Дәріс тақырыбы. Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты.
Қаржы дегеніміз – қоғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы. Қаржылық қатынастардың ақша қатынастарынан айырмашылығы сол, ол жеке тұтынушыларға қызмет етеді.
Қаржы қызметтері:
1) Шоғырландыру – мемлекеттің өмір сүруінің материалдың негізін жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2) Бөлу – жалпы ұлттық өнімді және ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу.
3) Реттеу – жұмыс істеп тұрған субъектілерді қызметін ынталандыру.
4) Бақылау – қаржы ресурстарын пайдалануды бақылау.
Қаржы жүйесі – бұл заңмен бекітілген нормативтер негізінде тиісті институттар мен мекемелер арқылы қаржы қорын жасау мен пайдалану жөніндегі экономикалық субъектілер арасындағы жеке тұтынушыларға қызмет етеді.
ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Мемлекеттік қаржылар: Мемлекеттік бюджет, Мемлекеттік несие, Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қаржысы.
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ:
Мемлекеттік бюджеттің төленетін төлемдері:
- Қаржы бөлу – мекемелер мен кәсіпорындарды қаржыландыруға берілетін ақшалай қаржы;
- Субсидиялар – мемлекеттік ақшалай көмек түрі;
- Субвенциялар – дамудың нақты мақсаттарына арналған мемлекеттік ақшалай көмек;
- Дотациялар – шығындарды жабуға арналған ақшалай қаржы.
Салықтардың қызметі:
1. Фискалды: мемлекет табысын жасау;
2. Реттеу: экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандыру немесе тежеу;
3. Қайта бөлу: жиналған салықтың түсімдері қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар пайдасына сәйкес қайта бөлу.
Салықтың элементтері:
- Салық субъектісі: заңды және жеке тұлға (төлейтін адам);
- Салық объектісі: салық есептелетін база (табыс, мүлік, тауар, мұра, жер) – не үшін төленетіні;
- Салық көзі: жалақы, кіріс, дивиденттер (неден төленетіні);
- Салық мөлшері: шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік (салық мөлшері);
- Салықтық жеңілдіктер: салық мөлшерінің немесе салықтан толық босату.
Лаффер қисығы салық мөлшері қандай болғанда салықтық түсімдері ең жоғары көрсеткіштерге жететінін көрсетеді (М нүктесі). График көрсеткендей, салықтық түсімнің көлемі (200 мың доллар) салық мөлшері 10 % және 65 % болғанда қамтамасыз етіледі (L және M нүктелері). Салық мөлшері өскенде (графикте 35%-тен жоғары) салықтық түсімдері азаяды, өйткені еңбек етуге және кәсіпкерлік қызметке ынта төмендейді және кәсіпкерлердің көбі «қалтарыс экономикаға» енеді.
График 1. - Лаффер қисық сызығы – салық мөлшері мен салық түсімінің көлемі арасындағы байланысты көрсететін қисық сызығы
Мемлекеттің қаржы саясатының екі аспектісі бар:
Біріншіден, бюджеттік процестреді реттеу – секвистерлеуді-өндірістің құлдырауы, инфляция дағдарыстың шиеленісуі, т.б. ерекше жағдайларда мемлекет шығындарының кейбір баптарын қысқартуды қосқанда өз бюджеттік саясатын жүзеге асыру арқылы бюджеттік тепе-теңдік қол жеткізу;
Екіншіден, Фискальды саясат-табыс табу мен шығындарды жүзеге асырудың қаржылық тетіктері арқылы экономиканы реттеу.
Дискрециялық фискальды саясат тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, мемлекеттік тарнсферттер мен салықтар арқылы жүзеге асырылады. Олардың көлемінің өзгеруі шығындар жиынтығының өзгерісіне әкеледі. Осылай жиынтық сұранысқа ықпал жасай отырып, фискальды саясат біркелкі таза ұлттық өнім көлеміне әсер етеді. Дискрециялық фискальды саясат сипатына экономика жағдайы да әсер етеді. Құлдырау кезеңінде, әдетте ынталандыратын фискальды саясат жүзеге асырылады. Ол артық сұраныс жағдайында тежегіш сипатта болады.
ДИСКРЕЦИЯЛЫҚ ФИСКАЛЬДЫ САЯСАТ:
|
|
Банктердің қызметтері:
- несие беруде және төлемдерде делдалдық ету;
- ақшалай табыс пен жинақ ақша бөлігін капиталға айналдыру;
- айналымның несиелік қаржысын (вексельдер, чектер, банкноттар) жасау.
Банктердің экономикаық рөлі – ақшалай капитал жинақталып жатқан экономика саласынан оны алып, пайдаланып жатқан экономика саласына беруді қамтамасыз ету.
Банктердің қызметтері және операциялар сипаты бойынша жіктелуі: Орталық эмиссиялық, коммерциялық депозиттік, инвестициялық, жинақтық, арнайы мақстақа арналған.
Банктердің негізгі операциялары: Енжар –ақша ресурстарын жұмылдыру: депозиттер қабылдау, акциялар мен басқа банктерден басқа бағалы қағаздарды несиелерді сату; Белсенді-ақша ресурстарын тарату: несиелер беру, акциялар, облигациялар, сатып алу, лизинг, факторинг, банк инвестициялары, вексельдер мен операциялар.
Банк кірісі (маржа) – несиелер мен салым ақшалар бойынша пайыз мөлшері арасындағы айырма.
Негізгі әдебиеттер: 3 нег. [45-5, 79-84], 4 нег. [38-156]
Қосымша әдебиеттер: 5 қос. [135-189]
Бақылау сұрақтары:
1) Банк қызметтері және негізгі операциялары
2) Қазақстан Республикасы банктерінің қанша деңгейі болуы мүмкін?
3) Ақшалай мультипликатор дегеніміз не?
4) Қаржы жүйесінің мәні және негізгі субъектілерін атап беріңіз?
5) Салық салу дегеніміз не? Салық салудың негізгі принциптерін атап беріңіз?
6) Банктің мәні мен экономикалық рөлін, атқаратын қызметтерін белгілеп және атап беріңіз?