Німнің өзіндік құнына кіретін шығындар құрамы. Калькуляция баптары және олардың сипаттамасы.

Өнімнің өзіндік құнын жасау калькуляция объектілері тұрғысынан яғни шығарылатын өнім номенклатурасы тұрғысында ұйымдастырылады:

• қосалкы өндіріс шығындарын өнім түрлері бойынша бөлу;

• жалпы өндірістік шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу - өндірістік өзіндік құн жасау;

• жалпы шаруашылық шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу - өнеркәсіптік-өндірістік өзіндік құнын (дайын өнімнің өзіндік құнын) жасау;

• коммерциялық шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу - толық өзіндік құнды (өткізілген өнімнің өзіндік құнын) жасау.

Сметалық бақылау жүйесіне кіріспе. Икемді смета құру.

Құрылыс өнімі болып ғимарат, қондырғылар, өндіріс күштері, тұрғын үйлер, мәдени – тұрмыстық объектілер және тағы басқалар саналады. Құрылыс құны сметамен анықталады. Смета – объектіні салуға кететін қоғамдық қажетті шығындарды санау, яғни құрылыс өнімінің құны. Сметалық құжаттар құрылымында келесі түсініктемелер қолданылады. Олар:

3. Құрылыстың объектісі – жеке ғимараттар (өндірістік цех, қойма, тұрғын үй және т.б.), оған жататындар барлық құралдар, жиһаздар және қосалқы бөлшектер.

4. Өндірістік құрылыс немесе тұрғын үй кешенінің құрылыс объектілеріне: сыртқы қосалқы құрылыс жайлары (сумен, газбен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ету, канализаціия), кіре беріс (подъезд) жолдары, басқа да қоғамдық жұмыстар жатады.Құжаттамалардың сметалық құрамы дайындалған жобалық сметасы мен объектінің техникалық күрделілігінің тәуелділігімен анықталады.Жобаның құрамына келесілер енеді:

§ шығындарды жинақтау (қажеттілік туындаса);

§ жиынтық сметалық есеп;

§ құрылыс құнының сметалық есебі;

§ объектінің және жергілікті (локальды) сметалар;

§ объектінің және жергілікті сметалық есептер (қажеттілік туындаса);

§ жеке шығындар түрлерінің сметалық есебі (қажеттілік туындаса).

Сметалық құжаттамада бір мезгілде құрылыс объектісінің сметалық құнының ведомосты мен қоршаған ортаны қорғаумен байланысты жұмыстар және объектінің сметалық құнының ведомосты дайындалады.Сметалық есептерді құру кезінде келесі шығын баптары қолданылады: материалдар, негізгі еңбекақы, құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану бойынша шығындар, басқа да шығындар, үстеме шығындар. Алғашқы төреуі болып құрылыс монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру кезіндегі тікелей шығындар болып саналады.

Стандарт - кост» жүйесі шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің жалғасы ретінде.

Есеп объектілерді көптігіне қарамастан, шығындарды екі тәсілмен - оперативті дәрежесімен айрықшаланатын нормативтік шығындардың есебінің нақты тәсілімен; және өзіндік құның нормативті тәсілмен өндіріс процесіндеақ калькуляцияланады, нақты есепті кезең біткен соң жете зерттеуге болады. Анығында, мұндай бөлудің өндірістік процестің ұзақтығы есепті кезеңнің ұзақтығынан аспайтын жағдайында ғана мәні бар. Ұзак циклділігі бар өндіріс үшін нормативті өзіндік құн жайлы айтудың қажеті жоқ, өйткені есептің нормативті тәсілін қолданғанда, уақытты үнемдеу, норманы жасау мен түзеуге кеткен еңбек шығынын ұлғайту арқылы өзін-өзі ақтамайды. Тәжірибеде нормативті және нақты тәсілдер арасындағы тандау мәселесі, әдетте, объективті себептер тұрғысында шешіледі. Мәселе мынада, ұзаққа созылатын өндіріс көбіне бірен-саран немесе өте ұзақ сериялы (кеме және самолет жасау, ауыр машина жасау, қымбат жиһаз жасау, кұрылыс және т.б.) болады, ал мұндай өндіріс үшін нормативті тәсіл тіптен қолайсыз. Ол үлкен сериялылықта және көп номенклатуралық өндірісте, өнім бірлігін дайындау үшін қажетті операциялардың көп саны мен сан түрлілігінде тиімді қолданылады.Шығындар есебінің нормативті тәсілін қолданудың мүмкіндігімен қажеттілігі туралы шешімді қабылдау нормалар мен шығыстар сметасын дайындау мен үнемі түзеу жөніндегі ұйымның мүмкіндіктерін талдауға негізделуі тиіс. Басқаша айтсақ, ұйымдық құрылымда негізгі нормамен нормативті қалыптастыруды нақты шығындардың нормативтілерден ауытқуы талдауды, іс жүзіндегі норманы түзеу мен өнімді емес шығындарды жою туралы ұсыныстар әзірлеуді, өнімнің нақты өзіндік құнын азайтуды жүзеге асыратын арнайы бөлімшенің (жоспарлы бөлім, экономикалық қызмет және т.б.) бар болуы қарастырылған. Мұндай жағдайсыз есептің нормативті тәсілін енгізу ұйымға нақты пайда әкеле алмайды.Екі тәсіл де түпкілікті шотта өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау мен көрсетуге бағытталған, бірақ біріншісі - шығындарды тікелей есептеу жолымен, ал екіншісі - нормадан ауытқу арқылы көрсетеді.

Наши рекомендации