Оқулықтар және оқу құралдары. Мақалалар. 8 страница
Нормативті құқықтық акт – құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның актісі. Үлкен екі топқа жіктеледі: заңдар және заңға бағынышты актілер.
Заң - мемлекеттің жоғарғы өкілді органы немесе тікелей халықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданған, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін реттейтін және жоғарғы заңдық күші болатын нормативті құқықтық акт. Оның белгілері.
- заң шығару билігі органдарымен немесе тікелей халықтың дауыс беруімен қабылданады;
- дайындау және қабылдау тәртібі Конституция мен парламент регламентімен анықталады;
- халықтың еркі мен мүддесін көздеуі қажет;
- барынша маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді;
- жоғарғы заңдық күші болады.
Ол мынадан көрінеді: 1)өзге құқықтық актілердің барлығы заңнан бастау алуға және оған қарсы келмеуге тиісті, егер белгілі бір қайшылықтар болатын болса, заң үстемдігі танылады; 2)заңдар оны қабылдаған органнан басқа ешкімнің бекітуін қажет етпейді; 3)заңды қабылдаған органнан басқа ешкім оны қайтарып алуға немесе өзгертуге хақысыз.
Заңның өзі заңдық күшіне байланысты бөлінеді: конституциялық заңдар, заңдар. Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылымның аса маңызды мәселелерін реттейді және парламенттің басым көпшілік (депутаттардың 2/3 бөлігінің) даусымен қабылданады.
Заңға бағынышты акт дегеніміз заң негізінде және заңға сүйене отырып қабылданатын, қоғамдық қатынастардың заңмен реттелмеген бөлігін қамтитын, міндеттілік күш болатын нормативті-құқықтық актінің бір түрі. Оның түрлері:
- Президенттің жарлықтары мен өкімдері;
- Үкіметтің қаулысы, Премьер-Министрдің өкімі;
- Министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік комитеттердің нормативті бұйрық, нұсқау, ережелері;
- Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қаулылары мен шешімдері;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім, өкім, қаулылары.
Нормативті келісім – субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құқық нысаны. Нормативті келісім - құқықшығармашылық субъектілерінің жаңа құқық нормасын қалыптастыратын келісімі. Нормативті актілермен қатар қолданылуы мүмкін.
Нормативті актілер әрекеті кеңістік, уақыт және адамдар арасында таралады. Нормативті актілердің кеңістіктегі әрекеті территория ұғымымен анықталады. Нормативті актінің қабылдаған органның құзіреті қандай аумақта міндетті болса, актілер сол аумақта орындалады. Қазақстан Республикасының аумағына оның құрғақтағы аумағы, ішкі және территориялық сулар, әуе кеңістігі, жер қойнауы жатады. Сондай-ақ, шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің аумағы, ашық теңіздегі сауда кемелері мен әскери кеме, әуе кемесінің іші мемлекет аумағы ұғымына кіреді. Сондықтан, аталған жерлерде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге заңға бағынышты актілерінің юрисдикциясы жүреді.
Нормативті актілердің уақыт аралығындағы әрекеті оның заңдық күшіне енуі және заңдық күшінен айырылуы түсініктерімен беріледі. Заңның уақыт аралығындағы әрекеті үш түрлі қағидаға сәйкес жүреді.
1.Заңның тікелей әрекеті. Қазақстан Республикасының заңдары қабылдағаннан кейін заңмен немесе Парламент палаталарының қаулыларымен өзге тәртіп анықталмаса, 10 күн мерзім ішінде заңдық күшіне енеді де содан кейін пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейді.
2.Заңның кері күші. Заңның кері әрекеті немесе кері күші деп заңның заңдық күшіне енгеннен кейін де, соған дейін де пайда болған қоғамдық қатынастарды реттеуін айтамыз. Жалпы қағида бойынша заңның кері күшін қолдануға болмайды. Заңға кері күш беру екі түрлі жағдайда мүмкін деп саналады. Біріншісі, егер заңның өзінде кері күші болу мүмкіндігі туралы тікелей айтылатын болса, екіншіден, егер заң қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін немесе тіпті жоятын болса заңның кері күші танылады.
3.Заңның мерзімінен аса әрекет етуі. Кейбір жағдайларда заңдық күші жойылған заң актілері жаңа заң қабылданғанға дейін толықтай немесе белгілі бір бөлігінде қолданылуы мүмкін. Ол көбінесе азаматтық-құқықтық қатынастар аймағында қолданылады. Бірақ жалпы тәртіп бойынша бұндай заң әрекетіне де жол беруге болмайды.
Сонымен, нормативті актілер мынандай жағдайларда заңдық күшінен айырылады:
-актінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда;
-бұрынғы әрекет еткен актінің орнына жаңа акт қабылданғанда;
-нақты органның актінің күшін жою туралы шешімі шыққанда.
Нормативті құқықтық актінің адамдар арасындағы әрекеті жоғарыда айтылған мәселелермен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының заңдары оның аумағындағы барлық мемлекеттік органдарға, кәсіпорын, мекеме, ұйымдарға, ҚР азаматтарына, осы аумақта тұрақты немесе уақытша тұратын шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға міндетті. Дегенмен де аталған қағидадан ауытқу кездеседі. Арнаулы актілерге байланысты мемлекет басшыларының экстерриториялық құқығы болады. Олар қай мемлекеттің аумағында болса да, тек өз елдерінің заңдарына бағынады. Депутаттардың, дипломатиялық өкілдіктердің арнаулы қызметкерлерінің иммунитеті танылған. Сондай-ақ, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың саяси құқықтары шектелген.
Глоссарий (терминдер):құқық нысаны, құқық актілері, әдет-ғұрып, нормативті келісім.
№1 СӨЖ тапсырмасы: Келесі сұрақтарға өздігінен жауап жазу:
СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері
13 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру
14 Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру
15 Рәсімдеу сапасы
16 Сауатты талқылау
СОӨЖ тапсырмасы: Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:
· Романо-германдық құқықтық жүйе
· Англо-саксондық құқықтық жүйе
· Дәстүрлі діни құқықтық жүйелер
· Мұсылмандық құқықтық жүйе
Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.
2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.
3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.
4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.
5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.
6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.
7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.
8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.
Қосымша әдебиеттер:
1. Аюпова З. Вопросы соотношения правовой системы и нац.законодательства. Прав.реф.в Казахстане. № 4. 2001 г.
2. Аюпова З. Место и роль Закона РК «О нормативно-правовых актах» в формирующейся правовой системе РК. Право и государство. № 4. 2001 г.
3. Аюпова З. Определение категории правовой системы. Мысль. № 11. 2001 г.
4. Аюпова З.К. Правовая система – основа концепции современного демократического правового государства. Саясат, 2000, № 2-3, с.98-101
5. Альмухамбетов Ж. О проблеме общего и особенного в правовой системе Казахстана. Фемида. № 12. 2000 г.
6. Карбеков Б.З. К вопросу о понятии категории «правовая система». Саясат. №2. 2002 г.
7. Пузанов О. Об особенностях правовой системы РК (Наука Казахстана, 2000, № 3)
Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:
«Құқық жүйесі және заңнама жуйесі» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны. Заңнама жүйесі.
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________
Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________
Дәріс тақырыбы _Нормативтік құқықтық акт
Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________
Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______
Дәрістің мақсаты:
Нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызын көрсету.
Жоспары:
1. Нормативтік құқықтық акт, оның белгілері.
2.Нормативтік құқықтық актілердің түрлері. Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы.
3. Мемлекеттің құқық жүйесінде заңның жетекші орны. Заңның түрлері.
4. Нормативтік актілерді жариялау және күшіне енгізу тәртібі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Нормативтік құқықтық актілер.
Нормативтік құқықтық акт, оның белгілері және жеке құқықтық актілерден айырмашылығы.
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері, олардың әртүрлі өлшемдерге байланысты жіктелуі. Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы.
Мемлекеттік құқық жүйесінде заңның жетекші орны. Құқық және заң. Заңның үстемдігі. Заңның түрлері- негізгі, конституциялық, кодекстер және қарапайым. Заңшығармашылық актілер.
Заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілер: Президент, Парламент, атқару билік, сот, жергілікті басқару органдарының актілері. Конституциялық Кеңестің актілері.
Инкорпорация түрлері: ресми, бейресми, хронологиялық, жүйелік. Жүйелік ең маңызды жинақ.. Ең күрделісі заңдардың жинағы. Бұның ерекшеліктері. Консолидацияның өзіне тән ерекшеліктері. Кодекстің ішкі құрылымы: тараулар, бөлімдер, баптар. Кодификация ерекшеліктері. Кодификация түрлері: Конституция, Кодекс, ережелер, әскери заң т.б.
Глоссарий (терминдер): инкорпорация, хронология, референдум, регламент, консолидация, заңнамалық техника , акт, ереже жғне т.б.
№1 СӨЖ тапсырмасы: Құқық жүйесін теориялық ұғыну ұлттық құқықтық жүйелермен жұмыс жасау мүмкіндігін береді. Сондықтан да, тақырыптың сұрақтарына жеткілікті назар аудару қажет. Құқық жүйесінің құрылу қағидаларының ішінде дәстүрлі жүйе кең таралған. Осыған сәйкес келетін Қазақстан Республикасының құқық жүйесін сипаттауда құқық салаларын жетік білу аса маңызды. Соның ішінде әрбір саланың құқықтық реттеу пәні мен құқықтық реттеу әдістерін білу тіпті де қажет.
.№2 СӨЖ: Глоссарий
Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.
СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері
1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру
2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру
3. Рәсімдеу сапасы
4. Сауатты талқылау
СОӨЖ тапсырмасы: «Нормативті актілер туралы» заңға құқықтық сараптама жасау.
Қазақстан Республикасында басым түрде қолданылатын құқық нысаны ретінде нормативті-құқықтық актілерге басты назар аудару қажет. Нормативті актілердің белгілерін қарастырумен бірге, оның негізгі түрлері заңдарға және заңға бағынышты актілерге ерекше тоқтала кету керек. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қолданыстағы құқық түсінігін анықтау қажеттігі бар. Тәлімгер құқық нысаны мен қайнар көздерінің арақатынасын білуге тиісті, құқық нысанының жеке түрлерін қарастырғанда құқықтық жүйелермен байланыстыра алуы керек.
Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.
Үй тапсырмасы:
Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.
Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:
Нормативті-құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 2000.
2. Қазақстан Республикасының конституциялық заңы «Республикалық референдум туралы» 25 наурыз 1995 ж. / Егемен Қазақстан, 30.05.1995.
3. Қазақстан Республикасының заңы «Нормативті актілер туралы» заңы 24 наурыз 1998 ж./Парламент Жаршысы. 1998.№2-3.
Негізгі әдебиеттер:
1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.
2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.
3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.
4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.
5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.
6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.
7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.
8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.
Қосымша әдебиеттер:
1.Алимжан К. Вопросы теории обычного права. Алматы, 2003.
2.Баймаханов М.Т. О некоторых формах воздействия Конституции на развитие и функционирование текущего законодательства. ПиГ. № 1. 2001
3.Богдановская И. Ю. Прецедентное право. М., 1993.
Кусмангалиева Ж. Систематизация законодательства РК: проблемы и перспективы. Саясат. № 2. 2002 г.
Кусмангалиева Ж. Классификация и систематизация законодательства РК. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 2001 г.
Крылов В. Законам – качественную научную и экологическую экспертизу. Прав.реф.в Каз-не. №2. 2001
Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:
«Құқықты іске асыру және оның нысандары» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықты іске асырудың түсінігі, оның мазмұны. Нормативті-құқықтық актілерге түсінік беру.
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________
Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________
Дәріс тақырыбы _Құқықшығармашылық_үрдісі және заңнамаларды жүйелеу_
Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________
Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______
Дәрістің мақсаты:
Құқықшығармашылық қызметінің қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызын көрсету.
Жоспары:
1. Құқықшығармашылықтың жалпы сипаттамасы және ұғымы.
2. Құқықшығармашылықтың негізгі қағидалары.
3. Құқықшығармашылықтың негізгі сатылары.
4. Заңдарды және басқа да мемлекеттің нормативтік- құқықтық актілерін қабылдау және оларды жариялау.
5. Заңнаманы жүйелеу.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Құқықшығармашылық үрдісі және заңнамаларды жүйелеу.
Әрбір мемлекет қоғамдық қатынастарда құқық нормасында реттелетін, қамтамасыз етілетін, қорғалатын және сақталатын заңдылық және құқықшығармашылық көмегі арқылы анықталған тәртіп орнатады. Құқықтық аймақтағы шығармашылық – мемлекеттік еріктің заңға айналуын білдіретін мемлекеттік әрекет, құқық қалыптастыру үрдісінің соңғы, қорытындылаушы кезеңі.
Сонымен, құқықшығармашылық деп заңды актілерді жасау, жарыққа шығару не болмаса олардың заңды күшін жою, олардың алға қарай тиімділігін дамытуға бағытталған құқық қалыптастыру процессінің соңғы сатысы ретінде қоғамдағы объективті жағдаймен айқындалған мемлекет органдарының арнаулы қызметін айтамыз.
Оның белгілер:
- белсенді, шығармашылық, мемлекеттік әрекет болып табылады;
- нәтижесінде басым түрде нормативті-құқықтық актілерде орын алатын заңдық нормалар қалыптастырылады;
- қоғамды басқарудың маңызды құралы;
- құқық шығармашылық деңгейі мен мәдениеті қоғамдағы демократия мен өркениеттіліктің бейнесі болып табылады.
Құқықшығармашылыққа мынандай қағидалар тән:
- ғылымилық (нормативті актілерді дайындау барысында әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларды зерттеу қажет);
- кәсібилік (арнаулы мамандар айналысуы керек);
- заңдылық (заңға сәйкес және заң негізінде орындалуы);
- демократизм (азаматтардың қатысу дәрежесін көрсетеді);
- жариялылық (қоғамның мәліметтік хабарлылығын көрсетеді).
Құқықшығармашылық күрделі әрекет болғандықтан біртектес болуы мүмкін емес. Сондықтан ол әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Субъектілерінің сипатына байланысты былай бөлінеді:
1. Халықтың тікелей құқықшығармашылығы. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша тікелей халықтық дауыс беру (референдум) жолымен заңдар қабылданады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы тікелей халық еркімен қабылданған акт.
2. Мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы. Қазақстан Республикасында нормативті құқықтық актілерді қабылдау құқығына Қазақстан Республикасының Парламенті, Президенті, Үкіметі және өзге де мемлекеттік органдар ие.
3. Қоғамдық ұйымдардың құқықшығармашылығы немесе санкцияланған құқықшығармашылық. Мемлекет белгілі бір жағдайларда қоғамдық ұйымдардың актілерін немесе әдет-ғұрып нормаларын мемлекеттің рұқсат беру күшімен заңдастыруы мүмкін.
Құқықшығармашылық маңыздылығына байланысты заң шығару және заңға бағынышты актілерді шығару деп екі үлкен топқа жіктеледі. Заң қабылдау құқығына мемлекеттегі ең жоғарғы өкілді орган құзіретті болады және оның актілерінің жоғарғы заңдық күші танылады.
Заңға бағынышты нормативті актілерді қабылдау Президентке, үкіметке, министрліктер мен ведомстволарға, мемлекеттік комитеттерге, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларына берілетін құқық.
Құқықшығармашылық процесі кезектілікпен жүргізілетін ұйымдастырушылық әрекеттердің жиынтығы, нормативті актілерді жасау және оның нұсқауларын адресаттарға жеткізу технологиясы. Заңшығармашылықтың бірінші кезеңі заң жобасын дайындау болып табылады.
Заңдық бастамашылық дегеніміз конституцияда анықталған, соған өкілеттілігі бір белгілі бір субъектілердің заң жобасын дайындап, оны заң шығарушы органға енгізуі және оның заң жобасы бойынша шешім қабылдау міндеттілігі. Қазақстан Республикасында заңдық бастамашылық құқығы ҚР Үкіметі мен Парламент депутаттарының тобына берілген.
Екінші саты заң жобасын талдау деп аталады. Ол парламенттің төменгі палатасында – Мәжілісте заң жобасын ұсынған субъектінің баяндамасын тыңдаумен басталады. Аса маңызды заң жобалары бүкілхалықтық талдауға түседі. Заң жобасын талдау бап бойынша немесе толықтай түрде жүзеге асырылады.
Үшінші саты заңды қабылдау сатысы. Заң алдымен Мәжілісте, соңынан Сенатта қабылданады. Заң қабылдаудың екі түрлі тәртібі бар: заңдар көпшілік даусымен, яғни депутаттардың 50% + 1 дауыс жолымен немесе конституциялық заңдар басым көпшілік даусымен, депутаттардың үштен екі бөлігінің даусымен қабылданады. Парламент палаталарымен қабылданған заң актілері Президенттің қол қоюына жіберіледі. Қол қойылған заңдар іске асырылады.
Төртінші саты заң актілерінің жарық көруі және заңды күшіне ену сатысы деп аталады. Жарияланбаған заңдар қолданылмайды. Қазақстан Республикасында ресми жариялану органдары ретінде Парламент жаршысы, Президент пен үкімет актілерінің жинағы, Егеменді Қазақстан танылған. Заңдардың заңды күшіне енуінің арнаулы тәртібі бар. Ол «Нормативті-құқықтық актілер туралы» заңда көрсетілген.
Нормативті актілерді жүйелендіру түсінігі. Жүйелендірудің қажеттілігі мен мақсаты. Жүйелендірудің аспектілері: а) нормативті актілерді сырттай жүйелендіру; ә) нормативті актілерді іштей жүйелендіру.
Нормативті-құқықтық актілерді жүйелендіру түрлері. Кодификация түсінігі және оның заңдарды жүйлендірудегі ролі.
Инкорпорация және оның түрлері. Нормативті актілердің хронологиялық және жүйелік жинағы. Бас инкорпорация. Ресми және биресми инкорпорация. Заңдардың консолидациясы түсінігі.
Заңдық техника және оның құқықшығармашылық, құқыққолдану және заңдарды жүйелендірудегі маңызы. Құқықтық актілердің тілі.
СӨЖ тапсырмасы:
№1 СӨЖ: Реферат
Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.