Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті.
1. Түркі өркениетінің ерекшеліктері.Түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ю.Худяков айтқандай, көнетүркілік этнос пен мәдениеттің өмір сүруінің аяқталуы және көнетүркілік мұраның өзге көшпелі этностардың мәдениеттерінде сақталып қалынуы ерте және дамыған орта ғасырларға тура келеді.
Э.Тайлордың өркениетке берген анықтамасы бойынша, оны жекеленген адам мен бүтін бір басты қоғамды жоғары бір деңгейде ұйымдастыру арқылы олардың ізгіліктілігі мен қуатын күшейтуге, бақытты өмір сүруіне жәрдемдесу мақсатында, жалпы адамзат тегін жетілдіруге қаратылған іс-әрекет деп білу керек. Бұл ретте түркі өркениеті туралы деректерді сөйлетер болсақ, ең басты назар аударар жәйт, олар – алғашқы бастаулар. Бұл жөнінде Джеймс Джордж Фрезер былай деп жазады: “В конечном счете мы не так уж отличиемся от этих первобытных людей, и многим из того истинного и полезного, что так бережно сохраняем, мы обязаны нашим грубым предкам, накопившим и передавшим нам по наследству фундаментальные представления, которые мы склонны рассматривать как нечто самобытное и интуитивно данное. Мы как бы являемся наследниками состояния, которое переходило из рук в руки столько раз, что изгладилась память о тех, кто заложил его основание, поэтому нынешние обладатели читают его своим изначальным и неотьемлемым достоянием. Более глубокое исследование должно убедить нас в том, что большей частью этого состояния мы обязаны своим предшественникам” Шығыс халықтарының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Мысалы, орыстың атақты археологы Л.П.Окладниковтың еңбектерінде Түркі халықтарының Батыс Сібір цивилизациясын атайды.
«Древняя тюркская Сибирь - деп жазады академик Л.П.Окладников, - оказаласьтеснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура много богаче и ярче, чем можно было полагать ранее.
У берегов Байкала, на Ангаре, Лене сходились и расходились пути древних культур Востока и Запада, существовали мощные по тем временам самобытные культурные очаги, без которых история Евразии не может быть полностью понятой. Как мы видим по находкам от крепостей тюрков в Прибайкалье ведет их путь на Дон и на Дунай». Л.Н.Гумилев «Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді»-деп санайды. Евразия сахарасындағы бұл көшпелілер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.
Л.Н.Гумилев дүниенің төрт жағын бірдей жайлаған жер кіндігі Орта Азия, одан қалды Византия, Персияны, Үндімен, Қытаймен қосатын, шын мәнінде Шығыс пен Батыс тоғысатын түркі әлемінің шынайы тарихын көрсетуді мақсат етті. тәнті болды. А.Сейдімбек сынқазақ ғалымдары Ұлы империяның Гумилевтің пассионарлық теориясын жазуға негіз болғандығынжазған еді. «Көшпенлілер өркениеті» деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. «Көшпенлілер қоғамы» деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға енгізді. Сонымен бірге соңғы кезде қазақ сахарасында Дала өркениеті болды»- деген пікірлер де орныға бастады.
А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін континентальды деп атағаны белгілі. Еуразия кеңістігіндегі өркениет осы тұрғыдан қарағанда Дала өркениеті болып табылады. Мұрад Аджи «И как бы не называли эту культуру – половецкая, печенежская, булгарская или иная, -корень её был один, потому что степи на одном языке – на тюркском. Жили под одним культурным традициям – по тюркским. Исповедовали одни духовные ценности – тюркские» - деп жазған еді.
«Дала» философиялық мәнге ие ұғым. Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара ықпалдасқанымен, түркі өркениеті басым болды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяғына таман – жылқы қолға үйретілді. Салт атты көшпелілер далалық өркениеттің қозғаушы кұші болды. Оны археологиялық қазбалар дәлелдейді. Сайын далада Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен, барлық әлемдік діндер тоғысты.
Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам –рухани өмірдің қазығы болды.
2. Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті.Еуразиялық сахарадағы көшпелілер Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы болды. Көшпелі өмір адам мен табиғаттың қадірін білуге дағдыландырды. Даланың өзіндік этикасы мен менталитеті қалыптасты. Түркі әлемінің мемлекеттік жүйесі түркі өркениетін, дәлел.
А.П.Деревянко есімді зерттеушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының 1998 жылы өткен сессиясында жасаған “Казахстан – колыбель древнейшей цивилизации” атты баяндамасында қазіргі қазақтардың арғы ата-бабалары Қазақстанда 1 млн жылдан бері өмір сүріп келетіндігін жазды. Д.Ш.Рессерат пен В.А.Рано Орта Азияда тас дәуірінде (850000 жылдары) жергілікті тіршілік иелерінің өмір сүргендігі жөнінде айтқан еді.
