Азақстан Республикасының саяси жүйесінің трансформациясы.

Демократиялық саяси жүйені қалыптастыру, биліктің шынайы демократиялық институттарын құру қоғамды демократияландыру процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Демократиялық саяси жүйе мемлекет пен басқа да саяси институттарды қоғам қалыптастыратынын және оның бақылауында болатындығын білдіреді. Саяси жүйе мен қоғамның өзара қарым-қатынасында барлық байланыстар жоғарыдан төменге емес, керісінше төменнен жоғарыға қарай болады. Азаматтық қоғам функциялары саясат мақсаттары болып табылмайды, ал керісінше саяси мүдделер мен мақсаттар азаматтық қоғамның қажеттіліктері мен мүдделері анықталынады және болып табылады.

Демократиясы дамыған елдер осындай жағдайға қандай да бір дәрежеде таяу келді деуге болады. Біз де осы тұрғыда сапардың алғашқы жолында тұрмыз. Қазақстан Республикасында қалыптақан саяси жүйені адекватты түсіну үшін бірқатар объективті факторларды ескеру шарт.

Біріншіден, Қазақстан да бұрынғы одақ республикалары тәрізді тоталитаризмнен демократияга өту процесін басынан кешіріп отыр.

Екіншіден, Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы өзіндік көпір бола отырып, өзінде шығыстық мәдениет, менталитет пен дәстүр терең қолтаңбасын қамтиды.

Үшіншіден, көшпенді шаруашылық жағдайында өмір сүрген қазақ халқы социализм құру процесіне еріксіз күш қолданумен тартылып, өмір сүрудің дәстүрлі ұстанымдарын қирата отырып тоталитарлық жүйе жағдайында болды, ал қазақ халқы үшін халқының тең жартысынан айырылуға алып келген тарихтағы геноцид өте касіретті болды.

Төртіншіден, Қазақстан көпұлтты мемлекет. Халықтың көпэтникалық құрамы бірегей болып табылады, бірақ әлеуметтік топтардың ғана емес, әлеуметтік қауымдастықтардың әрқилы мүдделерін ескеруді талап етеді.

Демократияның нақты модельдері ең алдымен өмірдегі жүзеге асу деңгейімен, идеалды конструкцияға жақындауымен, идеалға барабарлық деңгейімен анықталынады және осымен бірге бір-бірінен ерекшеленеді. Идеалға лайық деңгей азаматтық қоғамның, жалпы және саяси мәдениеттің, яғни шеңберінде саяси жүйе қалыптасатын өзіндік мақсаттық және жүріс-түрыстық қалыптың кемелдену деңгейіне тікелей тәуелді болады.

Егер де утопияға бой ұрмасақ, саяси жүйенің қоғамдық қондырманың элементі ретінде базистік қатынастар мен құрылымдардың көкжиегінен биік бола алмайтындығын мойындауымыз керек. Осы көзқарас түрғысынан, посткеңсстік кезеңде қалыптасқан саяси жүйе азаматтық қоғам даму деңгейінің нақты бейнесі, оның қалыптасуының бастапқы стадиясы болып табылады.

Біздің елімізде демократиялық саяси жүйені құру ТМД-ның басқа да елдеріндегідей тоталитаризмнен демократияға өту процесінің өзі тәрізді бірегей болады. 1917 ж. қазаны ел дамуының табиғи жүрісін, ондағы азаматтық қоғам мен қүқықтық мемлекет бастауларын дөрекі, еріксіз түрде өзгертіп жіберді. Азаматтық қоғамды мемлекет жұтып қойды, қоғамдық өмірдің, әлеуметтік құрылымдардың мемлекеттенуі өтті, тіпті басқарушы партия мемлекеттік, тіпті мемлекеттің қол астындағы құрылымға айналды. Сондықтан да демократиялық саяси жүйені барлық қажетті әлеуметгік-экономикалық алғышарттар пісіп-жетілгенде ғана құруга тура келеді.

Саяси жүйені реформалау демократиялық дәстүрдің болмауы

жағдайында, саяси мәдениеттің төменгі деңгейінде, билік пен биліктік құрылымдардың фетишизациясы тән культтік сананың үстемдік етуі жағдайында жүргізуге тура келеді. Белгілі болғандай, тоталитарлық жүйеде мақсаттар мен құралдардың, мемлекет пен тұлғаның қатынастары төменнен жоғарыға қарай бағытталған, адам мақсат ретінде емес, керісінше көзделген мақсатты жүзеге асыру құралы ретінде, мемлекеттік механизм бұрандасы ретінде қарастырылады.

