жасайды.

Бұларға қоса, ЭЕМ-нің құрамында әр түрлі датчиктерден информация алуға арналған және әртүрлі монипуля торларды, роботтарды және басқа орындаушы құрылғыларды (немесе қысқаша атқарушыларды) басқаруға арналған сигналдарды шығаратын енгізу және шығару құрылғылары болуы мүмкін. Осындай құрылғының мысалы ретінде график салғышты алуға болады, ол ЭЕМ командалары бойынша бейнені қағаз бетіне тушьпен немесе пластмасса бетіне бояумен салады.

Наши рекомендации