Тапсырма. сұхбатты жалғастырыңыз
Сәлем, достым!
- ...................................................
- Мен жазда қаражат табу үшін, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс істеймін. Сен қатысасың ба?
- ...................................................
- Қазір жастар ісіне, белсенділігіне мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалып отыр. Ондағы мақсат не?
- ....................................................
- «Жастар – Қазақстан болашағы» дейді. Осы жөнінде сен не айтар едің?
- ....................................................
- Достым, қазір жастарды жұмыспен қамтамасыз ету біршама реттеліп қалды. Дегенмен, сен осы мәселеге қатысты қандай пікір айтар едің?
- .....................................................
Тапсырма. Сөйлемдерді аударып, септік жалғауларының қызметін салыстырыңыз.
Алдыңғы аға буын кейінгі буынға осындай мұраларды қалдырған. Жастар өз тілін, салт-дәстүрін дамытады. Мемлекет жастарды ел билеуге араластырады. Бүгінгі күні жастардың белсенділігі артып отыр. Ауылда жастардың еңбегі бағаланады. Болашақ іскерлер де жастардан шығады. Қоғамда жастардың орыны бар.
Тапсырма. Сөздерді аударып, қай септік жалғауын қолданып тұрғаныңызды түсіндіріңіз.
Ол (наш) досымыз. (В гостях) өзіңді сыпайы ұстауың керек. (В лесу) осындай ағаштар өседі. (С природой) үнемі сырласамын. Орманды (с нами) аралайсың. (Со своим) көршісімен театрға барды. Ол (на улицу) асығып шығып кетті. Мен (музыку) сүйіп тыңдаймын. Мен (во дворе) Райханды кездестірдім. Кішкентай бала (к окну) жақындады. Кешке мен (в сад) шығамын. Оның анасы (в аптеке) жұмыс істейді.
Тапсырма. Берілген сөйлемдерден септік жалғауларын ажыратыңыз.
Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі –жастар. Жастар ертеңгі үмітіміз. Әрбір қоғамның келбеті жастардың қалай өсуіне байланысты. Жастар қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өздерін оқшау ұстамағаны жөн. Жастар мемлекеттік саясатқа араласа алады. Жастар –мемлекет болашағы.
5 – сабақ
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелдік жалғауы
Тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
1. Қазақстан Республикасы қандай ел?
2. Қазақстан ТМД құрамына қашан енді?
3. ҚСР-і қай жылдан бастап, Қазақстан Республикасы деп аталды?
4. Қазақстан Республикасын бірінші таныған елді атаңыз.
5. Қазан айының 25-і қандай күн?
Азақстан, Отан, мемлекет сөздерін тәуелдеңіз.
Тапсырма. Берілген сөйлемнен тәуелдік жалғауын табыңыз.
1. Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан. 2. Мен Қазақстан азаматы-
мын. 3. Тәуелсіз Қазақстанның өз Ата Заңы бар. 4. Біздің Мемлекеттік Елтаңбамыз, Туымыз және Әнұранымыз бар. 5. Мен Отанымды қорғауға әрқашан дайынмын. 6. Қазақстан жері кең-байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінен дүние жүзінде тоғызыншы орында тұр.
Тапсырма. Төмендегі сөздерді қайталап, жаттап алыңыз.
тәуелсіздік - независимость
дейін - до
одақ - союз
ел -страна
бір-бірімен - друг с другом
тығыз- тесно
байланысты – связано
қайта құру – перестройка
өміріне – в жизнь
өзгеріс – изменение
егемендігі туралы – о независимости
саяси – политический
қуаныш – радость
жеке ел – независимая страна
төте – прямой
терезесі тең – равноправно
ұйым – организац
Тапсырма. Мәтінді тыңдап, өзіңізге таныс сөздерді жазып отырыңыз. Белсенді етістіктердің қолданысын ажыратыңыз.
Тәуелсіз Қазақстан
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін алғанға дейін, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталған ірі империяның құрамында еді. КСРО-ның құрамында Қазақстаннан басқа 14 ел болды. Бұл елдер «Одақтас республика» деп аталды. Бір-бірімен тығыз экономикалық байланыста өмір сүрді.
Сексенінші жылдардың екінші жартысынан басталған демократиялық қайта құрулар Кеңес Одағының құрамындағы республикалар өміріне үлкен өзгерістер әкелді.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл оқиғаның Республика өмірінде үлкен саяси маңызы болды. 1991 жылдың 10 желтоқсанынан бастап қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы деп аталды. Азаттық алған елдер тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып, оны орасан зор қуаныш үстінде қарсы алды.
Бодандықтан құтылып, өз алдына жеке ел болып, бөлініп шығу біздің елдің тарихындағы теңдесі жоқ ұлы оқиға болды. Тәуелсіздік алған соң, Қазақстан мемлекеті әлемдегі мемлекеттермен төте араласуға, олармен терезесі тең ел ретінде қатынас жасауға, дүниежүзілік ұйымдарға мүше болуға қол жеткізді.