Рылыстың сметалық құны. Құрылыстың сметалық құнының құрылымы
Ғимараттардың, имараттардың немесе олардың кешенінің құрылысын
орындауға жұмыстардың құны және көлемі есептелетін, жұмыстардың
сипаттамалары көрсетілетін құжат смета деп аталынады.
Ең басты тағайындалуы – құрылыстың құнын анықтау мен бірге смета
бірнеше рольдарды орындайды, дәл осындай:
а) сметамен есептелінген жалпы құны, құрылыстың жалпы
инвестициясын және банкілік несиелеу өлшемін анықтайды;
б) сметамен анықталған құрылыс - жинақтау жұмыстардың құны
құрылыстың есепті құны болып саналады;
в) смета мердігерлік жұмыстардың көлемін жоспарлауға және оларды
орындауға қажетті ресурстардың негізі болып табылады;
г) өндірістік нормалар мен бірге смета құрылыс есеп беруді
жоспарлауға және оның жұмысын үйымдастыруға нұсқау ретінде қолданылады.
Смета жасалынады:
Жұмыстардың көлемі мен сипаттамаларын, бұйымдар мен жабдықтардың санын анықтау бөлігінде – сызбалар, спецификациялар және басқа жобалау материалдар бойынша;
Құны бөлігінде – сметалық нормалар бойынша.
Смета құжаттамасы «Кәсіпорындардың, ғимараттардың және
имсрсттардың құрылысына арналған жобалау – смета құжаттамасының
жасалу, келісілу, бекітілу тәртібі және құрамы жөніндегі нұсқауға» (ҚР
ҚН иЕ 1.02-01-2001) сәйкес жасалады.
Бұл орайда жобалаудың сатылығы, жобалау – смета
құжаттамасының құрамы мен мазмұны, оның жасалу мерзімі занға сәйкес
жобалау - ізденіс жұмыстарын жасау бойынша қызметтерді сатып алуға
дайындық сатысында тапсырысшылармен конкурс құжаттамасында белгіленеді.
Сметалық құжаттар – гидротехникалық құрылыстарды жүргізу үшін қажетті қаржының есептелген құжаттарының жинағы. Бұл арқылы құрылыстың сметалық кұны анықталады, қаржы жұмсау жоспары жасалады, құрылысты қаржыландыру, мердігерлік құрылыс мекемесі мен тапсырыс берушілердің есеп айырысу жұмыстары жүргізіледі.
Құрылыстағы құрылыс жұмыстарын орындауға тек ғана техникалық
шешімдерді қабылдау жеткілікті емес. Тағы да ғимарат пен үймеретті
тұрғызуға құрылыс жұмыстарын орындауға, жабдықтарды сатып алуға және жинақтауға жұмыс аспаптар мен инвентарларды және т.с.с. сатып алуға еңбек, материалдық және қаражат шығындарының шамасын білу қажет. Осы есептердің барлығы құрылысқа сметаны өңдеумен шешіледі.
Сонымен, сметалық құн құрылыс өнімінің бағасы рөлін де орындайды.
Құрылыстың сметалық құнын дұрыс анықтау, ол жобалау ұйымының маңызды есебі болады.
Құрылыс жұмыстарының шығындары жалпы құрылыс (жер қазу, тас қалау, әрлеу, құрастырмалы конструкцияларды жинақтау және басқа) және арнайы (су құбырларын, канализацияны, жылытуды газофикацияны жасау, электрмен қамтамасыз ету, байланыс сызықтарын жүргізу және т.б.) жұмыстарын орындаумен, құрылысқа аймақты дайындаумен (алаңды жоспарлау, құрылыстарды бұзу және т.с.с.), аймақты абаттандыру мен көгалдандырумен байланысты.
Құрылыс жұмыстарының құнында тағы да санитарлы-техникалық жабдықтарын жинақтау шығындары ескеріледі.
Жабдықтарды, құралдарды және инвертарларды сатып алу шығындарына технологиялық, отын, көтеру-тасымалдау, электр қуаты, бақылау, өлшеу және басқа жабдықтардың, тағы да тасымалдау құралдардың, жиһаздардың, өндірістік және шаруашылық аспаптар мен құралдардың, басқалардың сатып алу құндары кіреді.
Меншікті салмағын көрсетумен құрылыстың жалпы сметалық құн
шығындарын бөлек түрлеріне бөлінгенін құрылыстың сметалық құнының құрылымы деп аталады. Ол құрылыстың түріне және жайғасу
аймағына, жұмыстарды орындайтын ұйымдардың сипаттамасына және басқа факторларға байланысты.
Жұмыс өндірісінің шығындары тікелей шығындар мен үстеме шығындардан тұрады. Тікелей шығындар ғимарат пен үймереттердің конструкциялықэлементтерінен және жұмыстардың нақты түрлерінің өндірісімен тікелей байланысты. Олардың шамасы «тікелей есеппен» олардың санына (көлеміне) сәйкес бірлік бағаларды қолданумен сметалық шығындардың шамасына байланысты анықталады.
Оларға жататындар:
– құрылыс материалдардың бұйымдар мен конструкциялардың шығыны, М;
– құрылыс-жинақтау жұмыстар өндірісінде айналысатын жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы Жнж;
– құрылыс машиналарды және жабдықтарды пайдаланудың шығындары КМn
Үстеме шығындар өндірісті басқаруға, оның шаруашылық қызметіне
жіберілетін шығындар. Олар объекті бойынша жалпы құрылыс процессін
ұйымдастырумен байланысты, әрбір жұмыстың түріне байланысты ҚР ҚН 8.02-02-2002 1 қосымшасында келтірілген нормалар арқылы негізгі жұмысшылардың және машиналар мен механизмдермен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақы қорынан % арқылы анықталады.
Тікелей шығындар мен үстеме шығындардың жиынтығы құрылыс-жинақтау
жұмыстарының өзіндік құнын құрайды.
Негізгі тасымалдайтын материалдар (ағаш, болат конструкциялары,
шатыр материалдары, әйнек және т.б.) автомобиль, теңіз, өзен, теміржол
көлігімен құрылыс алаңға жеткізіледі.