Арнайы салық режимдері:қолдану аясы және түрлері
Арнаулы салық режімі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін біоджетпен есеп айырысудың және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салықтық есептемені табыс етудің оңайлатылган ережесін қолдануды көздейтін ерекше тәртіп. Арнаулы салық режімдері мынадай түрлерге бөлінеді: өзіне патент негізінде және оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін кіріктіретін шағын бизнес субъектілері үшін, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, заңи тұлға - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен селолықтұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімдер.
Салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауға құқылы. Арнаулы салық режімі шағын бизнес субъектілері үшін төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.Бюджетке басқа салықтарды және міндетті төлемдерді есептеу, төлеу және салықтық есептемені табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы аумағында және оның шегінен тысқары жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патентнемесе оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объекті болып табылады. Біркатар табыстардан корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеу және олар бойынша салықтық есептемені табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Шағын бизнес субъектілеріне арналған салықты есептеудін жалпыға бірдей белгіленген тәртібі, патент негізінде, оңайлатылған мағлұмдама негізінде жүргізіледі. Аталған әдістердің эрқайсысы үшін оларды қолданудың шарттары ескеріледі: қызметтің ара-тұра сипаты, кәсіпкерлік қызметтің орны, сипаты , табыс мөлшері, қызметтің жүзеге асырылатын түрлерінің саны, жалдамалы жұмыскерлерді пайдалану және т.б. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режімдері қызметтің біркатар түрлеріне, атап айтканда: акцизделетін өнімді өндіруге, консультациялық,қаржылық, бухгалтерлік қызметтерге, мұнай өнімдерін өткізуге, шыны ыдыстарын жинауға және кабылдауға, жер қойнауын пайдалануға қолданылмайды. Салықты оңайлатылғанмағлұмдама негізінде есептеуді шағын бизнес субъекті салық салу тоқсандық табысқа есепті салық кезеңіне тиісті салықтардың заңмен белгіленген мөлшерлемесін қолдану және саралау арқылы жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілері - заңи тұлғалар үшін дербес жүргізеді; жеке (корпоративтік) табыс салығы және әлеуметтік салық түріндегі салықтарды бюджетке төлеу бірдей үлеспен есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Патент негізіндегі арнаулы салық режімін мынадай шарттарға сай келетін;жұмыскерлердін еңбегін пайдаланбайтын;дара кәсіпкерлік нысандағы қызметті жүзеге асыратын;салық кезеңіндегі табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті каржы жылынын 1 каңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.Патент құнын есептеу салық салу объектіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі.Патент құны:патент құнының S бөлігі мөлшерінде жеке табыс салығы;«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі патент құнының S бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып түссе, дара кәсіпкер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті. Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі.
Заңды және жеке тұлғалардың мүлігіне салық салу.
Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер салынатын мүлiк салығы. Мүлiк салығын төлеушiлер болып
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар; 2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер табылады. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi дербес салық төлеушiлер ретiнде қарастырылады.Салық салу объектiсi болып заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшiн негізгі құрал-жабдықтар немесе жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысы, үй-жайлар, сондай-ақ жермен берік байланыстағы өзге де құрылыстар (бұдан әрі – ғимараттар) табылады.Салық базасы болып бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны табылады. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.Салық ставкаларыЗаңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 1,5 процент ставкасы бойынша есептейдi.Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0,5 процент ставкасы бойынша есептейдi. Осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар, дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар; негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар; ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар; мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар; ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суландыру үшiн пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар; ауыз сумен қамту объектілерін пайдаланатын заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0,1 процент ставкасы бойынша есептейд.Салық салу объектiсiСалық салу объектiсi болып жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) табылады.Салық базасы Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.Салық ставкаларыЖер салығының салық ставкалары Салық Кодексінің 54 тарауында қарастырылған. Салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерiЗаңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салықставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.Ағымдағы төлемдердің мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңi ішінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомасын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.