Адамзатқа бағытталған гуманистік саяси құндылықтар жүйесі ретіндегі, идеялар, дәстүрлер мен саяси жүріс-түрыс үлгілері ретіндегі саяси мәдениеттің қалыптасу жолдарының барлығы жабылып қалады. Қоғамдық санада қарама-қайшылық, конфронтация, өзге ойшылдық пен көзқарастар плюрализміне деген шыдамсыздық логикасы орын алады.

ТМД-ның кейбір басқа да елдеріндегідей Қазақстанда да биліктің демократиялық институттарын кұру басқа тарихи дамудың «өзіндік ерекшеліктерінің» әсерінен күрделі болып отыр. Әңгіме басқа тарихи фаза процестерінен, атап айтқанда капитализмнен айналып өтіп социализмге өту түрғысында болып отыр. 17 ж. қазанына дейін қазақ этносы феодалдық қоғамдық қатынастардың жаңа өсе бастаған формасында рулық-тайпалық құрылыс жағдайында өмір сүрді. Мұнда тек қоғамды ұйымдастырудың мемлекеттік емес формасының элементтерін ғана айқын көруге болады, өйткені мемлекет, марксизм айтып кеткендей, экономикалық негізі өндіріс сфера-сындағы жіктелу, жеке меншіктің пайда болуы, қалалардың салынуы және т.б. болып табылатын қоғамның таптарға бөлінуінің өнімі.

Рулық-тайпалық қоғамда адам өз санасында коллективтен бөлінбейді және өзін рудың мүшесімін деп сезінеді. Осындай жағдайларда коллективизмді жоғары сезіну, қоғамдық парызға адалдық, қол ұшын беруге дайын болудың байқалатындығы даусыз, ал барлық басқару әрекеттері қоғамдық өзін-өзі басқару формасының, тікелей демократия шеңберінде жүзеге асады. Сонымен қатар, рулық-тайпалық сананың негізгі белгісі ретіндегі руға бағытталу -трайбализмды тудырады, ал билік пен оның тасымалдаушыларына деген құрмет белгілі бір жағдайларда өзін-өзі жаншу мәніне ие болуы мүмкін.

Осы тұрғыдан алғанда басқа орталық-азиялық мемлекеттеріндегі сияқты Қазақстанда да саяси қатынастардың маңызды факторы болып дамушы елдер үшін тән болатын қауымдық сипатгағы байланыстар: отбасылық-рулық, кландық, этнолингвистикалық қала береді. Бұл елдердің тарихи тәжірибесі адамның өзін-өзі бағалау идеясын жасақтамады. Осындай байланыстар негізінде билік үшін куреске түсетін топтар қалыптасады. Олар таптардың емес, белгілі бір кландардың мүдделерін қорғайды. Бір сөзбен айтқанда саяси қарсыластар әлеуметтік-таптық емес, кландық белгілері бойынша бөлінеді.

Шығыста моральдық-адамгершілік нұсқаулар мен принциптердің беделі әрқашанда құқық беделінең жоғары болды. Міне сондықтан да билік заңнан жоғары саналады, оны игеру заңның бақылауына жатпайтын басымдықты береді. Атқарушы биліктің біріктіруші бастау ретіндегі рөлі коғамның ішінде ғана емес, басқа мемлекеттермен қатынаста да арта түседі.

Тоталитарлық жүйе қалыптастырған саяси дамудың, консервацияның осы ерекшеліктері қандай да бір дәрежеде Орталық Азия регионында көрінеді және авторитарлық тенденциялар үшін жағдай жасайды. Бірақ оған Қазақстанда көшпенді қоғамның демократиялық дәстүрлері, сондай-ақ ел халқының полиэтникалық құрамы жол бермейді, тоталитарлық жүйенің қолынан келмегенді толықтай жоққа шығарады. Мұнымен республиканың саяси өмірі үшін тән жаңа Конституцияда бекітіліп қалыптасқан саяси жүйенің құрылымындағы авторитаризм мен демократияның арасындағы тербелістер түсіндіріледі.

Мемлекеттік құрылыстың пісіп-жетілген проблемалары парламентаризм институттарын жетілдіру, билік тармақтарының шегін анықтау, нарықтық қатынастар негізі ретіндегі берік нормативтік-құқықтық жүйе құру және саяси жүйе субъектілерінің өзара әрекеттерін қалыптастыру болып табылады. Азаматтық қоғамның барлық институттарының дамуы және сонымен бірге демократиялық даму кепілдіктерін құру ерекше мәнге ие.

Қазақстанның саяси жүйесінің жетілмегендігі көптеген партияның болуын білдіретін шынайы көппартиялы жүйенің, олардың билік пен мемлекет істерін басқару үшін күрес процесіндегі өзара әрекеттесуінің болмауынан, өкілдік органдарды сайлаудың пропорционалды жүйесінің болмауынан көрінеді.

Сөз мемлекеттік биліктің тармақтарға бөлінуі туралы болып отыр. Биліктің тұтастығы және оның тармақтарының бөлінуі, яғни үштұтастық сипаты әртүрлі формада жүзеге асуы мумкін, президенттік билік соның бір тармағы болып саналады. Олардың әрқайсысы билік тармақтарын теңдей ұстап тұратын, яғни олардың балансын және соған сай саяси жүйенің сенімді және тиімді қызмет етуін камтамасыз ететін жүйеге сай тежемелік әрі тепе-теңдік талап етеді.

Жаңа Конституцияда бекітілген тежемелік және тепе-теңдік жүйесі атқарушы биліктің нығаюы мен күшеюінің қажеттіліктерімен мотивацияланады. Легитимді, яғни заңды мәжбүрлеуге не күшті билік демократияның шарты екендігі даусыз, ол оның охлократияға айналып кетуіне кедергі келтіреді. Бірақ атқарушы (сол сияқты заң шығарушы) билікті күшейту билік тармақтарының өзара әрекетіндегі қажетті балансты бұзып жіберу қаупін төндіреді. Биліктің беліну принципіне қайшы келетін «барлық билік кеңестерге» дегенді ұранды жоққа шығара отырып атқарушы билікті шектен тыс күшейтіп жіберуге тағы болмайды. Бұл қауіптің алдын алатын Конституцияға сай Президенттің барлық билік тармақтарынан теңдей алшақтануы және осыған орай олардың өзара әрекеттерін реттеу және олардың қажетті балансын қамтамасыз ету мүмкін болады.

Тұтастай алғанда саяси биліктің құрылымы оның тармақтарының кажетті балансын және саяси жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етпейді, авторитарлық тендснцияларға жағдай жасап береді.

Алайда Қазақстандағы авторитаризмның болашағы жоқ. Авторитарлық режимді орнатуға деген әрекеттер әлеуметтік-саяси тұрақтылықты бұзуы, салдары өте ауыр болатын қоғамдық күштердің осал балансына әкелуі мүмкін. Бірақ азаматтық қоғам мен демократиялық саяси жүйенің орнауы қиындататын авторитаризм мен демократияның арасындағы тербелістердің ұзаққа созылуы мүмкін емес. Бұдан демократияға қарай шешуші жылжу, нағыз дсмократиялық саяси жүйені құру арқылы шығуға болады.

Жаңа Конституцияны қабылдағанға дейін елде атқарушы вертикаль, барлық деңгейді әкімшілік басшыларының институты құрылған еді. Олар жоғары тұрған құрылымдар әкімшілігі басшыларымен тағайындалды және жергілікті өкілдіктерден толықтай тәуелсіз болды. Бұл тәртіп атқарушы биліктің қоғам бақылауынан шығып кету, шенеуніктер мен бюрократиялық аппарат тарапынан өктемдік, лауазымды тұлғалардың жауапсыздығын тудыру, мемлекеттік жүйенің барлық салаларында атқарушылық тәртіптің күрт темендеуі қаупін төндірді және сонымен бірге мемлекеттік биліктің нығаюына емес, әлсізденуіне септігін тигізді.

Бір сөзбен айтар болсақ, атқарушы вертикальдың, егер де оны муниципалдық деңгейде тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесімен толықтырмаса төмен тұрған құрылымдарының жоғары тұрғандарына бақылауы тиімді бола қоюы екіталай.

Жаңа Конституцияда осы жайт ескерілген. Жергілікті өкілдік органдардың үштен екісінің дауысымен сенімсіздік вотумын қабылдағанда әкімдерді қызметінен босату механизмі қамтылған. Биліктік функциялар шашырауының объективті тенденцияларының арнасында региондардағы ахуал үшін жауапкершіліктің елеулі үлесі биліктің жергілікті органдарна қойылуы жағдайында көрсетілген нормалар жеткілікті ме деген сұрақ туады? Жоқ деп бірден жауап беруге болады. Жергілікті жерлердегі өкілдік органдардың, рөлін күшейтетін басқа да механизмдердің қамтылуы қажет. Бұл жағдайда, біздің көзқарасымыз бойынша, атқарушы вертикаль линиясы бойынша есеп берушілік жалпы ұлттык орындау бөлігінде, ал қалалық және аудандық, региондық салалары үшін бағдарлама мен бюджетке аударуда сақталынуы тиіс. Муниципалды деңгей мәселелеріне келер болсақ, онда әкімшілік басшылары жоғары тұрған атқарушы құрылымдардан тәуелсіз және жергілікті өкілдік органдарға есеп беруі тиіс, әрине, екеуінің өкілеттігі шеңберінде.

