Жер құқықтық жауаптылыққа жатпайды?
A) жер учаскесінің нысаналы мақсатын бұзу;
B) ұтымды пайдалануережелерін бұзу;
C) жер учаскесін уақтылы пайдаланбау;
D) жер учаскесін пайдаланусыз қалдыру;
E) аталғандардың барлығы.
10. Заңды жауаптылықтың негіздері болуы мүмкін:
A) құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік;
B) құқыққа сай әрекет немесе әрекетсіздік;
C) кері салдарға ие құқық бұзушылықтар;
D) кері салдарға ие емес құқық бұзушылықтар;
E) құқық қатынастарының болмауы.
11. Жер пайдаланудың ерекше түрі болып табылады:
A) қызметтік жер телімдері;
B) шартты жер үлестері;
C) жер учаскесін жалға беру;
D) жер учаскесінің кепілі;
E) уақытша жер пайдалану.
12. Жер учаскесін жеке меншікке беру негіздері:
A) жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның қорытындысы;
B) жергілікті өкілді органның шешімі;
C) жергілікті атқарушы органның шешімі;
D) жер ресурстарын басқару жөніндегі органның қорытындысы;
E) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімі.
Негізгі әдебиеттер:
1.ҚР Конституциясы.
2. ҚР Орман кодексі 23.01.93 ж.
3. Жер кодексі
4. Закон «Об охране здоровья граждан в РК» от 19.05.97 г.
5. Закон «Об охране атмосферного воздуха» от 12.06.81 г.
6. Закон «О санитарно – эпидемическом благополучии населения» от 8.07.99
Қосымша әдебиеттер:
7. Архипов И.П. «Земельное право РК» Алмата, 97г.
8. Байделбдинов Д.Л. «Экологическое законодательство РК» Алмата, 97 г.
9. Байсалов С.Б. «Комментарий к лесному кодексу РК» Алмата, 98 г.
10. Боголюбов С.А. «Экологическое право» М., 98 г.
11. Ерофеев Б.В. «Экологическое право» М., 2000 г.
11- тақырып Қазақстан Республикасының жер құқығы негіздері
Практикалық сабақтың жоспары:
1. Жер құқығының түсінігі, жүйесі.
2. Жер құқығы қатынастарының объектісі. Жер құқығы қатынастарының субъектілері.
3. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлері.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасыны оқу орындарындағы студенттердің қызыметтік міндеттерін келешекте кәсібеи деңгейде орындау үшін қажетті білім, іскерлік және дағдыларды жасақтауға жұмылдырудан тұрады. Студенттерді мемлекеттік басқару жүйесімен, басқару нысаны және әдістерімен басқаруға зандылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдермен таныстыру.
Бақылау сұрақтары:
Құқықтық қорғауға жататын экологиялық жүйелер.
Қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру.
Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
Қандай қоғамдық қатынастар жер құқығы пәні болып табылады ?
Жер құқығының қағидалары.
Жер қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі әдістері қандай ?
Жер құқығы қайнар көздерінің түсінігі.
Жер құқығы жалпы бөлімінің нормалары мен институттары оның ерекше бөлімінің нормалары мен институттарынан немен ерекшеленеді ?
Глоссарий:
Жер – кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемімен, жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы, әрі халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның маңызды бөлігі..
Жер құқығының пәні - обьектісі жер болып табылатын қоғамдық жер қатынастары.
Жер құқығы қатынастары – жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субьектілерге жер учасклерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар;
Меншік құқығының обьектілері –мемлекеттік және жеке меншіктегі жер;
Жер учаскесіне жеке меншік құқығы – азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін заңда көзделген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және билік ету құқығы;
Жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша пайдалану құқығы – жер учаскесінің меншік иесі мен уақытша пайдаланушы (жалға алушы немесе өтеусіз пайдаланушы) арасындағы жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарт негізінде туындайтын, субьектінің жер учаскесін иелену және пайдалану құқығы.
Жер кадастры – жер туралы мәліметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрлардың құрамдас бөлігі;
Жерді қорғау – бұл, ең алдымен, оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау;
Жерге орналастыру – жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қ Р жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс – шаралар жүйесі болып табылады.