ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Даралықтың сипаты.
Жекеадам ұғымы.
Тұлға. Даралық (лат. individuum — бөлінбейтін) den абсолютті қайталанбайтын, кеңктіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетіиде ғана өмір суретін, кез келген өзге "даралықтан" мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.
Бірін-бірі барлық жағынан толық қайталайтын, бірі екіншісінен айнымайтын адамдар да болмайды. Тіпті егіздердің өздері бір-біріне ұқсас болып көрінгенімен, ата-анасы немесе достары оларды оңай ажырата алады.
Жекеадам үғымы. Жеке адам туралы ғылыми түсінік адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығының көрінісі ретінде қарастыратын биопсихоәлеуметтік 10 организм деген түсінікке негізделеді. Жеке адам деп белгілі бір әлеуметтік ортаның өкілін, қоғам мүшесін айтамыз. Жеке адам өзгелермен салыстырмалы нақты антропологиялық және әлеуметтік ұқсастықтарына қарамастан, адамзаттың дара өкілі ретінде қарастырылады.
Сәби —жеке адам. Дегенмен, ол —әзірше дара тұлға емес. Жеке адам қоғамда өз болмысында біршама дербестік алғаннан кейін ғана дара тұлғаға айналады.
Әр жеке адам — қайталанбас даралық, сонымен бірге ол өзімен белгілі бір тектік мәнін ала жүреді. Өзіндік санасы кемелденгенде, өзінің әлеуметтік міндеттерін түсінгенде, өзін тарихи үрдіс субъектісі ретінде сезінгенде, ол тұлға ретінде алға шығады.
Тұлғ (лат. personalitas) ұғымы жеке адамды белгілі бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын, оның әлеуметтік маңызды нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылады/ Мысалы, педагог оқушы-жасөспірімнің тұлғасы туралы; әлеуметтанушы жұмысшының тұлғасы туралы; криминалист қылмыскердің тұлғасы туралы; психиатр холериктің тұл-ғасы туралы айтқанда, олардың әрқайсысы, ең алдымен, адамды — оқушы-жасөспірім, жұмысшы, қылмыскер немесе холерик етіп тұрған, солар үшін түрпатты және мәнді, оларды өзгелерден абстракциялап тұратын нышандарды меңзеп отыр деп түсіну керек.
Философияда тұлға—қоғам мүшесі ретіндегі, әлеуметтік даралық сапасындағы адам, қоғамдық қатынастардық жиынтығы айқындап тұратын биоәлеуметтік мәнділік, әлеуметтік өмірде болып жатқанныц барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген адам.
Қызметтің сипаты:
Қазақ тілінде тіршілік деген сөз бар. Бұл сөздің негізгі мәні жан иесі ретінде тіршілік етуді, өмір сүруді білдіреді. Тіршілік жасап жатырмыз деген сөз еңбек етіп жатырмыз, бір пайдалы іспен шұғылданудамыз деген ұғымды білдіреді.
Адам өмірі тұтастай қызметпен, белгілі бір іспен шұғылданумен өтеді. Әрекетсіз адам болмайды. Өмір бар жерде қызмет те бар. Өйткені қызмет – адамның өмір сүруінің формасы.
Қызмет деп қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белснді қатынас жасаудың тек адамға тән формасы айтамыз.
Қызметтің көптеген тұрапттары мен түрлері бар. Қызмет-рухани, материалдық, өндірістік, еңбекті және еңбексіз болып бөлінеді.
Адамның қызметінің мақсаты:
Мақсат – қызметтің көздеген нәтижесін алдын ала барлау және белгілі бір құралдары пайдалана отырып, оған жету жолдары сипатталатын адамның тәртібі мен саналы қызметінің бір элементі болып табылады.
Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар:
Мотив (франц motif – себеп, себепке итермелеу) дегеніміз – субъектінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекетке қосылуы; субъектіні белсенділікке келтіретін және оның бағыттылығын айқындайтын сыртқы немесе ішкі жағдайлардың жиынтығы; тұлғаның саналы қызметінің негізі және себебі.
Бекіту кезеңі:
1. Даралыкка сипаттама беріңіздер.
2. Қоршаған ортада абсолютті тең бөлшектердің болуы мүмкін емес екендігін негіздеңіздер.
3. Жеке адамның калыптасуына қандай факторлар өсер етеді?
Сабақты қорытындылау: Тұлғаның қалыптасу шегін айкындау мүмкін емес. Ол үрдіс өмір бойы жүріп жатады. Егер адам жеке басының бакыты мен қоғамның мүддесі үшін белсенді әрекет ете бастаса, сол кезден бастап оның тұлға ретіндегі әрекетінің мәні мен мазмұны туралы айтуға болады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §3, жағдаят талдау
Пән: Адам. Қоғам. Құқық | ||
Сынып: 9 | Сабақ: 5 | Күні: |
Тақырыбы:Адамның қабілеті
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Адамның қызметі, түрлерітуралы жүйелі білім беру
Дамытушылық:Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;