Байсын тауының Тешік-Таш, Әмір Темір және Мачай үңгірлерінен неандертальдықтардың мекен-жайы, ал Самарқант қаласының жанынан олар тұтынған тас құралдар табылды. Ондағы 8-9 жасар баланың склеті жақсы сақталынған. Бала арнайы қазылған шұңқырға жатқызылып қабірдің айналасына тау ешкісінің мүйіздері тізіліп қойылыпты “Қошқар мүйіз” алтайлық орнаменттен орын алып, сақ-скиф дәуірінен бері кең тараған мотив, Тау ешкісінің стильдік бейнеленуі Орталық Азияның көптеген көшпелі халықтарының ою-өрнектерінен орын алған белгі - нышан. Зерттеушілер Жер-Су рухымен тікелей байланыстыра қарастыруда. А.В.Эдоков деген автор қазіргі алтайлықтардың көркем мәдениетінен мықтап тұрып орын алған ою-өрнектің түп-тамырларының өте тереңге кететіндігі, тіпті палеолиттен бастау алатындығы жөнінде жазған. Гразнов және басқалары ою-өрнекті бүкіл исі түркілерге тән болған өнердің негізі деп санады. Ю.Худяков тамға белгілерінің тау ешкісі өрнегінде берілуі көнетүркілерге тән болған жәйт деп кесіп айтады. Көнетүркілік петроглифтер мен тамғалар, – деп жазады новосибирлік ғалым, – Қола дәуірінің ортаазиялық мәдени дәстүрінен орын алған.
ХVІІІ–ХІХ ғасырларда-ақ ғалымдар Америкадағы үндіс және түрік тілдерінің туыстығына назар аудара бастады. Отто Реригтің америкалық үндіс тайпаларының арасында болып, сиулардың тіліне байланысты жинақтаған материалдары қызғылықты. Ол сиу тілін орал-алтай тілдері тобына қосуға болады дейді. – Морфологиясы тым ұқсас. Екеуі де жалғамалы тілдер. Предлогтары жоқ, Фонетикасы жақын: түрік те, сиу тілдері де үндестікті заңына бағынады.
Бұдан 45000 жылдай бұрын Беринг бұғазы арқылы Америка асқан қауымдар арасында түркілік этникалық топтың болғандығы туралы шетелдік және орыс ғалымдары айта бастады. Б.Ферейрд Боливия мен Перуде де өмір сүрген кечуа тіліндегі көптеген сөздердің түркі тілдеріндегі ұғымдармен бірдейлігін дәлелдеді.
Түркі қағанаты (Бірінші, Түркі қағанаты 551-630; екінші, Түркі қағанаты 681-744 жж.) Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатты. Мұндай алып империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: «Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Истеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы».
Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды.
Түркі өркениетінің әлемдік тарихқа қосқан үлестерін төмендігідей ұлгіде жүйелесек:
Тәңірлік дүниетанымды қалыптастырды, Зәрдүш (Зороастр діні тарады; металл қорытудың ежелгі орталығы болды;
Түркі жазуы болды және жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;
Ерекше әскери құрылымы, әскери өнердің шебер үлгілерін қалдырды;
Архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін қалдырды: Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.
Би-шешендер бай ауыз әдебиетін қалдырды. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келген;
Мемлекетті басқарудың дала демократиясына сүйенген ерекше жүйесін жасады. Ерте замандардағы төл түркілік сакралдық ұғымдар, дәстүрлер мен мотив-символдарды анықтаудың маңызы зор. Таңба мәселесі Шәкәрім, М. Тынышпаевтың еңбектерінде де жазылған. Этногроф ғалым Ж. Артықбаев: «Евразия даласы көшпенділердің мәдени жетістіктерін толығымен бойына сіңірген қазақ қоғамы өзінің ішкі құрылымы жағынан да, сыртқы құрылымы жағынан да, мән-мағынасы жағынан да ерекше құбылыс болып табылады. Көшпелі қоғамның өмір сүру негізінде қабылданбайтын, өзгелермен салыстыруға келмейтін өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда Батыстың да, Шығыстың да мәдени өлшеміне сай келмейтін ерекше мәдениет қалыптасқан. Осы ерекшелікті сезіну – методологиялық парадигманы өзгертуге негіз болуы тиіс. Бәрінен бұрын тарихи таным өзегіне материалдық көрсеткіштер емес, рухани құндылықтар: қоғамдық сана, әлеуметтік-мәдени құндылықтар сияқты факторлар қойылуы тиіс» - деп жазған еді.
Міне, осылай, Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен тоғысқан түркілер жаңа мемлекет типін қалыптастырды. Егер, бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстем етсе, екінші түркі қағанатында руна жазуы тарады. VII-VIII ғғ. Моңғолия мен Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда Көне түрік алфавитімен жазылған 200-ден астам тас ескерткіштер қалды. Ал біздің ғасыр санауымыздан бұрын V ғасырда өмір сүрген Есік жазуындағы 17 әріптің 13-і көне түркі руникалық алфавит екені белгілі болды. Д.Клеменец көне түркілерді «тамаша халық» деген еді.
VI ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші Шығыс мәдениеті игеріле бастады. Кеңес шығыстанушылары ортағасырда жеті тұрақты тарихи-мәдени орталықтар Еуропалық, Араб-исламдық, Орта Шығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық орталықтары қалыптасты – деп есептейді. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет – 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет.
Дәріс 5.
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ ойшылдарының
(Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин)