Халықаралық құқықтың жүйесі.

Құқық жүйесі мен халықаралық құқық (жекеше алып қарастырғанда) жүйесі жайындағы мәселелер маңызды болып келеді. Екі ұғымды айта кетуге болады, яғни ұлттық құқықтың жүйесі (яғни ішкі мемлекеттік құқық жүйесі) мен халықаралық құық жүйесі. Бұл ұғымның әрқайсысы бірдей болып табылмайды, сонымен қатар, олар әр түрлі кеңістікте әрқалай жүреді. Ұлттық құық жүйесі салаларға, институттар мен нормаларға бөлінуін көрсетеді; яғни жария құқықтық, жеке құқықтық,, қылмыстық құқықтық және т.б. Ұлттық құқық жүйесі, әрбір жеке алып қарастырылатын мемлекетке тән нәрсе. Халықаралық құқық жүйесі бір ғана халықаралық құқықтың мемлекетаралық сипатынан туындайды. Бұл жүйеде жалпы және ерекше бөлімдерге бөлінуі көрсетіледі, осы шеңберде қандай да бір салаларға жататындығы, институттарға бөлінуі, ең ақыры нормаларға келіп тіреледі. Мұның үш тармаққа бөлінуі халықаралық құқықтың ерекше бөліміне қатысты болып саналады. Жалпы бөлімінде, тек негізгі кіріспелік сипатындағы тараулары жайында айтылады, алайда олардың біразы халықаралық құқықтың нақты нормаларын қайткенмен де біріктіре түседі. Соған сәйкес, олардың шеңберінде халықаралық қатынастардың нақты реттелуі жүзеге асырылады, мысалға халықаралық шарттардың құқығы, халықаралық құқықтағы жауапкершілік, халықаралық ұйымдардың құқығы.

Жалпы бөлім ішіне мыналар кіреді:

Халықаралық құқық ұғымы, тарихы, қызметі, қағидалары;

Халықаралық құқық субьектілері;

Халықаралық құқық қайнар көздері;

Халықаралық шарттар құқығы;

Халықаралық ұйымдар құқығы;

Халықаралық құқықтағы жауапкершілік.

Ерекше бөлім ішіне:

Халықаралық қаіпсіздік құқығы және дауларды бейбіт жолмен реттеу;

Дипломатиялық және консулдық құқық;

Адамның халықаралық құқықтары мен халық мәселесі;

Халықаралық құқықтағы жер мәселесі;

Халықаралық қоғамдық құқық;

Халықаралық экономикалық құқық;

Халықаралық теңіз құқығы;

Халықаралық әуе құқығы;

Халықаралық экологиялық құқық;

Халықаралық ғарыш құқығы;

Халықаралық қылмыстық құқық.

Халықаралық құқық – бұл құқықтың әр түрлі: саяси,экономикалық және мемлекетер арасындағы басқа да өзара қарым-қатнасты, сонымен қатар халықаралық өзара қарым – қатнасқа қатысушы басқа да құрлымдарды реттейтін құқық саласы. Ол мемлекет ішішдегі басқа да құқықтар саласынан өзгеше болатын құқтың айрықша жүйесі ғана емес. Халықаралық құқық халықаралық өзара қарым-қатнасты реттейтін және мемлекетің келісім еркін білдіретін келісім және жай нормалар қағидаларының жүйесін білдіреді.

Халықаралық құқықты сақтау,халықаралық құқықтың белгіленген шегі және үлгісі көлемінде жеке және алқалы өлшеммен қамтамасыз етіледі.

Құқық тұжырымы халықаралық құқыққа да жатады. Оны анықтаудағы әрбір элементінің халықаралық құқықта өз ерекшелегі болады. мысалы, халықаралық құқыққа құқықтың дәстүрлі белгілері тән:мемлекеттік еркіндік сипатағы құблыс ; заңдық нормалары белгілі бір қоғамдық өзара қарым-қатнастарды реттеу ;халықаралық құқықтың нормаларды сақтауды мәжбүрлі қамтамасыз ету.

Бұлармен бірге, халықаралық құқықа бір неше өзіндік ерекшеліктер тән.

