Шетелдіктердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдары

Негізгі ұғымдар: сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді.

Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Бұл қоғамдық дерттің алатын орны жөнінде әңгіме қозғағанда Цицеронның: “егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды. Ал егерде, басқалармен де бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар үшін аса қорқыныш жоқ” деген белгілі сөзін еске алуға болады.

Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу барлық партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларынан орын алды, әлі де орын алып келеді. Солай бола тұрса да бұл індет ең мықты деген саяси режимдердің арасынан сыналап кіріп кеткені. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес көбінесе айтарлықтай моральдық шығындарға ұшырататыны да белгілі.

Көптеген елдердің тәжірибесі осы кеселмен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арсызқойлық сияқты әрекеттермен жиі ұшырасатындығын байқатып отыр. Бюрократиялық мінез-құлықты уақытша сауықтыру моральдық шығындардың орнын толтыра алмасы анық. Ал сыбайлас жемқорлықтың пайда болу көзі ме себептері қоғамдағы бюрократиялық қасиеттер екені белгілі. Қанша дегенмен адамзаттың ақыл-ойы әлі сан алуан әлеуметтік қатынастарды болжап-бағдарлап, қарастырып, ретке кетіре қоятындай жағдайға жете қойған жоқ. Кейбір жағдайда сан-алуан тыйым салу мен жарлықтардың пайда болуы сөз жоқ ынта жігерді басып тастап және экономикалық дамуға да бөгет жасайтындығы жасырын емес. Солай бола тұрса да, осы бөгеттерді бұзып-жаруға деген ұмтылыс байқалады.

Ағылшынның «Экономист» журналы көрсеткендей: «сыбайлас жемқорлық пен пара алу салықтан бұлтару сияқты қасиеттер адамнан арылмас құбылыс сыңайлы. Оған тіпті қарсы шығатындардың өздері де мойынсұнып жатады». Дегенмен журнал кінәлілерді көпшілік алдында әшкерелеу арқылы сескендіруден аулақ болса да, парақорлықты ресми түрде айыптауды пайдалы деп санаса керек. «Нью-Йорк геральд трибюн» ақпарат құралында Сарбонналық француз профессоры Пьер Шоно: «сыбайлас жемқорлықтың құны бостандықты сатып алатын құнмен пара-пар» деген екен.

Сыбайлас жемқорлық деңгейі экономикалық дағдарыс құбылысына бейім тұрған елдерде тым жоғары. Ол дәл қазіргі Қазақстан мен бұрынғы Одақтың басқа да елдеріне тән.

Сыбайлас жемқорлық пен қылмыстылық 1994-1996 жылдары Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) ұлттық, аймақтық және ауқымды кездесілері мен конференцияларының, съездерінің басты арқауы болып, сайлау мен басқа да саяси науқандардың негізгі мәселелеріне (көптеген ұлттық, сондай-ақ аймақтық қауымдастықтардың тағдырына байланысты) айналған екен. Жемқорлық үшін тіпті қазіргі және бұрынғы президенттерді де, вице-президенттер мен экс-президенттерді де, премьер-министрлерді де, әскери-саяси блоктар мен алып экономикалық топтардың лидерлерін де қызметінен алып, жауапқа тартып жатады.

XX ғасырдың аяғы сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемаға ерекше мән берумен бірге, осы тұрғыдағы кұбылыспен күрес жүргізуге арналған сан қырлы ғылыми ізденістердің өсуімен де ерекшеленеді. Бұл мәселеге байланысты алғашқы ғылыми зертеулерді америка криминологі Э. Сатерланд және оның көмекшісі Кресси жолға қойды. Тұңғыш рет Э. Сатерланд «ақ жағалылардың» қылмыстылығы деген ұғымды енгізді, ал бұл ұғымынан Батыс елдерінің ғалымдары сыбайлас жемқорлықты қылмыстылықтың ереже тобына жатқызып, жеке бөліп алды. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық ұғымы азаматық қоғамда үйреншікті құбылысқа айналса, ал екінші жағынан Қазақсатанның қауіпсіздігіне, елдің экономикасының дамуына кереғар әсер ететін факторға айналуда. Статискалық мәліметтерге көз салсақ Республикада сыбайлас жемқорлықтың нәтижесінде көлеңкелі бизнес дамып, жылына мемлекеттік қазынаға түсетін 540 миллион доллар кіріске кірмейді, яғни ішкі табыс көзінің 27% желге ұшқандай болады екен.

Сыбайлас жемқорлық:

а) Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық бостандығы мен құқықтарын бұзуға әкеліп соғады. Көптеген жылдар бойы жүргізілген
әлеуметтік зерттеу азаматтардың басым бөлігін ойландыратын маңызды
мәселелер арасында бірінші орынға сыбайлас жемқорлықпен күрес екендігін
дәлелдеп отыр.

