C)Тараптың әрқайсысы басқа тараптан мәміле бойынша алынғандардың бәрін міндетті түрде қайтаруы керек
D)Тараптар бір-бірінен кешірім сұрауы міндетті, кінәлі тараптан айыппұл алынады
E) Кінәлі тарапты мемлекеттік марапаттан айыру
1802. Әрекет қабілеттілігі жоқ азаматпен жасалған мәміле жарамсыз мәміле болып табыла ма?
A)Қандай да мәміле жасалмасын, барлығы да шарттарға тәуелді
B) Егер нотариялды куәландырылған болса, онда жарамды
C)Иә, бұл талабына сай келмейтін мәміле
D)Жоқ, жарамсыз мәміле болмайды
E) Егер шаруа қожалығынан мемлекеттік тіркеуден өтсе, онда жарамды
1803. Егер мәміле алданған күйде жасалған болса, оны жарамсыз мәміле деп тану туралы талапты кім береді?
A)Алданған тарап
B) Алданған күйде мәміле жасаған тарап
C) Прокурор
D)Сотқа өтініш кім беретінің заңды мағынасы жоқ
E) Нотариус
1804. Сөз жүзінде ғана жасалған және құқықтық салдарды тұғызбайтын мәміле бұл:
A)Құқықтық тәртіпке қарама-қайшы
B) Жалған, бүркемелік
C) Заңға сәйкес келмейтін
D)Заң талабына сай келмейтін мәміле
E) Моральдық нормаға қарама-қайшы мәміле
1805. Мәміленің нотариалдық нысаны сақталмаса, онда
A)Ешқандай зардаптары жоқ
B) Мәміле бағасы екі есе өседі
C) Тараптардан айыппұл алынады
D)Мәміле жарамсыз деп танылады
E) Мәміле бағасы төмендейді
1806. Қандай уақыт аралығында зорлық-зомбылық және қауіп-қатер ықпалында жасалған мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қойылады?
A)Үш жыл
B) Бес жыл
C) Он жыл
D)Екі жыл
E) Бір жыл
1807. Өзі үшін шарттары тиімсіз ауыр жағдай зардаптарынан жасауға мәжбүр болған жақтан жасалған мәміле қалай аталады?
A)Жалған мәміле
B) Жалған, бүркемелік
C)Кіріптарлы мәміле
D)Бұл талабына сай келмейтін мәміле
E) Ақысыз мәміле
1808. Дау тузызған мәмілені сот жарамсыз деп таниды егерде ол үшін келесі құжатпен негіздер көзделсе:
A)Азаматтық Кодекс
B) Неке және отбасы туралы заң
C) Конституция
D)Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң
E) Еңбек туралы заң
1809. Мәмiле жарамсыздығының негiзi:
A)Қажеттi лицензиясының болуы
B) Мәмiленi нотариаттың куәландыруы
C) Мәмiленiң жазбаша түрiн сақтауы
D)Лицензияның қолданылу күшiнiң мерзiмi бiткеннен кейiн жасалған мәмiле
E) Мәмiленiң нысанын сақтауы
1810. Шарт жасасу үшiн неше тараптың келiсiмі қажет?
A)Бір адамның ғана келісімі қажет
B) Келісімсіз болады
C) Тек қана екі адамның келісімі қажет
D)Он екi тараптың келісімі қажет
E) Екi не үш немесе одан да көп тараптың келісімі қажет
Міндеттемелер.Жалпы Ережелер
1901. Несие беруші дегеніміз қандай тарап?
A)Белгілі бір әрекет жасауға немесе әрекет жасаудан бас тартуға міндетті
B) Тек қана міндетті болған
C) Не құқығы, не міндеті жоқ
D)Белгілі бір әрекеттің жасалуын немесе әрекеттен бас тартуды талап етуге толық құқығы бар
E) Құқықтарынан айыруға шыдамдылық танытуға міндетті
1902. Міндеттемелердің тараптары болып табылады
A)Жұмысшылар мен жұмыс берушілер
B) Ата-аналар мен балалар
C) Көпшілік- құқықтық білім
D)Мұра қалдырушы мен мұрагер
E) Несие беруші мен борышқор
1903. Несие берушіге тиесілі құқық басқа адамға берілуі мүмкін бе?
A)Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімімен
B) Мемлекеттік билік органдарының шешімімен
C) Сот шешімімен
D)Мәміле бойынша (талап қоюды біреуге беру) немесе заң негізінде
E) Прокуратура шешімімен
1904. Несие беруші ынтымақтастық міндеттеме кезінде орындалуын талап ете алады:
A)Барлық борышқорлардан ортақ, сондай-ақ әр борышқордан жеке-жеке
B) Әр борышқордан үлесін жеке-дара
C) Тек қана барлық борышқордан толық
D)Әр борышқордан толығымен
E) Барлық борышқордан бөлігімен
1905. Егер міндеттемелердің орындалу мерзімі көрсетілмесе және осы мерзімді анықтайтын шарттары қарастырылмаса, онда міндеттемелер қандай мерзім ішінде орындалуы керек?
A)30 күндік мерзімде
B) Ойға сыйымды мерзімде
C) Бір жыл ішінде
D)10 күндік мерзімде
E) 6 ай ішінде
1906. Борышқор дегеніміз қандай тарап?
A)Тек қана құқығы бар
B) Не міндеттемесі, не құқығы жоқ
C)Белгілі бір әрекет жасауға немесе әрекет жасаудан бас тартуға міндетті
D)Белгілі бір әрекеттің жасалуын немесе әрекеттен бас тартуды талап етуге толық құқығы бар
E) Міндеттемелері мен құқықтары бар
1907. Мына жағдайда туған міндеттемелер шартты деп аталады:
A)Азаматтың жеке басына зиян келтіру нәтижесінде
B) Негізсіз байю нәтижесінде
C) Азаматтық құқық субъектісінің кез-келген мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде