Семьяның жекелену себептері және оның әлеуметтік салдары
Туыстық құрылымның және оған тән экзогамияның пайда болуына байланысты алғашқы қауымдық қоғамда неке, яғни жыныстар арасындағы қатынастарды реттейтін ерекше институт пайда болды. Онымен бірге және кейбір басқа да түсініктер бойынша, кейінірек, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды реттейтін отбасылық институт пайда болды.Некенің алғашқы түрі жөніндегі мәселе әлі күнге дейін толығымен шешілген жоқ. Этнографиялық мәліметтер бойынша, тарихи реконструкциялар екі түрлі. Біріншісі, некенің алғашқы түрі – топтық неке болып, ол кейіннен жеке неке мен отбасының түрлі нысандарына алмасты. Екіншісі - қоғам дамуының ең алғашқы кезеңінен-ақ жеке отбасы болған деген пікір.Бірінші пікірді ең алғаш ұсынған Л.Г.Морган. Ол біртіндеп алмасып отырған отбасының 5 түрін атады.Олар: қандас туыс, пуналуалды (индусша: пуналуа -құрдастар), жұптық, аралық патриархалдық және моногамды. Алғашқы екі түрі топтық некеге, ал қалғандары жеке некеге негізделеді.Ғалымдардың екінші бір тобының пікірі бойынша, дамуы жөнінен артта қалған ертедегі аңшылар, балықшыларда және т. б. жұптық неке мен отбасы болған. Осы кезеңде жұптық неке мен отбасының болғанын бірқатар археологиялық мәліметтер дәлелдейді.Алғашқы қауымда сақталып қалған еңбектің табиғи бөлінуі жыныстары мен жастарына байланысты ерекшеленген топтардың тіршілік етіп, олардың құқықтары мен міндеттері, әдет-ғұрыптары қалыптасты. Дамудың дәл осы кезеңінде жалпы мәдени деңгейдің жоғарылауына байланысты осындай топтардың институттары құрылды (жеке бастылар, жігіттер, қыздар, әйелдер үйлері, т.б.). Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары – ерлер топтары, әсіресе, ер адамдар үйлері болды. Оларда ерлердің жиналыстары өтіп, түрлі әдет-ғұрыптарға байланысты жұмыстар жүргізілді, қонақ күтілді және т.б. Әйелдер мен иниципияланған жасөспірімдерге еркектер үйіне кіруге рұқсат берілмеді. Көп туысты қауымдарда әрбір туыстың жеке ер адамдар үйі болды.Жынысқа байланысты бөліну тек кеңістіктік қана болған жоқ, көбіне ер адамдар мен әйел адамдар бөлек жұмыс істеп, бөлек тамақтанды да, олардың жеке меншіктері де өз алдына бөлек болды. Көптеген папуас тайпаларында ер адамдар өздері отырғызған ағаштарға, малдарға, еңбек құралдарына иелік етсе, әйел адамдар өздері еккен бақша дақылдарына, ас үй жабдықтарына иелік етті. Тек қана балалар мен әйелдердің тұратын үйлері ортақ болып саналды.Жыныстары мен жастарына байланысты бөлінген топтардың орны олардың еңбекті бөлудегі рөлінен және туыстық жеке меншікке қатынасына байланысты анықталды. Егін және мал шаруашылығында тек қана еркектер емес, әйелдер де жұмыс істеді. Осы кезеңде адамдар өмірінің ұзақтығының жоғарылауына және әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты ересек еркектердің басқаруы анығырақ байқалды.Алғашқы қауымның соңғы кезеңдерінде де жұптық неке үстем болды. Бұл неке екі жақтың кез келгенінің ұйғарымы бойынша оңай бұзылатын еді. Кейбір тайпаларда көп әйел алушылық жиі кездесті. Ал екінші бір тайпаларда полиандрия (бірнеше күйеу болу), әсіресе левиратты – ағайындыларға күйеуге шығу көп кездесті. Алғашқы кезде шаруашылықтың екі түрі де болғандықтан кейде полигиния мен полиандрия қатар жүрді.Мысалы, ХVІІғасырдағы егін шаруашылығымен айналысатын гурондар мен ирокездерде ерлерінің қосымша әйелдері, ал әйелдерінің қосымша күйеулері болды, ал гурондарда бұлардан басқа аңға шыққанда әйелдері ретінде алып жүретін аңшы қыздар болған. И.Е.Вениаминовтың айтуы бойынша алеуттер мен тлинкиттерде әйелдердің екі күйеуі, біреуі негізгі, екіншісі көмекшісі болған. Бұл кездері біраз уақыттарға дейін некелер кросскузенді болып, қауымдық туыстық ұжымдар арасындағы байланыстардың ұлғаюына байланысты кросскузендік некелер бірте-бірте жойылып кетті. Үйленудің түрлі дәстүрлері, некені заңды түрде тіркеу, екі жақтың ата-аналарының арасында бір-біріне сыйлық ұсыну, т.б. пайда болды.
