Тіршілік Әрекеті ҚауіпсіздігініҢ негіздері

Б. К Нұрғазина

пәнінен дәрістер конспектісі

Өскемен

ӘОЖ 614.8.08.084(075.8)

Б. Нурғазина.«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері»: пәнінен дәрістер конспектісі / ШҚМТУ, 2014 –50 бет.

Тау-кен металлургия факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

№____ хаттама ______________________2014ж.

© Д. Серікбаев атындағы

шығыс қазақстан мемлекеттік

техникалық университеті, 2014

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4

1ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 5

1.1Тақыпып «Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастыру негіздері» 5

1.2 Тақырып «Шарашылық объектілерінде АҚ ұйымдастыру және жүргізу» 9

1.3Тақырып «Төтенше жағдайлар» 12

1.4Тақырып «Тұрғындарды қорғаудың негізгі принциптері және тәсілдері» 30

1.5Тақырып «Қорғаныс ғимараттары» 35

1.6 Тақырып «Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығы» 40

1.7 Тақырып «Зақымдану ошағында құтқару және кезек күттірмейтін қалпына

келтіру жұмыстарын жүргізу» 42

Әдебиеттер 50

Кіріспе

Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық және әлеуметтік саясаты өнеркәсіптің барлық салаларының қарқынды дамуына кең жол ашты. Еліміздің жер қойнауы минералды және мұнай-газ қорына өте бай болғандықтанреспубликамыздағы тау-кен,химиялық,қара және түрлі-түсті металлургия, сирек және асыл затты метал, алтын, алмас өңдеу және тағы басқа өндірістерді әлем экономикасының озық қатарына қосылуда.

Өнеркәсіптің әр саласының дамуымен бірге оны қауіпсіздендіру міндетті өзекті мәселеге айналуда. Осы орайда төтенше жағдайлар зор көлемді зиян келтіруі мүмкін екеніне көз жетерлік.

Төтенше жағдайлар, белгілі түрде, табиғи, техногендік және жаппай қыру құралдарын пайдалану кезіндегі төтенше жағдайлар өнеркәсіп орындарын қирату мен істен шығаруға, жергілікті халықты зардап шегуге , ал жалпы алғанда, елдің экономикасына зор нұсқан келтіруге әкеліп соқтырады.

Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу, оның салдарын азайту, сондай-ақ ең бастысы түрлі әдістерді пайдаланып, халықты төтенше жағдайлардың жойқын күштерінен сақтау, үйрету және құтқару жұмыстарын кешенді түрде ұйымдастыру- алдағы тұрған басты мақсат.

Техносфераны жасай отырып, адам баласы тіршілік жағдайларын әр жақты жоғарлатуға тырысты. Дегенмен бұл прогресс адамзатты ең жоғарғы деңгейге шығарды, бірақ ол өзінің кері әсерін, яғни жер қойнауының кедейленуіне әкеліп соқтырды.

Технологиялық үрдістерде қолданылатын аппараттардың қуаты артып, соған сәйкес қауіпті заттардың мөлшерлері де көбеюде. Энергия көздері болып табылатын мұнай және газ саласы 70 процентке өсті.Заманауи нысандардың да энергия тұтыну қуаты да қатты өсті. Жылына қуаты 10-15млн/ тонналық мұнай өңдеу өнеркәсіптері аймақтарда 300-500 мың тоннаға дейін көмірсутекті отын қоры жинақталады. Бұл қордың энергиясы эквивалентті түрде 3-5 Мт тротил мөлшеріне тең.Қолданылатын технологиялардың қарқынды дамуынан температура, қысым, қауіпті заттардың мөлшері сияқты көрсеткіштер де артып отырады. Бұл жағдай қазіргі заманғы өндірістік кәсіпорындардың апаттық жағдайларын жоғарлатады.

Студенттерге жаппй қирату қаруларының салдарынан, табиғат құбылыстарының, техногендік апаттардың себебінен туындайтын төтенше жағдайларда қабылдайтын шешім, жүзеге асыратын іс-қимылдар, жүріп-тұру тәртәбін үйрету, оларды құтқару жасақтардың басшылары ретінде дайындау болып табылады

1 ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

1.1 Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастыру негіздері

1.1.1 Кіріспе

Тіршілік қауіпсісдігін сақтау пәнінің программасын 1993 ж. 30 қыркүйекте Қазақстан Республика Министрлер кабинетінің нұсқауымен және 1994 ж. 10 ақпандағы Білім Министрі мен Қазақстан Республикасының Азаматтық Қорғаныс Штаб бастығының бірлескен бұйрығымен жасалынды. 1994-1995 оқу жылына барлық жоғарғы оқу орнындарында: гумманитариялық, техникалық, құрылыс, ауыл шаруашылық «Тіршілік қауыпсіздігін сақтау» пән ретінде оқу программасына енгізілді.

1995ж. Қазанда ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мен азаматық қорғаныс штабының орнына ҚР-ның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті құрылды. (единая система)

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі «Мемлекеттік комитет»- тұрғындарды және территорияны стихиялық апаттардан, авариядан, катастрофалардан қорғау жөніндегі, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және жою, сол сияқты мемлекеттің А.қ жөніндегі мемлекеттік саясатын іс жүзінде жүзеге асыратын орталық атқаруы орган.

Облыстарда, категориялы қалаларда облыстық және қалалық т.ж. жөніндегі басқарма құрылған бұрынғы А.қ штабтарының базасында

ҚР-да т.ж. ескерту және жою жөнінде Мемлекеттік система құрылған – Ол система т.ж. жөніндегі ведомствааралық Мемлекеттік комиссия.Мұндай комиссиялар облыстарда, қалаларда және аудандарда құрылған.

Т.ж . ескерту және жою жөніндегі системаға- күнделікті басқару органдары, табиғи ортаны және қауіпті объектілерді бақылайтын күштері мен құралдары ақпараттар және байланыс жүйелері, сол сияқты т.ж. зардаптарын жоятын материалдық, медициналық және т.б. да ресурстардың қорлары жатады.

Т.ж. жөніндегі мемлекеттік комитет 1995 ж. Қазанда құрылған. Т.Ж. жөніндегі м-к комиссия және ҚР А.Қ штабы қысқарып, олардың өкілдіктері берілді. (полномочие с передачей)

Т.Ж жөніндегі орталық атқарушы орган ҚР Төтенше жағдайлар мөніндегі Министрлігі болып қайтадан құрылды.

Тіршілік қауіпсіздіін сақтау курсының мақсаты .

- болашақ мамандарды Т.Ж. жөнінде қажетті теориялық бөлімдермен қамтамасыз ету

- өмір тұрақтылығын сақтау үшін қауіпсіз және зиянсыз жағдайларды жасау.

- күтпенген жағдайларды болжам жасау:

- халық шаруашылығындағы объектілерде, авария, катастрофия және қазіргі замандағы зақымдану құралдарын қолдану кезінде пайда болған зардаптарды жою жағдайында тұрғындарды, өнеркәсіп адамдарын қорғау үшін дұрыс шешім қабылдау және прогноз (болжам) жасау.

Тапсырмалры:

1. Зақымдану аумағында тұрғындарды қорғау

2. Халық шаруашылығындағы оъектілердің тұрақтылығын арттыру

3. Құтқару және авария кезек күттірмейтін кезінде қалпына келтіру жұмастарын жүргізу

Тұрғындардың тіршілік қауіпсіздігін сақтау дегеніміз – стихиялық апаттар, авариялар мен катастрофалардың алдын алу, болжам жасау және жою жөніндегі ғылыми білімдер және мемлекеттік тұрғыдан жасалатын практикалық шаралар системасы

Азаматтық қорғаныс - бейбіт және соғыс кезінде, жаппай құрту құралдарынан, авария және катастрофа кезінде зақымдану аймақтарында, құтқару және кезек күттірмейтін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін халықты және халық шаруашылығын қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік қорғаныс шараларының құрамды бөлігі.

1.1.2 Адам мекендеген орта

Адам мекендеген орта биосфера қабаттарына литосфераның жоғарғы қабаты, гидросфера, атмосфераның төменгі қабаты. жатады. Адамның нақты бола алатын биосфера қабаттары литосфераның жоғарғы қабатында атмосфераның төменгі қабатында ғана өмір сүре алады.

Адам литосфераның төменгі қабатында, атмосфераның жағарғы қабатында , гидросферада өмір сүре алмайды. Яғни адамның өмір сүру кеңістігі өте шектелген аз кеңістік. Бұл шектелген кеңістік, түйықталған жүйе, адам мекендеп отырған орта 100 процент жағымсыз энергиялардан тұрады нақтырақ айтсақ 99,8 процент, яғни 0,02 процент қана позитвті энергияны құрайды, осы энергия адамның бүкіл өмір сүру барысында тіршілігін қамтамасыз етеді.

