Азақстан Республикасындағы сақтандыру секторының көрсеткіштері мен даму барысы
Экономиканың нарық жағдайындағы дамуы кезеңіндегі ақша-несие жүйесінің түбірлі өзгерістері процесінде сақтандыруды, сақтандыру қатынастарын және осы қарым-қатынастар жүріп жатқан нарықты зерттеу - өте маңызды, өйткені бұл мәселе халық, коммерциялық құрылымдар мен мемлекеттің мүдделерін қозғайды. Сақтандырудың әлемдік нарығының жаһандануы көрінісінде Қазақстанның көрсеткіштері біршама төмендеу көрінеді. Жекелеп айтсақ, сақтандыру сыйақыларының елдің ЖІӨ-не қатынасы 1997-2008 жылдар аралығында 0,19%-дан 0,8%-ға дейін өскен. 2008 жылы республикадағы сақтандыру сыйақыла-рының бір жанға шаққандағы көрсеткіші 2 629,6 теңгені құрады (1-кесте).
Қазақстанда сақтандыру ұйымдарының жалпы саны 1997 жылдан 2008 жылға дейін 32 компанияға қысқарған. 2010 жылдың 1 қаңтарында 36 сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниялары тіркелген, оның ішінде 2-уі шетел сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өкілдері: "Ингосстрах" және "Қазақстан-Росно" ААҚ "Росно ресейлік сақтандыру халық қоғамы". Сонымен қатар резидент емес тұлғалардың қатысуымен құрылған сақтандыру компаниялары 1-уіне қысқарды, өмірді сақтандыру бойынша небәрі 2 компания бар.
1-кесте. Сақтандыру секторының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы"
Көрсеткіштер | |||||
ЖІӨ. млн теңге | 2599900,0 | 3250600,0 | 3 747200,0 | 4449800,0 | 4863631,4 |
Халық саны, млн адам | 14,8 | 14,4 | 14,8 | 14,9 | 15,2 |
Сақтандыру сыйақыларының ЖІӨге қатынасы. % | 0,32 | 0,43 | 0,61 | 0,65 | 0,8 |
Жеке капиталының ЖІӨге қатынасы, % | 0,18 | 0,16 | 0,16 | 0,20 | 0,5 |
Активтердің ЖІӨге қатынасы, % | 0,32 | 0,49 | 0,34 | 0.47 | 0,9 |
1 жанға шақкандағы сақтандыру сыйақыла-ры-ң қатынасы, теңге | 530,35 | 963,43 | 1535,09 | 1937,60 | 2629,6 |
Соңғы 3 жылы сақтандыру брокерлерінің саны 3 компанияға, актуарийлер-дің саны 1 компанияға және аудит компанияларының саны 6 компанияға көбейді (2-кесте).
Кейінгі 7 жылда сақтандыру ұйымдарының меншік капиталдары-ның жиынтық көлемі 2 169%-ға немесе 22,8 млрд теңгеге өсті. Сонымен бірге, 1997жылдан 2008 жылға дейін сақтандыру компанияларының активтері 40,3 млрд теңгеге немесе 1152,7%-ға өскенібайқалды (3-кесте). Берілген көрсеткіштердің осындай қарқынды түрде өсуі жаңа сақтандыру компанияларының пайда болуымен түсіндіріледі.
2-кесте. Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы.
Көрсеткіштер | |||||
Сақтандыру ұйымдарының жалпы саны (жыл аяғына), соның ішінде: | |||||
Резидент емес тұлғалардың қатысуымен | м/ж | м/ж | |||
Өмірді сақтандыру бойынша | |||||
Сақтандыру брокерлерінің жалпы саны | м/ж | м/ж | |||
Актуарийлер саны | м/ж | м/ж | |||
Сактандыру ұйымына аудит өткізуге лицензиясы бар аудит ұйымдарының саны | м/ж | м/ж |
3-кесте. Сақтандыру компанияларының қаржылық көрсеткіштері, млн теңге[1].
Меншік капиталының жалпы көлемі | 4617,0 | 5 320,2 | 6 100,0 | 9031,0 | |
Өтелген жарғылық капитал көлемі | 9 779,0 | 4 097,0 | 4819,0 | 7 110,0 | 17383,4 |
Сақтандыру резервтері | 2 280,8 | 8619,1 | 2 700,0 | 4500,0 | |
Активтер | 8 347,2 | 15768,3 | 12 500,0 | 20716,0 | 44 100,0 |
Соңғы сегіз жыл бойы елдің сақтандыру резервтерінің өсу тенденциясы байқалуда. Осылайша, егер 1997 жылдан 2000 жылға дейін сақтандыру резервтері 1,5 млн теңгеге өссе, 2005 жылдың қорытындысы бойынша олар 1,5 млн теңгеге (51,9%-ға) төмендеген, ал келесі жылы бұл көрсеткіштің 6,3 млрд теңгеге өсуі байқалған. Бірақ, 2008 жылға қатысты 2009 жылғы сақтандыру резервтерінің көрсеткіші айтарлықтай мөлшерге, яғни 10,2 млрд теңгеге (326,7%-ға) өскен. Сақтандыру резервтерінің ЖІӨге қатысты соңғы жылдардағы тенденциясын 1-суреттен көруге болады.
1-сурет. Жылдар бойынша компаниялардың сактандыру резервтерінің үлесі,%.
1-суреттен 2009 жылы елдің ЖІӨ-дегі сақтандыру резервтерініц үлесінің күрт өскені көрініп тұр. Бірақ келесі жылы-ақ бұл көрсеткіш 0,27%-дан 0,07%-га төмендеген. 2007 жылдан жалпы ішкі өнімдегі сақтандыру резервтерінің үлесінің біртіндеп өсуі байқалған. Және тек 2010 жылы ғана берілген көрсеткіш 0,1%-дан 0,3%-ға дейін өсті.
Сақтандыру компанияларының қызметінің тиімділігін бағалаудың маңызды көрсеткіші болып сақтандыру резервтернің сомасы табылады. 2-суретте 10 компания көрсетілген, дәл осы компаниялардың үлесіне 2010 жылғы сақтандыру резервтерінің 76,4% келеді.
Республикамыздың сақтандыру нарығының қазіргі даму жағдайын айтпас бұрын өткен жылдарға көз жүгіртейік.
Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы нарығының сақтандыру секторы жанданып келе жатыр. Бiрақ қаржы нарығының басқа секторларына қарағанда ол әлдеқайда артта қалып отыр. Бiрнеше жылдар қатарында сақтандыру нарығы бiр нүктеден жылжымады, тек 2006 жылдан бастап негiзгi көрсеткiштерiнiң өсiмi байқала бастады. Қазiргi сәтте сақтандыру саласы жедел қарқынмен дамып келе жатыр.
Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң мәлiметi бойынша, Қазақстанда 2009 жылы 37 сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметiн iске асыруға лицензиясы болды. Осы компаниялардың iшiнде тек 3-i өмiрдi сақтандыру, 29-МҚМ транспорт иелерiн мiндеттi сақтандыру, 8 сақтандыру брокерi, 28 актуарий, 34 аудиторлық ұйым, 69 аудитор сақтандыру нарығында қызмет етiп келді.
2-сурет. 2010 жылғы сақтандыру резервтерінің сомасы кұрылымындағы сақтандыру компанияларының үлесі, %.[2]
2-суреттен көріп отырғанымыздай, сақтандыру резервтері бойынша ең жоғарғы үлес "Евразия СК" үлесіне келіп тұр (18,4%), одан кейін 15,6% үлесімен "Казкоммерц-Полис" СК тұр. "КИС Казахинстрах" АҚның үлесіне сақтандыру резервтерінің барлық сомасынан 10,2% үлес тиіп түр
2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы сақтандыру компанияларының жиынтық активтерi 66,3% өсiп, 73,3 млрд. теңге құрды, ал жиынтық меншiк капиталы 53,0% есейiп, 45,3 млрд. теңге болып отыр. Капитал өсiмi шетел компанияларына қайта сақтандыруға берiлген сыйақы мөлшерiнiң қысқартылуына ықпал еттi.
Сақтандыру сыйақысы жалпы мөлшерiнiң 26,5 млрд. теңге қайта сақтандыруға бағытталды, соның iшiнде 9,3 млрд. теңге қайта сақтандыру үшiн шетел компанияларына берiлген болатын. Бүкiл жиналған сақтандыру сыйақы көлемi 67,1 млрд. теңге құрған болатын. Сондай-ақ, мiндеттi сақтандыру сыйақысы 13,0 млрд. теңге, ерiктi жеке сақтандыру сыйақысы 7,8 млрд. теңге, ал ерiктi мүлiктi сақтандыру сыйақысы 46,3 млрд. теңге құрды.
