ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №7
Тақырыбы: «Кестелік процессор MS Excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі»
Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының негізгі элементтерімен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі түсініктер:
Мәліметтерді компьютерде кестелар түрінде ұйымдастыруға және өңдеуге арналған программалар немесе қосымшалар кестелық процессорлар немесеэлектрондық кестелардеп аталады. Бұл электрондық кестелердің артықшылығы- мәліметтерді өңдеуді, сұрыптауды, есептеуді автоматты түрде жүзеге асыра алады, әртүрлі ұяшықтарда орналасқан мәліметтерді түрліше формулалар көмегімен байланыстыра алады және т. б.
Ехсеl программасында құжат болып .хlsкеңеймесі бар файл есептеледі. Бұл файлды Ехсеl-де жұмыс кітабы деп атайды. Жұмыс кітабы жұмыстық беттерден (лист1 немесе Sheet 1) тұрады. Бір құжат көлеміндегі беттер саны -255болуы мүмкін.Жұмытық беттің 4 түрі кездеседі:
1. Жұмыстық бет.Онда кәдімгі кестелар болады.
2. Модульдің бетіVBA программалау тіліндегі программа тексті жазылады (VBA-Visual Basic for Application).
3. Диалогтық терезенің беті.Мұнда диалогтық терезелер құрылады. (ОК, Отмена батырмалары бар терезе)
4. Диаграммалар тұрғызылатын бет.
Әрбір жұмыстық бет жеке электрондық кесте түрінде қарастырылады да , онда65536 жол (rows) и 256 баған(columns) болады. Әрбір жол 1 ден бастап 65536 дейінгі бүтін сандармен , ал бағандар латын алфавитінің A, B, …, Z, AA, AB, …IV әріптерімен белгіленеді. Жолдар мен бағандардың қилысуынан кестенің негізгі құрылымдық элементі ұяшық (cell) пайда болады. Кестедағы әрбір ұяшықтың адресі болады және ол ұяшық орналасқан баған мен жолдың атауларының бірігуінен тұрады (мысалы, А5, ВВ45 , т.б.).
Ұяшықтарға жазылатын мәліметтер текст, тұрақтылар, формулалар түрінде болады. Бір ұяшыққа 32767 символға дейін енгізуге болады.
Әдетте (по умолчанию) ұяшықтағы сандық мәліметтер оңға қарай, ал тексттік мәліметтер солға қарай тураланады. Енгізілген мәлімет ені бойынша ұшыққа сыймаған кезде оң жақтағы бос емес ұяшық, алдыңғысын жауып тастайды. Кестедағы қатар орналасқан бірнеше ұяшықтың бірігуінен пайда болатын тіктөртбұрышты обылысты диапазон деп атау келісілген. Диапазонның адресі тіктөртбұрышты облыстың сол жақ жоғарғы жағында орналасқан шеткі ұяшық пен оң жақ төменіндегі шеткі ұяшықтың адрестері арқылы анықталады, ұяшықтар адрестерінің арасына қос нүкте белгісі қойылады (мысалы, А1: С6). MS Excel программасында ұяшықтарға мәліметтерді теру арқылы немесе бірнеше әдістерді пайдаланып, автоматты түрде жазуға болады. Оның екі түрлі әдісі бар:
Бірінші әдіс:
1. Қатар орналасқан екі ұяшыққа прогрессияның алғашқы екі мүшесі жазылады;
2. мәлімет жазылған диапазон немесе екі ұяшық белгіленеді;
3. Тышқан көрсеткішін белгіленген диапазон облыстың оң жақ теменгі бұрышына апарсаңыз көрсеткіш қара түсті « қосу белгісіне» (+) өзгереді, бұл белгіні толтыру маркері деп атайды. Әрі қарай толтыру маркерін тышқанның батырмасын басып отырып қажет ұяшыққа дейін соза бересіз.
Екінші әдіс:
1. Бір ұяшыққа прогрессияның бастапқы бірінші мүшесі жазылады;
2. Мәлімет жазылған ұяшық белгіленеді;
3. Правка →Заполнить→ Прогрессия Командасы орындалады;
4. Пайда болған терезеден тип расположение бөлімінен по столбцубелгіленеді, шаг тұсына прогрессияның қадамыжазылады, предельное значение тұсына прогрессияның соңғы мүшесінің мәні жазылады.
Жұмыстық беттермен жасалатын әрекеттер:
- Жұмыстық беттің атын өзгерту: жұмыстық бетке сәйкес ярлыктың атына екі рет шертіледі немесе сол ярлыктың контекстік мәзіріндегі Переименовать командасы орындалады да жаңа ат жазылады; жұмыстық бетті жою: Правка→Удалить лист немесе бетке сәйкес ярлык контекстік мәзіріндегі Удалить командалары арқылы жүзеге асырылады;
- Беттің орынын ауыстыру немесе көшіру: Правка→ Переместить/Скопировать лист немесе бетке сәйкес ярлык контекстік мәзіріндегі Переместить/Скопировать лист командаларының бірі арқылы жүзеге асырылады; көшіруді орындау үшін Переместить / скопировать лист терезесіндегі Создавать копию бөлімі іске қосулы болу керек;
- Бет қосу: алдына жаңадан қосылатын бет орналасатын, жұмыстық бет ярлыгына шертілгенде шығатын контекстік мәзірден Добавить командасы орындалады да, пайда болған Вставка диалогтық терезесінен Лист белгісі таңдалынып, ОК басылады.
Ұяшықтардың адрестері.Excel программасында ұяшықтардың үш түрлі адрестері пайдаланылады: абсолюттік, салыстырмалыжәне араласадрестер. Егер түрлі операцияларды орындау барысында операцияға қатысатын ұяшықтардың адрестері сәйкесінше автоматты түрде өзгеріп отыратын болса мұндай ұяшықтар салыстырмалы адресті болып есептелінеді. Әдетте (по умолчанию) Excel программасы іске қосылған кезде ұяшықтардың адрестері салыстырмалы адрестер болып тұрады. Ұяшықтармен жасалатын операциялар барысында ұяшықтың адресі тәуелсіз, өзермейтін болса мұндай ұяшықтарды абсолют адресті деп атайды. Ұяшықтың абсолют адресін көрсету үшін сәйкесінше жол және баған аттарының алдына доллар ($) белгісін қойып жазады (мысалы, $A$2). Мұны бірден жазу үшін ұяшықты белгілеп , <F4>пернесін басу тәсілі де қолданылады.
Аралас адрестідеп ұяшықтың адресін көрсетуде салыстырмалы және абсолютадрестердің қатар қолданылған жағдайын айтады (мысалы, $A1, B$2).Ұяшықтардағы формулаларды көшіруде абсолют адрестер өзгермейді, салыстырмалы адрестер өзгереді.
Ұяшыққа формула жазу. Excel программасында ұяшыққа формула енгізу міндетті түрде «тең болады» (“=”) белгісінен басталады, ал енгізуді аяқтау Enterпернесін басумен бітеді.
Формулалар жазудың мысалдары: = 2*5^ 3+4немесе =A1+Cos(5,282)
Ұзақ формулаларды жазуда программа терезесіндегі формулалар жолы деп аталатын жол ұяшықпен салыстырғанда қолайлырақ болады.
Формулаларды редакциялау. Ұяшықтағы формуланы редакциялау үшін әуелі ұяшық белгіленіп алынады да екі рет шертіледі немесе F2 пернесі басылады немесе формулалар жолындағы “=”белгісіне сырт еткізіледі.Редакциялау режимінде ұяшықтағы формула формулалар жолында толығымен көрініп тұрады, курсорды қалаған жеріңізге қойып өзгертулер нгізе беруге болады.
Ұяшықтағы мәліметтердің форматтарын тағайындау.Ол үшін қажет ұяшықты белгілеп алып сол ұяшықтың контекстік мәзіріненФормат ячеек немесе Формат→ Формат Ячейкикомандаларының бірі орындалады.НәтижесіндеФормат ячеек деп аталатын диалогтық терезе шығады, осы терезедегі жапсырмаларды пайдалана отырып әртүрлі сандық форматтарды, ұяшықтағы текстерді туралауды, ұяшықтың түрі мен шекара сызықтарын, қорғанысын және т.б. параметрлерін тағайындауға болады.