Кеңестік іс жүргізу тәжірбиесіне баға беріңіз.

1917 жылдың қазанындағы большевиктер жеңісі, мұнан кейінгі Ресей империясы мемлекеттік машинасының күйреуі іс қағаздарын жүргізу тарихында төңкеріске дейінгі кезеңді қорытындылап, жаңа – кеңестік дәуірді бастап берді.Бұл ретте іс қағаздарын жүргізу тарихы мысал ретінде келтіріліп отырғандықтан, кеңестік кезеңнен тек бір ғана жәйтті бөліп атағымыз келеді. 1973 жылы КСРО Министрлер Советіне қарасты Ғылым мен техника жөніндегі мемлекеттік комитет Іс қағаздарын жүргізудегі бірыңғай мемлекеттік жүйенің негізгі ережелерін бекітті. Бұл ережелер іс қағаздарын жүргізуді тиімділікпен жүзеге асыру мақсатында барлық министрліктерге және ведомстволарға таратылды.Аталмыш құжат іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ережелердің, нормативтер мен ұсынымдардың ғылыми-реттемелік кешені сипатында еді. Ол құжаттардың жасалуынан бастап мұрағатқа тапсырылғанға дейінгі кезеңдерін түгел қамтыды. Мұнда сондай-ақ мекемелердегі іс қағаздарын жүргізу қызметіне қойылатын талаптар мен олардың жұмыс тәртібі де көрініс тапты. Іс қағаздарын жүргізудегі бірыңғай мемлекеттік жүйенің негізгі ережелері Ұйымдық өкімдік құжаттардың бір ізге түсірілген жүйесімен толықтырылып, тиісті мемлекеттік стандарттар арқылы беки түсті. Қазақстанның өз алдына тәуелсіз ел болып қалыптасуы, оның нарықтық экономикаға негізделген демократиялық құқықтық мемлекет болуға бет алуы іс қағаздарын жүргізу қызметін, құжаттамаларды жедел пайдалану мен оларды тарихи-мәдени мақсатта ұзақ уақыт сақтау ісін мемлекеттік деңгейдегі міндеттер қатарына қойды. Ақпараттар мен құжаттамалар алмасу саласында қазіргі заманғы мемлекеттік саясатты және Қазақстан азаматтары құқықтарын айғақтайтын негізгі құқықтық акті Республика Конституциясы болып табылады. Конституцияның 20-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: «2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi».

1920 ж. Қазақстанда енгізілген кеңестік басқару институты мен мемлекеттік мекемелер жүйесі кеңестік үлгідегі мемлекеттіліктің негізін қалады. Осы үрдіспен қатарласа іс жүргізу формасы да өзгеріске ұшырады. Мемлекеттік іс жүргізу бүкіл басқару жүйесін бекітті және оның буындары қызметінің нақты көрінісі бола алды. Іс жүргізу кеңестік орталық басқару органдарында, төменгі кеңес аппараттарында жеке дербес құрылым болып ұйымдастырылды. Онда іс жүргізумен айналысатын қызметкерлер тобы –шенеуніктер пайда болды. Құжат олар үшін кәсіби қызметінің құралы саналды. Мемлекеттік басқару жүйесінде өз қызметін құжаттау және оның тиімділігін арттыру үшін түрлі құжаттардың жиынтығы қалыптасты. Сондықтан іс жүргізудің жүйе ретінде мемлекеттік аппараты қалыптасуымен бірге пайда болуы заңдылық еді. Сонымен XXғ. Қазақстанда іс жүргізуді ұйымдастыру шаралары ұлттық мемлекетке тән ерекшеліктерімен қолға алынды. 1923 жылы 20 шілде Қазатком қарамағында ұйымдастырылған ҚазАКСР-нда іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру туралы Ерекше кеңестік мәжіліс өтті.Онда бірінші кезекте уездерді қазақша іс жүргізуге көшіру мәселесі қаралды. Осы мәжілісте уездердегі қазақтардың орналасуы жөніндегі статистикалық мәліметтер келтіріледі. Орталық іс жүргізу комиссиясы өзі туралы және губкомиссиялар туралы ережелерді, ҚазАКСР мемлекеттік органдары іс жүргізуін қазақ тіліне көшіру туралы Қазаткомның декретін әзірлейді. Декрет 1923 жылы 22 қарашада қабылданады. Дегенмен азамат соғысынан кейінгі уақыттағы ауыр экономикалық жағдай, әсіресе қаржы тапшылығы осы саланы өзге салалар секілді тежеп қойды. Жергілікті жерлерде кадр тапшылығы қатты сезілді. Бұл мәселені дербес шешу үшін губернияда курстарды ұйымдастыру қолға алынады. Мәселен, 1924ж. Губерниялық курстар туралы мәліметтерге сүйенсек, Семей,Ақмола,Қостанай губернияларында ғана курмстар ұйымдастырылып, барлығы 182 курсант бітіріп шыққан. Алайда курстарды бітіргендер санының аздығы барлық жергілікті органдардың сұраныстарын қанағаттандыра алмады. Губкомиссиялар осыған орай курстарды жоспарлы түрде қайтадан ұйымдастырмақ болғанмен, жергілікті бюджет тапшылығынан және мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбеуінен бұл шара жүзеге аспады.

Іс жүргізу мен құжаттануды тарихи ретроспективада талдау олардың дамуы барысьшда әр түрлі әдістердің қолданылганын әрі олардың үнемі жетілдіріліп, түрленіп отырғанын көрсетеді. Империя тұсында іс жүргізуде статистихалық құжаттарды жетілдіру әдісіне көп көңіл бөлінсе, кедестік дәуірде статистикалық қужатгар жүйесі жетілдірілді. XX ғ. 60-70-ш і жж. статистикалық мэліметгер кең қолданылған тарихи зерттеулер санының аріуы олардың зертгеу әдістерін жетілдіре түсті. Іс жүргізу мен құж атгануда қолданылып келген зерттеу эдістерінің арнайы қарастырылмауы да тақырып өзектілігін айқындай түседі. Таңдап алынған тақырыпты теориялық тұрғыда зерттеу оньщ бірнеше ғылыми пәндерге ортақ мэселе екенін айқындап берді. Бүгінде басқарудың негізгі механизмдерін қамтамасыз ететін іс жүргізу тазатехникалық деңгейден ақпараттық менеджмент деңгейіне дейін көтерілді.Зерттеудің тэжірибелік маңызы іс жүргізуде құжагтармен жұмыс тиімділігін арттыру, басқару мәдениетін жүмыс сапасы мен тиімділігіне кепілдік беретін деңгейге көтеру қажетгігімен тікелей байланысты. Қазіргі кезенде құжаттармен жұмыстың дәстурлі әдістерін ақпаратгық технологияларға бейімдеу де құжаттарды зерттеудің тиімді эдістері комегімен іске асады. Сонымен қатар Қазақстанда іс жүргізу мен қркаттану тарихын, зерттеу әдістерін арнайы зертгеудің маңызын төмендегі мәселелер де айқындай түседі. Біріншіден, қалыптасқан бірнеше ғасырлық дэстүрі бар іс жүргізудің және құжагганудың отандық тарих гылымындагы орны мен рөлін олардың өзіндік даму заңдылықгары арқылы айқындау қажет. Екіншіден, Қазақстанда іс жургізу мен құжаттанудың әлемдік ақпараттық кеңістік талабы бойынша ілгері дамуына негіз болатын зертгеулерді жүргізу өзекті әрі қажет. Бұл қажеттілік ісжүзінде бірқатар, әсіресе қазіргі ақпараттық қоғамга аяқ басқан шақта электрондық қүжат пен оның қркат айналымы және электрондық мұрағат мэселелерінің шешімін табуына ықпал етіл, жаңа ғылыми ізденістерге жол ашады. Үшіншіден, елІміз тәуелсіздік алганға дейін басқару шешімдерін қабылдау жэне іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдық-өкімдік қүжаттарға ғана басымдық берілді. Нарықгық қатынастардың орнауымен пайда болған жаңа - банк, кедендік, тшті кәсіпкерлік қызметтегі құжаттар жүйелерін жасау жэне оларды пайдалану мэселелерін зертгеу де өзекті. Төртіншіден, егемендІ ел болып, етегіміздІ жиып, жаһандану үдерісіне тартылдық. 2005 жылдан бері Қазақстан Республикасының «электронды үкіметін» қалыптастыру және дамыту бағдарламасы табысты іске асып келеді. Қазақстандағы Құжаттану және мұрағат ісі бойынша ғылыми-техникалық ақпарат орталығы ғылыми зерттеулермен айналыспайды. Бұл орталықтың әлеуетін арттыру үшін ғылыми кадрларды тарту қажет. Бесіншіден, әлемдік тәжірибеде іс жүргізу мен құжаттану саласында арнайы маманданған білікті құжаттанушы, мұрагаттанушылар еңбек етеді. Елімізде уақыт талабына сай мамандарды даярлаудың жаңа моделін әзірлеу және оны қазіргі кредиттік білім беру жүйесіне бейімдеу жауапты міндеті тапсырылады. >. Мамандарды даярлаудың жаңа моделі халықаралық ынтымақгасу шеңберінде тәжірибе алмасуды да қамтуы тиіс. Мұның озі тақырыптъщ географиялық ауқымы кеңдігін және халықаралық маңызга ие екенін көрсетеді.

