Оқтын-оқтын жуылатын тұнырғылар
1.Тұндырғылардың түрлері. Бұл тарауда оқтын-оқтын жуылатын тұндырғының тек бір ғана - энергетикалық түрі қарастырылады. Бұл тұндырғыларда тек ірі қалқыма тасындылар, фракция диаметірі 0,25 мм және одан ірілеу тасындылар ұсталады. Ірілігі мұндай тасындылар топырақтан қазылған, темірбетон тақталармен қапталмаған каналдарда тасымалданбай, бірден каналға шөгіп қалады, сондықтан тұндырғыларды су торабы құрамын- да немесе суғару жүйелерінің каналдарының бас жағына орналастырады.
2. Тұндырғылардың жұмыс істеу режимі. Оқтын-оқтын жуылатын тұндырғылар екі кезең (такті) бойынша жұмыс атқарады. Бірінше кезеңде өзеннен ағын сумен түскен тасындылар тұндырғыға шөгеді және каналға тазаланған су беріліп отырады. Қалқыма тасындылардың шөгуге тиісті есепті фракциялары тұндырғыдан кейінгі каналға қалай түсе бастағаннан кейін, тұтынушыға су беру тоқтатылып, тұндырғы жұмысының екінші кезеңі туады, яғни шөккен тасындылар сумен жуылады. Тұндырғы жұмыс істеп тұрған кезде бір кезең екінші кезеңмен үздіксіз ауысып отырады. Тұндырғының бұл конструкцияларында тасындыларды тек сумен жуу арқылы тазалау қарастырылған. Тұндырғы құрамындағы тасынды жуғыш құрылғылар арқылы сумен жуылған тасындылар қайтадан өзенге тасталып отырады.
3.Тұндырғының құранды бөліктері. Каналға орналастырылған тұндырғы конструкциялары келесі негізгі бөліктерден тұрады: жоғарғы қиылыстырғыш учаскеден, кіре берістегі реттегіш шлюзден, камералардан, шыға берістегі реттегіш шлюздерден, тасынды жуғыш құрылғыдан, құрамында тасынды жуатын реттегіш шлюзы және тасынды жуғыш құбырлы галереясы бар төменгі қиылыстырғыш учаскеден. (20.3. сурет).
20.3. сурет. Тұндырғы түрлері және олардың құранды бөліктері.
а) бір камералы; б) бір камералы айлалма каналы бар; в) көп камералы.
1. жоғарғы қиылыстырғыш учаске; 2. кіре берістегі реттегіш шлюз; 3) камералар; 4) шыға берістегі реттегіш шлюздер; 5) төменгі қиылыстырғыш учаске; 6) тасынды жуғыш құбыр; 7) каналдар; 8) айналма канал.
Егер тұндырғы су торабы құрамында болса, онда жоғарғы қиылыстырғыш учаске болмайды, ал кіре берістегі реттегіш шлюз су алғыш құрылым құрамына кіреді. Бұл аталған тұндырғының конструктивті элементтері бір-біріне жанасқан жерлерінде деформациялық саңылау арқылы бөлектеніп, саңылаудан су өтпейтіндей қылып герметикпен нығыздайды. Еегер камера өте ұзын болып, температуралық деформациялық саңылауды орналастыру ұзындығынан асып кетсе, онда керекті жерге кесе көлденең деформациялық саңылау орналастыра береді. Төменде 20.4. суретте, тұндырғының ұзына бойы кесіндісі кетірілген
20.4. сурет. Оқтын- оқтын жуылатын тұндырғының ұзына бойына қимасы.
1) тұндырғыға кіре берістегі реттегіш шлюз; 2) қызметкерлер жүретін көпір; 3) ағыс жылдамдығын теңестіретін тор; 4) тұндырғы камерасы; 5) тасындылар тұнатын уақыттағы камерадағы су деңгейі; 6) шыға берістегі реттегіш шлюз; 7) тасындылар жуатын реттегіш шлюздың қақпағы;
8) деформациялық саңылаулар; 9) тасындыларды жуу кезіндегі камерадағы су деңгейі.
4. Бір және көп камералы тұндырғылар. Бір камералы тұндырғы- бұл бетоннан не темір бетоннан соғылған бассейн, су ағысын ретеу үшін бас жағына және аяқ жағына реттегіш шлюз орнатылған. Бұлардың кесе көлденең қимасы тік бұрышты немесе трапеция тәріздес болуы мүмкін. Тұндырғы табаны алға, ағыс бағытына қарай еңіс болады. (20.5а. сурет.) Бұл бір камералы тұндырғылардың негізгі кемшілігі, камераға шөккен тасындыларды жуу кезеңінде тұтынушыға су беру толығымен тоқтатылады. Егер пайдалану талабы бойынша каналға су беруді тоқтатуға болмайтын болса, онда айналма канал салынады, осы канал арқылы тұндырғыны жуу кезеңінде тұтынушыға су беріліп отырады. Бұл айналма канал арқылы қал- қыма тасындылардан тазаланбаған су жіберілетін болғандықтан, канал біраз уақыттан соң қайырлап, оны тазалау қажет болады. Айналма канал арқылы ағатын су мөлшерін реттеу үшін оның басына және аяқ жағына су реттегіш шлюз салады. (20.5б. сурет.)
Тұндырғының камера саны екеу не одан көп болған жағдайда, көп камералы деп атайды. (20.5в және 20.5г суреттер) Бұл тұндырғыларды бір-біріне параллелді қосылған бір камералы тұндырғылар жүйесі ретінде қарастыруға болады. Көп камералы тұндырғылар тасындылардан тазаланған суды тұтынушыға үздіксіз беруді қамтамасыз етеді, себебі камералар кезекпен жуылады да, бір камера жуылып жатқанда басқалары суды тұндырып каналға таза су бере береді, аздап, шамадан тыс лайлы сумен. Көп камералы тұндырғылардың тағы бір артықшылығы, бір камераны жөндеу кезеңінде тұтынушуға су үздіксіз, тұтыну графигіне сәйкес, басқа камералар арқылы беріле береді. Бұл кезде каналға түсетін су лайлығы барлық камера- лар жұмыс істеп тұрғандай тазаланып түседі, тек тұндырғы камераларын жуу аралығы жиілейді. Көп камералы тұндырғыларда тасындыларды жуатын су ағымы қысқартылады, мұны судың бәрі өзеннен толығымен суғару жүйелеріне алынатын су торартарында ескерген жөн. Дегенмен, тасындыларды жууға жұмсалатын ау ағымы камера санына байланысты емес. Тұндырғының камера санын пайдалану талаптарына сәйкес және құрылымның сметалық бағасына байланысты қабылдайды. Тұндырғының камера санының өсуіне байланысты оның қаражаты да күрт өседі, сондықтан камера санын мүмкіндігінше аз қабылдауға кеңес беріледі.
20.5. сурет. Тасындыларды оқтын—оқтын жуатын тұндырғылар схемасы.
а) бір камералы; б) айналма каналы бар бір камералы; в) екі камералы; г) көп камералы; 1. бөгет; 2. су алғыш құрылым; 3. су әкелетін канал; 4. аванка- мера; 5. тұндырғы қақпақтары; 6. тұндырғы камералары; 7. тасынды жуатын галерея қақпақтары: 8. тасынды жуатын тракт; 9. магистралды канал; 10. айналма канал; 11. камераларды бөлетін қабырға.
5.Табаны тік және кері еңісті тұндырғылар. Тұндырғының табанының ұзына бойына еңістігі тұндырғыға шөккен тасындыларды жуу кезінде ағыс жылдамдығын көбейту үшін қажет. Тұндырғының жұмыс атқаруының бірінші кезеңінде, яғни тасындылардың камераға шөгу кезеңінде, оның табанының еңістігі ешқандай роль атқармайды. Камераның табанының еңістігі су ағысы бағытына оң (тік) және кері болуы мүмкін. Камера табанының еңістігі оң болған жағдайда, шөккен тасындыларды жуу үшін кіре берістегі реттегіш шлюз арқылы келген суды пайдаланады. Ал тасындылармен қаныққан жуатын суды камераның аяқ жағында орналасқан реттегіш шлюздың тасындылар жуатын тесігі арқылы жібереді.
Камера табанының еңістігі кері болған жағдайда, камераға шөккен тасындыларды жуу үшін тұндырғыдан кейін орналасқан каналдағы тазаланған су пайдаланылады. Каналдағы таза су тұндырғыға шыға берістегі реттегіш шлюз арқылы түседі. Тасындыларды тазаланбаған ағын сумен де жууға болады, бұл кезде су тұндырғы қабырғалары, не табаны арқылы өткізілген құбырмен беріледі. Ал тасындылар жуған су кіре берістегі реттегіш шлюздың тесіктері арқыла тасталады. Бірақ, тасынды жууға құбыр арқылы су жеткізу тұндырғы конструкциясын күрделендіреді, себебі камера қабырғасының енін үлкейту не табанының фундаментін қалыңдату қажет болады. Тағы да, тасындыларды жууға берілетін су ағымын реттеу үшін қосымша қақпақтар қою қажет болады. Осы жағдайларға байланысты кері еңісті тұндырғылар конструкциялары пайдалану барысында кеңінен таралмады.