б) Осы құбылыстың мемлекеттік-билік құрылымдарында тез тарау
ерекшелігі бар.

в) Сыбайлас жемқорлықтың өріс алуы мемлекеттік аппараттың жұмысына нұқсан келтіріп, оның беделін түсіреді. Қоғамдық санада өкімет органдары жұмысының тиімсіз екенін, олардың құзіретінің әлсіз екенін көрсетеді. Халықтың өкіметтен алшақтауы орын алады. Осының бәрі мемлекет пен
қоғамның саяси қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді

г)Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі кездегі көлемі өте үлкен. Өз өкілеттігін сатумен бірге, оны сатып алушы адамдардың көбейе түсуі, билік
тармақтарының барлығының да сыбайлас жемқорлық кеселіне душар болғанын көрсетеді. Мұны соңғы жылдарда жүргізілген криминологиялық зерттеулер айқын көрсетіп отыр.

д) Сыбайлас жемқорлар өз мақсаттарына жетуде ұйымдасқан қылмыстарды пайдаланады. Сыбайлас жемқорлық арқасында ұйымдасқан қылмыс экономиканың маңызды секторларына өз ықпалын жүргізуде, бұл тұрғыда олар шын мәнінде жаңа сапа мен түрге ие болды.

и) Сыбайлас жемқорлық табиғи және жасанды латентті қылмыс болып табылады. Оны жүзеге асырушы субъектілердің жоғары қоғамдық дәрежесі, олардың іс-әрекет қимылдарының интеллектуалдық ерекшелігі, бұл топтағы адамдарға билік басындағылардың ізгілікпен қарауы, сыбайластық іс-әрекетке «келісімділік» сипатын (арыз айтылмайды, себебі кінәлі екі жақта заңсыз іс-әрекет арқылы пайда табады) т.б. осы тұрғыдағы қылмыстардың өзіндік ерекшелігін бейнелейді.

Сыбайлас жемқорлықтан дүниежүзі қауіптенуде, 1989 жылы Б¥¥ басшылығымен мемлекеттік қару саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша Гаагада (Нидерланды) халықаралық семинар болып, оның нәтижелері БҰҰ Сегізінші Конгресінде осы мәселені қараудың алғы шарты болды. Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС) төмендегідей ұсыныс берді: мемлекеттік лауазым иелері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік бағдарламалардың барлық түрлерінің тиімділігін жоққа шығаруына, дамытуды қиындатуына байланысты және кейбір адамдармен топтарға қауіп туғызуына орай, барлық мемлекеттердің:

а) Сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне оны тежеуге сәйкес келетін қылмыстық заңдардың санкциясын жетілдіру;

б) Сыбайлас жемқорлықты және өкімет билігіне қызмет жасаудан
сақтандыруды реттейтін механизмдерді дайындау;

в)Сыбайлас жемқорлықпен құныққан лауазымды тұлғаларды анықтаудың, тергеудің және соттаудың тетіктерін қабылдау;

г) Сыбайлас жемқорлық арқылы алынған мүліктер мен қүралдарды
тәркілеудің құқықтық ережесін белгілеу.

д) Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсіпорындарға экономикалық
санкция қолдану өте маңызды.

Жалпы алғанда коррупциялық құқық бұзушылық сан түрлі және ол (қылмыстық құқықпен қатар) әкімшілік, азаматтық-кұқықтық және тәртіптік құқық бұзушылық сипат алады. Тек қана осы Амстердам қаласында өткен конгресте, құқықтық шаралар арасында, қылмыстық заңды қолдануға және оны дамытуға үлкен мән берілген.

Атап өткеніміздей, мұндағы негізгі мәселе заңды қолдану практикасына байланысты. Бірақ, бұл сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық заңды жетілдіру қажет емес дегенді білдірмейді. Осы тұрғыдан алғанда мына мәселелер бойынша заңдылық анықтама берудің мәні зор деп есептелінеді:

а) сыбайлас жемқорлыққа қылмыстық құқықтық анықтама беру;

б) сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық құқықтық нысанындағы көріністерін анықтау;

в) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық заңдылықтарды жетілдірудің басқа да тиімді жолдарын белгілеу.

Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары:Сыбайлас жемқорлықтың көрініс түрлері жайлы көптеген пікірлер бар. Бірақ олардың құқықтық дәлдігі мен толық түсінігі жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа анықтама бере отырып, біз, бұл құбылыстың тек парақорлықпен ғана шектелмейтінін атап өтіп, оның белгілі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы екенін айттық.

Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс нысандарына:

а)мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыс;

б) лауазым иелерінің басқа да кез келген қылмыстары, сонымен қатар
лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің;

в) қызмет бабын пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін
пайдаланып жасаған қылмыстарды жатқызамыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қылмыстық заңдылықты дамытудың маңызы ерекше. Жоғарыда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлықпен күресте қылмыстық жаза маңызды рөл атқарады.

Бұл шаралар панацея емес - олар белгілі бір жағдайда ең бір тиімді мүмкіндік беретін күрестің қажетті бір бөлігінің бөлінбейтін факторы. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі сыбайлас жемқорлықпен күреске қарсы қазіргі заман талаптарына толығырақ жауап береді, бірақ сонда да болса қылмыстық кодексте бұл тұрғыдан алғанда кейбір кемшіліктер бар. Сыбайлас жемқорлық көрінісі құбылмалы, міндетті түрде және тез жаңа түрге өзгеріп тұрады. Жеткілікті қылмыстық құқықтық нормасыз онымен күресу мүмкін емес. Сондықтан да үнемі қылмыстық заңдылықты жетілдірудің белгілі қажеттілігі туындайды.

Бірақ бұл процесс мақсат болып табылмайды, оның нақты теориялық базаға негізделуі, ішкі және халықаралық тәжірибелердің тарихи дәстүрлер ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Сондықтан да іс жүргізудегі пайда болған қажеттіліктерді объективті жағдайларда абайлап және орынды түрде өзгерту керек.

Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып осы тұрғыдағы заңдылықты жетілдірудің негізгі ұсыныстары мынадай:

Мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның және лауазым адамының өз қызмет бабы бойынша берілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасаған кез келген қылмысы оны жасауды жеңілдетеді және оның қоғамдық қауіптілігін арттыратынын есепке ала отырып «лауазым иесінің, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің қызмет өкілеттілігін пайдалана отырып қылмыс жасауын» жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырған дұрыс болар еді (ҚРҚК-54бабы).

Сыбайлас жемқорлық көлемінің өсуі билік органдарын бұл құбылысқа
қарсы күреске бағытталған көптеген нормативтік-құқықтық актілерді
қабылдауға мәжбүр етеді. Бірақ мұндай шаралардың тиімділігі, оны бірінші
болып міндетті түрде орындауға тиісті лауазым иелерінің оны елемеуіне
байланысты өте төмен. Бұны соңғы кездері жүргізілген көптеген зерттеулер
дәлелдеп отыр.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның негізгі ережелері де қағаз жүзінде қалды, ал онда мемлекеттік қызметшілерді табыстары және мүліктік жағдайы жайлы декларация толтыруға міндеттейді. Декларация толтырудан бастарту - жұмыстан шығаруға негіз болады. Осыған қарамастан, бұл талап орындалмайды.

Шенеуліктердің сыбайлас жемқорлық туралы заңды мүлде елемеуінің мұнан басқа да мысалдарын келтіруге болады. Оны бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік шаралардың тиімділігінің төмендігі күмән тудырмаса керек. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңдылыққа әдейі орындалмағаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін арнаулы қылмыстық-құқықтық норманы белгілеу қажет.

Айтылғандарды түсіндіре келе мынандай қорытынды жасауға болады:

- Мемлекеттік аппаратпен ұйымдасқан қылмыс арасындағы байланысты бұзу сыбайластыққа салынған қызметшілермен ұйымдасқан қылмысқа берілген мықты соққы беру;

- Бұл өте күрделі мәселені шешіп, мұны орындау үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы кешенді бағдарлама жасау қажет.

- Осындай шаралардың өз өкілеттіліктерін ұйымдасқан қылмыстың топ мүддесі үшін пайдаланатын қызметшілердің қылмыстық жауапкершілігін күшейткен жөн болар еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарында да оған қарсы қолданылатын шаралар көрсетілген:

ҚР Қылмыстық кодексінде:

307-бап: қызмет өкілеттігін теріс пайдалану.

309-бап: кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу.

311-бап: Пара алу:

Лауазымды адам нақ сол әрекеттерді жасады, сол сияқты заңсыз іс-әрекеті үшін пара алуы – 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айырып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз 3-7 ж.д бас бостандығынан айыруға жазаланады.

а) қорқытып алу жолымен

б) адамдар тобы алдын-ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ

в) ірі мөлшерде

г) әлденеше рет жасалса- мүлкін тәркілеп, 7-12 ж.д. мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

312 боп бойынша:

Лауазымды адамдарға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс- әрекет жасағаны үшін немесе әлденеше рет пара беруі немесе ұйымдасқан топтың пара беруі -700-2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерге, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

313 бапта (Парақорлыққа делдал болу)

1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға немесе пара берушіге келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу- жүзден үш айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, не 1 жылға мерзімге дейінгі түзету жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге, не 4 айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылып жазаланатынын азаматтар білуі тиіс.

Бүгінгі танда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемкорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты - оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн.

Дәріс.

Наши рекомендации