Тапсырма. Антоним сөздер қатарын табыңыздар.
ақылды жалқау
салмақты ақымақ
еңбекқор ауыр
шыншыл өтірікші
жеңіл жеңілтек
қайырымды қатыгез
Грамматика: Сын есімдердің есімдерден жасалуы | |
Жұрнақтар | Мысалдар |
1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті 2. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік 3. -сыз, -сіз 4. -қы, -кі, -ғы, -гі 5. -шыл, -шіл 6. -дай, -дей, -тай, -тей 7. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес 8. -шаң, -шең 9. -и 10. -қой 11. -қор 12. -паз 13. -дар, -дер | атақты, пайдалы, тасты қалалық, жылдық, қоғамдық пайдасыз, білімсіз, ақылсыз жазғы, күзгі, қазіргі, ішкі турашыл, ұйқышыл, көпшіл таудай, тақтайдай, үйдей пікірлес, қызметтес, көршілес көйлекшең, сөзшең, ашушаң әдеби, мәдени, тарихи, әскери сәнқой, әзілқой, кәсіпқой жемқор, жалақор, ызақор өнерпаз, білімпаз, жағымпаз қарыздар, білімдар, хабардар |
Тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып, қалай жасалғанын түсіндіріңізднр.
Тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріңіздер.
сыртқы | дәреже |
рухани | келбет |
жан | ойлы |
әлеуметтік | әлем |
көз | бейім |
ұшқыр | жанары |
таланты | дүниесі |
техникаға | бар |
Тапсырма. Үлгі бойынша бағананы толтырыңыздар.
1. көзі қара, үлкен, ботадай
2. шашы
3. беті
4. тісі
5. қолы
6. жүзі
7. мойны
8. құлағы
9. қолы
10. саусағы
Грамматика: Сын есімнің шырайлары | ||
Шырай түрлері | Жұрнақтары | Мысалдар |
І. Жай шырай | - | әдемі, жақсы, ақ, көк |
ІІ. Салыстыр-малы шырай | -рақ, -рек, -ырақ, -ірек -лау, -леу, -дау, -тау, -теу -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт -ғылтым, -қылтым -шыл, -шіл, -шылтым -ілдір -ақ, -қай, -ғыш | жақсырақ, ағырақ, көгірек жақсылау, ақтау, көктеу бозғыл, сұрғылт, сұрғылтым ақшыл, ақшылтым көгілдір бозаң, сарғыш |
ІІІ. Күшейтпелі шырай | 1. Күшейтпелі буын арқылы 2. өте, тым, аса, бек, тіпті, нағыз, ең, нақ | жап-жақсы, әп-әдемі, сап-сары, қап-қара өте әдемі, тым жақсы, аса биік, тіпті жақын |
Тапсырма. Берілген сын есімдерді шырай түрлеріне қойып жазыңыздар.
сезімтал - ..............., -……………...…
ұшқыр- ..................., -…………….......
үлкен - ...................., -……………...…
талантты - ..............., -……………..…
кішкентай - ............., -……………..…
жабырқаңқы - ........., -…………......…
жұмбақ - .................., -………..……....
тұрақты - ................., -………………...
Тапсырма. Мәтінді оқып, пікір алысыңыздар.
Сіз білесіз бе?
1. Тышқан жылы туылғандар
Олар үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш.
2. Сиыр жылы туылғандар
Ұстамды келеді. Туған-туыстарының, өзінің қайғысына қатты күйзеліп, кімге болсын көмегін аямайды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған түсіністікпен қарайды.
3. Барыс жылы туылғандар
Қызба мінезді, ашуланшақ, басқаға билік жүргізгенді ұнатады, ешнәрсеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған адамдарды ұнатпайды, оларды беттен алып, ренжітіп тастайды.
4. Қоян жылы туылғандар
Қорқақ. Кез келген нәрседен үрейленеді, сыр сақтауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Қашанда көңіл-күйіне қарай әрекет ететін жан.
5. Ұлу жылы туылғандар
Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тырысатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үнсіз жүруді ұнататын адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша шешуге ұмтылады.
6. Жылан жылы туылғандар
Сырт көзге ұяң, маңызды істерден қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді. Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі. Шамына тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез - құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландардан аулақ жүр.
7. Жылқы жылы туылғандар
Олар – «жұмыс аты» сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным таппайды. Әйтеуір күні бойы тыпырлап, мазасыз күй кешеді.
8. Қой жылы туылғандар
Сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қауіпті. Өзін жарға жығатын мінезі – шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.
9. Мешін жылы туылғандар
Олар - өзіне-өзі ғашық жандар. Сәнқой, ырду-дырдуы көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден артық санайды.
10. Тауық жылы туылғандар
«Үйкүшік». Үй-үйелменіне қамқор болып, кез келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл-ойы бір басына жетерлік.
11. Ит жылы туылғандар
Мінезі сөзшең, талас-тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда ешкімге зияны жоқ.
12. Доңыз жылы туылғандар
Оңаша, табиғат аясында, бау-бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқанды ұнатады. Көп нәрсеге басын қатырмайды, ол жөнінде көп ойланбайды. Отбасында бала-шағасы көп болады.
Екінші сабақ