Азақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi (бұдан әрi - Комитет) орталық атқарушы орган құзыреті шегiнде банкроттық саласында (банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) іске асыру және бақылау функцияларын, сондай-ақ соттан тыс тарату рәсiмiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоттары болады.
Комитеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын, заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық бөлімшелері бар, оларға Комитетке бағынатын және есепті облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттер жатады.
Жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында, Комитет банкроттық рәсімдерді жүргізілуін бақылау саласындағы (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), мәселер бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметтін үйлестіреді, аумақтық бөлімшелерде банкроттық туралы заңнаманың сақталу мәселері бойынша тексеру жүргізеді, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерге оларға белгіленген тәртіппен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын бақылауды жүзеге асырады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитет өз құзыреті мәселелері жөнінде заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін жеке қолданыстағы құқықтық актілерді шығарады.
Комитеттiң құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Қаржы министрімен келісілгеннен кейін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысымен бекiтіледі. 11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитет Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі құзыреті шегінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару;
2) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету (босату);»;
3) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету;
4) төлем қабiлеті жоқ және дәрменсiз ұйымдардың мониторингiн жүзеге асыру;
5) конкурстық өндірісі кезінде, сондай-ақ сырттай байқау рәсімдері кезінде комитеттер кредит берушілер құрамын тағайындау;
6) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту;
7) сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды білім беру ұйымы арқылы даярлау ережелерін бекіту;
8) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23.07.2012 жылғы № 347 бұйрығымен алып тасталды;
9) тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, сондай-ақ тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын белгілеу;
10) оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы (жасалған мәмілелер туралы ақпаратты талап етеді) және конкурстық іс жүргізудің жүргізілу барысы туралы конкурстық басқарушының ағымдағы есептерін, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсiнiң сырттай байқау рәсiмiнiң жүргiзiлу барысы туралы ағымдағы есептерiн қарау;
11) конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есептерін келісу;
12) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23.07.2012 жылғы № 347 бұйрығымен алып тасталды;
13) кредиторлар комитетi оңалту және конкурстық басқарушылармен жасасатын оңалту және конкурстық басқарушыларды тағайындау тәртiбi мен шарттары, олардың кандидатураларына қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен мiндеттерi, оның iшiнде сыйақыға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару жөніндегі өкiлеттiктер көлемi туралы келiсiмдi келiсу;
14) кредиторлар комитетiнің сырттан байқаушы әкiмшiсімен борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесiнде борышкер төлем қабiлетсiз болған сырттан байқау рәсiмiн енгiзгенге дейiн жасалған оның мәмiлелерi мен iс-әрекеттерiн анықтау және талдау, мүлiктi түгендеу актiлерi бойынша салыстыру жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар туралы және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өзге iс-шаралар туралы жасаған келiсiмдерін келiсу;
15) кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту;