Сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады.
Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады.
Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет» ұғымы қолданылады.
Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.
Облыс бюджеті– өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай қаражаттарының орталықтандырылғанқоры.
Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгей-лердегі жергілікті органдардың бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылы-сымен республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.
Қазақстанның бюджет жүйесінің буыны ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципал-дық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкеліқ бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.
1991 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстанның бюджет құрылысын анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңға қол қойылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әр түрлі деңгейлер бюджеттерінің бірлік қағидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын.
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны қабылдау, 1995 жылы жаңа салық заңнамасын енгізу, сонымен бірге Қазынашылық органдарын құру 1996 жылғы 24 желтоқсанда «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы заңын дайындауға себеп болды. Заңда бюджет жүйесінің қағидаттары ескертілді, бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың және атқарылуын бақылаудың тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар, субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш, үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері сияқты жаңа ұғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу тоқтатылды.
1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді, ол бюджеттің шығыстарын бағдарламалардың орындалуымен өзара үйлесуіне жағдай жасады.
1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы» үшінші заң қабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың механизмі белгіленді. Түсімдердің түрлері бойынша рес-публикалық және жергілікті бюджеттердің арасында кіріс бөлігін бөлу жүргізілді; тиісінше республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары шектелінді. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында ресми трансферттердің ұзақ мерзімді мөлшерлері негізінде жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі жүзеге асырылатыны анықталды. Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды. 2002 жылы Стратегиялық жоспарлау агенттігін, Экономика және сауда министрлігін, Мемлекеттік кірістер министрлігін, Эко-номика және бюджеттік жоспарлау министрлігін Қаржы министрлігін қайта ұй-ымдастыру бюджеттік үдерісті реформалауда маңызды қадам болды. Сонымен бірге бюджетті жоспарлау мен оның атқарылу функциялары бөлінді, ал стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау шоғырландырылды.
2005 жылы бюджетті қалыптастырудан бастап, оны атқарумен және бақылаумен аяқтаудың барлық қаржылық рәсімдерін регламенттейтін бірыңғай заң – Бюджеттік кодекс күшіне енді. Бюджеттік кодексте бюджет жүйесінің жаңа қағидаттары қойылған, бюджеттік жоспарлаудың бұрынғы қағидаттары, барлық деңгейлер бюджеттерінің кіріс және шығыс бөлімдерін қалыптастыру жөніндегі амалдар түбегейлі қайта қаралды. Орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды әзірлеу өзінің дамуы жағынан жетілдірілді, бюджеттің атқарылу үдерісі тәртіпке келтірілді, бюджеттік қаражаттарды пайдалануды бақылау жүйесі туралы қағида күшейтілді.
Стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру үшін үш жылдық кезеңге арналған салықтық-бюджеттік саясатты анықтайтын құжат – орта мерзімді фискалдық саясат әзірленді. Сонымен бірге бюджеттің атқарылу үдерісі де тым егжей-тегжейлі регламенттелінді, бюджеттік үдерістің жаңа қағидаттары енгізілді.
Бюджет деңгейлері жүйеленілді, әрбір деңгейдің қала мен аудан бюджетіне дейінгі шығыстары, олардың түсімдері мен бюджеттерді әзірлеудің тәртібі егжей-тегжейлі жазылып қойылды.Заңнамада бюджеттердің тек екі деңгейі – республикалық және облыстық деңгейі ретке келтірілген, ал төменгілері «ойын ережелерін» өздері анықтайды. Айқындықты қамтамасыз ету және олардың қызметіне бірыңғай талаптарды белгілеу үшін тиісті нормалар енгізілді.
Шығыстарды бөлудің негізгі уәжі шығыстардың үлкен бөлігін жергілікті деңгейге табыстау болып табылады. Әрбір бюджеттің белгілі бір, қатаң жүйеленілген және орнықты шектері болуы тиіс. Шығыстардың бағыттары Бюджеттік кодексте мемлекеттік басқарудың ауылдық деңгейіне дейін анықталған. Ауылға (селоға) бекітілген шығыстар жекелеген бағдарламалармен аудандық бюджетте бекітілетін болды, олардың әкімшілері ауылдың және поселкелердің әкімдері болады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді ішкі бақылаудың сатылас сызбасы енгізілді: ішкі бақылауды Қаржы министірлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті жүргізеді.Сыртқы бақылаудың функциялары Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі Есеп комитеті мен мәслихаттардың ревизиялық комиссияларында қалды.
Бюджеттік инвестициялар ұғымы кеңейтілді, инвестициялық жобаларды кезеңдік іріктеу, сондай-ақ жобалардың тиімділігін бағалау тәртібі енгізілді. Капиталдың ішкі және сыртқы рыноктарында жергілікті атқарушы органдар-дың қарыз алуы жойылған, тек жоғарғы бюджеттен олардың қарыз алуы сақталынған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражаттарды аударудың жаңа механизмі енгізілді. Ұлттық қордың қойылған міндеттерін тиімді іске асыру мақсаттарында оңтайлы дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып баланыстандырылған бюджеттік әдіс әзірленді.
Қазақстан Республикасындағы баланстандырылған бюджеттік әдіс сызба түрінде 14.3 сызбада көрсетілген.