Сақтандыру сыйақыларының құрылымында өмiрдi сақтандыру бағыты бойынша сыйақы көлемi өте аз. Ал дамыған елдерде керiсiнше өмiрдi сақтандыру секторының ең дамыған түрi болып келедi. Десек те, екi жыл қатар адам өмiрiн сақтандыру секторынан түскен сыйақы мөлшерiнiң өсуi байқалуда. Бүгiн, сақтандырудың бұл бағыты бойынша сыйақы көлемi, өткен жылмен салыстырғанда 2,2% өсiп, 1,4 млрд. теңгенi құрап отыр.
Көрсетiлген мәлiметтер өмiрдi сақтандыру секторының бiр нүктеден жылжығандығын көрсетiп отыр. Мұндай өсiм негiзiнен ипотекалық несиелеудiң дамуының есебiнде пайда болды. Себебi, несие алушы тұлға мiндеттi түрде, өзiнiң өмiрiн сақтандыру компаниясында сақтандыруы керек. Сондай-ақ, сарапшылар өмiрдi сақтандыру секторының өрiстеуiн, ұлттық экономиканың дамуымен, халықтың материалдық жағдайының жақсаруымен де байланыстырып отыр.
Сонымен қатар, Салық кодексiне өзгертулер енгiзiлгеннен кейiн, сақтандыру секторында жаңа жеңiлдiктер пайда болды, бұл, әрине, сақтандыру компанияларына клиенттердi көптеп тартуға оң ықпал еттi. Қолда бар мәлiметтерге жүгiнсек, 2009 жылмен салыстырғанда СК сақтандырушыларының саны 30% өскенiн байқауға болады. Сарапшылардың болжамына қарағанда «адам өмiрiн сақтандыру» секторы сақтандырудың негiзгi бағытына айналуы әбден мүмкiн.
Сақтандыру нарығының өсуi сақтандыру төлемдер көлемiнiң ұлғаюымен (10,8 млрд. теңге) тұспа-тұс келдi. Сақтандыру төлемдерi 2009 жылмен салыстырғанда 59,7% немесе 4 млрд. теңгеге есейдi. Төлемдердiң жалпы сомасының негiзгi көлемi бұрынғыдай, автокөлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң мiндеттi сақтандыру класына төлендi. Сақтандырудың бұл түрi бойынша шығындылық коэффициентi 65,8% құрды, ал салыстырмалы түрде айтатын болсақ, сақтандырудың басқа түрлерi бойынша бұл коэффициент 16% құрайды.
Сақтандыру сыйақыларының жан басына шаққанда, мысалы, АҚШ-та 3800 доллар, Ресейде 100 доллардан астам, ал Қазақстанда не бары 30 доллар құрайды.
4-кесте Сақтандыру сыйақыларының жан басына шаққандағы мөлшері (АҚШ доллары)
мемлекет | жан басына шаққандағы сыйақылары (АҚШ доллары) |
АҚШ | |
Ресей | |
Қазақстан |
Ал олардың IЖӨ қатынасы дамыған елдерде 6-10%, Ресейде 3%, ал Қазақстанда тек 1%. Бұл қатынасты келесі диаграмма арқылы көрсетуімізге болады :
3 сурет - Сақтандыру сыйақыларының ІЖӨ қатынасы.
Сақтандыру компаниялар жылдан-жылға жетiлiп келе жатыр, бiрақ қазiр олардың мүмкiндiктерi шектеулi.
Мәселен, отандық компаниялар банктiң депозитi сияқты iрi жобаларды сақтандыра алмайды. Көп жағдайда олар экономика мен қаржы нарқының қажеттiлiгiн өтей алмайды. Қазiргi кезде бiрқатар факторлар сақтандыру қызметiн қиындатып отыр. Көптеген дамушы елдер сияқты Қазақстанда майда сақтандыру компанияларының саны көп. Бұл өз кезегiнде сақтандыру нарығының тұрақсыздығын күшейтедi және оны Ресей мен халықаралық сақтандыру нарықтарына тәуелдi қылады.
Сонымен қатар, тағы бiр күрделi мәселе болып сақтандырушылардың уақытша бос ақша қаражаттарын орналастыру үшiн қаржылық құралдарының шектеулi болуы. Осы тұста қор нарығын дамыту мәселесiнiң маңыздылығы артып тұр. Қор нарығы сақтандыру компанияларының инвестициялық потенциалын өткiзудiң негiзгi механизмi ретiнде шығады. Сондықтан бос ақшалай капиталдарды орналастыру әдiстерi мен шарттарын қарау сақтандыру компаниялар қызметтерiнiң қажеттi талаптарының бiрi болып табылады.