Қырғыз (Қазақ) АКСР-інде іс жүргізуді ұйымдастыру еркшеліктері.(XXғ.20-шы жж.)Мемлекеттің кез келген даму кезеңінде іс жүргізу жүйесі мемлекеттік басқаруға тәуелді болғаны мәлім. Әрі қоғамдағы ірі саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалар мемлекеттік басқару және мемлекеттік іс жүргізу салаларындағы қайта құрулармен тығыз байланысты болды.Бұл Қазақстанның XX ғ. 20-30 жылдарындағы мемлекеттік жүйенің даму тарихынан да анық байқалады. 1920 ж. Қазақстанда енгізілген кеңестік басқару институты мен мемлекеттік мекемелер жүйесі кеңестік үлгідегі мемлекеттіліктің негізін қалады. Осы үрдіспен қатарласа іс жүргізу формасы да өзгеріске ұшырады. Мемлекеттік іс жүргізу бүкіл басқару жүйесін бекітті және оның буындары қызметінің нақты көрінісі бола алды. Іс жүргізу кеңестік орталық басқару органдарында, төменгі кеңес аппараттарында жеке дербес құрылым болып ұйымдастырылды. Онда іс жүргізумен айналысатын қызметкерлер тобы –шенеуніктер пайда болды. Құжат олар үшін кәсіби қызметінің құралы саналды. Мемлекеттік басқару жүйесінде өз қызметін құжаттау және оның тиімділігін арттыру үшін түрлі құжаттардың жиынтығы қалыптасты. Сондықтан іс жүргізудің жүйе ретінде мемлекеттік аппараты қалыптасуымен бірге пайда болуы заңдылық еді. Сонымен XXғ. Қазақстанда іс жүргізуді ұйымдастыру шаралары ұлттық мемлекетке тән ерекшеліктерімен қолға алынды. 1923 жылы 20 шілде Қазатком қарамағында ұйымдастырылған ҚазАКСР-нда іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру туралы Ерекше кеңестік мәжіліс өтті.Онда бірінші кезекте уездерді қазақша іс жүргізуге көшіру мәселесі қаралды. Осы мәжілісте уездердегі қазақтардың орналасуы жөніндегі статистикалық мәліметтер келтіріледі. Орталық іс жүргізу комиссиясы өзі туралы және губкомиссиялар туралы ережелерді, ҚазАКСР мемлекеттік органдары іс жүргізуін қазақ тіліне көшіру туралы Қазаткомның декретін әзірлейді. Декрет 1923 жылы 22 қарашада қабылданады. Дегенмен азамат соғысынан кейінгі уақыттағы ауыр экономикалық жағдай, әсіресе қаржы тапшылығы осы саланы өзге салалар секілді тежеп қойды. Жергілікті жерлерде кадр тапшылығы қатты сезілді. Бұл мәселені дербес шешу үшін губернияда курстарды ұйымдастыру қолға алынады. Мәселен, 1924ж. Губерниялық курстар туралы мәліметтерге сүйенсек, Семей,Ақмола,Қостанай губернияларында ғана курмстар ұйымдастырылып, барлығы 182 курсант бітіріп шыққан. Алайда курстарды бітіргендер санының аздығы барлық жергілікті органдардың сұраныстарын қанағаттандыра алмады. Губкомиссиялар осыған орай курстарды жоспарлы түрде қайтадан ұйымдастырмақ болғанмен, жергілікті бюджет тапшылығынан және мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбеуінен бұл шара жүзеге аспады.

Наши рекомендации