Апарат арқылы азықтанып жатқан қабандар және саңлаулы дене.
Қабандарға азық беру нормасы.Қабандардың жыныс қуаты, ұрығының саны мен сапасы азық беруге байланысты. Тұқымдық қабан әр уақыттазауытық қондырықта болуға тиіс. Олардың жасын, салмағы, қоңын және пайдалану дәрежесін ескеріп норма бойынша азық береді кестеден байқаңыздар.
Қабанғаберетін азық қоректі заттар түгел, әрі жеткілікті болуға тиіс. Екі жасқа дейінгі қабанның өсіп-жетілуін қамтамасыз ету үшін қосымша қоректік заттар керек: 100 кг тірілей салмағына шаққанда ересек қабанға 1,5 азық өлшемі, яіғни 16,6 МДж алмасу энергиясы қажет. 1 азық өлшемінде 150 г шикі протеин, 120 г өортылатын протеин, яғни рацион құрғақ затында сол ретеп, 20% және15,5%, ал толық рациондықұрама жемде 17% лизин (құрақ заттар – 0,95%шикі протеинде -4,8%және метионин + цистин сол ретпен, 0,63% пен 3,2%) аминқышқылдары болу керек.
Қабандарға әр азық өлшемі: 130-140 г (шағылысқа түспегенде) қортылатын протеин, 6-7 г калций, 4-5 г фосфор, 5 г ас тұзы; микроэлементтер: 70 мг тері, 1мг кобальт, 8 мг мыс, 55 мг марганец, 50 мг мырыш 0,4 мг йод; витаминдер: А-5 мың ИЕ (каратин 10 мг), А-500 ИЕ, Е-25 мг,В1-1,8, В2-4 мг, В3-15 мг, ниоцин-25 мг, холин-850 мг, В12-25 мкг-нан кеклетіндей етіп азық береді.
Қабанға құнарлы азық бергенде оларды үнемі серуендетіп отыру керек.
Азықтың берілмей қалуы ұрықтың саны мен сапасына бірден әсер етеді, сондыктан бұған жол беруге болмайды. Өйткені қабанның жыныс қабілеті өте баяу қалыпқа түседі.
Тұқымдық қабандаға арналған рацион. Барлық жерлерде де қабандарда жеммен азықтандырылуы тиіс. Рацион азық тұқымдас дақылдардан (2,5-3,3 килограмм арпа, сұлы, жүгері және басқалары) тұрады, оларда протеиіндері бойыншатеңестіру үшін алмастыруға келмейтін амин қышқылдар мен витаминдерге тиісті мөлшерде күнжара немесе шрот, бұршақ және жануар тектес азықтар қосады. Протеин (аминқышқыл) мен В тобындағы витаминдердің көзі ретіндегі көк сүт, балық және ет-сүйек ұны тұқымдық қабандардың, әсіресе оларды интенсивті пайдалану кезеңіндегі рационның міндетті түрде құрамдас бөлігі болуы тиіс.
Қабандардың қабілетін қалпына келтіру үшін каротиндер мен витаминдердің көзі- шырынды және балауса азықтардың маңызы зор. Олардың аздан ғана береді.
Тұқымдық қабандардың А витамине (каратин) деген қажетін қанағаттандыру үшін тәулігіне бір қабанға 0,5 килограм шөп ұнын немесе 1,2 килограм көк балауса (жоңышқа, беде, эспорцет, бұршақ, сиыржоңышқа -сұлы) берсе жеткілікті. Минералдық заттар бойынша рациондарды теңестіру үшін 20-25 грамм микоэлементті ас тұзын және 10-25 грамм бар қосады.
Азық | Қысқы кезең | Жазғы кезең | ||
Жай тұрған жағдайда | Шағы-лыстыру кезеңін-де | Жай тұрған жағдай-да | Шағылы-стыру кезеңін-де | |
Астық тұқымдас дақылдардың қоспасы | 2,1 | 2,5 | 2,3 | 2,7 |
Күнбағыс шұроты | 0,3 | 0,4 | 0,2 | |
Бұршақ | 0,3 | 0,3 | 0,3 | 0,3 |
Сәбіз | - | 0,5 | - | - |
Картоп, қызылша, құрма сүрлем | 1,5 | 1,0 | - | - |
Көк балауса | - | - | 3,0 | 4,0 |
Шөп ұны | 0,3 | 0,5 | - | - |
Балық және ет-сүйек ұны | 0,1 | 0,2 | 0,1 | 0,2 |
Көк сүт | - | 1,5 | - | 1,5 |
Фосфорсыздандырылған фосфат (г) | - | |||
Бор (г) | ||||
Микроэлементті (г) |
Азық дайындайтын құралдарға қойылатын талаптар:Мал азығына арналып дайындалған жемшөпті азықтандыруға, яғни малға жегізуге алдын-ала дайындап, жетілуін жеңілдетіп, қорытылуын арттырады. Ол үшін шаруашылықта мүмкіндігінше арнайы азық дайындайтын цех болғаны дұрыс. Оны арнайы бөлек орынға немесе мал қорасының жанына біріктіріп, жапсарлата тұрғызады.