2010 жылдың қаңтар айында сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 12,2 млрд. теңге болды, бұл 2009 жылғы қаңтар айындағы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 42,7%-ға жоғары. Бұл туралы ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінен хабарлады.
Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 33,2%-ға өсіп, 1,6 млрд. теңге болды, ерікті жеке сақтандыру бойынша - 1,1 млрд. теңге болды (47,4%-ға өсті) және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша - 9,5 млрд. теңге болды (өсім 43,8%).
"Өмірді сақтандыру"саласы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 25,3-ға немесе 0,238 млрд. теңгеге дейін өсті, ал жиынтықты сақтандыру сыйлықақыларындағы өмірді сақтандыру үлесі 2009 жылғы 1 ақпанда 2,2%-ға қарсы 2,0%-ға жетті.
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 5,2 млрд. теңгені құрады немесе сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінің 42,6%-ы болды, бұл ретте резидент еместерге қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінің 40,1%-ы берілді (01.02.2009ж резидент еместерге қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 20,9% болған).
Ағымдағы жылдың бір айында жасалған сақтандыру төлемдерінің мөлшері 1,2 млрд. теңге болды, бұл осының алдындағы жылдың көрсеткішінен 33,1%-ға жоғары. Оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі 0,4 млрд. теңге болды (өсім 1,1%), ерікті жеке сақтандыру бойынша - 0,2 млрд. теңге (өсім 2,7 %) және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша - 0,6 млрд. теңге (өсім 36,6%) болды.
2010 жылғы қаңтарда сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 5,8%-ға өсіп, 2009 жылғы 1 қаңтарда 143,4 млрд. теңге болды. Жиынтық меншікті капитал 8,4%-ға өсіп, 86,9 млрд. теңге болды. Сақтандыру резервтерінің сомасы 69,4 млрд. теңге болды.
Қазіргі уақытта сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне 33 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысып отыр.
2009 жылғы қаңтарда сақтандыру рыногының қызметін реттейтін заңнаманың бұзылуын жою мақсатында Агенттік сақтандыру ұйымдарының атына 5 ұйғарым-хат жіберді.
2010 жылғы 1 ақпанда республиканың қаржы рыногында Агенттік берген лицензияларға сәйкес 40 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді, бұл ретте өмірді сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға 5 ұйымның, көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға 30 ұйымның лицензиясы бар. Сондай-ақ сақтандыру қызметін көрсету рыногында 12 сақтандыру брокері және 37 актуарий сақтандыру қызметін жүзеге асырады. 2009 - 2010 жылдары сақтандыру нарығында болған өзгерістерді келесі кестеден көруімізге болады:
5 кесте 2009- 2010 ж сақтандыру нарығындағы өзгерістер
белгілері | 2009 ж | 2010 ж |
Сақтандыру ұйымдары оның ішінде: өмірді сақтандыру ұйымы міндетті сақтандыру ұйымы | ||
сақтандыру брокерлері | ||
актуарийлер саны | ||
жиынтық актив мөлшері | 73,3 млрд | 143,4 млрд |
жиынтық меншік капитал мөлшері | 45,3 млрд | 86,9 млрд |
Сонымен қатар сақтандыру нарығында болған қаржылық өзгерістерді келесі суреттен көруімізге болады:
4 сурет - сақтандыру нарығындағы қаржылық өзгерістер
Тағы бір айта кететін жайт, Алматыда 2009 жылдың 26-27 сәуірінде "InterContinental Almaty" (Анкара) қонақ үйінде тәуекелді басқару жөніндегі дәстүрлі Үшінші Халықаралық бас қосу өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
Бас қосуды осымен үшінші жыл қатарынан өткізуге бастама көтеруші әрі ұйымдастырушысы - "Евразия" жетекші сақтандыру компаниясы.
Аталмыш бас қосуда тәуекелді басқару жөніндегі бас мамандар мен сарапшылар, ірі қазақстандық және халықаралық ұйымдардың топ-менеджерлері баяндамалар жасап, өздерінің пікірлері мен көзқарастарын білдіреді. Осы жылы аталмыш бас қосуға Қазақстаннан, ТМД елдерінен, Таяу Шығыс және Солтүстік Америка мен басқа да елдерден 200-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Бас қосуға келесі спикерлер шақырылған: Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер, Әлемдік банктің Ғаламдық басқару институтының директоры Даниель Кауфман және басқа да көптеген тұлғалар.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің, Қазақстан Республикасының Алматы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Агенттігінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және тағы басқа да өкілдер қатысады деп жоспарлануда.
Бұрын хабарлағандай, ""Еуразия" Сақтандыру компаниясы" АҚ 1995 жылы құрылған. Компания Қазақстанның сақтандыру нарығының тарихында бірінші рет 2008 жылы бір жыл ішінде 100 млн АҚШ долларынан астам сақтандыру сыйақыларын жинады. Сонымен қатар, өз иелігінде қалған қаржы деңгейі 9 млрд теңгеден (72 млн АҚШ доллары) асты.
2008 жылы ""Еуразия" Сақтандыру компаниясы" АҚ халықаралық рейтингтік агенттіктердің қаржылық тұрақтылық жөніндегі рейтингіне ие болды. Мәселен, Standard & Poor's агенттігі "Еуразия" сақтандыру компаниясына контрагент ретінде ұзақ мерзімді несиелік рейтинг берсе, сақтандыру компниясының қаржылық тұрақтылығына қатысты "В+" рейтингін, сондай-ақ, ұлттық шкала бойынша "kzBBB" ұзақ мерзімді рейтингін "Тұрақты" деген болжаммен берді.
Ал "A.M.Best" агенттігі қаржылық тұрақтылығы бойынша B++ (Very Good) деңгейіндегі рейтингін , сондай-ақ, "bbb" несиелік рейтингін берген, рейтингтердің болжамы - "Тұрақты".
Міне, осындай бас қосулар мен жиындар өткізу барысында Қазақстан Респибликасының Сақтандыру нарығы айтарлықтай жетістіктерге жететіні сөзсіз.
Сонымен қатар, Қазақстан сақтандыру нарығының бұл жетістіктерімен қатар кемшіліктерін айта кеткеніміз де жөн.
Сақтандыру дегенде ең алдымен, автокөлік иелерінің азаматтык-құқықтық жауапкершілігі еске түседі. Расында да, міндетті сақтандырудың осы түрі еліміздің кез-келген елді мекенінде жақсы таныс. Автосақтандыруды сақтандырушы компаниялар жақтыра бермейді. Өйткені, компанияға төленетін сыйақы 4 мың теңге төңірегінде, ал көлігін соғып алғандар көп, сондықтан тұтынушыға төленетін төлемақы да көп. Қаржылық қадағалау агенттігінің дерегінше, сақтандыру компаниялары биыл тоғыз айда міндетті сақтандырудың сегіз түрі бойынша, 13 млрд теңге қаржы жинаған. Мұның төрт млрды, яғни үштен біріне де жетпейтін мөлшері ғана түрлі жағдайларға тап болған тұтынушыларға төлемақы түрінде төленген. Қазір қаржылық қадағалау агенттігіне түсетін шағымдардың жартысына көбін жол-көлік оқиғасына тап болып, бірақ сақтандыру төлемін ала алмағандар немесе оның мөлшеріне коңілі толмағандар кұрайды. Қаржылық қадағалау агенттігіне түскен шағымдардың 80 пайызын – осы автосақтандыруға қатысты шағымдар құрайды. Дегенмен, сот отырыстары кейінге қалдырылып, бірнеше айға созылып кететіндіктен, адамдардың көбі уақытымды босқа жоғалтпайын деп көлігін өзі жөндетіп алуға тырысады. Қаржылық қадағалау агенттігіне түскен шағымдардың 80 пайызы – осы автосақтандыруға қатысты. Ал, сақтандыру компаниялары болса, міндетті сақтандырудан бізге пайда аз, сақтандыру сыйақысының мөлшері көбейтілсін дейді.
Міндетті сақтандырудан ең көп жапа шеккен - фермерлер. 2008 жылы өсімдіктерді міндетті сақтандыру күшіне енгенде фермерлер сақтандырушы компанияларға сыйақыларын төлеген еді. Бидайы шықпай қалған кезде өтемақы алғандар некен-саяк. Былтырдың өзінде бір ғана Батыс Қазақстан облысында егістік жерлердің 47 пайызына бидай шықпай қалды. Егінді құрғақшылық күйдіріп жіберді. Алайда, астықты міндетті сақтандырумен айналысқан компаниялар құрғақшылық туралы заңда жазылмаған деп төлемақы төлеуден бас тартты.
Ауа райының қолайсыздығынан және табиғат апатынан зардап шеккен шаруаны сақтандырады деген «Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру» туралы заңның тигізер пайдасынан түйткілді тұстары көп болып тұр. Республикада сақтандырумен айналысатын бес компанияға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен сақтандыру төлемдерін төлеу туралы 1567 өтініш түсіп, соның 1065-і қаралып, 182-і ғана қанағаттандырылыпты. Қалған 183 өтінішті жылы жауып қана қоя салған. Мұның соңы шаруалардың сақтандыру компанияларымен соттасуына әкеліп соғып, оның 294-і сотта қаралып, 269 арызданушы сотта жеңіп шыққан. Сотта жеңіп шыққан талап-арыз бойынша 310 миллион теңге төленуі тиіс болса, соның төленгені 129,2 млн. Осы жайтқа пікір білдірген мамандардың басым көпшілігі «гәп сақтандыру компанияларының ашқарақтығында емес, аталмыш заңның жартыкештігінде» деген пікірге көбірек тоқталды.
Төменгі таблицада қаржыларды салу бағыттары бойынша сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің көрсеткіштері көрсетілген. Инвестициялар құрылымына талдау жасай отырып, одан 2008 жылға сақтандырушылар резервтерінің негізгі бөлігінің жедел депозиттерге 22% және 27%, мемлекеттік бағалы қағаздарға 1,6%, борыштық бағалы қағаздарға -5,7% салынған. 2010 жылға салымдардың негізгі бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға 20% салынған, ал 2009 жылға қарағанда борыштық бағалы қағаздарға салымдар 3% өсті.
6-кесте Сақтандыру компанияларының инвестицялық қызметінің көрсеткіштері
Салымдар бағыты | ||||||
сомма | Үлес салмағы | сомма | Үлес салмағы | сомма | Үлес салмағы | |
Жедел депозиттер | 1185,7 | 2099,4 | 1608,1 | |||
Мемлекеттік бағалы қағаздар | 1,6 | 167,7 | 2,3 | 1746,3 | 20,8 | |
Борыштық бағалы қағаздар | 300,6 | 5,7 | 157,8 | |||
Қозғалмайтын мүлік | 1569,3 | 22,5 | 646,6 | 7,7 | ||
Ағымдағы шоттағы қаржылар | 464,3 | 8,8 | 660,8 | 760,4 | 9,2 | |
Кассадағы ақша | 51,2 | 0,9 | 91,3 | 1,3 | 78,1 | 0,9 |
Басқа активтер | 1792,5 | 2550,4 | 34,9 | 3297,5 | 39,4 | |
Барлығы | 5330,3 | 7296,7 |
Қазіргі кезде мемлекеттің сақтандыру заңында инвестициялардың мына бағыттары анықталған:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары “Қазақстан қор биржасының” ЖАҚ сауда жүйелер айналымына жіберілген жергілікті орындау органдарымен шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды қоса сақтандыру резервтерінің соммасынан 40 – тан кем емес және 80 – нен аспайтын көлемде орналастырылады және ҚР Ұлттық комиссиясымен рұқсат етілген зейнетақы есебінен сақтандыру резервтерінің соммасынан 10 проценттен аспайтын мөлшерде орналастыруға рұқсат алынған бағалы қағаздарды алу.
2. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа өту тәртібі туралы ҚР Ұлттық банкінің нормативті құқықтық актілерді талап етуге байланысты салымдар мен жедел салымдар немесе:
- еншілес банктер, тәуелді банктер – ҚР Ұлттық Банкімен бекітілетін тізімдерінің кез – келген рейтингктік агенттіктерінен “А” категориясынан кем емес ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді жеке рейтингісі бар резиденттер емес;
- халықаралық стандартқа өту бойынша бағдарламалар талабын орындаған ҚР Ұлттық банкінің Басқаруының қаулысымен танылған;
Жедел салымдар сақтандыру резервтер соммасынан 20 проценттен аспайтын мөлшерде орналастырылады; талап етілгенге дейінгі салымдар сақтандыру резервтер соммасынан 5 проценттен кем емес және 10 пайыздан аспайтын мөлшерде орналастырылады.
3. Қазақстандық эмитенттердің акциялары (басқа мемлекеттер заңына сәйкес шығарылған акциялар, (ADR, GDR)), сақтандыру резервтерінің соммасынан 15 пайыздан аспайтын мөлшерде орналастырылады және “А” категориясындағы ЖАҚ “Қазақстандық қор биржаларының” бағалы қағаздарының ресми тізімге кіргізілген қазақстандық эмитенттерінің облигациялары - сақтандыру резервтерінің соммасынан 20 пайыздан аспайтын мөлшерде орналастырылады.