Барыс септік тҰлҒалы зат есім сӨзді меҢгеру арҚылы ҚҰрылҒан етістікті сӨз тіркестері
Барыс септік арқылы меңгеріліп, етістікті сөз тіркесіне мынадай сөздер кіреді: зат есім, есімдік, есімше.
«Барыс септіктегі сөз — етістік» болып кұралған сөз тіркестерінің бастапқы мағынасы іс-әрекеттің бағытын білдіру екені анық: қалаға кетті, інісіне берді. Бірақ осы мағынаны негізге алып барыс септік формасы көптеген басқа мағыналық қатынасты білдіру үшін жұмсалады. Олар — себептік, мақсаттық, қатыстық мағыналар. Бұл аталған мағыналардың көрінуі сөз тіркесіне енетін сөздердің лексикалық-грамматикалық сипатына, олардын, арақатынасына байланысты. Бірқатар сөздердің тіркесуі, олардың мағыналық қатынасы белгілі бір стиль аясында ғана пайда болады. Мұндайда «барыс септікті зат есім — етістік болып» құралған сөз тіркесі басқа бір тіпті тіркестерге параллель келеді. Сонымен, барыс септіктегі зат есімді меңгерген етістікті сөз тіркесін білдіретін мағыналар мыналар:
1. Іс-қимылдын, бағытын білдіреді: суға сүңгіді, ішке
кірді, қапқа салды, дәрігерге көрінді.
2. Қимылдың, істің объектісін білдіреді: асытққа тол-
ды, шайға қанды, хабарға қанықты.
Айналуы, жұмсалу объектісін білдіреді — (шытты) көйлекке алды, отынға (сабан) жағатын.
Айналдырсан, уақытты ащы терге,
Айналмақ тер уақыттай мәңгілікке.
(Қ. Мыр. «Уақыт пернесі»).
Меңгерілген зат есім мен етістіктің арасындағы бұл қатынас тура толықтауышы бар контексте пайда болады.
Осы мағына кеңейтіліп, барыс септіктегі есім (тұйық рай етістік) — етістік құрамындағы тіркес арнауды білдіретін (делибаративтік) қатынасты да білдіру үшін жұмсалатыны бар: осыларға (өлең) шығар —осылар туралы (өлең) шығар, босатуға (қаулы) жазды — босату жөнінде (қаулы) жазды.
3. Меңгерілетін сөз есімше немесе тұйық рай сөз бол-
ғанда етістікті тіркес мақсат, себептік қатынасты білді-
реді, яғни бағыныңқы сөз етістік атаған қимылдың, істің
себебін, мақсатын білдіреді: айтуға келді, күлгенге рен-
жіді.
Бұл қатынаста келген «барыс септікті—есімше (тұйық етістік) — етістік» типті сөз тіркесі басқа да амалдар арқылы құрылған сөз тіркестерімен функциялас бола алады: айтуға келді — айту үшін келді, күлгенге ренжіді — күлгендіктен ренжіді.
Мақсаттық, себептік қатынас білдіруде бұл үш түрлі (үшін, -дықтан, -ға арқылы құралған) тіркестің ерекшелігі жоқ, бірақ жұмсалу аясында айырмашылық бар:
-у үшін, -ғандықтан тек себептік қатынасты білдіру үшін ыңғайланған формалар. Сондықтан себептік мағынаны айқын таныту қажет болған стильдерде осы формалар-қатысқан тіркестер жұмсалады. Барыс септікте меңгерілген сөзді қатыстыру арқылы себептік қатынасты білдіру үнемді, ықшам сөзді іздеу тұсында жұмсалады.
Барыс септіктегі есімше — болымсыз етістік болып құралған тіркесте ирреалдық себептік қатынас пайда болады: (су) бөгенге тыйылмайды, шақырғанға бармады.
4. Өзгелік етіс тұлғалы етістікке барыс септіктегі сөз
тіркесіп іс-қимылдың субъектісін толықтауыш ретінде
қатыстырады: араға талатты, итке қаптырды, Әй, бай-
ай, сенің байлығыңды балықшыларға талатқалы отыр
дейсің бе (Ә. Н.).
Бұл тіркестер талға байлады тәрізді синтаксистік-семантикалық байланысқа ұқсас болғанымен, одан өзгеше. Екеуінде де толықтауыштық қатынас болғанымен, объект ретіндегі сөздердің басыңқы етістікке мағыналық байланысы бірдей емес. Негізгі (өздік) етіске қатысқан сөз пассив объект ретінде көрінсе, өзгелік етіске қатысқан сөз актив объект ретінде көрінеді.
5. Бірқатар етістіктер зат есімді барыс септікте де,
шығыс немесе көмектес септікте де бірдей меңгеріп, бір-
ақ мағыналық қатынасты білдіреді: Жүмысқа кешікті —
жұмыстан кешікті. Кешікті меңгерген сөздің екі тұлғада
келуі (жұмысқа, жұмыстан) ситуациялас жағдайда жұм-
салатын тіркестердің ықпалынан болуға тиіс. Ол тір-
кестер мыналар: жұмысқа үлгерді, жұмыстан қалды.
Жолықты, байланысты, кездесті етістіктері өзінің семантикасына лайық іске қатысушы екінші жақты білдіретін сөзді объект ретінде байланыстырады. Бұл объект сөз аталған етістіктермен негізінеи көмектес септік формасы арқылы тіркеседі: баламен сөйлесті. Бірақ тілімізге объектілік қатынасқа түсетіи сөз аталған етіс-тік сезбен барыс септік формасы арқылы да байланысады: техникке жолықты— техникпен жолықты. Оспанға кездесті — Оспанмен кездесті.
Объектілік қатынасты білдіруде бұл екі амалдың арасында айтарлықтай еркшелік жоқ. Оларды сөз кұрауда пайдалану әңгіме жағдайына, сөз иесінің қалауына ғана байланысты.
Объектілік қатынастың екі тұлға арқылы көрінуі тіркестегі тірек компонент — етістіктің мағынасына байланысты болса керек. Етістік атап тұрған қимыл-процесс объект сөздің барыс, көмектес септік тұлғада тіркесуіне мүмкіндік беріп тұр. Екіншіден, аталған етістік сөздердің объектіні барыс септік формасындағы сөздермен тіркесуі тарихи құбылыс болып табылады. Орхон жазулары ертеде көмектес септік пен барыс септіктің объектілік қатынасты білдіруде параллель қолданылуы осы күнгіден жиі де мол болғанын көрсетеді: Бір отуз Лашыңа Чача саңунка суңушдіміз.— Отыз бір жасында Шаша сенгунмен соғыстық ‘.
Бірқатар етістіктерге өздерінің мағынасына орай мекенді білдіретін сөз тек жатыс септік тұлғада меңгерілуге тиіс болып көрінгенімен, тілде олардың барыс септік тұлғасында да тіркесетіні бар:(отынды) ңорада жар — қораға жар, (балықты) үйдің төбесінде ңақта— үйдің төбесіне қақта, жағада ойна — жағаға ойна, уәдеде түр — уәдеге тұр. Мұндай жерлерге толқын пайда болды, ағын пайда болды (Ғ. М. «Әмина»).
Екі септік жалғаудың қатар жұмсалуы ертеден бар: иырайа оғузығ үкус өк өлүрті — Теріскейде көп оғыздарды қырдық .[32-35-б]