Осымшаларды құру ережелері

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

Инженерлік - экономикалық» факультеті

Олданбалы информатика» кафедрасы

«5В070300, Ақпараттық жүйелер» мамандығы

«Мәліметтер қорының жүйелері» пәні бойынша

курстық жұмысты орындауға арналған

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

МАЗМҰНЫ

  Курстық жұмысты орындау мақсаты және мәселелері
Курстық жұмысты безендіру
2.1 Мәтіндік материалдарға қойылатын талаптар
2.2 Әдебиеттер тізімін құру ережелері
2.3 Қосымшаларды безендіру ережелері
Курстық жұмысты қорғау тәртібі
„Мәліметтер қорының жүйелері” курсы бойынша курстық жұмыстар тақырыптары
  Әдебиеттер тізімі
  Қосымшалар

1. Курстық жұмысты орындау мақсаты және мәселелері

Курстық жұмысты орындау - „Ақпараттық жүйелері” мамандығында оқытылатын „Мәліметтер қорының жүйелері” курсын оқу барысындағы қорытынды кезең.

Курстық жұмысты орындау мақсаты аталған курсты меңгеру процессінде алынған теориялық білімдерді толықтыру болып саналады.

Қойылған мақсатқа сай курстық жүмысты орындау келесі мәселелерді шешуді қарастырады:

· фундаментальды және қолданбалы ғылым саласындаєы студенттердің білімін тексеру;

· курсты оқу процессінде студентті қызықтырған тақырыпты тереңірек зерттеу;

· күрделі теориялық мәселелерді, қорытындыларды сынды түрде талдау мүмкіндіктерін меңгеру;

· жұмысты безендіру бойынша тағылым алу;

· ғылыми, экономикалық, техникалық, басылымдық, реферативтік және статистикалық әдебиетпен өз бетінше жұмыс жасау тағылымын алу.

Курстық жұмысты безендіру

Мәтіндік материалға қойылатын талаптар

Курстық жұмыстың мәтінінің алдында сыртқы бет орналасуы керек. Сыртқы бет нұсқасы қосымшада көрсетілген. Сыртқы бетте жұмыс қорғауға жіберілген кезде ғылыми жетекші және студенттің қолы қойылады.

(1 қосымшаны қараңыз).

Сыртқы беттен кейін курстық жұмыс мазмұны жазылады, мұнда әр беттің нөмірі көрсетілумен қатар барлық бөлімдердің атаулары көрсетіледі. Сонымен қатар, атаулар және индекстер курстық жұмыс мәтініне сәйкес болуы керек.

Мәтіндік материал компьютерде теріліп, өткізіледі. Мәтін А4 форматтағы беттің бір жағына ғана жазылуы тиіс және орфографиялық қателері болмауы қажет, сонымен қатар грамматика және стилистика талаптарына сай боуы керек.

Курстық жұмыс степлермен бекітіліп, ұқыпты түрде бумаға тігілуі қажет.

Мәтіндік материалға келесі талаптар қойылады:

· полялар ұзындығы беттің сол жағынан 30 мм-ден, оң жағынан – 15 мм-ден кем болмауы керек;

· беттің жоғарғы жағынан мәтінге дейінгі көлемі 15 мм-ден, төменгі жағынан – 20 мм-ден кем болмауы керек;

· абзац беттің сол жағынан 35 мм қашықтықтан басталуы керек.

Әр бөлім жаңа беттен басталады. Мәтін бойынша кестелерге, суреттерге, формулаларға сілтемелер олардың нөмірлерін көрсету арқылы жасалады.

Мәтінде сөздер қысқартылып жазылмауы керек.

Әр бет араб цифраларына сәйкес нөмірленуі керек. Беттерді нөмірлеу сырқы беттен бастап соңғы бетке дейін жүргізіледі, суреттер, кестелер және қосымшалар қоса нөмірленуі керек. Сонымен қатар, сыртқы бетте, екінші бетте және мазмұнында нөмірлер қойылмайды.

Дебиеттер тізімін құру ережелері

Курстық жұмысты орындау процессінде пайдаланған арнайы әдебиеттер жұмыс соңында қосымшалар алдында көрсетіледі.

Библиография алфавиттік тјртіппен кґрсетіледі.

Қолданылған кітаптар туралы мәліметтер келесілерді қамтуы керек: автор фамилиясы және аты-жөні, кітап атауы, сызықшадан кейін басылым орны, басылым атауы және басылып шыққан жылы.

Периодикалық басылым туралы мәліметтер келесілерді қамтуы керек: автор фамилиясы және аты-жөні, статья атауы, басылым атауы, серия атауы, басылып шыққан жылы, журналдың статья ораналасқан нөмірі, беті. Беттер көрсетілген кезде статьяның бірінші және соңғы беті көрсетіледі.

Әр әдебиетке әдебиеттер тізімінде нөмір беріледі. Курстық жұмыс мәтініндегі қолданылған әдебиеттерден алынған цитаталар, көрсеткіштер, автор ойлары осы әдебиеттерге сілтеме арқылы көрсетіледі.

осымшаларды құру ережелері

Курстық жұмыстың соңында қосымшалар ораналасады. Әдетте қосымшаларға суреттерді, кестелерді, технологиялық карталарды, инструкцияларды шығарған дұрыс.

Ескеретін жай, жұмысқа қосымшаларды қосқан кезде, бөлек әр бетте қосымшалар алдында „Қосымша” деген сөз тұруы керек.

Әр қосымша мағыналы түрде аталуы қажет және өзінің нөмірі болу керек.

Қосымшаларды мәтінде оларды атаған тәртіп бойынша орналастыру қажет.

Наши рекомендации