Курстық жұмыстың мақсаты және міндеті

Дістемелік нұсқаулар

Орал 2015

Бралиев М.К., доцент ВАК,

Мулдашев М.А., доцент,

Оқас Қ.Қ., аға оқытушы.

Пікір беруші: Джаналиев Е.М., техн. ғылымдардың канд., доцент

Әдістемелік нұсқаулар «Тракторлар мен автомобилдер» пәнінен курстық жұмысты орындауға мамандығы бойынша 5В080600 – «Аграрлық техника және технология»күндізгі және сырттай оқитындарға

«Механикаландыру технологиялары және жерге орналастыру»

«19» 03 2015ж., хаттама № кафедрасының отырысында талқыланды.

Политехникалық факультетінің оқу әдістемелік бюросымен ұсынылды «26» 03 2015 ж., хаттама № 8

Университеттің оқу әдістемелік кеңесімен мақұлданды « » ____ 201_ж., хаттама № __

Әдістемелік нұсқау студенттерге курстың ең маңызды тарауларында білімін кеңейтуге, тереңдетуге мүмкіндік береді, іштен жану қозғалтқыштарының барлық негізгі заңдарының ерекшелігін түсінуге және өз беттерімен әдебиеттер мен анықтама материалдарымен жұмыстануға баулиды, үйретеді.

Мазмұны

   
Кіріспе…………………………………………………………………….
1. Курстық жұмыстың мақсаты және міндеті ……………….............
2. Курстық жұмыстың тақырыптық үлгілері …………………………
3. Курстық жұмыстың құрылымы және мазмұны…………………….
3.1. Курстық жұмыстың орындалуындағы әдістемелік ұсыныстары.
3.2. Қозғалтқыштың жылыту есебінің нобайы (схема)
3.3. Қозғалтқыштың литражы және цилиндр өлшемдерін анықтау
3.4. Индикаторлық диаграмманы тұрғызу есебі
3.5. Қозғалтқыштың динамикалық есебі. Кривошипті-шатунды механизмге әсер ететін күштердің есебі
3.6. Газдар қысымдарының тұйықталған диаграммасының, инерция күші және поршеньге әсер ететін жиынтық күштерді құрау?
3.7. Тангенсиальды күштің диаграммасын құрау
3.8. Есептік көрсеткіштерге берілген тапсырманың тексерісі
4. Курстық жұмыстың орындалуының кестесі және тәртібі……….
5. Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар ………………
6. Курстық жұмысты қорғау тәртібі ………………………………
Тұжырым…………………………………………………………………….  
Әдебиеттер………………………………………………………………
Қосымшалар……………………………………………………………………

Кіріспе

Оқу жылының ішінде бірнеше осындай тектес аналитикалық жұмыстар еңбек сиымдылықты теориялар анализімен дайындалуы қажет. Курстық жұмыс мазмұндамасының әр бір қаралатын сұрақтардың тізбектілігі сақталу қажет, материалдар бір-бірімен әртүрлі бөліктермен байланысу керек. Бұл толық логикалық, сауатты, әдеби, таңдалған тақырып бойынша жазылған ғылыми шығарма.

Студенттердің білімін тексеруде қаралытын үлгі бүкіл дүниежүзінде сондай ақ, Болон процессі немесе американдық білім жүйесінде болсын қолданылады.

Курстық жұмыс жеке тақырып бойынша ғылыми жетекшімен белгілі уақыт аралығында жазылады.

Курстық жұмыста тақырып таңдау, обьект пен жұмыстың пәні, материал қоры мен әдебиеттер тізімінен құрылып жазылады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде негізгі мақсат, негізгі ой айтылады.

Курстық жұмыстың орталық бөлімінде соңғы жылдары тақырып бойынша жиналған практикалық мәліметтер жиналып, жарияланады.

Қолданылған әдебиеттерде курстық жұмысқа алынтын мәліметтер болуы тиіс.

Курстық жұмыс болашақ дипломдық жұмыстың теориялық, практикалық байланысы көбірек болуын құптайды. Стандарттық білім негізінде жұмыста схемалар, құжаттар, диаграммалар қолданылады (жазуды шығаруда компьютердің барлық түрін меңгеру).

Курстық жұмыс жиі теориялық бақылаудан кешенді зерттеуге дейін жазылу керек.

Көлемі қатал реттелмейді, жай теориялық жұмыстан кешенді зерттеулерге дейін есептері мен сызулары ең кем дегенде 20 және 30 беттен аспауы керек.

Курстық жұмыстың мақсаты және міндеті

Курстық жұмыстың мақсаты- «Тракторлар мен автомобилдер» бойынша пәннің теориялық курсын бекіту, іштен жану қозғалтқыштарының жұмыстарына практикалық сараптама жасауды, қозғалтқыштың жану камерасындағы процестің өту есептері, индикаторлық диаграмманы құрауды меңгерді игеру.

«Тракторлар мен автомобилдер» пәнінен курстық жұмыс студенттерге білімін кеңейтуге, тереңдетуге және нықтауға мүмкіндік береді.

Болашақта, жұмыстың орындалуынан алынған материалдар, дипломдық жұмысты жазуда, ғылыми зерттеулерде жұмыстанғанда, қайтадан өңдеуде пайдаланылуы мүмкін.

Курстық жұмыстың міндеті - қозғалтқыштың нақты маркасының үлгісінде жылу нобайы, динамикалық есебі және индикаторлық диаграмманы құрауды үйрену. Динамикалық есепте, кривошипты – шатунды механизмге әсер ететін күштерді сонымен қатар газдар қысымдарының жазылған диаграммасын, инерциялық, қозғалтқыштың поршеніне әсер ететін жиынтық күштердің диаграммасын құрауды үйрену.

Наши рекомендации