Азақстан Республикасында шетел азаматтары ретінде кімдер танылады?
A) ҚР аумағында жүрген басқа мемлекеттің азаматтылығы туралы дәлелі бар тұлғалар
C) ҚР азаматтары емес шет ел азаматтары
F) Құқықтық мәртебесі «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» ҚР заңымен анықталатын тұлғалар
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі құрылады:
А) ҚР Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында.
С) ҚР Президентінің судьялардың тәуелсіздігі жөніндегі өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында.
E) ҚР Президентінің судьяларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөніндегі өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің өкілеттіктері:
В) судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді
E) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос орнына кандидатураны қарайды.
H) Жоғарғы Сот Төрағасының бос орнына кандидатураны қарайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының мәртебесі:
А) жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады
E) заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында жергілікті және басқа соттардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады
G) сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні болып табылады:
А) қаржы саласында пайда болатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы
В) мүліктік қатынасар саласында пайда болатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы
С) конституциялық-құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастардың жиынтығы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Президенті:
В) Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.
D) Республиканың Қарулы күштерін қолданады.
F) Күзет қызметін және Республикалық ұланды жасақтайды.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мәслихат депутаттарының шекті саны:
В) облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн
D) қалалық мәслихатта - отызға дейiн
F) аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн
Қазақстан Республикасының Президенті құқылы:
В) Парламент қабылдаған заңды қайталап талқылау мен дауысқа салу үшін кері қайтаруға.
D) заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге
Е) Премьер-Министрді тағайындауға және босатуға.
Қазақстан Республикасының Президенті Республика аумағында төтенше жағдай енгізеді:
В) республиканың демократиялық институттарына тікелей қатер төнген ретте
F) Республиканың саяси тұрақтылығына, азаматтардың қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген ретте.
H) мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте
Қазақстан Республикасының прокуратурасының мәртебесі:
В) Заңдардың, өзге де актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына қадағалауды жүзеге асыратын орган
E) Жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын орган
H) Әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын ҚР Президентiне есеп беретiн орган
Қазақстан Республикасының сот жүйесiн құрайды:
А) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
С) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар
E) мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi т.с.с.) соттар
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне ешкiмнiң тиiспеушiлiгi білдіреді:
B) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды.
C) тұңғыш Президент мемлекетке сатқындық жасау жағдайларын қоспағанда, өз мәртебесiн жүзеге асыруға байланысты iс-әрекеті үшiн жауапты болмайды
E) тиiспеушiлiк оның үй-жайларына, қол жүгiне, көлiгiне, жазылатын хат-хабарларына ... қолданылады
Қазақстан Республикасының Үкіметі жауапты болады:
С) Парламент Мәжілісінің алдында.
Е) Республика Президенті алдында.
H) Республика Парламенті алдында.
Қазақстанда судьяларды тағайындау тәртібі:
В) Жоғарғы Сот судьяларын Республикалық Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген Республика Президентінің ұсынуы мен Сенат сайлайды.
E) жергілікті соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша ҚР Президентi тағайындайды
H) мамандандырылған соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды
Қазақстанда президенттік институты енгізілді:
-1990 жылы 24 сәуірде
-1991 жылы 16 желтоқсанда “Мемлекеттік тәуелсіздік туралы” заңмен
Қаз ССР-ң “Мемлекеттік егемендік туралы” Декларациясымен
1991 жылы 25 қазанда
- “Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және ҚазССР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңмен
H) ҚазССР Жоғарғы Советімен 1990 жылдың 24 сәуірінде.
