Р-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау

Қазастандағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің санының тұрақты өсуі және онда жұмыс істейтіндердің көлемінің артуына қарамастан шағын бизнес секторы мемлекет экономикасының мәселелерін шешуде айтарлықтай үлесі көп емес. Ол осы экономика секторының проблемаларымен түсіндіріледі: салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен өзара әрекеті және тағы басқа салалардағы мәселелер. Сондықтан кәсіпкерлер алдында несиені алу кезіндегі немесе қаржылық көмек жағдайында әртүрлі кедергілер орын алады. Сол проблеманың ең бастыларының бірі – заң шығарушылық базаның тұрақсыздығы, иә, заңдар қабылданған, мысалы: «жеке кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға байланысты заңы (04.07.92ж); «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңы» ( 19.06.97ж); «шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР-нің Президентінің Жарлығы бойынша ( 06.03.97ж), және бүгінгі күніде қабылдануда. Бірақ бұл нормативтік құқытық актілер іс жүзінде толық жүзеге асырылмағандықтан кәсіпкерлер үшін біршама қиындықтар туады. Ол нормативті – құқықтық акілердің орындалмауы, шағын кәсіпорындардың ісіне араласу, көптеген тексеруші және қадағалаушы басқару органдарының тексерушілік қызметтері шағын кәсіпкерлер жұмысының тоқталуына әсерін тигізеді. Бұл кедергілермен қатар, кәсіпкерлік қызметті бақылайтын салық инспекциясы, жергілікті әкімшілік бөлімдері, санитарлық-экологиялық инспекциялар, өрттен қорғау бөлімшелері, тұтынушылардың құқығын қорғау орталықтары жән е тағы басқасы кәсіпкерлердің мүдделері мен көзқарасына кеміте отырып көп жағдайда заңдық және заң шығарушылық пен сот органдарының функциялары мен өкілеттіліктеріне иемденіп алды. Бұл өз кезегінде бюрократизмге ұштасады, яғни ол дегеніміз заңсыз ақша талап етудің тиімді құралы болып табылады. Ауыр салық екі түрде жүргілізеді: жартылай жария және жасырын. Жартылай жарияға, жергілікті үкіметтің бастамасымен жүргізілетін кәсіпорындарға заң щеңберінен шығып кететін шекте, ақшалай сомада салық салу. Екінші форма – жасырын ауыр салық, нақтылы шенеуніктердің қалтасына тікелей пара ретінде түседі. Ол өз деңгейінде кәсіпкеерлерге теріс ықпал етіп, олардың жұмысын жүзеге асыруға кедергі болады.

Келесі негізгі мәселе – ол тиімді қаржылық қолдау, яғни кәсіпкерлердің инвестициялық несиелерді алуы болып табылады. кәсіпкерлер республиканың банк жүйесінен; шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан; Европалық Қайта құру және Дамыту банкісінің ашық несиелік тізбегінен; шағын кәсіпкерлікті қолдайтын басқа да қаржы көздерінен ала алады. Бірақ шағын бизнесті қолдау көздері анықталғанымен, оны қолдану инвестициялау механизмінің жетілдіруін қажет етеді. Бұл тұрғыда несие алу кәсіпкерлер алдында жиі кездесетін кедергілерге;

І – жоғары пайыз мөлшерлемесі;

ІІ – несиені қайтарудың қысқамерзімділігі;

ІІІ – несие алудағы құжаттар санының көптігі;

ІV – кепілдікпен қамтамасыз ету проблемалары.

Жоғарыдағы несие алудың негізгі мәселелерін келесі факторлар да толықтырады:

- несие алу кезіндегі банктерге тапсыратын құжаттарды толтыру білімінің жетілмеуі;

- ақпаратпен толық қамтылмауы;

- бизнес-жоспар жасаудың толықсыздығы;

- елдегі шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған несиелердің көздері туралы шетелдік, олардың бағдарламаларды ақпаратпен қамтамасыз етпеуі;

Аталған барлық факторлар кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне несие алуға кедергі келтіреді.

Бүгінгі таңдауда еліміздегі шағын кәсіпкерлердің қаражат көздерінің 75% жеке жинақтары мен туыстарының қаржы құралдарынан, 15% сыртқы көздер, 10% банктерден құралады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі проблемаларының ең маңыздыларының бірі – салық саясатының жетілмеуі болып табылады. Бұл мәселе заңдылық нормативті актілердің жиі өзгеруі, салық салу қойлымдарының жоғары болуы, салық түрлерінің өте көп жақтылығы және салықтар мен төлемдерді жинаудың күрделі жүйесін жатқызуға болады. Ал шағын және орта бизнесті дамытуда салықтың маңызы зор. Қазіргі кездегі шағын кәсіпорындардың 40% 1992-1993 жж. да салықтық жеңілдіктер мен несиелендіру мүмкіндіктеріне ие болған уақытта құрылған. Салық кодексін қабылданғаннан кейін бұл кәсіпорындардың құрылуы мен жүзеге асырылуы қысқартылды. Негізгі себеп- кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша шаралар жүйесінің жоқтығы болды.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексі бойынша салықтардың он бір түрі, ал алымдардың соммалық көлемі 45-50% құрайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметтің салықтық реттелуінде, елімізде заңдардың, яғни салық туралы заңдар жүйесінің шексіз өзгертіліп отырылуы негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Салық жүйесін белгілейтін заңның 24.06.95ж. енгізілгеннен кейін, оған толықтырулар мен өзгертулер он алты рет болған, сондықтан бұл мәселе кәсіпкерлер үшін салық заңдарының шығарылуына орай тұрақсыздық тұдырады.

Наши рекомендации