Бап. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу
1. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу, егер бул іс-әрекет:
1) айтарлықтай залал келтіре отырып;
2) жарылгыш немесе химиялық заттар, электр тогы не балыңресурстарын жэне басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де тәсілдері қолданыла отырып жасалса -
2. Бірнеше рет жасалган дал сол іс-ерекет -
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) балыңтардың бекіре туқымдас түрлеріне қатысты;
2) уылдырық шашатын жерлерде немесе ол жерлерге өріс аудару жолдарында;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
4) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
5) өздігінен жүретін жүзгіш көлік қуралы пайдаланылып;
6) ерекше қорғалатын табиги аумақтарда және төтенше экологиялық ахуал аумақтарында жасалган іс-әрекеттер -
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ірі залал келтіре отырып жасалган не қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі табиғи жағдайда мекендейтін судың тірі ресурстарын қорғау жэне тиімді пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың затына эр түрлі балық ресурстары жэне баска да: теңіз немесе тұщы су жануарлары; теңіз аңдары, өзге де су жануарлары, су өсімдіктер (теңіз капустасы) жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан балықты жэне озге де су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу егер бұл эрекет: а) айтарлықтай залал келтіре отырып;
б) жарылгыш жэне химиялық заттарды, электр тогын, не балық ресурстарын жэне баска да су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де тэсілдерін қолдана отырып жасалу арқылы сипатталады.
Занда белгіленген ережені бұзып, балықты, теңіз аңдарын, өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерді өз бетінше, рұқсатсыз, лицензиясыз, тыйым салынған жерлерден, тыйым салынған уақытта, сондай-ақ оларды аулауға қолдануға тыйым салынған құралдар мен тэсілдерді пайдаланып, занда көрсетілген заттарды заңсыз алу деп танылады.
Осы бап бойынша жауапқа тарту үшін осы баптың диспозиясында тізбектелген іс-эрекеттердің біреуін бұзудың өзі жеткілікті. Бапта көрсетілген норма бланкеттік диспозицияға негізделген. Мысалы, Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын балық қорын қорғау жэне сулардан балық ұстауды реттеу туралы арнаулы Ереже бар.
Су жануарлары мен өсімдіктерді заңсыз алу орны - Қазақстан Республикасының аумақтық сулары, оның ішінде теңіз, көл, тоспа су қоймалары жэне басқа да су көздері.
Су жануарлары мен өсімдіктер дүниесін заңсыз алу мына төмендегі іс-эрекеттерді істеген жағдайда ғана кылмыс болып табылады:
а) айтарлықтай залал келтіру арқылы. Айтарлықтай залалдың мөлшері су жануарла-рына, өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың, олжаланған су жануарларының сапа құндылығына байланысты анықталады.
б) жарылғыш жэне химиялық заттарды, электр тогын, не балық ресурстарын жэне басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де тэсілдерін - атыла-тын, кесетін немесе тесетін кұралдар қолдана отырып жасау. Көрсетілген тэсілдердің кез келген түрін қолдану келтірілген зиянның көлеміне қарамастан қылмыс болып табыла-ды.
Қылмыстық кодекстің 335-бабының 1-тармағында көрсетілген балықты, теңіз аңдарын, өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерін елеулі зиян келтіре отырып заңсыз алу қылмысы материалдық құрам. Іс-әрекет пен одан пайда болған ірі залалдың арасын байланыстыратын себепті байланыс болуы керек.
Ал Қылмыстық кодекстің 335-бабының 1-тармағындағы басқа іс-эрекеттер формальдық кұрамға жатады. Қылмыстьщ құқық бұзушылық б^л ретте су жануарлары мен өсімдіктерді алмағанның өзінде, занда көрсетілген іс-эрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналық арқылы сипатталады.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі — 16-ға толған адам.
Қылмыстық құқық бұзушьшық кодекстің 335-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі:
1) бірнеше рет; 2) бірнеше рет жасалған қылмыстың түсінігі ҚК-тің 12-бабында берілген;
Қылмыстық ауырлататын түрлері: 1) балықтың бекіре тұқымдас түрлеріне қатысты тізбегі;
2) ұрық шашу, балықты көбейту, оларды сақтау, қорғау су объектілерінде олардың тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Осы ережеде ұрық шашу, оларға бару жолдары да айқындалады. Осы орындардағы су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу - қылмысқа жатады;
3) адам өзінің қызметін пайдаланып жасаса. Қорықтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлері, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғайтын мемлекеттік орындардың лауазымды адамдары, соған теңестірілген адамдар ьфізмет бабын пайдаланып 335-бапта көрсетілген заңсыз іс-эрекеттерін істеуі мүмкін;
д) адамдар тобының алдын ала сөз байласуының түсінігі ҚК-тің 31-бабының 2-тармағында берілген;
е) өздігшен жүретш көлік кұралдарын пайдаланып жасаған іс-эрекеттер.
Бұларға катерлерді, моторлы қайықтарды, басқа шағын жүзгіш құралдар мен қондырғыларды пайдаланып балықты, басқа да су жанурларын, өсімдіктерді заңсыз алу эрекеттері жатады;
ж) ерекше қорғалатынтабиғи аумақтар мен төтенше экологиялықжағдай аумақтарында істелген осы эрекеттер (мұның түсінігіне Қылмыстьщ кодекстің 328-бабының 2-тармағына талдау жасағанда токталғанбыз).
Осы қылмыстың өте ауырлататын түрлеріне 335-баптың бірінші жэне екінші бөліктерінде көзделген ірі залал келтіре отырып не қылмыстық топ жасаған не қылмыстық топ жасаған эрекеттер жатады.
а) Ірі залалдың мөлшері алынған заттың құнына, экологиялық құндылығына, саны-на, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне келтірілген зиянның көлеміне байла-нысты анықталады. Ірі залалға Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына жазылған жануарлар дүниесін жою, балықтың ұрық шашу орындарын жою, майда шабақтардың қырғынға ұшырауы жатады;
б) қылмыстық топтың түсінігі ҚК-тің 31-бабында берілген.