Тақырып..Аудиттің пәні, мақсаты және міндеттері
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, ШЖС-лер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – ШЖС-дің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.Бұл арада клиенттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне,акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақталған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделік танытқан пайдалаланушыларға беретін жүйелі процесс». ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит ҚР-ның заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».Таным теориясына орай, бір ғылым ғана зерделейтін объективті шындықтың қандай да бір бөлігін немесе кез келген ғылымның (оның ішінде аудит те бар) мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік қатынастардың нарықтық экономикасындағы объективті экономика заңы экономикалық теорияның пәні болып табылатыны белгілі. Салалық экономикалық ғылым салалардың, өзіндік ерекшелігіндегі бұл заңдардың әрекетін, өндіруші күштермен, техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген салалардың өндірістік қатынасының даму ерекшеліктерін зерделейді.Пән анықтамасы осы ғылымның басқа ғылымдардан айыпмашылығын көрсететін ерекшеліктерді қамтуы керек. Оның ішінде: ғылымның мақсаты мен мазмұны; өзіндік ерекшелігі бар зерттеу принциптері; зерделеу объектісі; ақпарат көздері.Осылайша аудит мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені арнайы әдебиеттерде оның әзірге айтарлықтай нақты әрі дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз бойынша, аудит пәні қағамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметтері нақтылық пен анықтығына қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын әр түрлі мақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды оңтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады.Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру арқылы нақтылауы мүмкін. Мысалы, егер аудит объектісіне ШЖС-нің қаржылық қызметіне кіретін болса, онда мұндағы мақсат оның есеп берулері мен расталуының (немесе рас болмауының) толықтығы мен анықтығын тиянақты тексеру, яғни кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің нақты қаржылық жағдайымен қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру болып табылады.Бұл туралы ХАС (МСА) 200-де әлдеқайда рет-ретімен айтылған. Онда былай делінген: қаржылық есеп беру аудиттінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.
Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды,салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді, ШЖС-дің кірістері мен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды
оңтайландыру жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісімшартпен толықтырылуы
мүмкін.
Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, ШЖС-дің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.
Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса,онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшелеп мыналарды бөліп көрсету керек:
1. Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
2. Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;
3. Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
4. Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын (негізділігін) тексеру;
5. Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, ШЖС-дің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
6. Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
7. Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
8. Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпараттық базаның ұлғаюына, талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруіне қарай артады.
Осылайша, аудит – бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.
Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. «Тексеру» термині латынның «revisio» сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы «қайта қарау» немесе «қызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тексеруші» - «тексеріс жүргізетін тұлға» дегенді білдіреді.
ТМД елдерінде әдетте «ревизия» ұғымының мағынасы анық емес. Мысалы, Н.Т. Белухинде «тексеру (ревизия)» - бақылаудан кейінгі негізгі форма. Оның басқа бақылау формаларынан айырмашылығы – объектіні тексеру барысында ріктемесі құжаттық дәлелдерге негізделген тексеру-бақылау рәсімдері мен әдістік тәсілдер, әр түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Тексеруге мыналар тән: құндылықтардың кем шығуын, ысырапты, залалды анықтаудағы нақтылық, оның дәлелдеу жүйесі орнықты (әдеттен тыс құжаттар, түгендеу тізімдемесі (ведомость), материалды жауапты тұлғаның түсініктемесі (түсіндірме жазбасы және т.б.)
Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.
Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол, сонымен бірге, кемшіліктерді жою мен ШЖС-лер қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. Осыған орай, ол аудит анықтамасында бизнестің өзгеше бір сараптамасы ретінде баяндалады.
Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде «аудит» және «аудиторлық қызмет» ұғымдары ажыратылып көрсетіледі.
Аудиторлық қызмет бұрын қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да заңдық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әр түрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді қамтиды.
Аудиторлық қызмет дегеніміз аудиторлық ұйымдар мен аудиторлардың аудит жүргізу жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық жағдайы мен қызметіне тексеріс жүргізу, сараптама жасау және баға беру жөніндегі және аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.
Аудит дегеніміз қаржы құжаттарын, олардың дұрыстығын, толықтығын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін анықтау мақсатымен тексеру, ол бойынша субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне, жылдық қаржы есебінің жай-күйі мен мазмұнына, жылдық баланстың дұрыстығы мен толықтығына, инвестициялар тарту және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу үшін әлеуметтік мүмкіндіктеріне, жарғылық қордың уақытылы және толық қалыптастырылуына, кәсіпорындардың бағалы қағаздары эмитенттерінің қаржылық жай-күйіне талдау жасау нәтижелері бойынша аудиторлық қорытындылар беріледі және аудиторлық қызметтің басқа да түрлері жүзеге асырылады.
Аудитор – Біліктілік комиссиясы аттестаттаған және “аудитор” біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке адам. Аудитор аудиторлық қызметін жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.
Аудиттің түрлері: заңдылық тұрғыдан міндетті аудит және бастамашылық (инициативалық немесе ерікті) аудит болып бөлінеді.
Міндетті аудит Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізіледі.
Бастамашылық аудит субъектілердің тапсырысы бойынша кез келген уақытта және солар белгілеген көлемде жүргізіледі.
Нысанына қарай сыртқы аудит және ішкі аудит болып бөлінеді.
Субъектінің сыртқы аудитін субъектімен не өзге де тапсырысшымен шарт негізінде тәуелсіз аудиторлық ұйым немесе аудитор жүзеге асырады.
Субъектінің ішкі аудитін субъектінің өзі жүзеге асырады және ол осы субъектінің қаржылық жай-күйі мен қызметіне ішкі бақылау жасаудың жалпы жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.
6 тақырып. .Аудиторлық қызметті реттеудің нормативтік-құқықтық актілері.