Мұндай тәртіп мемлекеттік органдардың горизонталь бойынша да, вертикаль бойынша да қызмет сферасы мен құзыретін мейлінше қатаң және дәл белгілеуге, жауапсыздықтан, бюрократиялық аппараттың өктемдігінен құтылуға, құқықтык мемлекет атрибуті биліктің бөліну принципінің жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Билікті орталықсыздандыру тенденциясымен байланысты өкілдік демократия шеңберіндегі жергілікті өзін-өзі басқару проблемасы бой көрсетеді. Оны мемлекеттік билік пен өзін-өзі басқару бір-біріне қарсы келмей, бірін-бірі өзара толықтыратын жағдайдан шыға отырып шешу қажет. Олардың әрқайсысы басқару тиімсіз бола бастағанда одан өтудің белгілі бір шекарасында қажет. Мемлекеттік билік пен қоғамдық өзін-өзі басқаруды бөліп тұратын шекараны ғана емес, қоғамдық қатнастарды реттеудің қажетті аспабы ретіндегі басқарудың осы екі формасының өзара әрекеттерінің принциптері мен механизмдерін анықтау да маңызды.

Қазақстаннын саяси жүйесінің жетілмегендігі көп партияның болуын білдіретін шынайы көппартиялы жүйенің, олардың билік пен мемлекет істерін басқару үшін күрес процесіндегі өзара әрекеттесуінің болмауынан көрінеді.

Мұндай жүйе Қазакстанда қалыптасқан ба? Біреулер иә десе, басқалары жоқ дейді. Шамасы, республикада көппартиялы жүйе енді ғана қолға алына бастады деген тұжырым шындыққа жақын болар.

Егер ол болмаса, онда көппартиялы негіздегі сайлау туралы ойдың болуы да мүмкін емес және ол туралы мәселенің қойылуы да мағынасыз әрі мәнсіз.

Біздің қоғамымыздағы өздерін партия деп атайтын көптеген саяси бірлестіктер кең әлеуметтік базаға ие емес. Алайда, осымен ғана шектелмейтін болсақ, партиялар белгілі бір идеология мен саяси бағдарлар негізінде, оны құрайтын идеялык-саяси платформа жиынтығымен ұйымдасатын болса, егер саяси партиялардын басты мақсаты — сайлау кампанияларының барысында билік үшін күрес болса, онда көппартиялы негіздегі сайлаулар мүмкін ғана емес қажетті де болар еді. Әртүрлі әлеуметтік топтардың сайлау алдындағы кампаниялар барысында өз мүдделерін қорғайды және сондықтан демократиялық саяси жүйенің сенімді қызмет етуі көппартиялықтан тыс мүмкін болмайды, өйткені тек қана ол шынайы саяси күштер мүдделерінің барлық спектрін барынша толықтай ескеруге мүмкіндік береді.

Партиялардың жоғарыдан құрылмайтындығы және ешқандай мемлекет оппозицияны қалыптастыруды өз міндеті деп қарамайтындығы анық. Бірақ ол саяси партиялардың, оның ішінде оппозицияның еркін қызмет етуіне жағдай жасауы тиіс.

Құқықтық мемлекет және оның институттарын, саяси мәдениетті саяси жүйенің элементі және идеалды формасы ретінде құру терең әлеуметтік процестермен анықталынады. Демократия «жоғарыдан» орнатылмайды, ол азаматтық қоғам, оның институттарының қалыптасу және даму өлшемі бойынша жолға қойылады. Демократиялық саяси жүйе осы әлеуметтік процеске дем беру үшін шақырылады. Азаматтық қоғам мен саяси жүйенің өзара әрекеттесуі саяси идеалға жылжудың бастауы, мотиві.

Минимизация, орталыққа жылжу, саяси инфракұрылымдағы өзгерістер Конституцияға өзгерістер енгізуді талап етеді, мұнда таңданатын ештеңе жоқ. Конституцияда қатып қалған қағидалар белгіленбейді, ол экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайлардың жетілу өлшемі бойынша жетілдіріліп отырады.

Наши рекомендации