Бап. Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы
1. Есірткі, психотроптың заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, күшті эсер ететін, улы, уландыргыш, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды, жарылгыш заттарды, қару-жараңты, әскери техниканы, жа-рылыс ңурылгыларын, атыс ңаруын немесе оқ-дәрілерді, жаппай қырып-жою қаруының ядролың, химиялық, биологиялық немесе басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруын жа-сау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдарды, жабдықтарды немесе компоненттерді Ке-ден одагының кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не қужаттарды немесе кедендік сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалану арқылы не декларациялаусыз немесе анық емес декларациялаумен ұштасқан алып өту, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз альт өту -
2. Мынадай:
1) бірнеше рет;
2) лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
3) шекаралық немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын адамга күш қолданып;
4) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
5) ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарга, сол тектестерге, прекурсорларга қатысты жасалган дәл сол іс-врекеттер -
3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган іс-ерекеттер -
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен байланысты, аса ірі мөлшерде жасалган іс-әрекеттер -
Кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалган не кркаттарды немесе кеден-дік теңдестіру қүралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі заттарды, психотроптық, күшті эсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, эскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ-дэрілерді, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық жэне басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материал-дар мен жабдықтарды декларацияламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттің кеден шекарасы арқылы өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыс-тық кодекстің 286-бабында арнайы көрсетілген. Экономикалық контрабанда үшін жауаптылық ҚК-тің 234-бабында берілген. Қылмыстық кодекстің 286 жэне 234-бапта-рында көрсетілген қылмыстардың өзара айырмашылығы қылмыстың объектісінде жэне затында. Бұл екі қылмыс құрамының объективтік жэне субъективтік белгілері бірдей.
Айналыстан алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (286-бап) қылмысының тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік. Яғни осы көрсетілген заттармен контрабандалық эрекеттер жасау әруақытта қоғамның қауіпсіздігіне тікелей қатер келтіреді.
Осы қылмыстық құкық бұзушылықтың заты 286-бабының диспозициясында тізбектеліп көрсетілген. Олар: есірткі заттар, психотроптық, күшті эсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттар, қару-жарақ, эскери техника, жарылғыш құрылғылар, атыс қаруы, оқ-дэрі, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық жэне баска да түрлері, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтар. Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты болып табылатын осы үғымдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген арнаулы баптарында көрсетілген. Оларға біз кейінірек сол баптарға талдау барысында тоқталамыз.
Объективтік жағынан көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық мемлекеттік кеден шекарасы арқьшы кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған құжаттарды, ке-дендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана отырып айналымнан алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттарды декларацияламай немесе жалған декларациялау арқылы өткізумен сипатталады.
Кеден шекарасы, кедендік бақылау, кедендік тендестіру құралдары, декларация, жалған декларация, кедендік өткізудің түсініктеріне Қылмыстық кодекстің 234-бабын талдағанда арнайы тоқталып өткенбіз.
Қылмыстық кодекстің 286-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлата-тын түрлері: бірнеше рет, лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, кеден бакьілауын жүзеге асырушы адамға күш қолданып, адамдар тобының алдын ала сөз бай-ласуы, есірткі немесе психотроптық заттарға катысты ірі мөлшерде жасалған эрекеттер үшін, ал осы баптың 3-тармағында осы қылмыстың өте ауырлататын түрі - осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттерді қылмыстық топ ұйым жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Осы баптың бірінші, екінші жэне үшінші тармағында көзделген, өте ірі мөлшерде жасалған есірткі немесе психотроптық заттарға байланысты эрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 286 бабының 4-тармағында белгіленген. Қылмыстық кодекстің 286-бабының 2, 3 жэне 4-тармақтарында көрсетілген іс-эрекеттердің түсінігіне Қылмыстық кодекстің осыларға ұқсас 234-бабының 2, 3-тармақтарын талдағанда толық түсінік бергенбіз.
