Бап. Медицина немесе фармацевтика жумыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы

1.Медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орын­дамауы, сол сияқты медициналық көмек көрсету тәртібін немесе стандарттарын саңтамауы, егер бул іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауырлыгы орташа зиян келтіруге экеп соқса -

2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер -

3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соңқан іс-әрекеттер -

4.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер -

5.Медицина жұмыскерінің, сол сияқты халыққа тұрмыстық немесе өзге де ңызмет көрсету ұйымы жумыскерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды тиісінше орындамауы, егер бул іс-әрекет басқа адамға АИТВ/ЖИТС жуқтыруга әкеп соқса -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - медицина жэне фармацевтика қызметкерінің кэсіптік міндеттерін реттейтін қоғамдық қатынастар, қосымша объектісі

- адам өмірі.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан медицина жэне фармацевтика қызметкерінің кэсіптік міндеттерін ұқыпсыз немесе оған адал карамауының салдары­нан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сол сияқты медициналық көмек корсету тэртібін немесе стандарттарын сақтамауы, егер бұл іс-эрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге экеп соғуы арқылы сипатта-лады.

Қылмыстық құқық бұзушылық эрекетсіздік арқылы - медицина жэне фармацевти­ка қызметкерінің кәсіптік міндеттерін ұқыпсыз немесе оған адал қарамауы салдарынан немесе тиісінше орындамауы жэне осының салдарынан жэбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі, қылмыстың осы зардабы мен эрекетсіздіктің арасындағы себепті байланыстың тікелей орын алуы арқылы көрініс табады. ¥қыпсыз қарау деп өз міндеттеріне салғырт, жауапсыз қарауды, ал адал карамауы деп тиісті мін-детін талапқа сай атқармауы немесе ішінара шала атқаруын айтамыз. Медицина жэне фармацевтика қызметкерлерінің кэсіптік міндеттері арнаулы зандармен жэне басқадай нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 317-бабының диспозициясы бланкеттік болып табылады. Қылмыстық құқық бүзушылық құрамы материалдық. Ол медицина жұмыскерінің эрекетсіздігінен қылмыстың зардабы - адам жэбірленушіге орташа ауырлықтағы зиян келтірілген сэттен бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан абайсыздыкден (менмендік не­месе немқұрайдылықпен) істеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы, 16-ға толған кэсіптік мін-детін атқаратын медицина жэне фармацевтика қызметкері.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне экеп соққан іс-эрекеттер (317-баптың 2-тармағы) үшін, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абай­сызда адам өліміне экеп соққан іс-эрекеттер (317-баптың 3-тармағы), ал осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да коп адамның өліміне экеп соққан іс-эрекеттер (317-баптың 4-тармағы) үшін жауаптылықтар көрсетілген. ҚК-тің 317-бабының 5-тармағында: медицина жұмыскерінің, сол сияқты халыққа тұрмыстық немесе өзге де қызмет көрсету ұйымы жұмыскерінің кэсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды тиісінше орындамауы, егер бұл іс-эрекет басқа адамға АИТВ/ЖИТС жү-қтыруға әкеп соққаны үшін қатаң қылмыстық жау-аптылык көзделген.

Бап. Клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін және профилактиканың, диагностика-ның, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен қуралдарын қолдану тәртібін бузу

1.Медицина жумыскерінің клиникалық зерттеулер жүргізу жвне профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен қүралдарын ңолдану тәртібін бұзуы -

2. Лауазымды адам жасаган не ауыр зардаптарга әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі клиникалық зерттеулер жүргізудің, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің жэне медициналық оңалтудын жаңа эдістері мен қү_ралдарын қолданудың тәртібін реттейтін қоғамдык қатынастар, ал қосымша тікелей объектісі адам өмірі, денсаулығы.

Қылмыстык құқық бұзушылық объективтік жағы эрекетсіздік арқылы, меди­цина қызметкерлерінің клиникалық зерттеулер жүргізу жэне профилактиканың, диагностиканың, емдеудің жэне медициналык оңалтудың жаңа эдістері мен құралдарын қолдану тэртібін бұзу арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құкьіқ бұзушылық құрамы бланкеттік диспозицияға негізделген, өйткені көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асырудың тэртібі арнайы заңдарда, нормативтік-қүдықтық актілерде көрсетілген. Кінэлі адам өзі іске асыруға тиісті көрсетілген міндеттерін жүзеге асыруда бейқамдық, салақтыққа жол береді. Қылмыстық құқық бұзушылық формальды құрамға жатады жэне субъективтік жағынан абайсыздықпен істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі лауазымды адам болып табылмайтын медицина қызметкерлері. Осы құрамның ауырлататын түріне ҚК-тің 318-бабының 1-тармағында көрсетілген эрекеттерді лауазымды адамның жасауы болып табылады.

Наши рекомендации