54.Таптық қоғамдағы алғашқы тұрмыстық шеткі аймақтар.Феодалдық мемлекеттердің көпшілігі қалыптасқан б.э. 1 мың.жыл-ң 2 жарт. дейін алғашқы қауымдық периферия өзінің көлемі жағынан ертедегі өркениет ошақтарынан әлдеқайда үлкен болды.Көне әлемде оған адам аяғы баспаған биік таулы және шөл далалы аймақтарды қоспағанның өзінде Арктика, Субарктика және Евразияның тропиктік орманды аймағы жатты.Жаңа әлемдегі Мезоамерика мен Анд тауларының кейбір ерте қоспағанда осы көне әлемге қарады.Европалық колонияландыру уақытына дейін бұл аймақта таптық қоғамның қалыптасуы қарқынды жүріп жатқанымен, тек европалықтардан кейін ғана ол қоғам толығымен орнады.Өркениет және оның алғашқы қауымдық перифериясы оның әртүрлі түрлері мен түрлі байланыстардың түзілуіне әкеп соғатын, сол сияқты әлем тарихының бірін-бірі ауыстыратын баспалдақтары арқылы бөлінеді.Алғашқы қауымдық периферия жақын және алыс болып бөлінді. Жақын периферия жылдамырақ, алыс периферия жай дамыды,дамыған және артта қалған перифериялар пайда болды. Таптық қоғамға қатынасты орнына сәйкес алғашқы қауымдық периферия сыртқы (өркениет ареалынан тыс орналасқан) және ішкі (осы ареал шектеріндегі) болып бөлінді. Бірақ жақын периферия әскери күш арқылы көрші таптық қоғамды өзіне бағындырды. Бұндай жағдайда екінші реттік алғашқы қауымдық периферия қалыптасып, олар жаулап алушылар таптық қоғамға өткенге дейін сақталды. Бұндай жағдай тарихта варварлық жаулап алудың салдары ретінде жиі кездесті.Өркениет пен қазіргі заманғы алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы байланыстар түрліше: бір не екі жақты, тікелей не қосымша, бейбіт және әскери сипатта болды.Жақын перифериямен арада ал қосымша байланысты жақын периферия арқылы алыс перифериямен қатынас барысында пайда болды. Бейбіт байланыстардың ішінде негізгі түрлері-алмасу саудасы, миграция және инфильтрация арқылы, сол сияқты көпшілік және элитарлық, әскери байланыстардан - әскери тонаушылық және жаулап алу, т.б. түрлері болды. Ең кең таралғаны – шаруашылық байланыстар.Олар арқылы еңбекті қоғамдық бөлу және кейбір жағдайда жаңа шаруашылық - мәдениет типтері мен тип тармақтары түзілді.Мысалы,Оңтүстік-батыс Азияда б.э.д. 1 мың.жылда керуен саудаларының қажеттері көшпелі түйекештер тап түзілу үрдісінің алдында тұрған шаруашылық-мәдени тип тармағының бедуин тайпаларының арасында таралуына жағдай жасады.Қоғамдық құрылымның салыстырмалы автономиялылығына байланысты рухани-идеологиялық байланыстар саласында біршама мүмкіндіктер ашылды. Египеттік Күн ладьясының бейнесі Күннің айналымы туралы мифтің көрінісі екендігі баршаға болды және ол Закавказье, Оңтүстік Швеция, Карелия мен көптеген сібір өзендері сағаларынан табылған.Бұл мифологиялық мәліметтің кең таралуы Евразияның үлкен территорияға таралғандығын дәлелдейді. Орта ғасырда бұндай бүкіл әлемдік дін түрлері,- христиан, ислам, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттің жақын және алыс алғашқы қауымдық перифериясына таралды,олар қоғамдық және отбасылық тұрмысқа әсерін тигізді.Ертедегі таптық қоғамдар бір - бірімен үнемі өзара қақтығыста болды. Алғашқы қауымдық қоғамдар өздерінің билік орындарын қорғау мақсатында ертедегі өркениеттерді жаулап алып отырды. Мысалы, б.э.д. 2 мыңыншы жылдары энеолитикалық тайпалар Үндістанның Харапп өркениетінің Гуджерат тармағын, ал 1 мыңыншы жылдың ортасында чичимектердің аң аулаумен айналысатын тайпалар Мезоамериканың Толтек өркениетін жаулап алған.Ертедегі Жерорта теңізіндегі өркениеттер арасындағы алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы қарым - қатынастың маңызы екі жақ үшін бұрынғыдан да арта түсті. Греция мен Рим үшін алғашқы қауымдық периферия құлдардың шығу көзі болды. Грек пен Римнің колониялық экспансиялары алғашқы қауымдар жерінде өндірістің ертедегі әдістерін дамытты. Нәтижесінде,АҚП-ны пайдалану ертедегі өркениеттің сақталып қалуына жағдай жасайтын негізгі факторлардың бірі болды. Жақын периферияның тайпалары бір жағынан жыртқыштардың экспансиясына ұшыраса, екінші жағынан оның көрінуіне стимул болды және осының нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамдар құлаған Рим империясының орнында қалған феодализмнің әсер етуші факторы болды.Орта ғасырға қарай өркениет ареалы кеңейіп, шығысқа қарағанда батыста ұлғая түсті.Батыс Европада АҚП ХІ ғасырға дейін солтүстікте тек нормандар,ал оңтүстікте кейбір горлық қоғамдар болды. Ал бұл кезде Шығыс Европа, Азия мен Африкада, сол сияқты Америкада таптық қоғамдар өздерінің ішкі және сыртқы алғашқы қауымдық перифериясын түгелдей қамтып,монғол, араб, т.б. тарапынан варварлық жаулап алушылықтарға ұшырады.Орта ғасырда ашылған Ұлы географиялық жаңалықтар және олардан соңғы батыс европа елдерінің колониялық экспансиясы алғашқы қауымдық периферияда көбінесе жоюшылық сипат алды. Оның себебі, батыс европа елдерінің колониялары олардан мұхит, теңіздер арқылы бөлініп, орталық пен перифериядағы халықтың бір-бірімен байланысын шектеді.Таптық және алғашқы қауымдық қоғамның қатынастарының ассиметриялық сипаты капитализм кезінде ең жоғарғы шегіне жетті. Басқа кезеңдердің қарағанда капитализмнің қуаты өте күшті болды.Әлемнің біршама бөлігін құрайтын АҚП бастапқы кездегі капиталдың жинақталуында,өнеркәсіптің капиталистік жолмен дамуында маңызды рөл атқарды.
