Банк ЦенрКредит» АҚ даму тарихы мен басқару құрылымы

Тақырыбы:ҚР-ның екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін басқару: жағдайы және перспективалары.

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………..........………………....…

1.«Банк ЦенрКредит» АҚ даму тарихы мен басқару құрылымы.....................................................................................................

2.«Банк ЦенрКредит» АҚ атқаратын негізгі қызметтері......................................................................................................

3.«Банк ЦенрКредит» АҚ қаржы – экономикалық жағдайын талдау және тұрақтылығын анықтау..................................................................................

4.«Банк ЦенрКредит» АҚ несиелік портфелін басқару: жағдайы және перспективалары...........................................................................................

5.Шағын және орта бизнестің несиелік қабілеттілігін несие үрдісінде анықтау...........................................................................................................

Қорытынды....................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуір жоғары деңгейге көтеріліп, экономика секторларының барлығына толық қызмет көрсетуде.Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың несиесімен қамтамасыз етуінен көруге болады. Жалпы несие дегеніміз – бұл пайыз шартында уақытша пайдалануға,яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді.Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды жіне жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беріледі.

Сөйтіп, несие қазіргі кездегі банктік жүйенің ең маңызды элементі болып табылғандықтан, оның қажеттілігі күннен күнге өсіп жатыр.Өйткені еліміз нарық экономикасына көшкен кезде көптеген шағын және орта бизнестер дами және көбее бастады. Сондықтан да қазіргі кезде жақсы бизнес жобасы бар көптеген тұлғалардың, банк жүйесіндегі алдыңғы қатардағы кез-келген банктен әртүрлі шартпен, әртүрлі мерзімге несие алу мүмкіндігі бар.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару және оның жағдайы мен перспективаларын теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, несиелік портфель құрылымын қарастыру болып табылады.

Жұмыстың міндеттері:

-банктің несиелік портфелінің мәні мен құрылымына теориялық жағынан түсініктер беру;

- банктің несиелік портфелін басқаруда теориялық негізде түсініктер беру;

- банктің несиелік портфелін басқарудың жағдайы мен преспективаларына теориялық және тәжірибелік материалдар негізінде талдау жүргізу;

Жұмыстың объектісі.Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін басқару: жағдайы мен перспективалары.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі.Қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несиелік портфеліне қатысты мәселелерді дамыту және несенің рөлі мен экокномикалық мәнін анықтайтын еңбектері пайдаланылды. Бұл ғалымдар: Макыш С.Б., Сейткасымов Г.С., Бабичев Ю.А., Лаврушин О.И.

Статистикалық және ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің активтердің жіктелуі туралы ережесі, АҚ «Банк ЦенрКредит»- тің жылдық есеп деректері, нормативтік құжаттары әртүрлі ережелері, банктердің жекелеген клиенттерінің мәліметтері пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы:кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебитеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жалпы жұмыс мазмұны ___ беттік компьютерлік терім мәтінде жазыла отырып, __ кестені, ___ диаграмманы қамтиды.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері негізделген.

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін басқару сапасын бағалаудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда банктің несиелік портфелінің мәні мен құрылымы, банктің несиелік портфелін басқару жолдары жан-жақты зерттелді.

«Банктің несиелік портфелін басқару: жағдайы мен перспективаларын қалыптастыру және бағалау тәжірибелері» деп аталатын екінші тарауда АҚ «Банк ЦенрКредит» - тің несиелеу тәртібі мен несиелік портфелін бағалауға талдау жүргізілді.

Үшінші тарау «Банктің несиелік портфелінің сапасын жетілдіру жолдары» деп атала отырып, проблемалық несиелермен банктердің жұмысы жіне несиелік тәуекелді басқару әдістері ашып көрсетілді.

Қорытындыда бітіру жұмысының нәтижелерімен шығатын түйіндер мен ұсыныстар тұжырымдалған.

Банк ЦенрКредит» АҚ даму тарихы мен басқару құрылымы

АҚ "Банк ЦентрКредитте" практиканы өту кезінде мен осы банктің тарихымен, ұйымдастыру шараларымен және негізгі бағыттарымен таныстым.

"Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылды. 29 жыл ішінде АҚ "Банк ЦентрКредит" Қазақстанның қаржы нарығында өз қызметтерін табысты өткізуде. АҚ "Банк ЦентрКредит" Қазақстанның ең алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады. Банктің Республика бойынша кең тараған өзіндік филиалдық желісі бар, 100-ден астам филиалдар мен бөлімшелерде заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі. АҚ “Банк Центр Кредит” Қазақстанда ең бірінші барлық банктік өнімдер мен қызметтерді сатумен айналысатын, клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсететін, ішкі филиалдық операцияларды өңдейтін және барлық клиенттердің шоттары және барлық мәмілелеріне бақылау жасайтын фронт және бэк офистарды енгізді.

Банктің корреспондеттік желісі шамамен 40 шетел банктері, сондықтан да бүкіл әлем бойынша клиенттер өз серіктерімен есеп айырыса алады.

Қазіргі кезде АҚ “Банк Центр Кредит” халықаралық стандарттарға өтуді аяқтаған, республиканың жалпыұлттық банктердің санына кіреді. Банк Қазақстанның нарығында жақсы, табысты дамып, халықаралық қаржылық институттармен өзара қарым-қатынастарын кеңейтуде.

Банктің негізгі клиенттері- орта және шағын бизнес, жеке тұлғалар, ірі ұлттық компаниялар, мемлекеттік ұйымдар.

Банк өз клиенттеріне жалпы банктік қызметтерді көрсетеді, заңды және жеке тұлғалардан депозиттерді алады, несиемен айналысады, Қазақстан бойынша және шетелге аударымдарды жасайды, құжаттық операцияларды (аккредитив, кепілдік және т.б.) жүзеге асырады. Сонымен қатар Банк клиенттің талабына және қажеттілігіне сай қызметтердің жаңа түрлері дамытуда.

Банк Қазақстанның екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғалардың салымдарын кепілтендіру қорының қатысушыларының алғашқысы болып табылады.

АҚ “Банк Центр Кредиттің” акциялары Қазақстанның қор биржасының “А” категориясының ресми тізіміне қосылған. Осы шарттардың бәрі банктің қаржылық институт ретінде табысты, тұрақты дамып отырғанын көрсетеді.

Банктің акционерлері:

KOOKMIN BANK (KB) – активтерінің көлемі мен нарықтық шоғырлануы бойынша Оңтүстік Кореядағы ең ірі банктердің бірі. КВ-дің банк капиталындағы үлесі 41.9%-ды құрайды.

INTERNATIONAL FINANCE CORPORATION (Халықаралық қаржы корпорациясы, IFC) –– дүниежүзілік банктің құрылымына енетін корпорация, дамушы нарықтардағы жеке секторды қолдауға бағытталған ең ірі жаһандық даму институты болып табылады. IFC-дің банк капиталындағы үлесі 10%-ды құрайды. БАЙСЕИТОВ БАХЫТБЕК РЫМБЕКҰЛЫ
Б.Р.Байсеитовтің банк капиталындағы үлесі 25,6%-ды құрайды.

ЦКБ – кәсіпкерлікті қолдайтын барлық дерлік мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ЦКБ "Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2014 жылы несиелерді субсидиялау бойынша үздік банк" атағына ие болды. Сонымен қатар ЦКБ "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасының аясында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-тың қол қойылған кепілдік шарттарының саны бойынша көшбасшы болып табылады.

Үлкен жол

2014 жыл:

  • Ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін Қазақстанның Даму банкімен Банктік қарыз шартына қол қойылды.
  • ЦКБ-нің миллионыншы төлем картасы шығарылды.
  • Қайта өңдеу өнеркәсібі саласында Шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін "Даму" КДҚ АҚ-пен ҚР Ұлттық қорының қаражатын тарту туралы келісімге қол қойылды.
  • Шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін Азия даму банкінің екінші траншын алу туралы келісім жасалды.
  • "Даму" КДҚ АҚ кепілдігімен 5 жыл мерзіміне микро, шағын және орта бизнесті қаржыландыру туралы ЕҚДБ-мен 10 млрд теңгеге несиелік келісім жасалды.
  • Жеке тұлғалар мен Жеке кәсіпкерлерге арналған "Комиссиясыз тұтыну несиелері" акциясы өткізілді.
  • "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" заңның күшіне енуіне байланысты "Ақшаны жария етуге арналған шартты салым" өнімі енгізілді.
  • "Colvir" автоматтандырылған заманауи банк жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.
  • Бизнес-клиенттерге арналған "Интернет-Банкинг" жүйесінің "Light" және "Mobile" жаңа нұсқалары іске қосылды.
  • Visa Infinite жаңа карточкалық өнімі шығарылды.
  • ІТ стратегияны іске асыру аясында "Colvir" өндірістік автоматтандырылған банк жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.

2013 жыл:

  • Банктің 2013-2017 жж. орта мерзімді кезеңге арналған жаңа даму стратегиясы әзірленді.
  • IT стратегиясының негізгі жобасы – дайын шешім пакетінің негізінде жаңа автоматтандырылған банктік жүйе құру өз жұмысын бастады.
  • Клиенттерге қызмет көрсетудің балама каналдары – Өзіне өзі қызмет көрсету терминалы іске қосылды.

2012 жыл:

Наши рекомендации