Наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар енгізілмейді.
Ылмыстық сот төрелігін жүзеге асыруға қатысудағы алқабилердің рөлі
Еліміздегі алқабилер соты 10 адамнан тұратын алқабилерден және 1 кәсіби судьядан тұрады. Бұлар қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың құрамына кіреді. Алқабилер қатысуына жататын істер: ҚР қылмыстық кодексінің 170,175, 177, 178, 184, 255, 298 баптарындағы қылмыстар, төтенше жағдайлар мен жаппай тәртіпсіздіктерде жасалатын адам өлтіру, соғыс кезінде және ұрыс уақытында жасалатын әскери қылмыстар туралы істерді санамағанда, жасағаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазалары қолданылатын қылмыстар жайлы және де 125, 128, 132, 135 көзделетін аса ауыр қылмыстар жайлы істер кіреді. Алқабилер соты қылмысқа тартылғандардың қылмысты немесе қылмысты емес екендігі жайлы және оларды жазалау санкциялары жайлы сұрақты реттейді және шешеді. Бұл жағдайда алқабилер мен судья бүкіл сұрақтарды шешуде тең құқыққа ие.
Алқаби - сот кезінде қылмыстық істерді заңды тәртіппен қарауға тиісті және ант қабылдаған ҚР-ның азаматы. Осы ретте, алқабилер болып кімдер тағайындалады және қалай сайланады деген сұрақтар пайда болады. Алқа билердің сотқа қатысуы - азаматтардың қылмыстық процестерде құқықтарын қорғаудың кепілді және дамыған демократиялық коғамның институттарының бірі. Сот жүйесінің қарқынды даму жолындағы жаңа институтты енгізу-сот тәуелсіздігін нығайтып,
Халықтың сотқа деген көлеңкелі көзқарасын жойып қана қоймай, оған сенімін арттырады.
Азақстан Республикасында алқабилер сотының пайда болуы – тәуелсіздік алған кезден бастап әлемдік талапқа сай құқықтық мемлекет құруға жасалған ұмтылыстың нәтижесі. Жалпы құқықтық мемлекеттің басты қағидаттары сот әділдігінің заң шеңберінде атқарылуынан, сотқа барша халықтың қолжетімділігінен көрінеді. Сол секілді,халықтың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы мемлекеттің демократиялық бағытта дамуының бірденбір көрсеткіші болып есептеледі. Өйткені, бұл үрдіс онда қабылданған шешімнің заңды ғана емес, сонымен бірге әділетті болуына да ықпал етеді. Адам баласы өз табиғатында қатарларымен араласуға ынталы. Сол сияқты,сотты болып жатқан азаматтар да өзін еркін сезінетін ортада, өз әрекетіне баға берілгенін қалайды. Алқабилер сотына қажеттілік адамдардың болмысындағы осы ерекшелік сұранысты өтеуден пайда болған. Бірқатар мәліметтер бұл жүйенің түп атасы ежелгі Рим дегенді айтады. Негізінде, алғаш алқабилер соты он екінші ғасырда Англияда пайда болып, құқықтық тұрғыда «Адамдар бостандықтарының хартиясымен» бекітілген. Сол уақыттан бері бұл институт әлемде әр елдің менталитеті, даму ерекшелігіне сай қызмет етіп келеді.
Алқабилер институты Қазақстанда 1998 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 75бабына енгізілген «қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады» деген өзгеріс негізінде пайда болды. Алайда, ол уақытта сот әділдігін атқарудың бұл түрі бірден толыққанды қолға алынып, жүзеге асырыла қоймады. Оған еліміздің сол кездегі экономикалық және саяси дамуында орын алған объективтік жағдайлар әсер етті. Ол шын мәнінде осыдан тоғыз жыл өткеннен кейін жұмыс істей бастады. Осы аралықтағы уақыт «Алқабилер институты әлемде қалай жүзеге асып жатыр,пайдасы қалай, қалай қолданылса тиімді?» деген мәселелерді зерттеп, зерделеуге, оңтайлы жолдарын игеруге кетті.
Жылдан бастап Жоғарғы Соттың қазіргі төрағасы Қайрат Мәмидің басшылығымен алқабилерді сотқа қатыстыру мәселесі бойынша Алматымен Астана қалаларында кең ауқымдағы халықаралық конференциялар өте бастады. Соның нәтижесінде 2007 жылы арнайы заң қабылданды.
Демек, бұл Қазақстандағы алқабилер сотының өзге елдерге қарағанда өз ерекшелігі бар деген сөз. Бізде алқа билердің міндеті, жұмыс ауқымы англосаксондық үлгіден бөлек көрінеді. Жанжақты ізденіс, зерделеу жұмыстары нәтижесінде біздің еліміз үшін алқабилер сотының англосаксондықтан өзгеше континенталды үлгісі жасалып, қабылданған болатын. Англосаксондық құқықта алқабилер қылмыстық оқиғаны және қылмыстық фактіні анықтап береді де шешімді судья қабылдайды. Осы шарадан соң ғана жаза тағайындалады. Жазаны судья тағайындайды. Ал, бізде алқабилер судьяның қатысуымен қылмыстық оқиғаны, сотталушының кінәлі екенін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар, судьямен бірге жаза тайындауға қатысып,сотталушыға қандай жаза тағайындау керек екенін де шешеді. Яғни, Қазақстанда алқабилер мен сот төрағасының құқықтары бірдей, олар кеңесу бөлмесінде бірге болады. Барлық қойылатын сұрақтарға бірдей жауап береді. Сонымен қатар, жаза тағайындауға алқа билер тізім бойынша қатысады. Тек қана онда судьяның бар құзыреті алқабилер анықтап берген қылмыс ауқымын заңға сәйкестендіріп саралау. Оларда сот отырысына қатысатын алқабилер құрамы он екі адам болса, бізде оның саны он адамнан тұрады.
Алқабилер туралы» ҚР-ның заңына байланысты, алқабилердің тағайындалу жұмысына ҚР азаматтарының қатысуына жол беру мақсатымен жергілікті атқарушы органдар әр жыл сайын алқабиге тағайындалатын кандидаттар алынатын жылдың бірінші желтоқсанына кездейсоқ іріктеп алу арқасында алқабиге кандидаттарының ең басты, біріңғай және қосалқы тізімдері бірнеше соттарға жіберіледі.
Алқабилер туралы ҚР заңының 10-бабына сәйкес Алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптар анықталған:
1) Жиырма бес жасқа толмаған;
2) өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар;
3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi;
4) судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, адвокаттар, мемлекеттiк қызметшiлер мен әскери қызметшiлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерi;
наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар енгізілмейді.
Соңғы жиырма жыл ішінде сот реформасын жүрген елдердің, Ресейді санамағанда алқабилермен іс жүргізідің англо-саксондық түрі он елде ғана жүргізілген. Осы елдерде де қылмыстық істердің көп бөлігін кәсіби судьялардың өздері қарастырады. Ал өзге елдерде қылмыстық, азаматтық істердіде кәсіби судьялардың өздері жүргізеді. Яғни, бүкіл әлем елдерінің көбісі тек кәсіби судьялар қарастыратын немесе олармен бірге алқабилер бірігіп шешім шығаратын соттармен жұмыс жасасып отыр.
Р-нда 2006 жылы қабылданған алқабилерге қатысты заң, Еуропадағы ескі континенталдық түрін енгізген елдерді алқабилерін қатыстырып, сот істерін қарау практикасын толықтай зерттеп, соған сүйініп жазылған. Осы заң қабылданған кейін 2006 жылы мемлекетімізде қылмыстық процесстік заңға толықтырулар енгізілді және 2017 жылы 1 қаңтарда республикамызда алқабилер қатысуымен қылмыстық істер қарала бастады. 2007-2009 жылдар аралығында алқабилер қараған қылмыстық істер облыстық соттың қол астында болды және бұлар қылмыстық заңмен өлім жазасы қолданылатын қылмыстар бойынша істерді алқабилермен қарады. Соңғы жеті жыл ішінде алқабилермен қарастырылған істер саны жыл сайын көбейе бастады. 2007 жылы – 36, 2008 жылы – 42, 2009 жылы - 52 қылмыстық істер қарастырылды. Сонымен қоса, соңғы жылдары 133 адамға ақтау үкімі шығарылып, осы көрсеткіш қарастырылған қылмыстық істер бойынша сотталған адамдардың 8,5 пайызын көрсетеді. Бұл жай соттарда шығарылатын осындай үкімдерден сегіз есе көп. Бірақ 2013 жылдың соңында заңға өзгерістер енгізіліп алқабилер соты қарастыратын қылмыстық істер саны азайтылды. 2015 жылдың басында елде алқабилер соты он адамға байланысты тек сегіз қылмыстық іс қарады.