Тақырып. Нарықтық экономикадағы мемлекет

Мемлекет – бұл саяси биліктің құралы. Еңбектің қоғамдық бөлінуі, жеке меншіктің, таптардың пайда болуы нәтижесінде туындады. Мемлекеттің нышандары болып табылады:

1) Мемлекеттік билік қызметтерін жүзеге асыратын органдар мен мекемелер жүйесінің орын алуы;

2) Мемлекетпен санкцияланған белгілі нормалар жүйесін бекітетін құқық;

3) Берілген мемлекеттің юрисдикциясы таратылатын белгілі аймақ.

Мемлекет түрлері: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және т.б. Осы түрлердің әрқайсысына түрлі билік ету нысандары сәйкес келеді:абсолютті немесе конституциялық монархия, республика.

Мемлекет– бұл қоғамдық жүйенің өзегі, ол билікті шоғырландырады, басқа мемлекеттік емес институттардың болмысын санкциялайды, - қоғамдық өмірдің қағидаларын қалыптастырып, нысандарын ұйымдастырады, институционалдық иерархия негізін ұйымдастырады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл жалпы экономикалық жүйенің тепе-тең өсуіне қол жеткізу мақсатымен микро- және макроэкономикалық параметрлер арқылы ішкі және сыртқы нарықтардың жеке сегменттеріне үкіметтің басқарушылық әсер етуінің мақсатталған үйлестіру процесі.

Мемлекет пайда болуыменоның экономикалық қызмет ету саласы қалыптасады. Мемлекеттің экономикалық саясатынарықтық жүйенің негізгі түйіні және қажетті элементі болып табылады.

Осы жағдайларға байланысты мемлекет экономикалық теорияның зерттеу пәні болып табылады.

Нарық:

- Орны толмайтын қорларды сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға септігін тигізбейді;

- Барлық адамзатқа тиесілі қорларды қолдануды реттей алмайды (мұхиттың балық байлықтары);

- Ұжымдық қолдану тауарлары мен қызметтерін өндіруді ынталандырмайды;

- Еңбек, табыс, әлеуметтік қорғалу құқықтарына кепілдік бермейді,

- Іргелі зерттеулер дамуын қамтамасыз етпейді,

- Ақшасы барлардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған,

- Тұрақсыз дамуға, инфляцияға, жұмыссыздыққа және т.б. бейім.

Сондықтан мемлекет осы кемшіліктерді түзетуге шақырылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаты:

(ГРЭ) – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізу,

- ұлттық бәсекелестік артықшылықтарды, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,

- нарық механизмін қазіргі жағдайларға бейімдеу.

ГРЭ объектілеріне мыналар жатады:

- ұлттық экономика,

- нарықтық реттеушілер көмегімен шешілмейтін мәселелер пайда болатын секторлар мен аймақтар.

 
 

Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм (ССРО).

Нарықтық және мемлекеттік реттегіштердің үйлестірілуі (Жапония, Швеция, ФРГ, Австрия және т.б.)

Шекті либерализм, жеке кәсіпкерлікті шектемеу (АҚШ).

ГРЭ тиімділігі мүмкін егер мыналар бар болса:

Күшті: - заң шығарушы,

- атқару,

- сот билігі.

Құқықтық (мемлекеттің фирма-өндіруші және тұтынушылар үшін «экономикалық ойын» ережелерін орнатуы. Меншік нысандары мен құқықтары, келісім-шарттар жасау және фирмалар қызмет етуінің шарттары, еңбектік қатынастар облысындағы өзара міндеттемелер және т.б.)

Әкімшіліктік (лицензиялау, квоталау) және т.б. бағаларға, табыстарға, есеп қоспаларына мемлекеттік бақылау жасау, әлеуметтік қорғау.

Экономикалық (жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капитал шоғырлануының дәрежесіне, экономиканың құрылымдануына әсер ету, экономикалық өсу факторларын қолдану арқылы нарықтық байланыстар сипатына және нарықтық өрістің кеңеюіне әсер ету). Осы мақсатпен қолданылады:

- бюджеттік және қазынагерлік саясат;

- ақша-несие саясаты;

- бағдарламалау;

- болжамдау және жоспарлау.

Қаржы саясаты ұлттық-экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізу үшін бюджеттік-салықтық және қазынагерлік механизмді пайдалануды көздейді.

Ақша-несие саясаты ҚР ұлттық банкінің нарықтық механизм элементтеріне және ең алдымен ақша айналымының тиімділігіне жанама әсер ету әдісін пайдалануды көздейді.

Бағдарламалау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны болып табылады. Бағдарламалар: қалыпты, мақсаттық, төтеншеболады.

Мемлекеттің экономикалық саясаты – бұл экономикалық құралдар жиынтығының көмегімен шаруашылық субъектілердің мінез-құлық ережелерін, нормаларын белгілі бір регламенттеу.

Несие саясатында:

- банк қорларын нормалау;

- банк пайызының есеп мөлшерлемесін түрлендіру;

- валюталық нарықта операцияларды өткізу.

Бюджет саясатында:

- мемлекеттік шығындарды реттеу;

- мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;

- мемлекеттік ішкі қарыздарды шығару;

- мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау және реттеу.

Қазынагерлік саясатта:

- азаматтар мен заңды тұлғалар мүлігіне салық салуды реттеу;

- муниципалды салықтар енгізу.

Әлеуметтік саясатта:

- еңбекақының ең төменгі мөлшерлемелерін реттеу;

- зейнетақы, жәрдемақы және т.б. мөлшерін реттеу.

Сыртқы экономика саясатында:

- кеден баждарының, валюта айырбастау бағамының мөлшерлемелерін заңды бекіту;

- шет ел қарыздарын, инвестицияларын, валюталық шектеулерін пайдалану.

Наши рекомендации