Samsung electronics.» компаниясының авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы.

Көрсеткіштер Сомасы, мың тг. Құрылымы, % Өзгеріс (+;-)
  Жыл басында Жыл соңында Жыл басында Жыл соңында Мың тг. Үлес салмағы%
Меншікті капитал            
Жарғылық капитал 12 395 12 395 3,63 3,72  
Қосымша капитал 232 375 232 375 60,49 62,09  
Резервтік капитал 3 225 3 225 0,87 0,90  
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) 60 480 59 415 16,38 16,51 -1 065 -1,76
Жиыны 300 475 299 410 81,37 83,22 -1 065 -0,35
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 0,00 0,00  
Қысқы мерзімді міндеттемелер            
Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт 5 325 3 175 1,44 0,88 -2 150 -40,38
Кредитолық борыш 44 325 41 835 12,00 11,63 -2 490 -5,62
Алдағы кезең кірістері 3 570 0,96 0,99 +10 +0,28
Баса да несиелік борыштар 15 565 11 775 4,22 3,27 -3 790 -24,35
Жиыны 68 775 60 355 18,63 16,78 -8 420 -12,24
Барлығы 369 250 359 765 100,00 100,00 -9 485 2,57

Кесте-2.6

2.6-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге немесе 2,57%-ға төмендегені көрініп тұр. Тәуелсіздік коэффи-циенті 0,814-ден 0,832-ге дейін немесе 0,018 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатысты-рылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлел-дейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:

Кт = Қк:АК немесе Кт = 1 - Ктс

Мұндағы: Кт - тәуелділік коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);

Ктс- тәуелсіздік коэффициенті.

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көзде-рінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,186 (1-0,814), ал жыл соңында 0,168 (1-0,832) болды.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті ка-питалдың қатыстырылған капи­талға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

Кқ = Мк:Қк

Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Қк - қатыстырылған капитал.

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы-ландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымыз-да бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:

жыл басында – 4,37 (300475:68775);

жыл аяғында – 4,96 (299410:60355).

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы-мен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициен-ті:

Кқ/м = Қк:Мк

Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Мк-меншікті капитал.

Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әр-бір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорыны-мызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:

жыл басында - 0,23 (68775: 300475);

жыл аяғында - 0,2 (60355: 299410).

Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 23 тиынын тарт-қанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік са-лымдардың әрбір теңгесіне 20 тиынға дейін азайған.

Арнайы әдебиеттерде бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Ккм<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффи-циенті салалы ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипаты-на және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіш-тері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпо-рынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет.

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол мен-шікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Кқт=( Мк + ҰМ ) / Ак

Мұндағы: Кқт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;

ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);

Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсет-кіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті. Біздің кәсіпорынымызда бұл көр-сеткіштің мәні ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқтығына байланысты тәуел-сіздік коэффициентінің мәніне тең.:

жыл басында - 0,814 ((300475+0):369250);

жыл аяғында - 0,832 ((299410+0):359765).

Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентінде қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қол-данылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықта-лады.

Ки=Мк / Нк

Мұндағы: Ки - инвестициялық коэффициенті;

Мк – меншікті капитал;

Нк - негізгі капитал;

Біздің мысалымызда - ол жылдың басында 2,03-ке тең (300475:147795), со-ңында 1,42 (299410:210260) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық бе-руінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады. Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, мен-шікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айна-лым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады.

ОРЫТЫНДЫ

Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның қызметінің қаржылық жағдайын талдау және болжау жолдары қарастырылды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау қаржы менеджментінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорында қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қызметінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық тал-даудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, бас-қарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер ( жабдықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.

Аяқтай келе істелінген жұмыстар бойынша қорытындылар жасау қажет. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздеріне тоқталдым.

Екінші бөлімде мен кешенді кәсіпорын қызметінің қаржылық талдау және болжау жүргіздім.

Үшінші бөлімде мен «Самсунг электроникс Инк.» компаниясының қаржылық жағдайына талдау жүргізілді. Яғни кәсіпорынның кешенді өндіріс-кәсіпорын қызметінің қаржылық талдауына тоқталдым.

Кәсіпорынның тағы бір негізгі проблемаларының бірі – оның рентабельсіздігі. Ағымдағы жылы сатуан түскен түсім артқанына қарамастан кәсіпорын шы-ғын шегуде. Жалпы табыстың азаюы өндіріс рентабельділігінің төмендеге ні-мен және соған қатысты шығындардың өсуімен түсіндіріледі.

Сыртқы көздерге жаңа акциялар мен облигациялар шығару, дәрменсіз кә-сіпорындардың басқа кәсіпорындармен қосылуы, банктік несиелер мен дота-циялар, лизинг, факторинг, дивидендтер төлеуді уақытша тоқтату жатады. Ал қаржылық жағдайды сауықтырудың ішкі көздеріне өнімдердің сапасы мен бә-секе қабілеттілігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету, тұрақты шығын-дар мөлшерін азайту, өндіріс қуаттылығын толық пайдалану және пайдаланыл-майтын активтерді сату болып табылады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” заң.

1995 жыл, 26 желтоқсан (өзгертулер мен толықтырулар)

2. “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы” заң. 1998 жыл 20 қарашада №20 ( өзгертулер мен толықтырулар).

3.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” заң.(салық кодексі) 2001 жыл 12 маусым №209-11

4. Бухгалтерлік есеп стандарттары.

5.Қазақстандағы аудит туралы Халықаралық стандарттары 2000 жыл.

6. Қаржылық Есеп берудің Халықаралық стандарттары. 2001

7.Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары. Қазақстан Республикасы қаржы министірлігінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі №438 бұйрығымен бекітілген.

8.wikipedia сайты

9.Әбдіқалықов Т.Ә Бухгалтерлік есеп және аудит.- Алматы 2001

10. Дюсембаев К.Ш., Есембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.

11. Ержанов М.С., Аудит 2. – Алматы 2005.

12. Кирьянова З.В. Теория бухгалтерского учета. – М.: Финансы и статистика,1998.

13.Абленов Ф.О Основы аудита, 2004

14. Ковалева В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – М.:Проспект, 2000

15.Балапанова А.Ж Основы аудита, 2002

16. Кеулимжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп – Алматы: Экономика, 2001.

17. Кеулимжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. – Алматы: Экономика, 2003

18. Байдулетов М.Б. Аудит негізі, 2004.

19. Подолский В.И. Аудит. – М.: Аудит, Юнити, 2000.

20. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Н. Бухгалтерский учет на предприятии. – Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002.

Наши рекомендации