Тіршілік қауіпсіздігінің қазіргі уақыттағы аксиомалары

1 Адам мекендеп отырған орта потенциальды қауіпті орта Ол мынандай қауіптіліктер: өлімнің әр түрлі формлары; аурудың әр түрлі формалары; индивидтер, этностар, расалар арасындағы қақтығыстар, соғыстар; аштық, жалаңаштық ; әр түрлі аварийялар, катастрофалар; табиғи апаттар т.б.

2 Адам мекендеген орта адамға қарсы бағытталған. Мысалы мынандай жағдайларды адам түйсігімен түсінуге ұмтылса дұрыс болар еді. Адам ауа құрамындағы оттегімен тыныс алады. Оттегі тотықтырғыш элемент. Адам қанының құрамында темір деген химиялық элемент бар. Темір оттегі және ылғал қатысында оте жақсы тотығады, нәтижесінде қақ (рухляк) түзіледі. Айтпаса да түсінікті , адам оттегімен тыныс алғанда ағза ақырындап ескіре, қартая бастайды.

3 Адам ағзасы да адамға қарсы бағытталған. Ағзада жүріп жататын әр түрлі биохимиялық, физиологиялық. гормондық, ферментті- активті өзгерістер ағзаның автоматты түрде қартаю үрдісімен бірге жүріп отырады яғни әрбір үрдіс жүріп өткен сайын ағза қартаюға ұшырап отырады. Бұл ащы болса шындық..

4 Адам мекендеген орта жабық жүйе. Жабық жүйе дегеніміз не? Оны қалай түсінуге болады? Қазіргі заманда адам мекендеген орта кеңістіктік тұрғыдан алғанда үш өлшемді кеңістік болып тпбылады. Үш өлшмді кеңістік өлшенетін үш параметр: жылдамдық, қашықтық және уақыт. Уш өшемді кеңістікте адам миының жұмыс істеуі 3-5 процентті құрайды. Үш өлшемді кеңістікте адамның даму деңгейі энергетикалық-информациялық тұрғыдын алғанда ең төменгі деңгейде болады. 3 процент ең төменгі деңгей, 5 процент төменгі деңгейді құрайды. Жабық жүйеде қоршаған ортамен (шексіз әлеммен) оң бағыттығы (+ заряды) энергиялар информациялар ауысуы болмайды. Басқаша айтқанда жүйе тек қана теріс заряды энергияларды қабылдап, оң заряды энергриялырды құртып, жойып отырады. Жабық жүйенің өзі ғана бағынатын заңдылықатары бар. Ондай заңдылықтардың бірі материяның, энергияның, құбылыстардың қайта-қайта қайталанып айналып отыру заңы (круговорот), Әрбір айналыс жасаған сайын материялар ескіріп, тірі ағзалар қартайып отырады. Мысалы: жыл мезгілдерінің қайталануы, су, азат, оттегі айналысы . космос корабльдерінің ғарыш кеңістігінде бір ғана орбитаның бойымен айналып отыруы т.б, Адам өзінше корабльдерді шектелген (орбитада) кеңістікте ұшыру арқылы ғарышты игердім деп ойлайды. Шындығында адам дұрыс ойламайды.Ғарыш кеңістігін қалай түсінуге болады? Оны былайша түсінуге болады: Адам – микрокосмос; Жер. Күн. Галактика, Метагалактикалар адаммен салыстырғанда – макрокосмостар. Ғарыш – Планеталар, Жұлдыздар. Ғарыш – Шексіз Әлем кеңістігі. Шексіз Әлем кеңістігіне адамзат баласы бір орбитаны қайта-қайта айнала беретін космос корабльдерімен шыға алмайды. Шынымен адамзат баласы ғарыш кеңістігін зерттегісі келсе оны өзінен бастауы керек. Өзін-өзі санасымен, сезімімен, түйсігімен танып білуі керек. Онсыз адам ғарыш кеңістігін басқара алмайды. Ғарыш кеңістігін басқару үшін адамзат баласының даму деңгейі төменгі деңгейден жоғарғы және ең жоғағы деңгейге көтерілуі қажет.

Адамзат баласының даму деңгейін қалай түсінуге болады? Адамзат баласының даму деңгейін жоғары көтеру үшін технкаларды, технологияларды, нанотехнологиялырды игерудің қажеті жоқ.. Техникалар, технологиялар, нанотехнологиялар – дамудың төменгі деңгейінің өнімдері яғни шектелген кеңістіктің шығарған өнімдері. Қазіргі заманғы адам – ол да шектелген кеңістік болып табылады. Адамның жағарғы деңгейдегі мүмкіншіліктері дамудың төменгі деңгейінің информацияарымен, энергетикаларымен шектеліп қалған....

5 Қазіргі заманғы адамның физикалық қозғалысы уақытқа байланысты емес, уақытқа бағынбайды. Бұл құбылыс уақыттң сығылу үрдісімен түсіндіріледі. Уақыт сығылғанда уақыт тез-тез өте бастайды. (қазіргі біздің уақытымыз солай өтіп жатыр). Уақыт – информациялардан және энергиялардан тұрады. Түсінікті тілмен түсіндірсек информация өте көп жинақталғандықтан (концентрация) оны уақытында игеруге, қабылдыуға уақыт та энергия да адамның күш-қуаты да жетпейді. Нақтырық айтсақ он жылда істелетін жұмыстарды бір жылдың ішінде бітіруіміз керек.Бұл жағдайлар адам ағзасын қысып, аурулардың ушығуына әкеліп соғады. (обострение). Адамның өмір сүру уақыты қысқара бастайды. Мысал үшін адам жетпіс жыл жасау керек болса, уақыт он жылға сықса яғни адамның өмірі он жылға азаяды, алпыс жыл өмір сүреді.

6 Қоршаған ортада ауада, суда, топырақта өзінен –өзі тазартылу үрдісі жүріп жатыр. Бұл құбылыс әлемнің жаһандақ жылынумен байланысты. Жер бетіне ғарыштен белгілі бір мөлшерде белгілі бір уақыт аралықтарында (циклично) жылу және жарық энергиялары (толқындар) келіп жатыр. Энергияның қасиеттері толқын ұзындығымен және жиілігімен сипатталады. Толқын ұзындығының спектрлерінің диапазондары кең және жиіліктері жоғары, заряды оң + таңбалы. Мұндай толқындар зиянды заттарды өте ұсақ зиянсыз бөлшектерге дейін ыдырата алады.

1.1.3 Қ Р төтенше жағдайлар жөніндегі заңдары

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлар жөнінде қабылданған заңдар:

«Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар жөнінде»;

«Авариялық-құтқару қызметтері және құтқарушылардың статусы жөнінде»;

«Өрт қауіпсіздігі туралы»;

«Төтенше жағдайдың жағдайының құқықтың режимі туралы»;

«Радиациялық қауіпсіздік туралы».

Бұл заңдар ҚР территориясында төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою, авприйялық-құтқару қызметтері және жасақтардың іс-әрекеттері бойынша, қоғамдық қатынастарды реттейді, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ұйымдардаң негізгі тапсырмаран, полнлмочиясын, Қазақстан Республикасының азаматтарының төтенше жағдайлар бойынша құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

Төтенше жағдайлар жөнінде негізгі түсініктер:

Төтенше жағдайлар – аппаттардың, қауіпті табиғи құбылыстардың, катастрофалардың, күтпеген немесе басқа да аппаттардың нәтижесінде туындаған және адамдардың қаза болуына әкеліп соғатын немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, өмір-тіршілік әрекетіне, қоршаған табиғи ортаға және шаруашылық объектілерге нұсқан келтіретін немесе келтіруі мүмкін, айтарлықтай дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзатын немесе бұзылуы мүмкін белгілі бір аймақтағы жағдайлар.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі,сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын тудыратын ТЖ.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және дасқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиобелсенді және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрлыстарындағы авария туғызатын ТЖ

Төтенше жағдайлар аймағы – төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ

Төтенше жағдайларды жою – төтенше жағдай пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарымен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.

Төтенше жағдайлардың алдын алу– алдын-ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені.

Авария – машинаның, станоктың, қондырғының, энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінің, жабдықтың, транспорт көлігінің, ғимараттың істен шығып , бұзылуы.

Апат (катастрофа) – адам шығындары бар, қайғылы нәтижелі үлкен авария.

Наши рекомендации