Қазақстанда судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар:
А) жиырма бес жасқа толған Республика азаматы болуы
E) жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажының болуы
G) бiлiктiлiк емтиханын тапсырған болуы
Қазіргі Республика Парламентінің мәні:
А) Парламент өкілдік сипатқа ие, яғни ол Қазақстан халықтарының мүддесін көздейді, оның атынан өкілдік етеді
С) Парламенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі қызмет мақсаты – заң шығаруды жүзеге асыру болып табылады
G) Парламент тұрақты жұмыс істеу нәтижесінде заң шығару қызметінің үздіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді
Қоғамдық бiрлестiктер құрудың және олардың қызметiнiң принциптерi:
А) Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында тең
В) Азаматтың қоғамдық бiрлестiк қызметiне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшiн негiз бола алмайды
С) Қоғамдық бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) ерiктiлiгi, тең құқықтылығы, өзiн-өзi басқару, қызметiнiң заңдылығы, есептiлiгi мен жариялылығы негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi
Қоғамдық бiрлестiктiң мiндеттерi:
В) өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен және шешiмдермен олардың танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге
F) ҚР заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды сақтауға
G) ақша қаражатының келiп түсуi мен жұмсалуы туралы өз мүшелерiн хабардар етуге
Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары:
А) өз қызметi туралы ақпарат таратуға
С) соттар мен басқада мемлекеттiк органдарда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға
Е) бұқаралық ақпарат құралдарын құруға
Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық принципінің сабақтастығы ҚР Конституциясында бекітілген:
С) ҚР-да идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады
Е) Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей
F) ҚР халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді
Құқықтық мемлекет ретінде қандай мемлекет танылады:
А) құқықтың үстемдігі қамтамасыз етілген мемлекет
В) теократиялық мемлекет
С) жеке тұлғаның мүдделерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекет
М
Мажоритарлық сайлау жүйесі:
A) Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысы бойынша есептеу жүргізетін жүйе
B) Қайта дауыс беру кезiнде басқа үміткерге қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс саны бойынша есептеу жүргізетін жүйе
D) Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады және сайлаушылардың 50% астамының дауысын алу қажет
Мамандандырылған соттарға жатады:
А) әскери соттар
D) әкiмшiлiк соттар
F) кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi соттар
Мәжіліс Бюросының құрамына кiредi:
С) Мәжіліс төрағасының орынбасарлары
F) Мәжілістің тұрақты комитеттерiнiң төрағалары
H) Мәжілісте өкілдік ететін саяси партиялар фракцияларының жетекшілері
Мәжіліс депутатты болып сайлану үшін қойылатын талаптар:
В) Қазақстан Республикасының азаматы болу
D) Жасы жиырма бестен кем болмау
F) Республика аумағында соңғы он жыл тұрақты тұру
Мәжiлiс депутаттығына үміткерге қойылатын талаптар:
А) Мәжіліс депутаты болып сайлану үшiн азамат жасы 25-ке толу керек
C) Жасы 25 толған ҚР азаматы Мәжіліс депутаты бола алады
D) ҚР азаматы болу керек
Мәжiлiс Төрағасының өкілеттігі:
А) Парламент сессияларын ашады.
D) Палаталардың бiрлескен кезектi отырыстарын шақырады.
G) Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етеді.
Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жүзеге асырылады:
D) жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде
Е) тең және төте сайлау құқығы негізінде
H) жасырын дауыс беру арқылы
Мәні бойынша жергiлiктi өзiн-өзi басқару:
А) Халық тiкелей жүзеге асыратын қызмет
E) Мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын қызмет
H) Жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет
Мәслихат сессиясын шақыру тәртiбi:
А) мәслихаттың бiрiншi сессиясын тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады
F) мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады
H) мәслихаттың кезекті сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi
Мәслихаттардың мәртебесі:
А) облыс (республикалық маңызы бар қала және астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) халқы сайлайтын жергiлiктi өкiлдi орган
D) тиісті аумақтың халқының еркiн бiлдiретiн жергiлiктi өкiлдi орган
G) жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын өкілді орган
Мәслихаттардың құзыретiне жататын мәселелер:
С) тиiстi аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын бекіту
E) жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту
G) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру
Мәслихаттардың құрылу тәртібі:
С) мәслихаттарды тиiстi аумақ халқы бес жыл мерзiмге сайлайды
F) жиырма жасқа толған ҚР азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады
H) мәслихаттар жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде құрылады
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылады:
А) Сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша
С) Әкiмнiң ұсынысы бойынша
E) Кезектен тыс сессияны мәслихат сессиясының төрағасы шақырады
Мәслихаттың тексеру комиссиясының мәртебесі:
А) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн құрылады
E) тексеру комиссиясының мүшелерiнiң санын мәслихат белгiлейдi
G) төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асырады
Мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен шешу принципінің жүзеге асырылуы келесі тәртіпте жүзеге асрылады:
A) сайлау және сайлану құқығы арқылы
B) ҚР өкілетті органдардың қызметі арқылы
C) аса маңызды мәселелер бойынша референдум өткізу арқылы
Мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен шешу конституциялық принципінің жүзеге асырылуы мен реттелуі келесі заңнамалық актілермен реттеледі:
А) ҚР-ғы Сайлау туралы конституциялық заңымен реттеледі
В) Республикалық референдум туралы конституциялық заңымен ретеледі
С) ҚР Парламенті және оның құқықтық мәртебесі туралы конституциялық заңмен реттеледі
Мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөлінуі:
A) мемлекеттік билік органдарының бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі мен бір-бірінің қызметтеріне шектеулер қою болып саналады
C) мемлекеттік басқару аппаратында тепе-теңдік, тежемелі жүйенің болуы саналады
D) мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінуін айтамыз
Мемлекеттік егеменділік -
А) Мемлекеттердің басқа мемлекеттердің билігінен тәуелсіз түрде өз аумағында, халықаралық қатынастарда қызметін жүзеге асыру қасиеті
В) Мемлекеттік биліктің үстемдігі, тәуелсіздігі, толықтығымен сипатталатын мемлекеттік қызметің ұыймдастырылуы
С) Мемлекеттік биліктің біртұтастығы
Мемлекеттік егеменділіктің белгілері және оның жүзеге асырылу нысаны:
Е) территориясының біртұтастығы конституциялық нормалармен қамтамасыз етілуі
F) Мемлекеттік биліктің үстемдігі мен тәуелсіздігі мемлекеттің барлық аумағында бекітілген
G) мемлекет территориясында бекітілген құқық жүйесінің үстемдігі
Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша мемлекеттік органдардың түрлері:
В) біртұтас мемлекеттерде - мемлекеттік биліктің жоғары органдары
С) біртұтас мемлекеттерде - мемлекеттік биліктің жергілікті органдары
F) федералдық органдар
Мемлекеттік органдардың белгілеріне жатады:
С) мемлекеттің функциялары мен міндеттерін жүзеге асырады
F) мемлекет белгілеген тәртіпте құрылады, қызмет етеді
H) мемлекеттік-өктем өкілеттіктерді иеленеді
О
Облыстық соттың органдары болып табылады:
В) жалпы отырыс
E) апелляциялық сот алқасы
H) кассациялық сот алқасы
Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiгі:
A) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады
C) учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды
D) мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған үміткерлерді, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi
Ө
Өз өкілеттігі шегінде мемлекет атынан билік жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар:
В) Үкімет.
Е) Парламент.
G) өзге де мемлекеттік органдар
Өкілетті демократияда халықтың егеменділігін жүзеге асырудың нысаны ретінде:
А) Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар халықтың еркiн бiлдiретін орган ретінде бекітілуінде көрініс табады
В) Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығының болуы саналады
D) Парламент - ҚР заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы ретінде мәртебесінің бекітілуі саналады
Өкiлеттiк мерзiмi iшiнде Парламент депутатына қатысты қолдануға болмайтын шаралар:
А) тұтқынға алу, күштеп әкелу
F) сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдану
H) қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, тиiстi Палатаның келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тарту
П
Палата төрағалары сайланғанға дейін Парламенттiң бiрiншi сессиясында төрағалық етедi:
А) бірлескен отырыста Республика Президенті
В) Сенат отырыстарында Республика Президентi
С) Мәжiлiс отырыстарында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
Парламент депутаты мандатынан айырылады:
С) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен кезде
F) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген кезде
H) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде
Парламент депутатының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету шараларына жатады:
В) депутат Парламент қабылдаған құжаттармен қамтамасыз етіледi
D) депутат мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ресми таратылатын ақпараттық, анықтамалық материалдарымен қамтамасыз етіледi
G) депутат Парламент пен оның органдарының ресми таратылатын ақпараттық және анықтамалық материалдарымен қамтамасыз етіледi
Парламент депутатының қызметін материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету шараларына жатады:
А) депутатқа мемлекеттiк тұрғын-үй қорынан тұрмысқа жайлы және жиhазбен жабдықталған тұрғын үй берiледi
Е) депутатқа Астана шегiнде автомобиль көлiгiмен қызмет көрсетіледі
G) депутатқа емдеу-сауықтыру қызметтері көрсетіледі
Парламент депутатының өкілеттігі:
А) заңда белгiленген тәртiппен депутаттық сұрау салу
D) Палатаның үйлестiрушi органына сайлау және оған сайлану
H) сессияның күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар мен ескертпелер енгiзу
Парламент депутатының өкілеттігі тоқтатылады:
В) Ол орнынан түскен немесе қайтыс болған жағдайда
Е) Сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда
G) Сотпен қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда
Парламент заңдар шығаруға хақылы:
C) Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына қатысты
F) Мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты
G) Бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға қатысты
Парламент қабылдаған заңдар Президенттің қол қоюына дейін алдын ала бекітіледі:
A) Парламент Сенатының төрағасының қолымен.
C) Парламент Мәжілісінің төрағасының қолымен.
F) Егер заң жобасын Үкiмет енгiзсе Премьер-Министрдiң қолымен.
Парламент қабылдайтын заңдардың түрлері:
A) Жай заң
D) Конституциялық заң
G) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң
Парламент Мәжілісінің депутаты мандатынан айырылады:
А) егер ол өзін сайлаған саяси партиядан шыққан болса
В) егер ол өзін сайлаған саяси партиядан шығарылған болса
F) депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан
Парламент Мәжілісінің құрамы:
А) жалпы саны жүз жеті депутаттан тұрады
D) тоқсан сегіз депутаты партиялық тізім негізінде сайланады
G) тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды
Парламент Палаталары арнаулы уақытша комиссиялар құрады:
А) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзуде
D) Үкімет мүшелерінің есептерін тыңдауда
F) Республика Президентін науқастануына байланысты қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатуда
Парламент палаталарының лауазымды адамдарды қызметке тағайындау тәртібі:
А) тағайындау туралы шешім Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады
D) депутаттар ұсынылған кандидатты "жақтап" немесе "қарсы" пікірлер білдіруі мүмкін
G) отырыста кандидатқа сұрақтар қойылуы мүмкін
Парламент Палаталарының төрағаларының өкілеттіктері:
В) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етеді
Е) Палаталардың үйлестiру органдарының қызметiне басшылық жасайды
H) Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды
Парламент Сенаты құралады:
А) әр облыстан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан
F) республикалық маңызы бар қаладан және Республика астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан
H) Республика Президенті тағайындайтын он бес депутаттан
Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісті тұрақты комитеттері құрылады:
А) заң жобалары жұмысын жүргiзу үшін
F) Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарау үшін
G) Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарап, дайындау үшiн
Парламенттен қол қою үшін келіп түскен заңды Президент бір ай ішінде қарап:
B) заңға қол қойып оны жариялайды
E) заңды тұтастай қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарады
H) заңның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн
Парламентті және Парламент Мәжілісін таратуға болмайды:
А) Төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде
F) Президент өкілеттігінің соңғы алты айында
H) Осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде
Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз шешеді:
В) Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады.
D) Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң тең жартысын сайлайды.
G) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды.
Парламенттiң сессиясы өткiзiледi:
А) Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстары түрінде
D) Сенаттың бөлек отырыстары түрінде
F) Мәжілістің бөлек отырыстары түрінде
Президент қол қоятын Парламент актiлерi, Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президент актiлерi алдын-ала тиянақталады:
A) Парламент Мәжілісінің Төрағасының қолымен.
C) Парламент Сенатының Төрағасының қолымен.
F) Премьер-Министрдiң қолымен.
Президентке қатысты республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын шаралар:
A) Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн қамтамасыз ету.
D) Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне қызмет көрсету.
F) Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн күзету.
Президентті қызметінен кетіру бойынша түпкiлiктi шешiм қабылданады:
A) айып тағудың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Сот қорытындысы болған жағдайда
C) белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестiң қорытындысы болған жағдайда
F) әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында
Президентті қызметінен кетіруге негіз болатын мемлекетке опасыздық жасау ретінде ұғынылады:
C) соғыс кезiнде жау жағына шығып кету
E) шет мемлекеттiң Республикаға қарсы дұшпандық әрекетiн жүзеге асыруына көмектесу
H) қарулы қақтығыс кезiнде жау жағына шығып кету
Президенттің Республика аумағында ҚР Қарулы Күштерін қолдануға негіз болады:
А) мемлекеттін саяси тұрақтылығына тікелей қатер төнуі
C) мемлекеттің демократиялық институттарына тікелей қатер төнуі
E) мемлекеттің тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына тікелей қатер төнуі
Премьер-Министрдiң өкiмдерi шығарылады:
С) Әкiмшiлiк-өкiмдiк сипаттағы мәселелер бойынша
F) Жедел сипаттағы мәселелер бойынша
G) Жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша
Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң күшiн жоя алады:
А) Республика Президентi.
Е) Республика Үкiметi.
F) Премьер-Министрдің өзі.
Прокуратура органдарының бiртұтас жүйесiне кіреді:
А) Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары
D) Республикалық маңызы бар қалалар мен астананың прокуратуралары
G) Ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген прокуратуралар
Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметiнiң принциптерi:
С) өз қызметiн тәуелсiз жүзеге асыруы
E) прокурорлық қадағалау актiлерiнің жалпыға мiндеттiлігі
F) прокуратура қызметінің жариялылығы
Пропорционалды сайлау жүйесі:
F) Саяси партиялардан Мәжіліс депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша өткізілетін жүйе
G) партиялық тізімдермен сайлау ұйымдастырылатын жүйе
H) Сайлау дауысын есептеуде мандаттар жиналған дауыстар көлеміне байланысты үлестірілетін сайлау жүйесі
Р
Республика әкімдерінің мәртебесі:
А) жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын тұлға
E) тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн тұлға
H) тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты ҚР Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi
Республика Бас Прокурорының өкiлеттiгi:
В) Төменгi прокуратуралардың қызметiне басшылық етедi
E) Прокуратураларды құрады, қайта құрады және таратады
G) Прокуратура органдарының қызметi туралы Президент алдында есеп бередi
Республика заңдарының іске асырылуын, орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар:
В) Үкімет.
G) Министрліктер.
H) Әкімдіктер.
Республика заңнамасына сәйкес судьяға қойылатын талаптар:
А) ҚР Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға мiндеттi
D) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне қарсы тұруға мiндеттi
F) судьяның адалдығына, әдiлдiгiне күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға мiндеттi
Республика Конституциясы бойынша өкілді органдар болып табылатын мемлекеттік органдар:
А) Парламент.
D) облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астана) мәслихаттар
G) аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттар
Республика министрлiгiнің мәртебесі:
В) тиiстi мемлекеттiк басқару саласына басшылықты жүзеге асырады
D) заңдармен көзделген шекте - салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады
G) Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады
Республика Президентi актiлерiнiң нысандары:
B) жарлық
E) өкiм
G) заң, заң күші бар жарлық
Республика Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдар, мекемелер мен ұйымдар:
C) Қазақстан халқы Ассамблеясы.
F) Қауіпсіздік Кеңесі.
H) Жоғары Сот Кеңесі.
Республика Президенті заң күшi бар Жарлық шығарады:
А) Президентпен басымдылығы белгiленген заң жобасын Парламент заңмен белгіленген мерзімде қарамаса.
D) заң жобасын жедел қарау туралы талабын Парламент орындамаған жағдайда
H) басымдығы анықталып, жедел қаралу тиістілігі белгіленген заң жобасын Парламент бір ай ішінде қарамаған жағдайда
Республика Парламенті мәртебесі бойынша мынадай орган:
А) заң шығару қызметiн жүзеге асыратын орган
Е) Республиканың ең жоғары өкiлдi органы
H) тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан тұратын орган
Республика Президенті Парламентті немесе Парламент Мәжілісін таратады:
В) Сенат төрағасымен консультация алысқаннан кейін.
D) Мәжіліс төрағасымен консультация алысқаннан кейін.
F) Республика Премьер-Министрімен консультация алысқаннан кейін.
Республика Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн:
A) науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда
B) мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда
C) оның жүргізген саясаты экономикалық құлдырауға соқтырса
E) Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiгiмен.
Республика Президенті Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады:
С) өз бастамасымен
Е) палаталар төрағаларының ұсынысымен
H) Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен
Республика Президентiне тұрғын үй және көлiк қызметiн көрсетудi қамтамасыз етедi:
B) өзiнiң құзыретiне сәйкес Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
E) өзiнiң құзыретiне сәйкес Республика Президентiнiң Күзет қызметi
H) Президентiнiң Iс Басқармасы.
Республика Президентiнiң айырым белгiлерi:
А) байрағы
С) омырауға тағатын белгiсi
F) "Алтын қыран" орденi
Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктеледi:
А) Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету.
С) Республика Президентiн елдегi iстiң жайы туралы уақтылы әрi толық хабардар етiп отыру.
F) Республика Президентiнiң шешiмдерiн сөзсiз және тыңғылықты орындау және олардың орындалуын бақылау.
Республика Президентiнiң жарлықтары шығарылады:
C) Республика Конституциясының негізінде.
E) Республика заңдарының негiзiнде.
H) Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшiн.
Республика Президентiнiң жарлықтарымен жүзеге асырылады:
A) мемлекеттiк билiк тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
D) оның актiлер шығаруын талап ететiн конституциялық өкілеттігін жүзеге асыру
G) өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдындағы жауаптылығын қамтамасыз ету
Республика Президентiнiң қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкiлеттiгi қалған мерзiмге ауысады:
B) Парламент Сенатының Төрағасына.
E) Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына.
H) Республиканың Премьер-Министрiне.
Республика Президентiнiң өкiлеттiгi тоқтатылады:
B) жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап
D) ол қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген жағдайда
G) ол қайтыс болған жағдайда
Республика Президентiнiң өкiмдерi шығарылады:
B) Конституцияның негізінде және оны орындау үшін.
E) заңдардың негізінде және оларды орындау үшін
G) Президент жарлықтарының негізінде және оларды орындау үшін.
Республика Президентiнiң өкiмдерiмен жүзеге асырылады:
A) әкiмшiлiк-өкiмдiк сипаттағы мәселелердi шешу
C) жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу
F) конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау және босату
Республика Президенттiгiне үміткерге қойылатын талаптар:
А) Президент болып сайлану үшiн азамат жасы 40 жасқа толған ҚР азаматы болуы тиіс
В) тумысынан ҚР азаматы болуы керек
C) мемлекеттік тілде еркін ойын білдіре алу керек
Республика Үкiметi қаулылар шығарылады:
А) Республика Конституциясының негiзiнде және оны орындау үшiн
D) Республика заңдарының негiзiнде және оларды орындау үшiн
F) Президент актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн
Республика Үкiметiн құруға қатысты Президенттің өкілеттігі:
С) Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады.
F) Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды.
H) Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады.
Республика Үкiметiнiң құзыретi:
А) мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi
E) республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi
G) құқықтық саясатты іске асыруды қамтамасыз етедi
Республика Үкiметiнiң құрамында болуға байланысты шектеулер:
А) Үкiмет мүшелерiнiң өкiлдi органның депутаттары болуға хақы жоқ.
F) Үкiмет мүшелерi оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетiн қызметтер атқаруға хақы жоқ.
G) Үкiмет мүшелерiнің кәсiпкерлiкпен шұғылдануға хақы жоқ.
Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi:
А) Үкімет Президенттiң өкілеттік мерзімі бiткенше iс-қимыл жасайды.
E) Үкімет жаңадан сайланған Президент алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады.
H) Үкiметтiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн ол өз мiндеттерiн атқара бередi.
