Уе кемелері экипажының жұмыс жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

254. Экипаж кабиналарында ұшқыш креслосының отыратын орнының, арқалығының және басқа элементтерінің бетi ластан жеңiл тазартуды қамтамасыз ететін жабыны бар жартылай жұмсақ болып жасалады.
255. Кабиналардағы микроклиматтың көрсеткіштері, қоршау бетінің температурасы осы Санитариялық қағидалар 16-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес болуы тиіс. Жұмыс аймағының биіктігі бойынша температураның алмасуын 3 оС-тан асырмауға, көлденеңі бойынша 4 оС-тан асырмауға жол беріледі.
256. Кабина ауасындағы химиялық зиянды заттар мен шаңның құрамы осы Санитариялық қағидаларға 17-қосымшада көрсетілген жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың РШШ асыруға жол берілмейді. Кабиналардың ауасында бір бағытта әсер ететін бірнеше зиянды заттардың бір мезгілде болуы кезінде олардың әрқайсының ауадағы іс жүзіндегі шоғырлануының олардың РШШ-ге қатынасы бірден аспауға тиіс. Ауада әр бағытта әсер ететін зиянды заттардың бір мезгілде болуы кезінде РШШ оқшауланған әсер кезіндегідей болып қалады.
257. Жеңіл теріс және оң аэроиондардың құрамы осы Санитариялық қағидаларға 18-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес өндірістік және қоғамдық үй-жайлардағы ауаның рұқсат етілген иондалу деңгейіне сәйкес келеді.
258. Жұмыс орындарындағы дыбыстық қысымның деңгейі, дыбыстың деңгейі және дыбыстың балама деңгейі осы Санитариялық қағидаларға 18-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген мөлшерден аспауына жол беріледі.
259. Ультрадыбыс және инфрадыбыс қысымының рұқсат етілген деңгейі осы Санитариялық қағидаларға 18-қосымшадағы 3, 4-кестелерде көрсетілген.
260. Жалпы дірілдің рұқсат етілген шекті деңгейі осы Санитариялық қағидаларға 18-қосымшаның 5-кестесінде көрсетілген мөлшерден аспайтындай болады.
261. Тұмшаланған кабиналары бар барлық әуе кемелерінде ұшу биіктігіне қарамастан, барометриялық қысым мөлшері сынап бағанасының кемінде 567 миллиметр (бұдан әрі – сынап бағ. мм) болуына жол беріледі.
262. Радиобайланыс жабдығының электр өрісі кернеулігі мен энергетикалық жүктеменің рұқсат етілген деңгейі осы Санитариялық қағидаларға 18-қосымшаның 6-кестесінде көрсетілген.
263. Магниттiк өрiс кернеулiгiнiң рұқсат етiлген шекті деңгейi және магниттi құрайтын энергетикалық жүктеме метріне 50 ампердi (бұдан әрi – А/м) және сағатына 200 вольт шаршы метрді (бұдан әрi – В/м2) көбейтумен тең белгiленедi.
Жиiлiгi деңгейі 3,0 мегаГерцке (бұдан әрi – МГц) электрлi және магниттi өрiстерiнiң бiр мезгiлде әсер етуiне нақты энергетикалық жүктеменiң қатынас жиынтығы электрлi және магниттi құрауға байланысты рұқсат етiлген шекті бiрлiктен аспаған жағдайда жол беріледі.
264. Өте жоғары жиiлiктегi диапазонда (бұдан әрi – ӨЖЖ) 300,0 МГц-300,0 гигаГерц (бұдан әрi – ГГц) электрмагниттi энергияның әсерi энергия ағынының тығыздық (бұдан әрi – ЭАТ) деңгейiне және энергетикалық жүктемеге (әсер етудiң белгiлi бiр уақытының iшiнде) байланысты бағаланады. Кабинадағы энергия – ЭЖЖ ағын тығыздығының деңгейi бір шаршы сантиметрге 500 микроваттан (бұдан әрi – мкВт/см2) аспауы тиіс.
265. ӨЖЖ сәулелендіру деңгейі сәуле түсiрудiң жеке кезеңiнде организмге энергетикалық жүктеме жиынтығымен (бұдан әрi – жиынтықтың ЭЖ) бағаланады және 1000 мк Вт сағ/см2 аспауы тиіс.
266. 6000 м-ден артық биіктікте ұшуды орындайтын экипаж кабинасында, сондай-ақ кабинада ӨЖЖ ЭАТ рентген сәулесінің көздері болғанда рұқсат етілген шекті жүктеме тармағында көрсетілген жағдайда 1000 мкВт/см2 аспауы тиіс.
267. Ұшу кезінде әуе кемесі экипажының ғарыштық сәулеленуінің эквивалентті мөлшері жылына 5 микрозиверттен (бұдан әрі – мзв) аспайды. Жер беті жағдайларында табиғи сәулеленумен белгіленген және медициналық куәландыру мен емдеу кезінде алынатын доза ескерілмейді.
Әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жеке ғарыштық сәулелену мөлшерін бақылау және есепке алу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушымен 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығымен бекітілген Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидасына сәйкес жүргізіледі, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10943 болып енгізілді.
Осы Санитариялық қағидалармен белгіленген мөлшер шегі жылдамдығы дыбыстан жоғары әуе кемесі көлігіне қолданылмайды.
268. Ұшу кезінде кабиналардағы электростатикалық өріс кернеулігі мынадай шамалардан аспауы тиіс: ұшу уақыты 1 сағаттан аз болса - метріне 60 киловатт (бұдан әрі – кВ/м); 1,1 сағаттан 12 сағатқа дейін – 60 кВ/м-ді ұшу уақытына бөлу есебімен. 20 кВ/м аз электростатикалық өріс кернеулігі кезінде келу уақыты реттелмейді.
269. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарындағы жарықтандыру осы Санитариялық қағидаларға 18-қосымшаның 7-кестесіне сәйкес болады.

Наши рекомендации