Субъективтік жағынан 286-бапта көрсетілген қылмыс тікелей қасақаналықпен жаса-лады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған жай адам немесе лауазымды адам (286-баптың 2-тармағының «2» тармакдіасы).
Бап. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды жэне жарылыс қурылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру
1.Суық қаруды алып жүру аңшылық кәсіпшілікке байланысты болган жагдайды қоспаганда, суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, сол сияқты тиісті руқсаты жоқ жеке тұлғаларға, уйымдарга қару-жарақты жвне оган оқ-дэрілерді сауда уйымдары жумыскерлерінің сатуы -
2.Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар уңгысыз атыс қаруын, газды қаруды, қысқа уңғылы тегіс уңгылы атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру-
3.Атыс қаруын (тегіс уңгылы аңшылың қаруынан басқа), оқ-дәрілерді, жарылгыш заттарды немесе жарылыс қурылгыларын заңсыз иемдену, беру, еткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру -
4.Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы-мен немесе бірнеше рет жасалган іс-әрекеттер -
5.Осы баптың үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -
Ескерту.
Осы бапта көрсетілген заттарды өз еркімен тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Адамды ұстап алу кезінде, сондай-ақ осы бапта көрсетілген заттарды табу жэне алып қою жөніндегі тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде алып қою оларды өз еркімен тапсыру деп танылмайды.
Қарудың кез келген түрімен заңсыз іс-эрекеттер жасау өте қауіпті. Қарулы адам эр уақытта да орасан зор зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан заң осындай заттармен айналысқаны үшін кылмыстық жауаптылық белгілеген.
Көрсетілген кылмыстық қүдық бұзушылықтың тікелей объектісі - қаруды, оқ-дэрілерді, жарылғыш заттарды жэне жарылғыш құрылғыларды айналымға қауіпсіз шығаруды реттейтін қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.
Қылмыстық қүқық бұзушылықтың заты - қару, оқ-дэрі, жарылғыш заттар жэне жарылғыш құрылғылар, суық қару болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы желтоқсанның 30-ында қабылданған «Же-келеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңында осы көрсетілген заттарға анықтамалар берілген.
Осы заңға сэйкес қаруға конструкциялық жағынан алғанда тірі немесе өзге де нысана-ны зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттар жатады. Өзінің бағытталған мақсаты мен негізгі өлшемдері, сипаттамалары бойынша қару: жауынгер-лік, қол атыс қаруы мен суық қару; азаматтық қару; қызметтік қару болып бөлінеді. Жа-уынгерлік қол атыс каруына — оқ-дэрі немесе өзге де заряд қуатының эсері нэтижесінде ұңғы окпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қарулар жатады (автомат, карабиндер, винтовкалар, пистолеттер, пулеметтер т.б.).
Суыц царуга - нысананы тікелей зақымдайтын, құралы адамның бұлшық еті күшінің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қарулар жатады.
Азаматтыц царуга Қазақстан Республикасының азаматтары өзін-өзі қорғауға қажетті: спортпен іщғылдану жэне аң аулау максатында пайдаланатын қарулар жатады. Азаматтық атыс қаруы оқты түйдектете атуды болғызбауға тиіс. Азаматтық қару былайша бөлінеді: 1) өзін-өзі қорғау қаруы; тегіс, ұзын ұңғылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асырған уэкілетті орталық атқарушы органның нормаларына сэйкес келетін, жарақат салатын, эсер ететін патрондары бар атыс қаруы; Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уэкілетті орталық атқарушы органының нормаларына сэйкес келетін, жарақат салатын, газбен жэне сэулелі дыбыспен эсер ететін патрондары бар ұңғысыз атыс қаруы; газды қару - Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уэкілетті орталық атқарушы органы қолдануға рүдсат еткен көз жасын ағызатын жэне тітіркен-діретін заттармен оқталған газды, оның ішінде патрондармен қоса пистолеттер мен ре-вольверлер, механикалық тоңазытқыштар, аэрозольды жэне басқа да кү-рылгылар.
Спорттыц царуларга: а) ойық ү_ңғылы атыс қаруы; б) тегіс ұңғылы атыс қаруы; в) сүқпа суық қару; г) үрлемелі қуаты 25 Дж-дан жоғары пневматикалық қару.
Аңшылъщ царулар: а) ойық ұңғылы атыс қаруы; б) тегіс ұңғылы, оның ішінде ойық бөлігінің ұзындығы 140 милиметрден аспайтын атыс каруы; в) аралас (ойық жэне тепе ұңғылы), оның ішінде алмалы-салмалы жэне жиналмалы ойық ұңғылы атыс қаруы; г) үрлемелі қуаты 25 Дж-дан аспайтын пневматикалык қару; д) сұқпа суық кару; и) белгі беретін қару.
Қызметтік щруга мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңға сэйкес қызметі мемлекеттік қызметшілердің жоғары жэне бірінші санаттарына жатқызылған лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, судьялардың, прокурорлардың жеке басының, сондай-ақ ұйымдардың оларға заңмен жүктелген немесе өз жарғыларында (ережелерінде) көзделген, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меніііікті қорғау, қоршаған орта объектілерін жэне табиғи ресурстарды, бағалы жэне қауіпті жүктерді, арнаулы корреспонденциялардың кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға арналған қару жатады. Қызметтік қаруға қысқа үңғылы тепе жэне ойық ұңғылы атыс қаруы, сондай-ақ ұзын ұңғылы тегіс жэне ойық ұңғылы қару жатады. Қызметтік қару түйдектете оқ атуды болғызбауы тиіс. Қызметтік кару патрон-дары Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарт талаптарына сай болуы қажет.
Газды ңару - қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тітіркендіргіш заттарды пайдалануға негізделген қару; Электрлі қару — қолданылуы электр зарядының күшіне негізделіп арнайы бейімделген тетік.
Пневматикалъщ цару — нысананы зақымдайтын қүралы сызылған, сұйытылған немесе қатайтылған газдық қуаты есебінен бағыты қозғалыс алатын қару.
Белгі беру царуы ~ дыбыс, жарық жэне түтін белгілерін беру үшін пайдаланылатын кару.
Лацтырылатын цару - нысананы тікелей зақымдайтын құрал адамның Бұлшық еті күшінің немесе механикалық қүрылғының көмегімен бағытталып қозғалысқа түсетін кару.
Оқ-дәрі (патрондар) - конструкциялық жағынан қарудың тиісті түрінен ату үшін жэне нысананы зақымдауға арналған қүрылғылар немесе заттар.
Оқ-дэрілер, тротил, нитроглицерин, пироксилин, аммонал, жарылатын баска да химиялық заттар мен жарылғыштық қасиетке ие, оларды алуға немесе сақтауға арнайы рұқсат талап етілетін қоспалар - жарылғыш заттар деп аталады. Жарылғыш қү_рылғыларға эр түрлі зарядтардың күшімен (соның ішінде радио жарылыстар арқылы да) нысананы құртатын, зақымдандыратын құралдар жатады.
Қылмыстық құқық бүзушылықтың объективтік жағы заңда көрсетілген заттарды немесе қүрылғыларды заңсыз алу, біреуге беру, өткізу, сактау тасымалдау немесе алып жүру арқылы сипатталады.
Бұл жерде көрсетілген заттарды алу деп қаруды сатып алу, қаруды сыйлық, марапат ретінде заңсыз алулар жатады. Осы заңсыз иеленген заттарды ботен адамға уақытша немесе мэңгілікке эр түрлі тэсілдерді қолдана отырып өткізуді біреуге беру деп айтамыз.
Өзінде заңсыз сақталған осындай заттарды біреуге сату, айырбастау немесе тегін беру оны өткізу деп танылады. Корсетілген заттарды кінэлінің сол күйінде ұстап тұруы оны сақтау деп саналады. Көліктің барлық түрі бойынша корсетілген заттарды кеңістікте алып жүру оны тасымалдау деп танылады.
Атыс қаруын, оқ-дэрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш қүрылғылардың кінэлінің тікелей өз бойында болуы оны алып жүру деп танылады.
Осы қылмыстық қүқық бүзушылык қүрамы үшін жауаптылықтың негізгі шарты - атыс қаруын, оқ-дэрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш күрылғыларды алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру заңсыз, яғни тиісті мемлекеттік органдардың, лауазым адамдарының рүқсатынсыз істелуі керек. Қылмыстық құкық бұзушылық құрамы формальдық жэне осы Қылмыстық кодекстің 287-бабында көзделген эрекеттердің біреуін істегеннен кейін-ақ аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қарастырылып отырылған қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен жасалады. Адам заңсыз атыс қаруын, оқ-дэрілерді, жарылғыш заттарды немесе құрылғыларды алғанын, біреуге бергенін, өткізгенін, сақтағанын, тасымалдағанын немесе алып жүргенін сезеді жэне соны тілеп, заңға қайшы эрекеттер істейді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам. Қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-тармағында жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру - үшін жауаптылық, ал баптың 3-тармағында:
Атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дэрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүргені үшін осы баптың 4-тармағында - осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бірнеше рет жасалған іс-эрекеттерге ал баптың соңғы 5-бөлігінде - осы баптың үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-эрекеттер — үшін қылмыстың аса ауырлататын түрлері үшін кылмыстық жауаптылық белгілерге ҚК-тің 287-бабының ескертуіне сэйкес - осы бапта көрсетілген заттарды өз еркімен тапсырған адам, егер оның эрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босаты-лады. Адамды ұстап алу кезінде, сондай-ақ осы бапта көрсетілген заттарды табу жэне алып қою жөніндегі тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде алып қою оларды өз еркімен тап-сыру деп танылмайды.
288-бап. Қаруды заңсыз жасау-
1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерін заңсыз жасау немесе жөндеу, сол сияқты оқ-дәрілерді, жарылгыш заттарды немесе жарылыс құрылгыларын заңсыз жасау -
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бірнеше рет жасалган дал сол іс-әрекеттер -
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -
4 Газды қаруды, суық қаруды, оның ішінде лақтырылатын қаруды заңсыз жасау-
Ескерту.
Осы бапта көрсетілген заттарды өз еркімен тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс қүрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Бұл қылмыстың заты Қылмыстық кодекстің 287-бабында көрсетілген қылмыс құрамындағыдай, сонымен бірге осы қылмыс кұрамының заты болып жинақтаушы бөлшектер жатады. Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі - қару түрлерінің өндірілу жэне айналым саласындағы қоғамдық қауіпсіздігі.
Объективтік жағынан көрсетілген қылмыстық кү-Қық бұзушылық атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерін заңсыз жасау немесе жөндеу, сондай-ақ оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жару кү-рылғыларын заңсыз жасау арқылы сипатталады.
Атыс қаруын жэне басқа да заттарды мақсатты пайдалануға толық жарамды, дайын ету - оны жасау деп танылады. Жарамсыз қаруды оның бөлшектерін түзеп толық іске қосу оны жөндеу деп танылады.
Қылмыстық құқық бүзушылық құрамы - формальдық. Ол қаруды заңсыз жасау немесе оны жөндеу әрекеттерінің біреуі істелген сэттен бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстық қү_кық бүзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық құкық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 288-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған немесе бірнеше рет жасалған эрекеттер үшін, ал осы баптың 3-тармағында осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттерді кьілмыстық топ болып жасағаны үшін жауаптылық көрсетілген. Газ қаруын, суық қаруды, оның ішінде лақтырғыш қаруды заңсыз жасағаны үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 288-бабының 4-тармағында көзделген. Газ қаруы, суық қару, лақгырғыш қарудың түсінігін ҚК-тің 287-бабын зерттегенде анықтап кеткенбіз. Осы бапта көрсетілген заттарды өз еркімен тапсырған адам, егер оның эрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады (ҚК-тің 288-бабының ескертуі).