Реттеу саласы.Халықаралық құқықтың мемлекетпен пайда болу негізінен байланысты екеніне қарамастан,ол жеке мемлекет құқығы немесе мемлекет үстінен қарайтын құық болып табылмайды. Ол мемлекетердің өзара достық қарым-қатынастардың орнықтыратын және оны қамтамасыз ететін халықаралық құқық болып табылады.Бұл қарым-қатнас ереже бойынша, саяси,экономикалық және басқа да, өзінің әр түрлі табиғи деңгейіне,саяси жағына,ішкі құрылымына,аумақтық бөлігіне, тұрғындардың санына байланысты әр түрлі болатын, мемлекетердің арасындағы қатнастар.Тағы бір айта кететін жай, халықаралық құқық саласын халықаралық қатынас объектісі-бұл,құқық субъектілерінің жалпыға бірдей танылған қағидалар мен халықаралық өзара қатынас нормалары негізінде бір-бірімен құқықтың қатынасқа түсуі.Объектінің түрін үшке бөледі:Аймақ,іс-әрекет (қызмет), істен бас тарту. Мысалға, аймақ мәселесі объект ретінде жиі кездеседі, әсірес әскери жағынан.Бейбітшілік мәселесі, өзара көмекті түсіне білу, бұл мемлекеттер арасындағы әр түрлі құқықтың қарым – қатынастың обътісі болады. Бейтараптық, соғыс жүргізудің заңдары мен дәстүрлері туралы проблемалар, объектісі, халықаралықтың құқықтың қағидаларымен нормалары қайшы келмеуге тиіс.

Халықаралық құқықтың өзара қарым-қатнастық аймағы кеңейген сайын, объектінің де шеңбері ұлғая түсуде. Мысалға, ғарыштық байланыстың құқығы, атомдық қуатты бейбіт мақсатта пайдалану , ішкі континенттік мемлекеттердің мәртебесі сияқты жаңа бағыттар, объектінің жаңа жүйесін құрайды. Халықаралық құқықтың мемлекеттік құқықтан тағы бір айырмашылығы , ол – құқықтың норманы қамтамасыз ету қабілеті. Құқықтың субътілерімен келісімге келуден басқа да, халықаралық құқықтық мәжбүрлеу шараларын қолданады. Соңғысына, жекеше және ұйымдық қасиет тән. Халықаралық құқықтың нормасы мемлекеттер арасындағы өзара келісім жасау кезінде қа лыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, халықаралық құқықтың, құқықтың аз немесе одан көп негізгі өзіне тән ерекшілігі б ар.

Мемлекеттің ішкі құқығының барлық саласындағы тұлғасы,яғни құқық пен міндеттің иегері , заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Халықаралық құқық тұлғалары екі топқа бөлінеді:

1-топ-негізгі тұлғалар (субъектілер)

а) егеменді мемлекеттер:

б) өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан ұлттар мен хадлықтар.

2-топ- қайталама топтар:

в) халықаралық ұйымдар;

г) мемлекетке ұқсас құрылымдар (образование)

Соңғы жылдары халықаралық құқықтың дамуында , халықаралық құқық субъектісін дамуында халықаралық құқық субъектісінің теорисының кең қолдау тапты.

Халықаралық құқық нормаларының қалыптасу қабілетті оның ерекшілігі болып табылады.

Мемдлекеттің ішкі құқықтарын мемлекеттің арнайы органдары құщрады және ұлттың тікелей құқықтық субъектілеріне міндетті болды.

Халықаралық құқықтың қалыптасуы үрдесі басқаша болады. Берілген үрдіс негізінде мемлекеттермен келісімге келу, ілімі (теориясы), халықаралық құқықтың нормасын құру әдісі ұқсас. Бұл ілім, Г.И.Тункиннің халықаралық құқықтары еңбектерінде дамытылған және ілім мен тәжірибенің негізі болып табылады.

Бұл ілімге байланысты халыаралық құқықтың нормасы келісулі немесе жай және мемлекеттердің өзара келісімімен болады. Халықаралық құқық нормасы екі, бірнеше немесе көп мемлекеттердің өзара келісімдері арқылы қатысушыларының ең маңызды және жалпы мінез-құлқы тән .

Халықаралық құқықтың негізгі қағидасы халықаралық қатнастың және халықаралық құқықтың қазіргі кездегі жүйесінің ең маңызды заңдылығын білдіреді.

Қағидалар жүйесіне мыналар тән:

1)әмбебаптық (универсалдық);

2)жалпыдан қолдау тапқан ;

3)жалпыға міндеттілік ;

4)тұрақтылық.

Бұл халықаралық құқық жүйесіндегілердің соңғысын , оладың құрамының ерекшеліктерін анықтайды. Негізгі қағидалары құқықтық формаға рәсімделеді , егер « жалпы халықаралық құқықтың императивтік нормасы, норма болып табылса халықаралық өзара қарым-атнастағы мемлекттер оны тұтастай қабылдайды және мойындайды». БҰҰ Жарғысының екінші бабы, оның іске ауысуының негізгі қағидалары мен оны қамтамасыз ету шараларын анықтайды. Одан басқа, мазмұнның негізгі қағидалары, халықаралық құқықтың қағидалары туралы 1970 жылы қабылданған Декларацияда ашып көрсетілген.1975 жылы қабылданған Хельсинки кеңесі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық мәжілісінің Қорытынды актісінде негізгі қағидаларының мазмұны әрі қарай дамыған.

Наши рекомендации