55.Неандертальдықтардың шығу уақыты және мекендеген ортасы
Орта плейстоценнің аяғына және жоғары плейстоценге жаңа ғана сипатталып, жазылғандар мен адамның осы заманғы түрінің арасындағы аралық жағдайды алып жатқан формалар бар. Бұлар аса көп морфологиялық сан алуандығымен сипатталады және тіпті әр алуан түр ретінде талай рет сипатталып жазылды, Бірақ оларды неғұрлым мұқият зерттеу басқаша Германиядағы Дюссельдорф маңынан(1856) , алғаш табылған олжалардың аты бойынша неандертальдық адам деп аталған олардың бәрі бір түрге жататындығын көрсетеді.Ересек неандертальдықтар мен неандертальдық балалардың қаңқа қалдықтары Англияда, Бельгияда, Германияда, Францияда, Испанияда, Италияда, Швейцарияда, Югославияда, Чехословакияда, Венгрияда, Қырымда, Африка материгінің түрлі аймақтарында, Орта Азияда, Палестинада, Иранда, Иракта, Қытайда, Явада табылған. Бұл аймақтарда осы уақытқа дейін жаңа ашылулар табылып жатыр және жыл сайын жаңа олжалар табыла түсуде. Бұл қаңқалардың көпшілік бөлігі үңгір және сирегірек ашық тұрақтардың мәдени қабаттарынан табылған, бірақ бірқатар жағдайларда бұлар геологиялық және басқа да жер қазу жұмыстарында кездейсоқ табылған. Неандертальдықтардың морфологиялық типі ең көне гоминидтердің физикалық ерекшеліктеріне қарағанда әлде қайда жақсы дамыған. Сүйек тұрпаттарын зерттеу неандертальдыңтар орта бойлы және барлық жалпақтың көлемдері, сірә, осы заманғы адамның осындай көлемдерінен асып түсетін төтенше күшті құрылысты адамдар болғанын көрсетеді.Көк еттері бекітілген жердегі сүйектердің үстіндегі едәуір бұлшық еттері күшті дамыған. Неандертальдық өте оңтайлы да, тез жүретін жануарларды аулағандықтарына қарағанда, оның күші жылдамдығымен қосарланғаны көрінеді. Бірақ жылдамдық қасиеті, сірә, барлық мүшелеріне таралмаған болса керек. Мысалы, қол басының пропорциясы осы замандағылардікінен өзгеше еді, қол басының өзі дөрекілеу де ауырлау болатын, нәзік қозғалыстарға оның оралымдылығы мен қабілеті, сірә, шектеулі болса керек. Неандертальдықтар миының дамуы қазіргі заман адамдарының миына жақындап келеді. Оның көлемі түрлі формаларда 1200 см3-тен 600 см3-ке дейінгі аралықта ауытқыды. бұларда ойлау функциясы үшін маңызды ассоциативтік орталықтар, сондай-ақ тежеу орталықтары шоғырланған еді. Басқа сөзбен айтқанда логикалық ойлау қабілеті неандертальдықтарда осы заманғы адаммен салыстырғанда шектеулі болды, ал оның мінез-құлқы неандерталь табынында, сірә, қанды соқтығыстарға жиі әкеп соғып отырған морт шамданғыштығымен сипатталатын. Сондай-ақ неандерталь формалардың бас сүйек құрылысында да көптеген маймылдық белгілер сақталғанды. Бас сүйек қорабының биігінде нашар дамығандығымен көзге түсетін, қас-қабақ үсті көбесі кейбір жағдайларда, тіпті ең көне гоминид бас сүйектеріндегі осындай түзілістерден аса түсіп, орасан үлкен көлемге жететін, иек шығындысы жоқ болатын немесе өте нашар білінетін. Арабша «ешкі үңгір» деп аталатын «Мугарет-эс-Схул» үңгірінде 1931-1932 неандертальдықтар олжалармен бір мезеттестігін көрсететін еді. Алайда соңғылардан олар миының неғұрлым дамыған маңдай бөлімдерімен, неғұрлым биік бас сүйегімен өзінің құрылысы жағынан осы заманғы адамның қабақ үстініне жақын келетін кабақ үсті көбесінің аз білінетіндігімен, неғұрлым дамып жетілген иек шығындысымен бір сөзбен айтқанда белгілерінің барлық кешені бойынша осы заманғы адам типіне жақындауымен көзге түсетін. Адам дамуындағы неандерталь сатысын негіздеуде 1939 жылы жасалған Өзбекстандағы (Тешик-Таш үңгіріндегі) неандертальдық олжа зор рөл атқарды. Осы олжа табылғанға дейін археологиялық жағынан нашар зерттелген Орта және Орталық Азия территориясы, неандертальдық шыққан тегіне қарамастан, оны жақтаушылардың еңбектерінде осы заманғы адамның арғы отаны ретінде жиі айтылып келді.Неандертальдықтар таскөмiр ғасырының мустьер мәдениетiн қалыптастырды.