Тәжірибелік жұмыс. Ақпараттық базаны ұйымдастыру және құрастыру
1-тапсырма. Пəтерлерді сату жайлы хабарландыру дайындаңыз. Берілген 1-суреттегі кестеден бір ұяшыққа жинақтау арқылы нəтижелік 2-суреттегі кестені шығару керек.
1-сурет – Сатуға қойылған пəтерлер туралы мəліметтер кестесі
Хабарландыру кестесін құруға байланысты кеңестер:
- сатуға қойылған мəліметтер туралы мəліметтерді тізім түрінде құрыңыз (-сурет);
- G2 ұяшығына төмендегі формуланы енгізіңіз:=A2&" бөлмелі пəтер, адресі "&B2&", ауданы: "&D2&", "&E2& "этаж,"&ТЕКСТ(C2;"# ###$")&", "&ЕСЛИ(F2="+";"телефон"; "телефон жоқ")
- G3:G5 диапазонына осы формуланы автолтыру маркерін қолданып көшіріңіз;
- шыққан кестені өз қалауыңыз бойынша Формат – Автоформат командасымен форматтаңыз.
2-сурет – Берілген мəліметтерден жинақталған нəтижелік хабарландыру
2-тапсырма. Компьютерлік клубтардың жұмыстары туралы ведомос, 3-суреттегі кестені толтыру
3-сурет – Компьютерлік клубтардың жұмысы туралы ведомость
Ведомос жасауға байланысты кеңестер:
а) А1 ұяшығына ведомость атын енгізіңіз.
ə) А3:Н3 ұяшықтарына ведомость өрістерінің аттарын енгізіңіз:
Клуб аты, Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Түскен пайда, Орын, Орташа пайда, Пайыз.
б) Кестедегі есептеулерге қолданылатын формулалар төмендегі 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте – Есептеу формулалары
Ұяшық атауы | Енгізілетін формула |
Е4 | =СУММ(B4:D4) |
В11 | =СУММ(B4:B10) |
F4 | =РАНГ(E4;$E$4:$E$10) |
G4 | =СРЗНАЧ(B4:D4) |
G11 | =СРЗНАЧ(G4:G10) |
H4 | =E4/$E$11 |
3-тапсырма. Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау 4-суреттегі ведомосын құру.
Ведомость жасауға байланысты кеңестер:
а) А1 ұяшығына ведомость атын енгізіңіз;
ə) А4:F4 ұяшықтарына ведомость өрістерінің аттарын енгізіңіз:
Нысан аты, Баланстық құны (БҚ), Нысанның ескіруі (НЕ), Қалдық құны (ҚҚ), Қалпына келтіру толық құны (ҚТҚ), Қалпына келтіру қалдық құны (ҚҚҚ).
4-сурет – Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау ведомосы
б) Есептеулер жасауға арналған формулалар:
ҚҚ = БҚ – НЕ
ҚТҚ = БҚ * К
ҚҚҚ = ҚҚ * К
мұндағы К – коэффициент мəні: 3,3 - егер БҚ 650-ден кем немесе тең болса; 4,2 – егер БҚ 650-ден үлкен немесе 1000-нан кем болса; 5,1 – егер БҚ 1000-ға тең немесе одан үлкен болса.
Осы формулалар бойынша есептеулер жүргізу үшін төмендегі формулаларды көрсетілген ұяшықтарға енгіземіз:
D5 ұяшығына: = B5 – C5, E5 ұяшығына:
=B5*ЕСЛИ (B5<=650;3,3; ЕСЛИ(И(B5>650;B5<1000); 4,2;5,1))
F5 ұяшығына:
=D5*ЕСЛИ(В5<=650;3,3;ЕСЛИ(И(В5>650;В5<1000); 4,2;5,1))
в) Барлығы жолындағы мəндерді есептеу үшін саймандар тақтасынан автоқосынды батырмасын басамыз немесе В12 ұяшығына = СУММ(В5:В11) формуласын жазамыз.
4-тапсырма. Диаграмма құру.
Жұмыстық парағына 5-суреттегідей кесте құрыңыз;
5-сурет – Сыйлық ақы төлемдер кестесі
Кестедағы Барлығыбағанында СУММ функциясын пайдаланып , оның аргументінде ұяшықтар диапазонын көрсетіп, формуланы қалған ұшықтарға көшіру арқылы қажет мәліметтерді толтырып алыңыз;
Осы кесте үшін екі диаграмма құрыңыз:
- Егинбаевтың ай сайынғы алған премияларын көрсететін дөңгелек диаграмма (Круговая диаграмма), ол үшін:
1) Қажет мәліметтер тұрған диапазонды белгілеп алыңыз;
2) Саймандар панеліндегі Диаграммы батырмасына шертіп, пайда болған терезеден Круговаятипін таңдаңыз;
3) Диаграмма параметрлерін өзгертіңіз де сол бетке орналастырыңыз.
- Баған түріндегі диаграмманы (гистограмма) өзіңіз қалаған мәліметтер үшін өз бетіңізше орындап көріңіз .
Беттің атын Диаграммыдеп өзгертіңіз.