Азық цехы ішінде желдеткіш, канализация болуы керек және өте жақсы жарықтандырылған абзал. Сондай-ақ шешінетін орын, ыстық және суық су, міндетті түрде халаттар, фартуктер, қолғаптар және жұмысшыларға арналған арнайы аяқ киім.
Абандар мен мегежіндерді алғаш шағылыстыру мерзімі.
Малдың жынысы | Жасы(ай) | Алғашқы шағылыстырғандағы тірідей салмағы | ||
Жынысы жағынан жетілуі | Шағылыс-тырғанда пайдаланы-луы | Мал тұқымын асылдандыру шаруашылық тарыда | Тауарлы фермада | |
Ұрғашылар | 4-5 | 9-10 | 120-130 | 100-120 |
Қабандар | 4-5 | 10-11 | 130-150 | 120-130 |
Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (ішетін суды санитариялық бағалау тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды залалсыздандыру) және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу.
Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар:
Санитариялық бақылауға алудың негізгі мал фермаларын сумен қамтамасыз ететін барлық су көздерін есепке алу мен паспорттаудан тұрады.Су көздерін ветеринариялық-санитариялық тқрғыдан бақылауға мынандай жайттар жатады:
- оның ветеринариялық-санитариялық жағдайын бақылау және судың органикалық және т.б. қалдықтармен, бөгде заттармен ластануының алдын-алу мақсатымен күзеттер ұйымдастыру;
- су сапасын санитариялық-лабораториялық бақылау және маусымымен топырақ жағдайына сәйкес су сапасының тқрақтылығына есеп жүргізу;
- мал ішетін су сапасы мен мал ауруларының арасындағы қатынасын бақылау;
- Антропогенді судың ластану көрсеткіштеріне судың тотығуы, аммоний тұздары азоты мен альбуминоидты азоттың сондай-ақ нитриттер мен нитраттар азотының, полифосфаттардың және т.б. шоғырлануы жатады.
Суды зарарсыздандырудыфизикалық жылу, ультракүлгін сәуле, ультрадыбыс, радиоактивті сәулелендіру және химиялық қышқылдар, асыл темірлердің иондары, хлор, озон, тотықтандырғыштар әдістерімен жүргізіледі.
Суару тәртібі:
Мал жайылымында немесе лагерьлерде бағылғанда белгілі бір орында – мал суару пункттерінде суарылады. Ауру малды ашық су көздерінен суаруға болмайды. Өйткені, су ластанады,тіпті суға ауру қондырғыштарының түсуі де мүмкін.
Жабысқақ топырақты су көздерінің жағасына тас, құм, қиыршық тас төселеді. Олар жалпақ, мейлінше ұзын болуы қажет. Мал суды кешіп, былғамас үшін суару орындары арнаулы қоршаумен қоршалады. Сонда мал суды қоршау торынан басын сұғып қана ішеді. Бұл мал су ішетін орындарда судың тереңдігі кемінде 20 см болуы керек.
Жайылымда суару пункттерінің алаңдары м мөлшерінде салынып, темір-бетон плиталары немесе үлкен қай тастар төселіп тасталады.
Астаулар темір бетоннан, кірпіштен, тастан, темірден, ағаштан, сондай-ақ үнемі тазартып және дезинфекциялап тұруға мүмкіндік беретін беті тегіс басқа да заттардан жасалуы тиіс.
Құрал-саймандарды дезинфекциялау:
Мал суаруға қажетті құрал-саймандар дезинфекцияланып, жуылып отырады. Ол үшін гипо хлоридтің 1% ерітіндісі пайдаланылады. Бұл ерітіндіні дайындау үшін 10 л жылы (30-40 С) суға 1 кг хлорлы әк салынып, әлсін-әлсін араластыра отырып, 1 тәулік ұсталады. Әбден тұнған таза ерітінді (10%) басқа таза ыдысқа құйып алынады. Дайындалған ерітінді таза шыны немесе жабық ыдыста сақталады.