БаҚылау сҰраҚтары
1. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мәні, оның алғышарттары мен шарттары неде?
2. Экономиканы мемлекеттік реттеу қалай сыныпталады?
3. Макроэкономикалық тепе-теңдікті баян етуде қандай қарама-қайшылықтар бар?
4. Шығыстар бойынша ЖҰӨ-ге қандай бөліктер кіріктіріледі?
5. Кірістер бойынша ЖҰӨ-ні қандай элементтер құрайды?
6. Шығыстардың мультипликаторы дегеніміз не?
7. Макроэкономикалық тепе-теңдік жүйесінде салықтардың мультипликаторы қалайша іс-әрекет етеді?
8. Баланстандырылған бюджет мультипликаторының мазмұны қандай?
9. Дискредициялық фискалдық саясат қандай шараларды қарастырады?
10. Дискредициялық емес фискалдық саясат механизмі қалай іс-әрекет етеді?
11. Қаржылық-экономикалық реттеудің бағдарламалары бойынша монетаризм теориясының негізгі айқындамаларын (ұстанымдарын) атап шығыңдар.
12. Кейнс тұжырымдамасына сәйкес сұраным мен ұсынымға салықтар әсерінің сызбасын баяндаңдар.
13. «Ұсыным экономикасының» теориясы салықтарды қалай қарастырады?
14. Тұрақты даму теориясының қағидаттарын атап шығыңдар.
15. Рыноктық тепе-теңдікке салықтар қалай әсер етеді?
16. Инвестициялық капиталдың қозғалысына салық салудың деңгейі қалай әсер етеді?
Тapay. Қаржы рыногы және қор биржасы
Аржы рыногы туралы ұғым
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелiнiп отыратын рыноктық экономикаға көшуi елiмiзде oған қызмет көpceтeтiн барлық институттармен бiрге қаржы рыногының құрылуын талап еттi. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын соңды болған емес.
Қаржы рыногы – бұл әр түрлі нысандардағы ақшалай капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар. Ол рыноктық қатынастар жүйесiнiң құрамды бөлiгi болып табылады, тауар және басқа рыноктармен: табиғат ресурстары, жұмыc күшi, тұрғын үй және басқа жылжымайтын, жер, алтын, сақтық рыноктарымен етене байланысты.
Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында қаржы рыногы қаржылық ресурстарды үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы сондай-aқ кредит рыногы түрiнде де ic-әpeкeт етедi. Қаржы рыногы экономиканың түрлi шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi apacындa ақшаны қайта бөлудi барлық әp түрлi нысанда реттейтiн рыноктық қатынастардың бүкiл жиынтығын бiрiктiретiн неғұрлым жалпы (opтақ) ұғым болып табылады.
Соданда болар, экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикасында қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын кіріктіре отырып кеңiнен түсiндiрiледi. Бұл қаржыны жалпы ақшалай және құндық категорияларға бара-бар категория ретiнде қарастыратын практикамен, негiзiнен әлемдік практикамен байланысты, ійткенi экономикалық ресурстардың кез келген түpi меншiктiң титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиiстi бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.
Ақша рыногы дегенiмiз қолма-қол ақшалай ғaнa емес, сонымен бірге қолма-қолсыз төлемдік қаражаттарды да кіріктіретін төлемдік қаражаттардың рыногы.
Кредит рыногы несиелер бойынша банктердiң кредиттік операцияларымен байланысты; бұған сондай-ақ коммерциялық кредит те жатады.
Ақша мен кредит рыноктары, әдеттегiдей, айналым активтерiнiң қозғалысына қызмет етеді.
Капиталдар рыногында қоғамдық өндiрiс қатысушыларының орта және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын рынок. Бағалы қағаздар рыногы (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпоырндардың, банктердің, мемлекеттің және жеке адамдардың қордаланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдардың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады.
Қаржы рыногында сатып алу-сатудың объектiлерi айрықшалықты тауарлар – aқшaлар және бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.
Сызба. Қаржы рыногы мен бағалы