Сіріп өндіру технологиясы

Егістіктегі орыны. Қияр дақылы құнарлы борпылдақ құмдауыт, саздақ қара топырақтарда жақсы өсіп-өнеді. Ауыр топырақтарда тамыржүйелері бәсең өседі және қоректік тыңайтқыштар мен ылғалды сіңіретін өнімдерінің кешігіп пісіп, жетілуіне, өнімділігінің төмендеуіне көп әсерін тигізеді.

Қияр дақылын оңтүстік еңістерде орналастыру және салқын жерлерден сақтандыру өте қажет. Оңтүстік еңістіктер ерте көктемде жылынып тұқымдарының тез көктеуіне, өнімдерінің кешікпеуіне көмекші әсерлерін тигізеді.

Топырақтың қышқылдылығына бейтарап болуы (PH 5,9-6,1) аналық гүлдерінің қалыптастыруын көбейтеді, бұндай жағдайда өнімдері жоғары сапалы болады. 51бет

Алғы дақылдар. Ең жақсы алғы дақылдар- ерте өнімдері жиналып келесі дақылдар үшін орынын босататын дақылдар: ерте пісетін аққауданды орамжапырақ , гүлді орамжапырақ, ерте пісетін қызанақ, жасыл жапырақтылар- салаттар, шпинат, ерте пісетін картоп, көкөністік бұршақтар. Осы дақылдар өсірілген топырақтардың қышқылдығы жоғары болып жатса, күзден топырақты өңдеуде аздап мөлшерлеп әк енгізген дұрыс болады. Онша жақсы емес алғы дақылдар- өнімдері кеш жиналатын дақылдар тамыржемісті көкөністер, қызылша, сәбіз, кеш пісетін орамжапырақтар, себебі өнімдері кеш жиналып, топырақты ерте дайындауға мүмкіедік бермейді, екіншіден арамшөптермен ластанған.Қиярды орналастыруға болмайтын алғы дақылдар- асқабақ тұқымдастардың барлағы(қарбыз, қауын, асқабақ, самсар, кәді) себебі, өзіне тән зиянкестері мен аурулары қиярды зақымдайды. Қиярды өз орнына 2-3 жылға дейін егуге болмайды, себебі өзіне тән таңдамалы қоректік тыңайтқыштарды және негізгі микроэлементтерді өнімдерімен алып шығып, топырақтың құнарлығын төмендетеді. Қияр өсірілген топырақ барлық көкөніс дақылдарына өте жақсы алғы дақыл болып табылады.

Көкөністік дақылы қиярдың өсіру технологиялары

Көшет отырғызар алдында топырақты екі ізді тырмалау жұмыстары жүргізілді. Көшет отырғызу үшін ұя жасадық. Көшеттерді отырғызумен бірге топыраққа көң енгіздік. Алғашқы суару көшет отырғызумен бірге болды. Көшеттерді отырғызудан үш тәуліктен соң үсік шалды, көшеттердің 50%-ы опат болды. Соған байланысты көшеттерді қайта толықтырып отырғызу жүргізілді.

9- кесте - «C. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің ғылыми-өндірістік кампусы» бойынша қиярдың өсіру технологиясы

Қатар саны Танап Агротехникалық шаралар.
Дақыл,сорт Қияр, Миринда, Астерикс, Атланта
Алғы дақыл, негізгі өңдеу тәсілі Сүрі жер
Тыңайтқыш енгізу Көшетті отырғызумен бірге
Себу алдында топырақ өңдеу Топырақты тырмалау. 2 ізді. Технологиясы: қолмен. 5-8см. (25.05)
Себу тәсілі,мөлшері,мерзімі,тұқым сіңіру тереңдігі. Қарықтап көшетпен отырғызу. 27.05.16 Қолмен отырғызу.
Егістікті күтіп-баптау (тырмалау, қатараралық өңдеу, мерзімі, құралдар, тереңдігі) Суару. Арамшөптерді отау. Көшеттің түбін қопсыту.
Арамшөптерге, зиянкестерге, ауруларға қарсы күрес шаралары, тәсілдері, мерзімдері, мөлшері, аумағы   Арамшөптерді қолмен отау жұмыстары.
Суару тәсілдері, саны, мерзімі, мөлшері, ж.б Аптасына 2 рет. Қолмен суару. 4,2т
Егінді жинау мерзімі (11.07-28.08) аралығында күн ара қолмен теру
Қарастырылып отырған дақылдың өнімділігі, кг Миринда сорты – 118,7 кг Атланта сорты – 31,8 кг Астерикс сорты – 31,2 кг

Вегетация бойынша химиялық өңдеу жұмыстарыжүргізілген жоқ, тек топырақты механикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді.Суару және арамшөптерді отау жұмыстары қолмен жүргізілді.

Німнің қалыптасуы

11-кесте. Қияр дақылының фенологиялық кезеңі.

Дақыл, сорт Көшт отырғызу мерзімі Гүлдеуі Пісудің басталуы Өнімнің толық пісуі Өнімді жинау мерзімі  
 
Қияр, миринда 27.05.2016ж 10.07.2016 14.07.2016 20-25.07.2016 14.07-28.08.2016  
Атланта 27.05.2016ж 12.07.2016 17.07.2016 21-25.07.2016 17.07-28.08.2016  
Астерикс 27.05.2016ж 13.07.2016 18.07.2016 21-25.07.2016 18.07-28.08.2016  


Ияр дақылы сорттарының биометриялық көрсеткіштері

12- кесте. Қиярдың сорттарының морфологиялық сипаттамасы

Сорт   Өсімдік сабағының ұзындығы,см Жапырақ саны, дана Екінші кезектегі жапырақ саны Жеміс саны дана Бір өсімдіктегі стандарт жемістердің салмағы, г
барлығы Жемісі бар сабақтар барлығы Көк қияр  
Миринда    
   
   
орташа 144,3 57,3   7,3 16,3 9,3  
Атланта    
   
   
орташа 130,3   3,3 7,3  
Астерикс    
   
   
орташа 126,6 54,6   3,6 13,6  
                                 

Німді жинау

Үлгіқалыптағы (1726-85 МҮҚ) бойынша жеміс жас, бүтін, таза, аурулармен және зиянкестермен зақымданбаған, механикалық жарақатсыз, сұрпына тән пішінде және ір түрлі реңдегі жасыл болған кезде өнімді жинау жұмыстары басталады. Пісудің басында жинауды 2-3 тәулік сайын жүргізеді. Жаппай піскен кезінде әр тәулік сайын жинаймыз. Танапта өсірілген соттардың өнімділігі әр түрлі. Мысалы ең жоғары өнімділік Миринда сортында 118,7 кг. Қалған Атланта және Астерикс сортында өнімділік деңгейі шамалас. Орташа өнімділігі 31,5кг. Демек Миринда сортын өсірудің тиімділігі жоғары.

Қиярдың өнімдрін жинаудың өзі өт бір жауапты жұмыс, себебі жемістері екі- үш тәулікте жиналмаса, үлкейіп, қатайып, сапалығын төмендетеді және баудағы өсімдіктерді тез қартайтып, өсіп өну, даму кезеңін қысқартады, осыған байланысты өсімдіктің өнімділігін әлдеқайда төмендетеді. Әрбір өнімдері жиналған күндері аздапта болса жаңбырлатқышпен немесе су бүріккіштермен ылғалдандырса, жоғары өнім алудың кепілі болады. Жиналған өнімдерді іріктеп, күн сәулесіне қыздырмай сақтау қажет, егер күннің ыстығында қалса, біріншіден сапалығын төмендетеді және бір сағатта 10-15%-дай салмағын азайтады. Осыған байланысты жиналған өнімдерді көлеңкелі орындарда іріктегенде жемістері зақымданбайды.

5. Еңбек қорғау

Ауыл шаруашылығындағы еңбек қорғау жүйесі, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік-профилактикалық, реабилитациялық және басқа да шаралар негізінде жүзеге асырылатын және өндіріс орындарында травматизм мен кенеттік жағдайлардың алдын алатын, қызметкерлердің қызмет ету барысындағы олардың денсаулық пен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларға бағытталған. (2007 жылғы 15 мамырда қабылданған ҚР Еңбек кодексі).

Қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқығының құрамдас бөлігі. Бидай себу барысында механизатордың денсаулығына шу, вибрация, температураның толқымалы параметрлері, шаң-тозаң және трактор газдары сияқты теріс факторлар әсер етеді. Соның салдарынан, жұмыс күнінің аяқталуына таман оның есту қабілеті нашарлайтыны анық, ал бұл қызметті 10 жылдан бері иеленіп келе жатқан қызметкерлердің есту қабілеттеріне тіпті үлкен қауіп төнетіні сөзсіз.Механизатордың жұмысы жоғары дәрежелі зейінділікті талап етеді. Айналадағы шаң-тозаңды үнемі жұту салдарынан ағзадағы тозаң бронхиттерінің дамуына қолайлы жағдай туады. Жарақат жағынан қауіпті фактор болып, агрегаттың бүкіл қозғалмалы бөлшектері немесе агрегаттың өзі бола алады.

Жұмыс орнындағы өндіріс ісін бастамай тұрып, жұмысқа қайта қабылданған немесе бір қызмет бөлімшесінен екіншіге ауысқан қызметкерлерді, сондай-ақ уақытша және іссапардағы қызметкерлерге арнап бастапқы жұмыс инструктажы туралы ақпарат беріледі.

Содан кейін, тәлім алушылар 2-14 ауысым уақыты барысында (жұмыс бабы мен қызметкердің мамандануына байланысты) басшылар бекіткен арнайы тұлғалардың қадағалауымен, жұмыс өтілінен өтулері тиіс. Қызметкерлер тек жұмыс өтілін өткеннен, теориялық білімдері мен еңбек қауіпсіздігін толық меңгергеннен кейін ғана толық өзіндік жұмысқа жіберулеріне рұқсат беріледі.

Қайталамалы инструктажды бүкіл қызметкерлерге арнап, жарты жылда бір рет ұйымдастырады. Жоспардан тыс инструкажды келесі жағдайлар туғанда ғана іске асырады:

● Жаңа және қайта қаралған стандарттар, ережелер мен қоршаған ортаны қорғау әдістемелері қабылданғанда, сондай-ақ оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенде;

● Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін технологиялық үрдістің немесе шикізат, құралдар және басқа да факторлардың шамадан тыс ауытқулары пайда болғанда;

● Кейін аварияға, өртке немесе атқылауға әкелетін, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзғанда;

● Сыртқы бақылау органдарының талаптарына бойынша;

● Еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 60 тәуліктен, ал еңбек қауіпсіздігін жоғары дәрежеде болуын қажет ететін еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 30 тәуліктен асып кеткен жағдайда.

Қызметкерлерді жоспардан тыс инструктажбен, оны өткізу мұқтаждығын айқындайтын себептер мен жағдайларға байланысты көлемі анықталатын бір мамандық шеңберінде жекелеп немесе топтап алып таныстырады.

Инструктаж беруші мен инструктаж алушының қолы арқылы жүзеге асатын бастапқы қайталамалы, жоспардан тыс инструктажбен танысқаны туралы, сондай-ақ жұмыс өтілі мен толық өзіндік жұмысты орындауға рұқсат етілгендігі туралы ақпаратты тәлім алушы міндетті түрде жұмыс орындағы инструктажды тіркеу журналында немесе жеке оқу үрдісінен өткенін растайтын карточкаға белгілейді.

Мерзімдік жұмыстар мамандардың лауазымдық қызметтерінің есебі әдістемесіне сәйкес бейреттік инструктажды өткізуден басталады.

Егістіктерді зерттеу барысында қатаң қауіпсіздік шараларын сақтайды, яғни арнайы маманданған киім мен температура режимін сақтау, міндетті түрде арнайы құралдармен (скальпель, энтомологиялық инелер және т.б.) ғана жұмыс істеу. Өсімдік қорғаудағы мамандардың өзіндік қорғану құралдарына жұмыстың орындалу түріне байланысты ақ немесе қара халаттар, резеңке немесе мата қолғаптары, егістік жағдайында міндетті түрде бас орамал немесе тымақ болуы шарт. Арнайы маманданған киімдер құрамында хлоры бар арнайы ерітінділерде жуылады және өңделеді. Пестицидтермен технологиялық операцияларды орындауға тек өзіндік қорғану құралдары бар қызметкерлер ғана жіберіледі.

Пестицидтердің жұмыс ерітінділерін даярлау алаңдары міндетті түрде арнайы жабдықталған болуы тиіс. Ол алаңдардың көлемі жұмыс ерітінділерінің қалдықтарын жою мен зарарсыздандыру жұмыстарын қарастыратындай дәрежеде болуы шарт. Транспортты, ыдыстарды және өзіндік қорғану құралдарын өңдеу алаңдары бүкіл санитарлық нормаларға сәйкес келуі керек және оларды электр жүйелерінің астына орналастыруға қатаң тыйым салынады.

Шаруашылықтарда өндірістік травматизмнің болуы әзірше тіркелмеген. Себебі, бүкіл инструктаж түрлерімен таныстыру жұмыстары дер кезінде жүргізіліп, еңбек қорғау заңдары қатаң қадағаланып отырады[6].

Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігіне жүргізілген талдауларға сүйене отырып, келесі қорытындыны шығаруға болады:

● Шаруашылық азаматты жұмысқа немесе кәсіби-іс тәжірибеге қабылдаған кезде, инструктаждың барлық түрлерімен таныстыру жұмыстарын жүргізеді.

● Шаруашылықта ЖШС-ның меншігіндегі асхана бар, бұл әлеуметтік-экономикалық шаралардың сақталуын қамтамасыз етеді.

●Гигиеналық шаралардың сақталуын қамтамасыз ететін жуғыш және зарарсыздандырғыш құралдар мен өзіндік қорғану құралдары бөлінеді.

● Шаруашылықтың барлық бөлімдері өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталған.

6.Қоршаған ортаны қорғау

Қазіргі таңда, экологиялық талдау жүйелері Қазақстанда өндірістің құлдырауы мен қоршаған ортаны қорғау шараларының ұйымдастырылуына қарамастан, ондағы экологиялық жағдайдың әлі де төмен деңгейде екенін көрсетеді. Табиғаттың күллі құрам бөлшектері қоршаған ортаны құрайды, ал қоршаған орта түсінігіне табиғат ресурстары мен табиғаттың өзі кіреді.

2007 жылғы 9 қаңтарында қабылданған экологиялық кодекс пен 2003 жылдың 3 желтоқсанында бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік концепциясы қоршаған орта мәселесін шешуде маңызды рөл атқарады. Концепцияның міндеттерін орындау барысында қоршаған ортаның ластану деңгейі төмендеп, қазіргі кездегі шарттарға сәйкес экологиялық қауіпсіздік мәселесі өз шешімін таппақ.

Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу мен пайдалануына қойылатын экологиялық талаптар.

1.Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу мен пайдалану барысында экологиялық қауіпсіздік пен ауылшаруашылық алқаптарының сапалы күйі қамтамасыз етілуі тиіс.

2. Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу жүйесі химиялық ластану мен физикалық дегратация себептеріне туындайтын экологиялық тұрақсыздық көрсеткіштерінің дәрежесі арқылы айғақталады.

3.Топырақтың химиялық ластану деңгейі қоршаған ортаны қорғау туралы мемлекеттік органдарының бекітілулері мен қоғамның санитарлық-эпидимиологиялық қауіпсіздік жағдайын әлеуеттендіретін ережелерге сәйкес, ең шекті мөлшер концентрациялары арқылы анықталады.

4.Жерлерді айтарлықтай құнды жүйеден құндылығы біршама төмен жүйелерге көшіруден туындайтын экологиялық критерийлер бағасы, консервация, сондай –ақ Қазақстан Республикасының жоғары билігінде қабылданған қауіпті экологиялық жағдайларды алдын алу.

Экологиялық қауіпсіздік пен қалыпты жағдайынан аутқыған экожүйелерді қайта қалыпқа келтіру, мемлекеттік реттеу және бақылауға жауапты қоршаған ортаны қорғау заңдарынан ауытқуды қадағалау, табиғатқа кері әсерін тигізетін әрекеттерді таңып, оларға қарсы шаралар кешенін ұйымдастыру.

Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуын жүзеге асыратын негізгі қағидалар: Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін табиғи ресурстарды қолдануда ең шекті мөлшерлерін анықтайтын және қоршаған ортаның сапасына баланстық басқаруын қамтамасыз ететін ғылымға негізделген шектеулерге, шаруашылық немесе басқа да іс жүргізу барысындағы қолданылатын әдістемелер мен ережелер кешеніне экожүйелік көззқарас қалыптастыру.

Қоғам өміріндегі маңызды болып табылатын табиғат жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі мәселелерге көңіл бөлу қажет:

- Климаттың өзгеруі мен жер қабатындағы озон қабатының бұзылуына әкелетін антропогендік әсерлерді тежеу;

- Топырақтардың шөлдену мен дегратация үрдістерін тоқтату және табиғаттың биокөптүрлілігін сақтау;

- Экологиялық жағдайы қауіпті аймақтар мен космостық полигон және сынау кешендерінің реабилитациясы;

- Каспий теңізі шелфінің ластануын ескерту;

- Су ресурстарының тозуы мен ластануын ескерту;

- Табиғи ластанулар мен ауа бассейнінің ластанулары, радиоактивтік, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде транспорттық ластануларды жою және алдын алу;

- Тұрмыстық және өндірістік қалдықтарының жиналу мөлшерлерін қысқарту;

- Табиғи және техногендік бағыттағы кенеттік жағдайларды ескерту;

Берілген мәселелер келесі жолдар арқылы өз шешімін таппақ:

- Қазақстан Республикасының заңнамасындағы табиғат қолданудың экономикалық механизмдері, мемлекеттік экологиялық бақылау мен мониторингтің нақтылануы және жүйеленуі;

- Экологиялық экспертиза мен табиғатты қолдану жүйесінің қалыпты дағдылануы;

- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының, экологиялық білім мен статистиканың дамуы;

- Халықаралық қатынастар жүйесінің нығайуы.

Топырақтағы кез келген зиянды қосылыстар ерте ме, кеш пе, бәрі бір адам ағзасына өтетіндіктен, қоршаған ортаны қорғау жүйесіндегі топырақты ластанудан қорғау шаралары маңызды орын алады. Зерттеулердің нәтижелері бойынша, жыл сайын биосфераға 20-30 млрд. т шамасында қатты қалдықтар, оның 50-60% органикалық қосылыстар, және 1млрд. т. шамасында газ немесе аэрозоль күйіндегі қышқылдық агенттер шығарылады. Тағы бір ескертетін жәйт, пестицидтер тек аурулар, зиянкестер және арамшөптерге ғана зиянды болып қоймай, адам мен жануарлар әлеміне және энтомофагтарға да көп залал тигізетінін естен шығармағаны жөн. Себебі, олардың кейбіреулері жеңіл жалынданып, көбісі тұрақты қосылыстар түрінде тірі ағза ішінде және сыртқы ортада жинақталады. Қазіргі кезде бүкіл ауылшаруашылық алқаптарындағы экологиялық жағдайға қатаң бақылау жүргізіледі, атап айтқанда: республика төңірегінде қолдануға рұқсат етілген барлық пестицидтерге шекті мөлшерлі концентрациялар белгіленген; пестицидтердің атмосфераға, суға және топыраққа түсуі белгіленген мөлшерлемелерден аспауы тиіс; ауылшаруашылық егістіктерін және топырақты пестицидтермен өңдеуде белгіленген қатаң қауіпсіздік шараларын ескеру қажет[6].

«Қазақстан Республикасы аумағында 2003-2012 жылдары қолданылуға рұқсат етілген пестицидтер тізіміне» сәйкес олардың құрамындағы уытты заттардың мөлшері ауада, суда, топырақта, азық-түлік тағамдарында және мал азығы құрамында белгіленген гигиеналық талаптарға сай келуі тиіс.

Наши рекомендации