Республикада заңдар шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:
С) Парламент.
F) Мәжіліс болмаған кезеңде Сенат.
H) өкілеттік беру негізінде - Президент
Республикалық референдум – бойынша жалпы халықтық дауыс беру жүргізледі
А) Конституция жобалары
С) заңдар мен мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері
Е) ҚР заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Республикалық референдумда қарастырылмайтын мәселелер:
F) ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелері
G) ҚР біртұтастығына байланысты мәселелер
H) Бюджет саясатның мәселесі
Республиканың Бас Прокурорының мәртебесі:
С) оны Сенаттың келiсiмiмен Президент бес жылға қызметке тағайындайды
F) Бас прокурорды қызметтен Республика Президентi босатады
H) Бас прокурор Республика Президентiне есеп бередi
Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң мәртебесi:
A) өмiр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшесi болып табылады
E) қызметiнен кетiрiлгендерден басқасына экс-Президент деген атақ беріледі
G) Парламент Палаталарының бiрлескен отырыстарына, Президенттiң ант беру рәсіміне қатысуға хақылы болады
Республиканың Орталық сайлау комиссиясы:
B) Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады
C) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады
D) Республика Президенттiгiне үміткерлерді тiркейдi
Республиканың Орталық сайлау комиссиясының сайлау заңнамаға сай құзіреті болып:
A) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылау
B) Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады
C) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады
Республиканың экс-Президенттерiн қамтамасыз ету шаралары:
C) оған ел iшiнде тегiн жүрiп-тұру, тегiн медициналық, санаторий-курорттық емдеу қызметi көрсетiледi
E) оған Президенттiң лауазымдық жалақысының 80%-ы мөлшерiнде зейнетақы тағайындалады
H) оған пәтер, саяжай, жеке күзет, жүргiзушiсiмен бірге автомобиль берiледі
Референдум өткізу бастама құқығы:
А) ҚР Парламенті депутаттары
В) ҚР Үкіметі
Е) ҚР Президенті
Рұқсат беруші нормалар құқықтық табиғаты бойынша:
F) бағдарламалық сипатта болуы
G) белгілі әрекеттерге рұқсат береді
H) субъектілерге бекітілген шектерде және өздерінің қарауына байланысты
С
Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн құрайды:
A) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы
B) аумақтық сайлау комиссиялары
C) округтiк сайлау комиссиялары мен учаскелiк сайлау комиссиялары
Сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастыру тәртібі:
A) Сайлау комиссияларының қызметi алқалылық, жариялылық және ашықтық негiзiнде жүзеге асырылады
B) төменгi тұрған сайлау комиссияларының отырыстарын тиiстi жоғары тұрған комиссиялардың төрағалары олар құрылғаннан кейiнгi 7 күн мерзiмнен кешiктiрмей шақырады
C) Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, олар заңды болады
Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi:
E) Сайлау комиссияларының мүшелерi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады
F) комиссиясының төрағасы, мүшелерi және оның аппаратының қызметкерлерi өз өкiлеттiктерiн кәсiби тұрақты негiзде жүзеге асырады
G) Сайлау комиссиясының сайлау өткiзу кезеңiнде өздерiнiң келiсiмiнсiз жұмыс берушiнiң ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайды
Сайлау құқығы:
A) конституциялық құқықтың сайлауға байланысты қатынастарды реттейтін нормалар жүйесінен қалыптасатын институты
B) азаматтардың мемлекетпен кепілденген сайлауға қатысу құқығы
C) азаматтардың мемлекетпен кепілденген сайлану құқығы
Сайлау округтерiн құру тәртібі:
А) ҚР мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде аумақтық сайлау округтерiнiң жүйесi құрылып, пайдаланылады.
C) Сайлау округтерi Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi және сайлаушылардың мөлшермен бiрдей саны болуы ескерiлiп құрылады
D) ҚР бүкiл аумағы бiртұтас жалпы ұлттық сайлау округi болып табылады
Сайлау туралы заңдағы бекітілген сайлау құғының принциптері:
C) Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi
D) Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ
E) Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады
Сайлау үрдісінің негізгі кезендері:
А) сайлау учаскілерін қалыптастыру
C) сайлау округтерін қалыптастыру
D) сайлаушылардын тізімін қалыптастыру
Сайлаушылар тiзiмдерiне қандай тұлғалар кіреді:
A) Республиканың белсендi сайлау құқығы бар азаматтары.
тиiстi сайлау учаскелерi аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелген азаматтар
B) Республика Президентiн сайлауға байланысты арнайы тізім қалыптастырылады
D) ҚР тұрақты тұратын шетел азаматтары тіркеледі
Саяси партиялар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас келесі негіздерде жүзеге асырылады:
В) Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi
С) Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi
Е) Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi
Саяси партияларға бiрiгу құқығы қандай тәртіппен жүзеге асырылады:
С) Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады
D) Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды
Е) парламент депутаттарының, мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ
Сенат депутаттарын құру өзгешелігі:
А) Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде сайланады
С) Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады
F) Сенаттың он бес депутатын Президент тағайындайды
Сенат депутаттығына кандидатқа қойылатын талаптар:
А) Жасы отызға толуы керек
D) Жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы болуы қажет
H) Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұруы қажет
Соңғы конституциялық реформалар негізінде:
A) Мәжілістің құрамына байланысты өзгерістер енгізіп, депутаттар санын жүз жеті депутат ретінде бекітті
B) Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл деген нормамен алмастырды
C) Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асыратын жаңа норма енгізілді
Сот билігінің мәні:
В) сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады
E) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді
H) Конституцияның, заңдардың, өзге де актiлердiң, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi
Судьяға қатысты қолдануға болмайтын шаралар:
В) тұтқынға алу, күштеп әкелу
D) сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдану
G) қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, ҚР Президентiнiң (Сенаттың) келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тарту
Судьяның қызметi сыйыспайды:
С) депутаттық мандатпен
E) кәсiпкерлiкпен айналысумен
H) коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен
Судьяның өкiлеттiгi тоқтатылады:
E) қайтыс болса не соттың шешімі бойынша қайтыс болды деп жарияланса
G) iс-әрекетке қабiлетсiз не iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылса
H) оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде
Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру негіздері:
С) ҚР Президенттiгiне, Парламент не мәслихат депутаттығына кандидат болып тiркелсе
E) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе
H) судья әрекет қабілеттігінен айырылса
Т
Тарихи миссиясына байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне өмiр бойына тиесілі болатын құқықтар:
A) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк құрылыстың аса маңызды мәселелерi бойынша бастамалар жасау
E) Парламент пен оның палаталарының алдында, Үкiметтiң отырыстарында ел үшiн маңызды мәселелердi талқылау кезiнде сөз сөйлеу.
H) Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқару, ҚР Конституциялық Кеңесiнiң, Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамына кiру
Тeң сайлау құқығы келесі тәртіпте қамтамасыз етіледі:
C) Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады
D) Сайлаушылар Республиканың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады
E) Үміткерлердің сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi
Төменгi прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға бағыныстылығын байқатады:
А) жоғары тұрған прокурорлардың нұсқауларының төменгiлер үшiн мiндеттiлiгi
D) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төменгi прокурорлардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруы
F) жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлар актiлерiнiң күшiн жоюы, өзгертуi
У
Учаскелiк сайлау комиссиялары:
A) сайлау учаскесiнде депутаттардың және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi
B) сайлау өтетін жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады
C) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды
Ү
Үкімет мүшелерінің мәртебесі:
D) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады
F) өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербестiкке ие болады
H) өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн Премьер-Министрiнiң алдында жеке-дара жауап бередi
Үкiмет мүшелерінің орнынан түсуiне негіз болады:
В) Өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санауы
Е) Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспеуі немесе оны жүргiзбеуі.
G) Республика Президентi өз бастамасымен Үкiметтiң кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы
Үкіметтің Республиканың қауіпсіздігіне қатысты құзыреті:
С) Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады
Е) Республиканың аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асырады
H) Республиканың мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады
Х
Халық егеменділігінің ҚР бекітілуі келесі конституциялық нормаларда көрініс табады:
А) Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық
В) Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады
С) халық өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi