Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
1 – ші тапсырма. Қазақстан Республикасының қауіпсіздік туралы тұжырымдамасын талқылап отырып Азаматтық қорғаныс құрамаларының негізгі түрлерін көрсету. Азаматтық қорғаныс жүйесін кесте ретінде жасау.
2 – ші тапсырма. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәсілдері мен құралдарына құтқару қурамалары және инженерлік құрамалары кіреді, солардың түрлерін айтып өту.
Бақылау нысаны: Ауызша, кесте құрастыру, рөлдік ойын.
Тапсырманы орындауды бағалау баллы
Орындалған тапсырмаға келесі жағдайларда ғана жоғары балл қойылады:
- Тапсырма уақытылы орындалып, берілген мерзім ішінде тапсырылғанда;
-Материалды толық меңгеріп, басқа да ғылыми көздерден жинаған материалдары бойынша ойын толық жеткізе білгенде.
Бағалау баллы: 9
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Калжигитов Х.С- «Өмір – тіршілік қауіпсіздігі» Алматы , Гылым, 2002г.
2. Аипов А.К. Тіршілік қауіпсіздігі. –Астана- 2009
3. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері. (Оқу-әдістемелік құрал). Алматы 2004.
4. Өмір қауіпсіздігі . Оқулық. Құрастырған С.Арпабеков. Алматы 2004 ж.
3. Студенттің оқытушымен өздік жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- Студент жазылған мәліметтерді ауызша баяндауы қажет.
- Берілген тапсырма бойынша студентке сұрақ қойылады.
- Баяндама жеке орындалады.
- Дайындалуға 10 минут уақыт беріледі.
- Қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс жөніндегі тапсырма алдын ала студенттерге беріледі. Студенттер берілген тапсырма бойынша сабақ барысында рөлдік ойын ойнайды. Ойын барысына барлық студенттер белсенді түрде қатысулары керек. Әрбір студенттің рөлі жекелей беріледі. Ойын барысында өзін белсенді түрде көрсете білген студентке жоғары балл қойылады.
Тақырып 12. Еңбекті қорғауды басқару жүйесі
1. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен танысу.
Тапсырманың мақсаты:
Еңбек Кодексінің негізгі мақсаттары, міндеттері, принциптерімен танысу.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
1 – ші тапсырма. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің орындалу деңгейін талқылау және ЕК көрсетілген еңбек шарттары, келісім түрлері, жұмыс уақыты, үзіліс уақыты, демалыс уақыты, еңбекақыны ұйымдастыру, еңбекті нормалау және сараптау түсініктерімен танысу.
Бақылау нысаны: Ауызша, кесте құрастыру, талқылау.
Тапсырманы орындауды бағалау баллы
Орындалған тапсырмаға келесі жағдайларда ғана жоғары балл қойылады:
- Тапсырма уақытылы орындалып, берілген мерзім ішінде тапсырылғанда;
-Материалды толық меңгеріп, басқа да ғылыми көздерден жинаған материалдары бойынша ойын толық жеткізе білгенде.
Бағалау баллы: 9
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Охрана труда: Методические указания. /А.М. Абдыров, Н.Ф.Кулакова, С.Х.Халам, Ж.С.Каиржанова. – Астана, 2006. – 28с. – 1СБО., 2 н.а., 2 ч.з
2.Общий обзор соблюдения Конвенции № 155 об охране и гигиене труда (1981), Рекомендации №164 по охране и гигене труда (1981) и Протокола (2002) к Конвенции об охране и гигиене труда (1981) 98 сессия Международной конференции труда, 2009. Доклад ІІІ (часть 18), Международное бюро труда, Женева, ISBN 978-92-2-120636-1.
3.http://www.ilo.org/ilotex Международные нормы по охране труда в предметной классификации.
4.http://www.ilo.org/info/publication Глобальная стратегия по охране труда: выводы Международной конференции труда. Принятые на 91 сессии. 2003.
3. Студенттің оқытушымен өздік жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- Студент жазылған мәліметтерді ауызша баяндауы қажет.
- Берілген тапсырма бойынша студентке сұрақ қойылады.
- Нақты мысалдар негізінде Еңбек Кодексінің орындалу деңгейін жан-жақты талқылай алғанда.
Тақырып 13 Өндірістегі төтенше жағдайлар және олардың алдын-алу
Тапсырма 13
Өндірістегі төтенше жағдайлар, жіктелуі және кәсіби аурулар
Тапсырманың мақсаты:
Өндірістегі төтенше жағдайлар, жіктелуі және кәсіби ауруларды талдау
принциптерімен танысу.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
1 – ші тапсырма. Төтенше жағдайларды жіктеу, өндіріс орындарындағы төтенше жағдайларды болдырмау жолдарының еежелерң, кәсіби аурулар және оларды алды-алу шаралары жайында мәліметтерді жинақтау және осы мәліметтер негізінде жан-жақты талдау жүргізу.
Бақылау нысаны: Ауызша, кесте құрастыру, талқылау.