Делдалдық немесе үшінші жақтық тұлғааралық жанжалды шешудігі рөлінек мысал келтіріңіз

Үшінші тарап – бұл екі немесе одан да көп қатысушылары бар

жанжалға қатысы жоқ келісімге келуге көмек беруге ұмтылушы жеке тұлға

немесе топ. Қабылданатын шешімге бақылау жүргізу дəрежесіне қарай 78

жанжалды шешудегі үшінші тараптарды бірнеше түрге бөліп қарастыруға

болады. Біз үшін арбитр роліндегі үшінші тараптың маңызы зор. Арбитр

мəселенің мəнін зерттейді, оны жанжал тараптарымен талқылайды, содан

кейін ғана орындалуы міндетті жəне соңғы шешімді шығарады. Бітімгер

тараптар арасында аралық авторитарлық рольге ие болады, мəселеге қатысты

өзіндік пікірі бар ол талқылауларда қатысады, бірақ, соңғы шешімді тараптар

дербес қабылдайды. Ең авторитарлыққа жатпайтын рольге көмекші ие

болады. Ол мəселені талқылау үрдісін жетілдірумен айналысады жəне

мəселенің мəнісін талдау мен соңғы шешім қабылдау ісіне қатыспайды.

Үшінші тарапқа жанжалды шешу барысында əртүрлі қызметтерді

атқаруға тура келеді. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:

- жанжалдасушы тараптардың өкілдері арасындағы қарым-қатынасты

жақсарту;

- заңдастыру (жанжалдасу тараптардың өз қарсыласының

келіссөздерде қатысуын тануына көмек береді);

- келіссөздер үрдісін ұйымдастыру;

- оқыту (жаңа жəне икемі жоқ қатысушыларды жаттықтыру);

- қорларды бөлу (жанжалдасушы тараптарға тəуелсіз сарапшыларды,

сонымен қатар, шешім қабылдайтын тұлғаларды іздестіріп олармен келісуге

көмек беру; қосымша қорларды ұсыну, мысалы, жажал қатысушыларына

олардың жағымды жүріс-тұрыстары үшін қосымша уақыт бөлу);

- мəселені зерттеу (жанжалдасушы тараптармен дауды əртүрлі

қырынан талдау, басты мүдделер мен маңызы зор тақырыптардың талдануы-

на көмек беру, мəселенің екі тарап үшін де тимді шешілуінің жолдарын

іздестіру).

«Ақиқат агенті» ролін ойнайтын үшінші тарап жүзеге асырылуы

мүмкін емес жəне шектен шыққан мақсаттарды көксейтін жанжал тарап-

тарын сынға алып негізделген жəне іске асыруға болатын жанжал шешімін

табуға көмек береді; «құрбандық» роліндегі тарап тараптар қабылдауға даяр

ұтымсыз шешімді немесе кінəні өз мойнына алады; «көш басшы» болса

келіссөздерді мазмұнды кеңістер мен ұсыныстарды негізге ала отырып өзі

жүргізуге бастама көтеруші тарап болады.

Тараптар арасындағы текетіресті шешу жолдарының ішіндегі ең

тиімдісі келіссөздер болып табылады. Келіссөздерге негізделген қарым-

қатынас қатысушыларына тəн нəрсе олардың белгілі бір ымыраға келу арқы-

лы өз қалағанының белгілі бір мөлшеріне қол жеткізуді көздеуі болып табы-

лады. Келіссөздер үрдісі келесі жағдайларда орын алуы мүмкін: біріншіден,

тараптардың қайшылықты мүдделеріне өзге ортақ мүдделері де болуы

мүмкін; екіншіден, тараптар өзге жолдардан қарағанда өздері үшін тиімді

нақты бір түсіністік пен келісімге келудің мүмкіндігін түсінеді; үшіншіден,

тараптар пікірталасқа барлығында қанағаттандыратын шешім іздеп түседі.

Бітістірушінің қызметінің басты кезеңі оның даудың бастапқы

кезеңіндегі қатысушылардың күшті эмоцияларын ауыздықтау болып

табылады. Ашу-ыза мен тітіркену, сенбеушілік пен дəрменсіздік, 79

фрустарция, қорқыныш тараптарды жаулап алып жанжалдың тақырыбында

толыққанды талқылау жүргізуге кедергі келтіреді. Сондықтан эмоцияларды

ауыздықтауға арнайы процедуралар қажет болады. Мұндай процедуралардың

екі түрі бар: эмоцияларды сыртқа шығаруды конструктивті тəсілдерін жасау

жəне қарым-қатынастың нақты ережелері арқылы эмоциялардың сыртқа

шығуына қатаң шек қою.

Үшінші тарап қате түсушілік пен стереотиптердің жағымсыз əсерінен

қорғау бойынша жұмыстар жүргізеді. Сенушілік жағдайын тудыру тек

жағымсыз эмоциялардың жəне стереотиптердің əсерін азайту ғана емес,

сонымен қатар жағымды сезімдер мен əсерлерді қалыптастыруды да

қамтиды. Ұтымды келіссөздер үшін қарсыластың осы келіссөздерге қаты-

суымен қатар талқыланатын тақырыптың заңдылығын мойындауы да қажет.

Қатысушылар қарсыластың талаптарының, мүдделері мен эмоцияларының

орынды жəне орын алуға қақысы бар екендігін, жалпыға ортақ қағидалар мен

ережелерге сай келетіндігін мойындауы тиіс.

Наши рекомендации