Азақстан Республикасы дамуының 2003-2015 жж.индустриалды-инновациалық бағдарламасы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.
Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда: экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы; кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы; ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы; ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi; отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы; менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк саясаты 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.
Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Саясат мынадай қағидаттарға негiзделедi:
¾ жеке сектормен серiктестiк;
¾ инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
¾ өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету;
¾ қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
¾ тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
¾ қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту;
¾ индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс:
1. Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу.
2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау.
3. Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.
Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау.
4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар және ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.
5. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.
Индустриалдық - инновациялық саясатты iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi.
Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асыру:
¾ ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту;
¾ ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру;
¾ ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады);
¾ Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi.
Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды.
Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.
Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Р президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты жолдауы 2012 ж 27 қаңтар

Қазақстан жолының жаңа ке­зеңі - экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.
Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы тең­ге­рімін табу - өмірлік маңызды нәрсе.
Бүгінгі әлемде бұл - әлеу­мет­тік-эко­номикалық жаңғырту­дың түбе­гейлі мәселесі.
Бұл таяу онжылдықтардағы Қа­­зақ­стан дамуының басты ба­ғыты.
Мен ел халқына өзімнің жаңа Жол­дауымды осы көкейкесті та­қырыпқа арнаймын.
Біз он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруға тиістіміз.

Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.
Менің тапсырмам бойынша Үкі­мет қағидатты түрде жаңа Жұ­мысқа тар­туды қамтамасыз ету­дің бағдарлама­сын бекітті.
Онда үш маңызды міндет қойылған.
Біріншіден, оқыту мен жұ­мыс­қа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау.
Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіп­керлікті дамытуға септесу.
Үшіншіден, еңбек ресурс­та­ры­­ның жинақылығы, Қазақ­стан­ның эко­но­ми­калық тұрғыдан белсенді орталық­та­рын­да жұ­мыс­қа орналастыруға ба­сым­дық беру.
Қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет есебінен оқытып, жұмысқа орналас­тыру қа­жет. Бағдарламаның со­ңына қа­рай, 2020 жылға қарасты біз осы­лайша 1,5 миллион адам­ды сапалы жұмыстарға еңбекке орналас­тыруы­мыз қажет.

Екінші. Қолжетімді баспана.
Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пай­далануға берілуде.
Алайда біз жарты мил­ли­он­­нан ас­там жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз.
Соның бәрін жаңа «Қол­же­тім­ді баспана-2020» бағдар­лама­сында анық көрсету керек.
Мемлекет бұл бағдарламаны тиісті қаражатпен қамтамасыз етеді.
Аталған құжатты Үкіметке осы жыл­дың 1 шілдесінен ке­шік­тір­мей жасап, қабылдауды тап­сырамын.

Үшінші. Өңірлерді дамыту.
Қуатты Қазақстан дегеніміз - ең әуелі өңірлердің қуатты­лы­ғы.
Елдің болашағы экономика­да­ғы ке­лешегі зор салалардың да­­муы­мен байланысты.
Бұл үшін алдымен жаңа зауыт­тар көп салынып, жаңа жұ­мыс орын­дары ашылып, әлеумет­тік ин­фрақұрылым қарқынды дамуы қажет.
Қазақстанда келешегі зор қа­лалар шоғырына Астана, Алма­ты, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент шаһар­лары жатады.
Үкіметке бір салалы шағын қа­­ла­лар­ды дамыту туралы ар­найы бағ­дарлама жасауды тапсырамын.

Төртінші. Тұрғындарға мем­ле­кеттік қызмет көрсетудің сапа­сын арттыру.
Бұл сыбайлас жемқорлыққа қар­сы тұру мен азаматтардың мем­лекеттік органдардың қыз­меті­не се­німін арт­тырудың маңызды қыры.

Біріншіден, Электронды үкі­метті дамыту керек.
Екіншіден, жаңғыртудың ма­ңызды мәселесі - әкімшілік ресімдерін оңай­лату.
Үшіншіден, тұрғындардың ком­пью­терлік сауаттылығын, со­ның ішінде әр түрлі ынта­лан­дырушы бағдарлама­лардың есебінен де көтеру қажет.

Бесінші. ХХІ ғасыр барған сай­ын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті бас­қаруға жоғары талаптар қояды.
Біздің маңызды міндетіміз - бас­қару­шылардың білікті саяси табын дайындау.
Үкіметке, Президент Әкімші­лі­гіне 2012 жылдың алғашқы жар­ты­жыл­ды­ғының соңына дейін Пре­зиденттік кадр жаса­ғы­на кандидатуралар жө­нінде ұсы­ныстар дайындауды тап­сы­рамын.

Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту.
Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып шығаруға тиіс.
Судьялар жасағын қалып­тас­тыру­дың тәртібін түбегейлі түр­де қайта қарау қажет.
2012 жылдың 1 шілдесіне дейін олардың бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу міндетін қоямын.
Алайда бізге сыбайлас жем­қорлық­пен күрестің жаңа стра­тегиясын жасау қажет.
Парақорларды анықтау және сотқа тарту жеткіліксіз.
Үкіметке үш айдың ішінде Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы кешенді бағ­дарлама дайындап, ұсы­нуды тап­сырамын.

Жетінші. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі.
Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау.
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-ша­раларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен техноло­гияларды енгізу.
Екіншіден, педагогтар құ­рамы­ның сапасын арттырудың маңызы зор.
Үшіншіден, біліктілікті бекі­ту­дің тәуелсіз жүйесін құру қажет.
Төртіншіден, мемлекет-жеке меншік әріптестігі, ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етілген отбасылар­дан шыққан жас­тар­дың жол жүруі мен өмір сүруін субсидиялау, жатақханалар желісін дамыту тетіктері арқылы білім берудің қолжетімділігін кеңейту қажет.
Бесіншіден, оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс.
Алтыншыдан, оқыту үдері­сі­нің тәр­биелік құрамдасын кү­шейту қажет.
Олар - патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлт­аралық келісім мен толерант­тылық, тәннің де, жанның да да­муы, заңға мойынұсыну­шылық.

Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру.
Қазақстан посткеңестік кеңіс­тікте бірінші болып жинақтау жүйесін табысты енгізді.
Салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды.
Жиналымдар көлемі 17 миллиард доллардан асады.

Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар.
Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз.
Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары бо­лып қала береді.
Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс.
Біз экономикамыздың озық кластерлерін құруды және да­мы­туды одан әрі жалғастырудамыз. Бұл жұмыстың қарқыны төмен­демеуге тиіс.
Үкіметке инновациялық клас­терлердің инфрақұрылы­мын да­мыту үшін қажетті қаржы қа­растыруды тапсырамын.
Оныншы. Ауыл шаруашылығын да­мы­ту.
Қазақстанның аг­рар­лық сек­торы үл­кен экспорттық мүмкін­діктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие.
Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды.
Мемлекет ауыл шаруашылы­ғына орасан көмек көрсетіп отыр.
Үкіметке мал шаруашылығы­ның басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөнін­дегі бағдарламалар­ды жасауды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Құрметті қазақстандықтар!
Мен бүгін біздің шикізат ре­сурстарымыз бен инфра­құ­ры­лым­дарымыздың жоғарғы бөлі­ніс­тері саласында, осы бөлі­ніс­терге қызмет көрсететін жаңа ға­ламат жобалардың бастау ала­тындығы туралы хабарламақпын.
Бірінші. Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін Үкіметке үстіміздегі жылы қуаты 1320 мегаватт, құны 2,3 миллиард доллар тұра­тын Бал­қаш ЖЭС-інің бірінші мо­дулінің құрылысын бастауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл өте ма­ңыз­ды. Қарқынды да­мып келе жатқан оңтүстік өңірде электр энергиясы бойынша тап­шылық бар. Біз ешкімге тәуелді болмауға тиіспіз. Бұл мәселе өте көптеген жәйт­тер­ді шешеді. Балқаш ЖЭС-і бой­ын­ша барлық мәселелер шешілді. Істі жеделдетіп, осы жұмысты бастау қажет.
Екінші. Үкіметке Жамбыл об­лысында құны шамамен 2 миллиард доллар тұратын кешенді ми­нералды тыңайт­қыш­тар өндірісін құру жөніндегі жобаны жал­ғас­ты­ру­ды тапсыра­мын. Бұл тыңайт­қыш­тар ауыл шаруашылығы үшін қажет. Жоба Жамбыл облысының және бү­тіндей оңтүстіктің эконо­ми­касын көтеруге мүмкіндік береді.
Үшінші. Атырау мұнай өңдеу зауытында құны 1,7 миллиард доллар тұратын мұнайды терең өңдеу кешенін құруды қамта­ма­сыз ету қажет. Ол бензин өндіруді үш есе дерлік - 1,7 миллион тоннаға дейін, ал дизель отынын 1,4 миллион тоннаға дейін ұл­ғай­тып, Қа­зақстанды отынның осы түрлері­мен қамтамасыз етеді.
Төртінші. Құны 6,3 миллиард доллар тұратын Атырау газ-химия кешенінің жобалық қуа­тына шығуын қамтамасыз ету қажет, ол жыл сайын 500 мың тон­на пропилен мен 800 мың тонна полиэти­лен шығаруды қам­тамасыз етеді. Мұндай өнімді біз Қазақстанда әлі шығарған емеспіз.
Бесінші. Жобалауды аяқтап, Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 5 миллиард текше метр газ өңдеуге жететін зауыт құры­лысына кірісу қажет.
Алтыншы. Үкіметке елдің, ас­тананы қоса алғанда, орта­лық өңі­рін газдандыруды қам­та­масыз ететін құбырлы өткізгіш жүйесін жоспарлап, жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын.

Р президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласы 2012 ж 10 шілде

Біз менің «Қазақстанның әлеу­меттік жаңғыртылуы: Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қа­рай 20 қадам» атты мақаламда бер­ген тапсырмаларымды жү­­зе­ге асыру мәселесін тал­қы­­лауы­мыз керек. Барлық же­тістіктеріміз халықтың, қа­ра­па­йым адамдардың өмір-тұр­­мысын жақсартуға ба­ғыт­та­луы қажет. Біз барлық қажетті бағ­дар­ламаларды әзірледік, оларды іске асыру үшін жеткілікті кө­лемде қаражат бөлінген. Олар жергілікті орындарда нақты орындалуға тиіс. Мұның бәрі біздің қоғамда еңбек қоғамын құруға және қалыптастыруға орайластырылғаны жөн. Кім еңбектенсе, сол табысқа жетіп, өсіп-өркендейді. Мақалада бе­рілген 20 тапсырма біздің елі­міз­дегі әлеуметтік жаңғырту про­це­сін тереңдете түсуге арналған. Біз бүгін осы тапсырмаларды орын­дау жолдарын айқындау үшін жиналып отырмыз, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан На­зар­баев.

Жос­парға сәйкес, тапсырманы орындау негізгі 5 бағыт бойын­ша үйлестірілетін болады.

Біріншісі, әлеуметтік заң шы­ғаруды жаңарту. Екін­шісі, әлеуметтік-еңбек қа­ты­нас­та­­ры­ның тиімді моделін қа­лып­­тастыру. Үшіншісі, қа­зақ­стан­­дықтардың өмір-тұрмысы са­па­сын арттырып, бұған ең­бек­ке қатыстылықты тиянақ ету. Төртіншісі, әлеуметтік жаң­ғыр­тудың ақпараттық-мәдени бө­лігін дамыту. Бесіншісі, әлеу­меттік процестерді мем­ле­кет­тік басқарудың тиімді жү­йе­сін қалыптастыру. Барлық тұ­жы­рым­дар егжей-тегжейлі зерт­те­леді, тиісті шешім қабылданып, Сіздің қарауыңызға ұсынылады. Мақұлдағаннан кейін, біз нақты іске асыру мәселесіне көшеміз.

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Ескертпе: аббревиатуралардың таратылып жазылуы:
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ҚМ - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚСЗИ - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Нұр Отан» ХДП - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы
ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
РҰ - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІСБ - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
ЭСЖКА - Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі (Қаржы полициясы)

Наши рекомендации